Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих 2012 гос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
338.94 Кб
Скачать

85. Қазақстандағы қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар және саяси партиялар.

Қазақстанның егемендік алуы, КСРО диктатурасының құлауы, қоғамдық дамудың атрибуты болып саналатын көппартиялықтың өрістеуіне жол ашты.

1993ж соңы-4 саяси партия тіркелді:

А)«Қазақстанның социалистік партиясы»

Б)«Қазақстан Республикасының партиясы»

В)«Қазақстанның халық конгресі партиясы»

1991ж қыркүйекте-«Қазақстанның социалистік партиясы» құрылды.

1991ж күзде-«Қазақстанның коммунистік партиясы» құрылды.

1991ж қыркүйек-Қазқстанның азаматтық қозғалысы «Азат» негізінде «Қазақстанның республикалық партиясы» құрылды.

1991ж қазан-«Қазақстанның халық конгресі партиясы» құрылды.

1991ж қараша-«Қазақстанның демократиялық прогресс партиясы» құрылды.

1993ж ақпан-«Қазақстанның халық бірлігі одағы» құрылды.

1994ж желтоқсан-«Қазақстанның халықтық кооперативтік париясы» құқрылды.

1995ж қаңтар-«Қазақстанның өрлеу партиясы» құрылды.

1995ж жазда-«Қазақстанның демократиялық партиясы» құрылды.

1998ж қараша-«Ақ жол» қоғамдық қозғалысы құрылды.

1999 қаңтар-«Отан» партиясы құрылды.

1994ж 14 қаңтар-«Қазақстанның отаншылдар» партиясы құрылды.

1994ж республикада барлығы 14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер құрылды.

2001ж қараша-«Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық саяси бірлестік құрылды.

2000ж ресми тіркелген партиялар саны-15

86).Қ.Р. Егемендігі жөніндегі декларация. Қ.Р. Құрылуы.

1991ж 25 желтоқсанда Горбачев КСРО президенті қызметінен босатылды. 1991ж 26 желтоқсанда КСРО-ң өмір сүруінің тоқтатқандығы туралы декларация жарияланды. Республика егемендігінің орнығуымен бірге республика президентін бүкілхалықтық сайлау қажеттігі туындады.

Қазақ КСР жоғарғы кенесінің кезектен тыс сессиясында «Президент сайлау жөніндегі заң» қабылдынып, президенттік қызметке Н.Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылды. 1991ж 1 желтоқсандағы бүкілхалықтық сайлау қорытындысы мен Н.Назарбаев-президент, Масанбаев-вице-президент болып сайланды. 1991ж 10 желтоқсанда президенттің таққа отыру рәсімі болды, ант берді. 1991ж желтоқсан-қазақ КСРО-ның атауы Қазақстан Республикасы деп өзгерді. 1991ж 16 желтоқсан-Республика жоғарғы кенесінің 7-ші сессиясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң қабылданды.

Қазақстанның сыртқы саясаты.

Қазақстанның сыртқы саясатында басты мәселеге ерекше назар аударады: ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдермен халықаралық байланысты өркендету. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдер қатарына қосылу. Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, ядролық қаруды қолданбау, дүниежүзілік соғысты болдырмау. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе-ең жақын және ірі көрші ресей, Қытай мемлекеттерімен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.

Қазақстанның Ресеймен байланысы:

1992ж 25 мамыр- Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, ынтымақтастық және көмек туралы шарт жасалды.

1995ж 20 қаңтарда Қазақстан емн Ресей бірлескен декларациясына қол қойды.

Маңызы: Екі ел арасындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.

Нәтижелері: Қ/каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемесын шешуді алға жылжытты. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қаралды.

Қазақстанның Қытаймен байланысы:

1990ж Қазақстан мен Қытай келісімі нәтижесінде теміржол арқылы өзара байланыс іске асты.

Нәтижелері: Қазақстан Тынық мұхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігін алды. Нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. Сауда байланыстарында 6 шекаралық бекет ашылып, шекара маңындағы сауда өрістеді. Темір жолдың жүк тасу деңгейі артты.

Қаралған мәселелер: шекараларды бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу. 1997ж 25 қыркүйекте-Алматы мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол қойылды. Қытай үкіметі бұл жұмысқа 9,5 млрд доллар жұмсауға келісті.

Қазақстанның АҚШ-пен байланысы.

Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынас маңызы өте зор. 1991ж 25 желтоқсанда-АҚШ қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін таныды.

1999ж желтоқсан-Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісім.

Қаралған мәселелер: екі ел арасындағы серіктестікті одан әрі дамыту. АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық-экономикалық өркендеуде қолдау көрсету.

Қазақстан және ТМД елдері:

ТМД елдерімен тығыз өзара қарым-қатынас болу біздің ел үшін өте қажет.

1994ж -Орта Азия экономикалық қауымдастығы құрылды.

1994ж –Қазақстан президенті Еуразиялық мемлекеттер одағын ұйымдастыруды ұсынды. Одақтың мақсаты: Кенес үкіметінен кейінгі кеңістікте пайда болған елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайту. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту процестерін жүзеге асыру. Қазақстан мен Дүниежүзі қауымдастық. КСРО тарағаннан кейін ядролық қару негізінен республика жерінде шоғырланды. Қазір жер жүзінде 5 ядролық держава бар: АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция.

1996ж 31 желтоқсанда –Қазақстан БҰҰ-на мүше 129 елдердің қатарында ядролық қаруды таратпау жөнінде шартқа қол қойды. Қазақстан басшылығы әскери-саяси одақ НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Тәуелсіздік алғаннан бері халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге жол ашылды. Бірқатар ірі капиталистік елдер Қазақстанға экономикалық көмек ретінде несие беруде.

1997ж 28 ақпанда «тікелей инвестицияларды мемлекеттік туралы қолдау» заң қабылданды. Нәтижесінда Қазақстанға тартылған инвестициялық қаржы көлем-10 млрд долларға жетті.

Халықаралық байланыстар нәтижелерінің тарихи маңызы:

Қазақстан әлемнің көптеген елдерімен тең денгейде дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Қазақстан дүниежүзілік аренада беделді орын иеленді.