
- •1. Дүниетаным дегеніміз не? Дүниетанымның түрлерін (мифологиялық, діни, философиялық) сипаттаңыз.
- •Адам және дүние мәселесі бойынша буддизм философиясында жасалған пайымдауларды талдаңыз.
- •3. Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептерінің ілімдерін талдаңыз
- •4. Буддизм философиясының ерекшеліктері
- •5. Ежелгі Қытай ойлау дәстүрі: дао мектебі, заңшылдар мектебі.
- •6. Конфуцийдің этикалық философиясы
- •7. Ежелгі грек натурфилософиясының (иониялықтар, пифагоршылдар, элейліктер, атомистер) қарастырған негізгі мәселелерінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •8.Сократ философиясының басты мәселесін ашып көрсетіңіз.
- •9. Платон философиясы: «идея» теориясы, мемлекет жайлы ілімін талдаңыз.
- •Аристотель “материя” және “форма” түсінігіне қандай анықтама берді? Талдау жасаңыз.
- •11. Антика философиясындағы материализмді негіздеу идеяларын сипаттаңыз (Фалес,Анаксимандр,Анаксимен,т.Б.)
- •12. Августин Аврелий және Фома Аквинский ілімдерін салыстырыңыз.
- •15. Философияның негізгі атқаратын қызметтері қандай?
- •16.Қазақ дүниетанымының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •17. Ислам философиясының даму ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз
- •19 . Ф. Бэконның индуктивті әдісі және «идолдар» туралы ілімінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •20. И. Кант философиясына тиесілі негізгі категорияларға анықтама беріңіз.
- •21. Шеллингтің натурфилософиясы
- •22. Жаңа заман философиясындағы сенсуалистік және рационалистік таным теорияларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •23 Л. Фейербахтың антропологиялық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •24. Ф. Бэконның танымдағы объекті, субъекті және экспериментальды тәжірибенің бірлігінің қажеттілігі туралы тұжырымдамасына талдау жасаңыз.
- •25. Р.Декарт пен б.Спинозаның рационалистік идеяларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •И. Канттың сыни таным теориясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •27 . Қазіргі заманғы ғылыми таным философиясының дамуындағы объективтілік, жүйелілік, қарама-қайшылық, тарихилық принциптерінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •28. Ғылыми зерттеулермен байланысты этикалық мәселелерді анықтап, сипаттаңыз.
- •30. Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейінің әдістерінің (бақылау, сипаттау, өлшеу, салыстыру, эксперимент) мәнін ашып көрсетіңіз.
- •31.Абай мен Шәкәрімнің философиялық көзқарастарын салыстырыңыз.
- •32. Абай философиясындағы негізгі идеяларының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •34. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер қалай қалыптасты? Мәнін ашып көрсетіңіз
- •35. Платон философиясы: “идея” теориясы кейін қай философтардың ілімдерінде көрініс тапты? Салыстырмалы талдау жасаңыз.
- •36. Марксизм философиясының ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.
- •37.Қоғамдық сананың түрлері: моральдық, этикалық сана.Сананың тағы қандай түрлерін білесіз? Сипаттап, салыстырыңыз.
- •38. И. Кант философиясындағы «априори», «апостериори», «антиномия», "бұлжымайтын императив" ұғымдарына анықтама беріңіз.
- •39.Сана және бейсаналылық: з. Фрейдтің психоаналитикалық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •40. Экзистенциалистік философияның ерекшелігі неде? Мәнін ашып көрсетіңіз.
- •41. Әлеуметтік философияның ұғымдары мен негізгі принциптерін сипаттаңыз.
- •Мәдениет және өркениет дегеніміз не? Осы мәселеге қатысты қандай философтардың ілімдерін білесіз? Оларды салыстырыңыз.
- •43. Таным дегеніміз не? Танымның түрлерін сипаттап, салыстырыңыз.
- •44.Ғылыми зерттеулердің эмперикалық және теориялық деңгейлері.
- •46. Абсолютті және салыстырмалы ақиқаттың мәнін ашып көрсетіңіз.
- •47.Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшеліктерін (таным, шығармашылық, интуиция, түсіндіру және түсіну, ақиқат және адасу) сипаттаңыз.
- •48. Ақпараттық қоғамның ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •49. К. Маркстің тарихты материалистік тұрғыда түсінуінің гносеологиялық мәнін ашып көрсетіңіз.
- •Гадамердің герменевтикалық тәсілінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •51. Қоғамдық сананың түрлері. Моральдік, этикалық, саяси, құқықтық және діни сананың мәнін ашып көрсетіңіз.
