
- •1. Дүниетаным дегеніміз не? Дүниетанымның түрлерін (мифологиялық, діни, философиялық) сипаттаңыз.
- •Адам және дүние мәселесі бойынша буддизм философиясында жасалған пайымдауларды талдаңыз.
- •3. Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептерінің ілімдерін талдаңыз
- •4. Буддизм философиясының ерекшеліктері
- •5. Ежелгі Қытай ойлау дәстүрі: дао мектебі, заңшылдар мектебі.
- •6. Конфуцийдің этикалық философиясы
- •7. Ежелгі грек натурфилософиясының (иониялықтар, пифагоршылдар, элейліктер, атомистер) қарастырған негізгі мәселелерінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •8.Сократ философиясының басты мәселесін ашып көрсетіңіз.
- •9. Платон философиясы: «идея» теориясы, мемлекет жайлы ілімін талдаңыз.
- •Аристотель “материя” және “форма” түсінігіне қандай анықтама берді? Талдау жасаңыз.
- •11. Антика философиясындағы материализмді негіздеу идеяларын сипаттаңыз (Фалес,Анаксимандр,Анаксимен,т.Б.)
- •12. Августин Аврелий және Фома Аквинский ілімдерін салыстырыңыз.
- •15. Философияның негізгі атқаратын қызметтері қандай?
- •16.Қазақ дүниетанымының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •17. Ислам философиясының даму ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз
- •19 . Ф. Бэконның индуктивті әдісі және «идолдар» туралы ілімінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •20. И. Кант философиясына тиесілі негізгі категорияларға анықтама беріңіз.
- •21. Шеллингтің натурфилософиясы
- •22. Жаңа заман философиясындағы сенсуалистік және рационалистік таным теорияларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •23 Л. Фейербахтың антропологиялық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •24. Ф. Бэконның танымдағы объекті, субъекті және экспериментальды тәжірибенің бірлігінің қажеттілігі туралы тұжырымдамасына талдау жасаңыз.
- •25. Р.Декарт пен б.Спинозаның рационалистік идеяларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •И. Канттың сыни таным теориясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •27 . Қазіргі заманғы ғылыми таным философиясының дамуындағы объективтілік, жүйелілік, қарама-қайшылық, тарихилық принциптерінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •28. Ғылыми зерттеулермен байланысты этикалық мәселелерді анықтап, сипаттаңыз.
- •30. Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейінің әдістерінің (бақылау, сипаттау, өлшеу, салыстыру, эксперимент) мәнін ашып көрсетіңіз.
- •31.Абай мен Шәкәрімнің философиялық көзқарастарын салыстырыңыз.
- •32. Абай философиясындағы негізгі идеяларының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •34. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер қалай қалыптасты? Мәнін ашып көрсетіңіз
- •35. Платон философиясы: “идея” теориясы кейін қай философтардың ілімдерінде көрініс тапты? Салыстырмалы талдау жасаңыз.
- •36. Марксизм философиясының ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.
- •37.Қоғамдық сананың түрлері: моральдық, этикалық сана.Сананың тағы қандай түрлерін білесіз? Сипаттап, салыстырыңыз.
- •38. И. Кант философиясындағы «априори», «апостериори», «антиномия», "бұлжымайтын императив" ұғымдарына анықтама беріңіз.
- •39.Сана және бейсаналылық: з. Фрейдтің психоаналитикалық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •40. Экзистенциалистік философияның ерекшелігі неде? Мәнін ашып көрсетіңіз.
- •41. Әлеуметтік философияның ұғымдары мен негізгі принциптерін сипаттаңыз.
- •Мәдениет және өркениет дегеніміз не? Осы мәселеге қатысты қандай философтардың ілімдерін білесіз? Оларды салыстырыңыз.
- •43. Таным дегеніміз не? Танымның түрлерін сипаттап, салыстырыңыз.
- •44.Ғылыми зерттеулердің эмперикалық және теориялық деңгейлері.
- •46. Абсолютті және салыстырмалы ақиқаттың мәнін ашып көрсетіңіз.
- •47.Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшеліктерін (таным, шығармашылық, интуиция, түсіндіру және түсіну, ақиқат және адасу) сипаттаңыз.
- •48. Ақпараттық қоғамның ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •49. К. Маркстің тарихты материалистік тұрғыда түсінуінің гносеологиялық мәнін ашып көрсетіңіз.
- •Гадамердің герменевтикалық тәсілінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •51. Қоғамдық сананың түрлері. Моральдік, этикалық, саяси, құқықтық және діни сананың мәнін ашып көрсетіңіз.
- •52. Танымның теориялық деңгейінің әдістерін (анализ және синтез, индукция және дедукция, аналогия, абстрактілеу мен идеализация, тарихилық пен логикалық, моделдеу) сипаттаңыз.
- •53. Ақиқаттағы салыстырмалылық пен абсолюттіліктің, нақтылық пен абстрактіліктің арақатынасы қандай? Мәнін ашып көрсетіңіз.
- •54. Л.Н.Гумилевтің «пассионарлық дүмпу» идеясы мәселе ретінде.
- •55. Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға деген қарсылық (антиглобализм).
- •56. Мәдениет және өркениет.
- •57. Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелері.
- •Адам. Жеке адам және тұлға мәселесі.
- •59. Философиядағы адам мәселесі.
- •60.Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктері
22. Жаңа заман философиясындағы сенсуалистік және рационалистік таным теорияларын салыстырып, талдау жасаңыз.
