Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих 2012 гос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
338.94 Кб
Скачать

87.Қ.Р. Конституциясы, оның негізгі ерекшеліктері.

1993ж 28 қаңтар-Қ.Р. тұңғыш конституциясы қабылданды. Негізгі заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрады. Оның құрамдас бөлімі-еліміздің қоғамдық даму ерекшелігін өтпелі кезең жағдайларына арналған тару.

1.Қазақ тілі-мемлекеттік, орыс тілі қарым-қатынас тілі; 2.Республика жері біртұтас, ол бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды;

3.Қазақ халқы мемлекеттік үкімет билігінің бірден-бір қайнар көзі;

4.Конституцияның ең жоғарғы заңдылық күші бар;

5.Мемлекеттік билік конституция және республика заңдары негізінде іске асады; 6.Конституцияның орындалуына президент кепіл болады;

7.Оған сәйкес Қ.Р. президенті 7ж мерзімге сайланады;

8.Қазақстанның мемлекет құрылым формасы-унитарлы;

9.Кон-ға сәйкес жергілікті атқару билік органы-әкімшілік;

10.Қ.Р. барлық азаматтарға құқық теңдігін қамтамасық етеді;

11.Қазақстан азаматтары конституцияны, республика заңдарын сақтауға, әр адамның ар-намысын, абыройын құрметтеуге тиіс. Мемлекеттік рәміздерді көтеруге тиісті;

12.Отанды қорғай Қазақстан азаматтарының абыройлы міндеті, қасиетті борышы, парызы;

13.Республика азаматтары заңды түрде бекітілген алыс-салықты төлеуге тиісті.

1995ж 30 тамыз-еліміздің жаңа кон-сы қабылданды. Бұл негізгі заңымызда республиканың экономикалық күш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті кепілдікті құқықтар беретін көкейтесті мәселелерді шешу ескерілді. Кон-ция 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.

1.демократиялық-президенттік басқаруға жол ашылды;

2.парламент 2 палаталы болды: сенат және мәжіліс. Депутаттар саны 177-ден 114-ке қысқартылды;

3.Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Судьядың әділетті үкім шығаруына құқықтық кеепілдіктерін нығайтқан мәртебесі заңды түрде бекітілді. Олардың қызметіне араласуға жол белілмейді, ісіне қол сұғуға болмайды. Судьялар нақты іс бойынша есеп бермейді, тек кон-ция мен заңға бағынады.

4.билік тармақтарына, мемлекеттік лауазым иелеріне кон-лық құқықтарды бұзуға жол берілмейді;

5.Қ.Р. ұлтына қарамастан барлық азаматтардың мүддесін қорғайды;

6.Республикада қос азаматтыққа жол берілмейді.

88) Қазақстанның 2030 ел дамуының саяси және экономикалық стратегиясы

«Қазақстан-2030» стратегиясы:

-1997ж қазан-президент Қазақстан-2030 жолдауын жариялады;

-экономикалық дағдарыстан шығу жолдары;

-реформаларды аяқтау;

-алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу;

-Қазақстан барысын қалыптастыру.

Жолдауға болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзіидегі даму жолдары көрсетілген.

Ұзақ мерзімдегі 7 басылымдық:

1.ұлттық қауіпсіздікті сақтау;

2.ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық топтасуын нығайту;

3.нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу;

4.Қазақстан азаматтарының білімі мен денсаулығын, әл-ауқатын көтеру;

5.энергетикалық ресурстарын жете пайдалану;

6.инфрақұрылым, көлік байланыстарын дамыту;

7.демократиялық кәсіби мемлекет құру.

Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын жүзеге асырудағы міндеттер:

1.теңдікке негізделген бірыңғай азаматтықты дамыту;

2.этникалық түсініспеушілік себептерінің жойылуы және этникалық топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету;

3.дәулеттілер мен жарлылар арасындағы айырмашылықты азайту;

4.ауыл проблемасына үнемі көңіл бөлу;

5.әлеуметтік проблемаларды ұдайы шешіп отыру;

6.саяси тұрақтылықты және қоғамның топтасуын қамтамасыз ететін бай қазбаларды қалыптастыру;

7.адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыту;

8.әртүрлі конфенсиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым-қатыгасты нығайту.

Қазіргі кезеңде қазақ дәстүрлері мен тілінің қайта өрлеуі табиғи құбылыс деп қабылданатын болды.

