Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
агент шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
442.37 Кб
Скачать

23. Туристік фирманың бизнес-жоспарының жасалу үлгісі.

Туристік фирманың болашақ қызметін құру үшін маңызды этаптарының бірі бизнес-жоспар болып табылады. Ол жаңадан құрылып жатқан және құрылып қойған фирмалар үшін қаржы менеджментінің негізі болып табылады. Жаңа фирманың бизнес-жоспары этаптық әдістер бойынша құрылады. Бизнес-жоспардың негізгі мақсаты кәсіпорын құру үшін оның барлық болашақ қызметі туралы алдын-ала жоспарлау. Бизнес-жоспардың басты мақсаты өндіріс болғанмен де, түпкі мақсаты пайда табу.

Бизнес-жоспарға қойлатын талаптар:

  1. Бизнес-жоспарда ойлаған істі іске асыратын басшының өзі дербес қатынасуы қажет. Барлық шетелдік банктер, инвестициялық фирмалар, егер жоспар шеттен келіп, кеңесшілер даярлап, басшы қол қойған болса, онда қаражат бөлінбейді;

  2. Шеттен кеңесші алуға болмайды, әр бір салалардан мамандар алу қажет. Егер күрделі жоспар болған жағдайда оған тек жоспар жан-жақты дәлелді болады. Бұл жағдай кәсіпкер орындаушы өзінің жан-жақты даярлығын арттырады. Себебі істің егжей-тегжейін біледі.

Бизнес-жоспардың маңызды құрылымы регламенттелмейді (қатаң белгілеу). Дегенмен көпшілік жағдай мына бөлімдерден құрылады:

- резюме (жоспардың қорытынды түйіні);

- тұтынушыға ұсынылатын өнімдер, тауарлар, қызметтер сипаттамасы;

- өнімді өткізу нарығын бағалау;

- бәсекелестік;

- маркетингтегі стратегия;

- өндіріс жоспары;

- ұйымдастыру жоспары;

- әділеттілік жоспары;

- тәуекел мен қауіпсіздендіруді бағалау;

- қаржылық жоспар.

Жаңа кәсіпорын үшін бизнес-жоспардың бірінші құратын бөлімі шығаратын қызметтің негізгі түрін таңдау. Кәсіпкер өндіретін өнім жөнінде тұжырымды айқын елестетуі тиіс және де ол жаңа тауар жөнінде нені көрсету керек екенін айқындау міндетті. Ол үшін ұсынылатын тауар және қызмет қандай қажетті қанағаттаныдырады, нарықта бар осындай тауалардан ұсынылатын тауардың қандай айырмашылығы, артықшылығы бар және не себептен тұтынушылар жаңа тауарды басқалардан артық көреді деген сұрақтарға жауап беруі керек. Егер кәсіпорын туристік қызметті негізгі түр ретінде таңдаса, онда төмендегі екі мәселені шешуі керек:

Бизнес-жоспардың келесі этапы маркетинг-жоспар. Өткізу нарығы мен бәсекелестік бөліміндегі зерттеулердің қорытындысы маркетингтік стратегиясын жасақтайды. Маркетингтік жоспар мына элементтерден тұрады:

- тауардың таралу схемасы: тауарды кім сатады? өзінің фирмалық дүкендері немесе көтерме сауда ұйымдары бар 8А?

- баға жасақталу – тауардың бағасы қалай анықталады және жалпы шығын деңгейі қандай болады?

- жарнама қалай ұйымдастырылады (теледидар, радио, баспасөз, жарнамалық стандарт, т.б.) оған бөлінген қаражат қанша болады?

- сатуды ынталандыру әдістері – фирма сату көлемін қалай ұлғайтады, тауарды өткізудің ауданын ұлғайту арқылы немесе тұтынушыларды тартудың жаңа әдістемелері. Мыс: жаңа тауарды сату;

- қоғамдық пікірді жасақтау, жақсы атақ алу үшін қандай жұмыс істеу керек?;

24. Туристік бағдарламаларды дайындау және оның түрлері

Турларды жоспарлау – туристік фирмалардың негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. Бұл қызметті орындау барысында бәсекелестік қабілетті сапалы турөнім дайындалады. Ал оны дайындау үшін нарықтағы ұсыныс пен сұранысты терең зерттеу керек. Сұраныс параметрлеріне негізделіп, мыналарды анықтау қажет:

  1. жасалынған өнімнің территориялық аумағы;

  2. тұтынушылардың әлеуметтік жағдайын;

  3. туризм түрлері мен бағыттары

Турөнімг едеген сұранысты арттыру үшін оның құрамын анықтап, нарық туралы зерттелінген, талдау жүргізілген мәліметтерге және мүмкін болатын сұраныс көлеміне міндетті түрде назар аудару қажет.

Егер турөнім танымдық мақсатта болса, онда ежелгі мәдениетімен, көрнекті жерлерімен әйгілі елдерді алған дұрыс.

Тур демалыс түрі ретінде де көрініс алады, сондықтан да климаттың жағдайы сәйкес келетін елдер таңдалынады (мыс, теңіз, жағажай). Одан бөлек туристік саяхаттың ұзақтығы мен маусымын анықтау қажет.

Танымдық мақсаттағы турларды өткізілетін орын өлі климатты ел болса, онда баруға ыңғайлы уақыт мамыр айынан қазанға дейін, ал егер ыстық болса – қарашадан ақпанға дейін.

Тур ұзақтығы да оның түріне байланысты. Демалу және танымдық мақсаттағы турлардың ұзықтығы 1 аптадан 2 аптаға дейін (орташа 10 күн), шоп-турлар 5 күнге ғана.

Саяхат мақсатына байланысты оның маршруты таңдалады. Нарықтық сұранысқа негізделіп әрбір елдегі топтық немесе жеке турлар анықталады.

Туристік фирмалар өздерінің туристік турларын жоғары да айтылған критерийлер бойынша дайындайды.

Ал, егер турфирма халықаралық деңгейге бірінші рет шығып отырса, онда оған контрагентті табу өте маңызды (өзіне сай әріптесті).

Әріптесті табуға туристік фирмалардың ұлттық ассоциациясы көмек бере алады. Одан кейін турфирма мен контагент фирма арасында қызмет көрсету бағдарламасы жасалады. Қызметкөрсету бағдарламасы алдын-ала төленген, турдың уақыт кезеңдеріне бөлінген, туристер қажеттілігіне және тур тақырыбына сай қызметтер тобынан тұрды.