Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fil_dayyn_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
198.97 Кб
Скачать

25. Р.Декарт пен б.Спинозаның рационалистік идеяларын салыстырып, талдау жасаңыз.

Декарт Рене (1596-1650 жж.) философияның, физиканың, математиканың және физиологияның дамуына үлкен әсер етті. Ол – дуализм мен рационализмнің өкілі. Дедуктивтік - рационалистік таным әдісінің негізін қалады. Геом-лық оптиканы, аналитикалық геометрияны, координаттар жүйесін жасады, рефлекс идеясын ұсынды. Космологияда (дүниенің құрылымы), космогонияда (планеталардың пайда болуы және дамуы), физика және физиологияда Декарт – материалист. Ол дүниенің өздігінен жаралғанын, оның объективті даму заңдылықтарының бар екенін, бірақ олардың механикаға негізделгенін айтты. Психологияда, таным теориясында ол идеалист: «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүремін» - деген қағидаға сүйенеді. Декарт болмыс проблемасын зерттеу барысында болмыстың мәнін сипаттайтын ұғымды шығаруға тырысады, оны субстанция деп атайды. Субстанция–ішкі бірлігі жағынан қаралатын объективтік шындық, қозғалыс формалары біртұтас, үздіксіз дамып отыратын материя. Ең жоғарғы субстанция – Құдай, ал жаратылған субстанциялар оның туындысы, яғни екіншілер және оған тәуелді. Материалдық (заттар) субстанциясының қасиеттері: Негізгі қасиеті - ұзындығы. Ол материалдық субстанцияларға тән жалпы белгі, кеңістікке көсілуі (ені, биіктігі, тереңдігі, т.б) және шексіз бөлінуі. Модустар (лат modus-өлшем, тәсіл)–түпнегізден, субстанциядан туындайтын қасиет. Кеңістікте - форма, қозғалыс, тұратын орын. Декарттың көзқарасы бойынша, фил-ның «негізгі мәселесінің» шешілуіне байланысты не бірінші - материя ма, сана ма деген пікір таласының жөні жоқ. Олар әр уақытта бірге өмір сүреді және біртұтас болмыстың әртүрлі көрінісі. Бұл дуалистік ілім. Декарт ақыл-ой сезімдік түйсінуге мұқтаж емес, себебі рационалдық ойлаумен заттарды, құбылыстарды «туа біткен идеяларға» сүйеніп тануға болады дейді. «Туа біткен идея» түсінігінде Құдай, сан мен фигура, дене құрылым, ұзындық және ырық идеясы жатады. Бұл теорияның мәні: көптеген білімге дедукция арқылы жетеміз және білімнің ерекше түрі бар, ол қандай да болсын дәлелдеуді керек етпейді. Берілген білім бастан-ақ ақиқат, ең айқын және анық болады.

Бенедикт (Барух) (1632-1677жж.) Спиноза ауқатты еврей отбасында, Амстердам қаласында дүниеге келді. Декарттың шәкірті ретінде, рационалистік бағытты ұстанды. Ол өзінің философиясында одан көптеген ұғымды, әсіресе, екі бастаманы - ойлау мен ұзындық ілімін алды. Декарттан Спинозаның ерекшелігі ─ заттардың табиғатында екі субстанцияның жоқтығын көрсетуі. Спиноза фил-ның түп негізгі - субстанция, оны Құдай, жиі-жиі Табиғат деп атайды. Субстанция, Құдай, Табиғат ─ өзара ауысып отыратын түсінік. Субстанцияда екі атрибут бар: ойлау және ұзындық. Ал оның қасиеттері: 1) тіршілік етеді, 2) дербес, тәуелді емес, 3) уақыт пен кеңістікте шексіз, 4) мәңгі. Спинозаның философиясында этика ілімі орталық мәселе болып есептеледі. Оның «Бостандық - танылған қажеттілік» деген формуласы кейін марксизмнің бостандық түсінігінің негізі болды. Бірақ, Спинозаның бостандық туралы ілімнің жағымсыз жағы, оның айтарлықтай фаталистік болуы. Адам өмірі тағдырға байланысты, оны адам мойындауы керек және оған күрессіз көнуі тиіс. Адам еркін, бірақ өлім туралы көп ойламайды, оның даналығы да өлім туралы емес, өмір туралы ой толғануы. Спинозаның өмірлік девизі: «Күлмеу, жыламау, қарғамау – түсіну!»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]