
- •1. Дүниетаным дегеніміз не? Дүниетанымның түрлерін (мифологиялық, діни, философиялық) сипаттаңыз.
- •Адам және дүние мәселесі бойынша буддизм философиясында жасалған пайымдауларды талдаңыз.
- •3. Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептерінің ілімдерін талдаңыз
- •4. Буддизм философиясының ерекшеліктері
- •5. Ежелгі Қытай ойлау дәстүрі: дао мектебі, заңшылдар мектебі.
- •6. Конфуцийдің этикалық философиясы
- •7. Ежелгі грек натурфилософиясының (иониялықтар, пифагоршылдар, элейліктер, атомистер) қарастырған негізгі мәселелерінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •8.Сократ философиясының басты мәселесін ашып көрсетіңіз.
- •9. Платон философиясы: «идея» теориясы, мемлекет жайлы ілімін талдаңыз.
- •Аристотель “материя” және “форма” түсінігіне қандай анықтама берді? Талдау жасаңыз.
- •11. Антика философиясындағы материализмді негіздеу идеяларын сипаттаңыз (Фалес,Анаксимандр,Анаксимен,т.Б.)
- •12. Августин Аврелий және Фома Аквинский ілімдерін салыстырыңыз.
- •15. Философияның негізгі атқаратын қызметтері қандай?
- •16.Қазақ дүниетанымының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •17. Ислам философиясының даму ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз
- •19 . Ф. Бэконның индуктивті әдісі және «идолдар» туралы ілімінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •20. И. Кант философиясына тиесілі негізгі категорияларға анықтама беріңіз.
- •21. Шеллингтің натурфилософиясы
- •22. Жаңа заман философиясындағы сенсуалистік және рационалистік таным теорияларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •23 Л. Фейербахтың антропологиялық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •24. Ф. Бэконның танымдағы объекті, субъекті және экспериментальды тәжірибенің бірлігінің қажеттілігі туралы тұжырымдамасына талдау жасаңыз.
- •25. Р.Декарт пен б.Спинозаның рационалистік идеяларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •И. Канттың сыни таным теориясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •27 . Қазіргі заманғы ғылыми таным философиясының дамуындағы объективтілік, жүйелілік, қарама-қайшылық, тарихилық принциптерінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •28. Ғылыми зерттеулермен байланысты этикалық мәселелерді анықтап, сипаттаңыз.
- •30. Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейінің әдістерінің (бақылау, сипаттау, өлшеу, салыстыру, эксперимент) мәнін ашып көрсетіңіз.
- •31.Абай мен Шәкәрімнің философиялық көзқарастарын салыстырыңыз.
- •32. Абай философиясындағы негізгі идеяларының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •34. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер қалай қалыптасты? Мәнін ашып көрсетіңіз
- •35. Платон философиясы: “идея” теориясы кейін қай философтардың ілімдерінде көрініс тапты? Салыстырмалы талдау жасаңыз.
- •36. Марксизм философиясының ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.
- •37.Қоғамдық сананың түрлері: моральдық, этикалық сана.Сананың тағы қандай түрлерін білесіз? Сипаттап, салыстырыңыз.
- •38. И. Кант философиясындағы «априори», «апостериори», «антиномия», "бұлжымайтын императив" ұғымдарына анықтама беріңіз.
- •39.Сана және бейсаналылық: з. Фрейдтің психоаналитикалық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •40. Экзистенциалистік философияның ерекшелігі неде? Мәнін ашып көрсетіңіз.
- •41. Әлеуметтік философияның ұғымдары мен негізгі принциптерін сипаттаңыз.
- •Мәдениет және өркениет дегеніміз не? Осы мәселеге қатысты қандай философтардың ілімдерін білесіз? Оларды салыстырыңыз.
- •43. Таным дегеніміз не? Танымның түрлерін сипаттап, салыстырыңыз.
- •44.Ғылыми зерттеулердің эмперикалық және теориялық деңгейлері.
- •46. Абсолютті және салыстырмалы ақиқаттың мәнін ашып көрсетіңіз.
- •47.Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшеліктерін (таным, шығармашылық, интуиция, түсіндіру және түсіну, ақиқат және адасу) сипаттаңыз.
- •48. Ақпараттық қоғамның ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •49. К. Маркстің тарихты материалистік тұрғыда түсінуінің гносеологиялық мәнін ашып көрсетіңіз.
- •Гадамердің герменевтикалық тәсілінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •51. Қоғамдық сананың түрлері. Моральдік, этикалық, саяси, құқықтық және діни сананың мәнін ашып көрсетіңіз.
