Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fil_dayyn_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
198.97 Кб
Скачать
  1. И. Канттың сыни таным теориясының мәнін ашып көрсетіңіз.

Жаңа заман философиясындағы, әсіресе, оның таным теориясындағы пайым мен зерденің бір-бірінен алшақ кеткенін, ендігі жерде олардың ымыраға келмейтінін айқын көріп, соларға ерекше назар аударған классикалық неміс философиясының негізін қалаушы, әрі оның атасы - И. Кант болды. Ол өзінің философиясының ең алдымен, бұған дейінгі дәуірде бір-бірінен алшақ кеткен логика, таным теориясы және диалектика туралы проблемаларды жан-жақты талдаудан бастады.

Иммануил Кант 1724 жылы 22-сәуірде Кеннигсбергте дүниеге келген және өзінің өмірінің барлығын дерлік сонда өткізген. Оның әкесі орта шаруалы адам болған, ал атасы Литвадан шыққан. Иммануил гимназияны үздік аяқтап, 16-жасында университетке түсті. Оны тәмамдаған соң 9 жыл үйде оқытатын мұғалім болып жұмыс істеді. 4 диссетацияны қорғағаннан кейін Кант 1770 ж. философия ғылымының профессоры атағын алды.

И.Канттың өмірі негізгі екі кезеңге: сынға дейінгі кезең және сын кезеңі деп бөлінеді. Сынға дейінгі кезеңдегі Канттың негізгі еңбегі «Аспанның жаппай табиғи тарихы мен теориясы». Бұл кітабында ол метафизиканың тұйық шеңберін бірінші болып бұзып, планеталардың алғаш газға ұқсас тұмандардың қоюланып, қатаюынан, өздігінен, ешқандай сыртқы күштердің әсерінсіз пайда болғанын шамалады. Бұл Н.Коперниктен кейінгі ғылымға қосқан үлкен үлес еді.

Кант үшін 1781 жыл үлкен өзгерістерге толы болды, себебі дәл осы жылы оның ең басты еңбегі «Таза ақылға сын» кітабы жарық көрді. Осылай философия ғылымының негізгі тарауларындағы ұлы жаңалықтармен ерекшеленетін шығармашылығының жаңа негізгі, «сын» кезеңі басталды. Бұл кезеңдегі Канттың пікірінше, философияның болмыс, әдептілік және дін туралы мәселелерін қарамастан бұрын, адамның танып-білу, ойлау, идея, ақыл-зерде мүмкіндігінің шекарасын белгілеп алуымыз керек. Ал, болмыс, материя, объекті осы ойлауға, идеяға, ақыл-зердеге, субъектіге бағынады және солардан келіп шығады деп білді.

Кант дүниені өздігінен, біздің санамыздан тыс өмір сүретін «өзіндік зат» (вещь в себе) және «біздік зат» (вещь для нас) деп екіге бөлді.

Таным процесі күнделікті тәжірибеден, сезімдік түйсінуден басталады, бірақ олар бізге «өзіндік заттар» туралы емес, тек олардың көріністері (феномендері) туралы деректер береді. Мысалы, қазір қар жауып тұр. Осы секілді деректерде ылғи да кездейсоқтық басым болады да, бізге толық білім берілмейді, яғни қазір қар жауып тұр, шамалы уақыттан кейін тоқтауы мүмкін. Мұндай білімдер жекелеген тәжірибеге сүйенгендіктен апостериорлы бағытта болады. Ал шынайы әмбебаптық білімдер осындай фактілерге негізделе алмайды. Олай болса, шынайы білім тәжірибеге қатысы жоқ, әуел бастан-ақ адам санасында априорлы (тәжірибеге дейінгі) қалыптасқан сезім мен ақыл-ойдың түрлеріне байланысты болуы керек.

Жалпы алғанда, таным процесі, Канттың пікірінше, үш сатыдан өтеді. Олар: сезімдік түйсіну, сараптаушы парасат және таза ақыл-ой.

Сезімдік түйсіну сатысында біздің сезім мүшелерімізге «өзіндік заттардың» көріністері әсер етеді де, осы деректер негізінде түйсіктердің бей-берекет жиынтығы пайда болады. Олар сезімдік түйсінудің априорлы түрлері - кеңістік пен уақыттың арқасында белгілі бір жүйеге келіп, реттеледі.

Сезімділіктің ішкі формасы - уақыт математикамен тығыз байланысты. Уақыт тек математикалық өлшем ғана емес, ол сезімділік арқылы адамның ішкі рухани дүниесімен қабаттасып жататын процесс. ­Өйткені уақыт - алдымен еңбек өлшемі, адамның практикалық қызметінің өлшемі. Бұл жөнінде Кант уақыт дегеніміз біздің пайымдауымыздың субъективті жағдайы. Ол субъектіден тыс ештеме де емес деп анықтайды. Ендеше адамның ішкі рухани өмірін, оған тән байлықты біз тек осы уақыт арқылы анықтай аламыз. Уақыт адамзаттың даму тарихымен де тығыз байланысты.

Канттың айтуынша, сыртқы дүние біздің сезім мүшелерімізге әсер ете отырып, көптеген түйсіктер жинақтаған материалдар мен фактілердің пайда болуына жол ашады. Бірақ, олар тек құбылыстарды, заттарды бейнелейді. Олар әлі де білімге әкелмейді. Ал бұл құбылыстарды білу адамның ойлау қызметінің жемісі. Ендеше, таным туралы ғылым, ол ең алдымен ойлау туралы ғылым - логика.

Танымның келесі - сараптаушы парасат сатысында - априорлы категориялар себептілік, сапа, сан, қажеттілік т.б. арқасында жаңа ғана реттелген түйсіктер жиынтығы қорытындыланып, тұжырымдалып, өзіне тиесілі заңдылыққа бағынып, жаңа білім пайда болады.

И.Канттың адамгершілік, әдептілік, мораль төңірегіндегі идеялары, құдайға сену адамгершілікке бастайды деген зерделі ойы кейінгі ойшылдар мен ақын-жазушыларға ерекше әсер етті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]