Жаңа заман фил-сы деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды. Жаңа заман, яғни капитализм дәуірі құлдық пен феодалдық-өндірістік қатынастардың формаларын түбірінен жаңартып, қайтадан заттық-тауарлық қатынастарды қалпына келтірді.
Сезім туралы ілімі және білімді алудың жолдарын көрсету арқылы Бэкон жаңа эмпиризмнің немесе снсуализмнің негізін қалады.
Жаңа дәуір философиясындағы эмпиризм – бұл тәжірибелік, сезімдік білімді нағыз шынайы ақиқат білім деп мойындау.
Эмпириктер, эксперименталді жаратылыстануды ғылымның ғылымы деп есептеді. Эмпириктердің негізгі ұраны – Ф.Бэконның «Білім - күш» деген тезисі.
Рационализм (лат. ratіo — ақыл) — болмыстың, танымның, моральдың негізі ақыл деп санайтын философиялық ілім. Рационализм иррационализм мен сенсуализмге қарсы филос. ағым ретінде
17 — 19 ғ-ларда қалыптасты, негізін салушылар Р.Декарт пен Б.Спиноза. Рационализм орта ғасырдағы діни, теологиялық көзқарастарға қарсы болып, әлемді жаратушы құдай жоқ, болмыс, табиғат ақыл-оймен танылады деп атеистік идеяны насихаттады. Философия Рационализмнің туындауы Жаңа дәуірдегі классикалық жаратылыстану ғылымының дамуымен сәйкес келеді. Философия ғыл. білімнің, әсіресе, матем. білімнің жалпыға ортақ және қажетті сипаттарын ашуға тырысты. Спиноза сияқты кейбір Рационализм өкілдері философия мәселелерін “геометриялық методты” қолдана отырып баяндады. Рационализмнің гносеол. оптимизміне орай табиғаттың ашылмайтын құпиясы жоқ. Бұл тұрғыдан Рационализм еур. ағартушылықтың маңызды филос. алғышарты болды. 20 ғ-да Рационализмнің жекелеген қағидалары феноменологияда (Э.Гуссерль),француз неорационализмінде (Г.Башляр), сыншыл Рационализмде (К.Поппер) қайта жаңғырды.
Рационалистердің эмпиристерге қарсы қоятын дәлелдері:
Ақыл сүзігінен өткізілмеген сезім немесе тәжірибе танымға негіз бола алмайды;
Ақыл сезім мен тәжірибенің қатысынсыз-ақ өздігінен жаңа білім мен жаңалық аша алады, ол жаңалықтар кейіннен тәжірибе түрінде дәлелденуі мүмкін.
Моральдық этикалық нормалар мен тәртіп негізінде ақыл-ой жатыр деген түсінік этикалық рационализм деп аталады.
23 Л. Фейербахтың антропологиялық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
Фейербахтың философиялық ілімі логикалық немесе гносеологиялық принциптерден емес,антропологиялық принциптен бастау алады, яғни философияның негізгі нысанасы – нақты, тірі адам деп тану. Фейербах философиясының басты ұғымдары жəне мəселелері: өмір, өлім, махаббат, бақыт, ар, намыс, сенім, үміт ж.б.Фейербах əдебиетте антропологиялық материализмнің негізін қалаушы ретінде бағаланады. Бірақ,Энгельстің пікірінше, адамтануда ол адамның табиғи-биологиялық тұрпатын сипаттаудан əрі аса алмады: Фейербах “бар күшімен табиғатқа жəне адамға жармасады. Бірақ табиғат та, адам да оның айтуында сөз ғана болып қала береді. Ол шын табиғат жөнінде де, шын адам жөнінде де нақтылы еш нəрсе айта алмайды”. Фейербах болмысты – бастауыш, сананы – баяндауыш деп түсіндірді. Табиғат денелерден, материядан,сезімдіктен тұрады, деп жазды Фейербах. Табиғат мəңгі жəне шексіз. Сана соның тек көшірмесі, ал психолог - идеалист, сол көшірмені түпнұсқаретінде түсіндіреді деп жазды Фейербах.Бірақ, ол антропологиялық материализмді қуаттады.Өйткені, ол барлық материализмді тұрпайы деп түсінді. Сондықтан одан өзін аулақ ұстамақ болды. “Шындық идеализмде емес,материализмде де емес, шындық тек антропологияда”,- деп жазды Фейербах. Бірақ ол өзінің антропологиялық материализімінің нағыз метафизикалық материализм екенін байқамады.Фейербах алдына табиғатқа жəне адамға қарай дəйекті бетбұрыс жасау керек деген міндет қояды. Табиғатты табиғаттан басқа ешнəрседен шығаруға жəне түсіндіруге болмайды; табиғат-адамның да, қоғамның да, тарихтың да, ғылымның да түп негізі. “Табиғат, - дейді Фейербах, -қарапайым асқазан шеберханасын ғана жасап қойған жоқ, сонымен бірге мидың ғибадатханасын да тұрғызды”. Философияның міндеті-табиғат пен адамның бірлігін неғұрлым толығырақ, неғұрлым жан-жақты бейнелеу. Бұл идеализмнен материализмге бетбұрыс болатын. Фейербах идеализм кең тараған неміс жерінде материализімді жандандырмақ болады. Бұл жоспар Фейербахтың “Христиандықтың мəні” (1841) деген іргелі еңбегінде жүзеге асады. Мұнда,- дейді Энгельс, - Фейербах “турадан тура материализмнің салтанат құруын жариялады. Табиғат қандай философиядан болсын тəуелсіз өмір сүреді. Табиғат біздердің, адамдардың өсіп шыққан негізі. Табиғат пен адамнан тыс еш нəрсе жоқ.