- •52. Танымның теориялық деңгейінің әдістерін (анализ және синтез, индукция және дедукция, аналогия, абстрактілеу мен идеализация, тарихилық пен логикалық, моделдеу) сипаттаңыз.
- •53. Ақиқаттағы салыстырмалылық пен абсолюттіліктің, нақтылық пен абстрактіліктің арақатынасы қандай? Мәнін ашып көрсетіңіз.
- •54. Л.Н.Гумилевтің «пассионарлық дүмпу» идеясы мәселе ретінде.
- •55. Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға деген қарсылық (антиглобализм).
- •56. Мәдениет және өркениет.
- •57. Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелері.
- •Адам. Жеке адам және тұлға мәселесі.
- •59. Философиядағы адам мәселесі.
- •60.Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктері
34. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер қалай қалыптасты? Мәнін ашып көрсетіңіз
Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым – осылардың бәрі сол сананың құдыреті. Объективтік дүниеде сананың баламасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан да сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым тауып, оны бастапқы деп санаған. Бұл идеализмге әкелген.Сана белгісіз, ғайыптан пайда болған, дайын күйінде біздің миымызға енген құбылыс емес. Іштен де тумайды. Әрине, адам бойында атадан балаға өтетін кейбір нәсілдік бейімділік, қабілет те болады. Оның дамуы да түрлі жағдайларға байланысты. Бірақ сана ондай қабілет емес. Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми - оның мекені. Сана адам миы қызметінің жемісі. Бірақ ми түрлі жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Бұл өте күрделі процесс, материалдық дүниенің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. Оған жету үшін әлем неше ықылым заманды бастан өткізді. Сананың миға қатысы бар екенін мойындамай, сана миға сырттан дайын күйінде интроекция арқылы келеді деген жалған пікір таратқан махист Р.Авенариусты В.И.Ленин «Материализм және эмпириокритицизм» деген еңбегінде қткір сынға алған болатын.Дін иелері сананы материядан тыс, дербес және мәңгі өмір сүретін, ешқашан өлмейтін құбылыс деп қарастырады. Ертеде сананы жанға, ал жанды ұшып жүретін шыбынға бағалаған. Халқымыздың «шыбын-жан» деген сөзі осындай ұғымнан туындаған. Діндарлардың пікірінше, адам ұйықтағанда шыбын жан денеден шығып кетеді. Түс – сол шыбын жанның дүние кезіп жүргендегі кездері. Кейін ол шыбы жан қайтып оралғанда, адам ұйқыдан оянады деп түсінген. Ұйықтап жатқан адамды абайлап ояту тәртібі осыдан шыққан болса керек. Өлген кісілерге дұға оқу, құдайы беру, оларды еске алу, бейітті елді мекендерге, жолға жақын жерге салу – осылардың бәрі сол адам жаны мәңгі өмір сүреді деген ұғымнан пайда болған. Сірә, о дүние, жұмақ, тозақ деген діни ұғымдар, әрине осындай пікірден туындаса керек. Материя емес, мәңгі өлмей өмір сүріп, бірден бірге көшіп қонып жүретін рухани дүние – жан деген ұғымнан тотемизм, басқаша айтқанда өзін түрлі хайуанаттармен , өсімдіктермен тұқымдас деп түсінеін ұғым пайда болған. Бұл өте ертедегі дәуірде туған түсінік.Ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, сана барлық материяның жемісі емес, тек ерекше ұйымдасқан материя – адам миының функциясы екенін дәлелдейді. Адам миы – аса күрделі әрі өте нәзік милиардтаған жүйке клеткалардан(нейрондар) тұратын аппарат. Ол нейрондардың жалпы саны 14-15 милиардтай. Әрқайсысы сыртқы сигналды жеке дара қабылдап, тиісті шешімге де келе алады. Сондай ақ олар өзара тығыз байланыста болып, түрлі операция жасағанда, миллиардтаған ақпаратты қабылдап, тиісті шешімге келіп отырады. Мәселен, адам миы 100 ақпарат қабылдай алады. Былайша айтқанда оның Мәскеудегі В.И.Ленин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасындағы жалпы ұзындығы 300 км созылған кітап сөрелерінде жинақталған миллиондаған томдардың ақпаратын сыйғызып, есінде сақтай алатын мүмкіндігі бар. Адам бүкіл өмір бойында мидың сол мүмкіндіктерінің тек 3-4 процентін ғана пайдалана алады екен. Олай болса, адам миы ешқашан тоқырауға ұшырамайды. Оның мүмкіндігі адам өмірімен салыстырғанда шексіз.