Экономикалық стратегия: Қазақстанның салауатты өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мелекеттің белсенді рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген. Мемлекет белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуы шектеулі болды. Бұл проблеманы шешудің стратегиясы:

1.үкіметтің сауда мен өңдіріске әкімгершілік араласуын жою;

2.жекешелендіру процесін аяқтау;

3.орталық және жергілікті үкімет орындарын парасатты орындастыру;

4.сот билігі мен құқық қорғау орындарын реформалауды жандандыру;

5.заңның шексіз үстемдігін белгілеу және заңды орындайтын азаматтарды қылмыстан қорғай;

6.билік пен заңның бар күшін заңсыз жолмен шалқып өмір сүретіндерге қарсы қолдану.

89. Қазақстан Ресның әлеуметтік экономикалық және саяси дамуы. (1991-2009) Тәуелсіз Қазақстанның ғылыми тарихының негізі қалана бастады. 1995 жылы Республика үкіметі «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасын» мақұлдады. Онда отандық тарих ғылымын дамыту басымдықтары айқындалды. Осы уақыттан бастап отандық тарихшылар көптомдық Қазақстан тарихын жазуды қолға алды. 1998 жылдан бастап «Отан тарихы» атты журнал шыға бастады.

ХХ ғасырдың соңындағы еліміздің рухани және мәдени өмірінде Абай мен Жамбылдың 150 жылдық, М.Әуезов пен Қ.Сәтпаевтің 100 жылдық мерейтойлары ЮНЕСКО-ның тегеурінімен дүниежүзілік ауқымда аталып өтуі айтарлықтай оқиғалар еді.

Тәуелсіздік жылдары орын алған экономикалық дағдарыс салдарынан Қазақстан ғылымы мен мәдениеті, білім беру жүйелері кейінгі жылдары көптеген қиындықтарға кездесті.Олардың қызметтерінде елеулі іркілістер байқалды. Республиканың Ғылым Академиясы іс жүзінде өзінің ұлттық мәртебесінен айырылып қалды. Оның қарамағындағы жекелеген институттардың штаттары күрт қысқарды. Соның салдарынан ғылыми зерттеу жұмыстарының аясы тарылды. Кейбір ғылыми мекемелерге жабылып қалу қаупі төне бастады.

1997 жылдан бастап қаражат тапшылығын желеу еткен бюджеттік мекемелерді «оңтайландыру» аталған солақай саясат жүргізілді. Бұл, ең алдымен, мектептерге, мектепке дейінгі және медициналық мекемелерге, кітапханалар жүйесіне ауыр соққы болып тиді. Соның нәтижесінде 1997-1998 жылдары көптеген мектептер, мектепке дейінгі және медициналық мекемелер, кітапханалар, шалғай ауылдардағы медициналық объектілер жабылып қалды. Осындай себептермен филармониялар мен басқа да мәдениет ошақтары мүшкіл халге ұшырады.

Кітап басып шығару қарқынды жүрді. Туған жер, ел және оның тарихы мен мәдениеті туралы көлемі жағынан ауқымды, мазмұны кең, көптомдық энциклопедиялық басылымдар жарыққа шықты. Олардың ішіндегі елеулілері ретінде «Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы, Қазақстан тарихын, қазақ фольклоры антологиясын атауға болады. Халық жазушысы О.Сүлейменовтің «Жазу тілі» кітабы жарияланды. Адамның бойындағы ізгі қасиеттердің көмескіленуі мәселесін көтерген М.Шахановтың «Өркениеттің адасуы» кітабы республикадан тыс жерлерге мәлім болды.

Қазақ әдебиеті жаңа шығармалармен толықтырылды. Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романын, М.Мағауиннің «Мен» атты философиялық толғауын, Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» шығармасын атауға болады.

1999 жылы Республика Парламенті «Білім туралы заңның» өзгерген редакциясын қабылдады. Жаңа заң бойынша негізгі мектеп 9-сынып көлемінде аяқталып, 10-11-сыныптар бағдарлы мектеп болып жұмыс жасайтын болды.

2004-2005 оқу жылы республика бойынша барлық мектептерде оқу 1-8-сыныптарға арналған жаңа буын төл оқулықтары мен оқу-кешен комплекс құралдарымен жүргізілді. 2004 жылы «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім берудегі дамыту тұжырымдамасы» қабылданды. Бұл құжат бойынша орта білім беру 4+6+2 құрылымы бойынша 12 жылға созылатын болды.

Техникалық және кәсіптік білім беруде білім алушының жаңа технологиялар талаптарының деңгейінде және еңбек нарығының дамуына сәйкес білікті кәсіптік даярлығын қамтамасыз ету үшін, қажетті жағдайлар жасау көзделді. Жоғарғы білім беретін буында да түбегейлі құрылымдық өзгерістер болып жатыр.

Ғасыр басында Республикада 8 мыңнан астам мектеп жұмыс істеп тұрды, оларда сабақ, негізінен қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр тілдерінде, 3-млн-нан астам оқушы оқыды.

90. Қазақстан әлемдік қауымдастықта.