- •52. Танымның теориялық деңгейінің әдістерін (анализ және синтез, индукция және дедукция, аналогия, абстрактілеу мен идеализация, тарихилық пен логикалық, моделдеу) сипаттаңыз.
- •53. Ақиқаттағы салыстырмалылық пен абсолюттіліктің, нақтылық пен абстрактіліктің арақатынасы қандай? Мәнін ашып көрсетіңіз.
- •54. Л.Н.Гумилевтің «пассионарлық дүмпу» идеясы мәселе ретінде.
- •55. Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға деген қарсылық (антиглобализм).
- •56. Мәдениет және өркениет.
- •57. Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелері.
- •Адам. Жеке адам және тұлға мәселесі.
- •59. Философиядағы адам мәселесі.
- •60.Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктері
1. Дүниетаным дегеніміз не? Дүниетанымның түрлерін (мифологиялық, діни, философиялық) сипаттаңыз.
Ерте заманнан-ақ адам өзін коршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі, өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып білуге тырысты. Адамнан тыс таным процесінің болуы мүмкін емес. Сондықтан адам танымы белгілі бір коғамда, коғамның практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүріп жатады. Дүние және ондағы адамның орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниетаным деп аталады. Көп өлшемді бұл құбылыс адам өмірінің, практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады. Дүниетанымды құрайтын рухани құбылысқа философия кіреді. Дүниетаным - дүние және адам туралы, адамның мінез-құлқы мен іс-әрекеттері туралы ең жалпы ұғымдарды айқындап беретін пікірлер мен тұжырымдардың жиынтығы. Өзегі білім болғандықтан, күнделікті практикалық және теориялық болып бөлінеді.Күнделікті практикалық дүниетаным біркелкі емес, өйткені оның иесі болып табылатын одан да білімі, ақыл-ойы мен рухани мәдениеті, ұлттық дәстүрлері мен діни сенімдері жағынан алуан түрлі.
Дүниетаным-дүние және ондағы адам туралы толық көзқарас. Тарих дамуында адамзат дамуының 3 тарихи түрі қалыптасқан:1)мифологиялық 2)дін 3)философия
Мифология (грек «миф»- «аңыз»)-қоршаған дүние туралы реалды түсінікпен қатар фантастикалық қиялдың қосындысынан тұратын ежелгі қоғам дүниетанымы, қоғамдық сананың формасы.
Мифтің белгілері және жалпы сипаты:
1)табиғатты жанды тіршілік ретінде қабылдау
2) фантастикалық құдайларға, олардың өзара қатынасына сену
3) абстарктылы ойлаудың болмауы
4) мифтің нақты өмірлік міндеттерді шешуге бағытталған практикалық сипаты
5) мифологиялық сюжеттердің біркелкілігі мен терең болмайтын мағыналылығы
Дін (лат. «религия»-«құдайшылдық»)- сенімге негізделген, адам өмірі мен қоршаған дүниені басқаратын жаратушы құдіретті күштердің барын мойындайтын дүниетаным түрі. Діни дүниетаным адамнан дүние туралы сезімдік, образды-эмоционалды түсінікті талап етеді. Діннің мақсаты мен мағынасы – қоғам мен жалпы адамзаттың назарын Құдайға бағыттау арқылы бір бағытқа жұмылдыру, орталықтандыру, сол арқылы адамды және осы дүниелік болмысты мәртебелендіру.
Кең тараған ұлттық діндер: 1.синтоизм 2.индуизм 3.иудаизм
Негізгі әлемдік діндер үшеу: 1.буддизм 2.христиандық 3.ислам
Философия – дүниетанымның ғылыми теориялық түрі. Ол барлық ғылымдардан бұрын дүниеге келгендіктен, кезінде оны ғылымдардың ғылымы деп атаған. Философия әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы, байқаушы ретінде бой көрсетті.Осыдан келіп, ол кезде философия барлық табиғат жөніндегі ой-пікірлерді бойына жинақтағандықтан оны, натурфилософия деп атады. Философияның тікелей айналысатын проблемаларына жататындар: логика (гр.logos-ойлау заңдылықтары туралы ілім), онтология (гр. ontos –мән туралы ілім), гносеология (гр. gnosis – таным туралы ілім), аксиология (гр. Axios-құндылық туралы ілім) болып қалыптасты. Адамзат дамуымен бірге философия өз алдына дүниеге көзқарас ілімі ретінде танылды.