Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
агент шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
442.37 Кб
Скачать

18 Кәсіпорынды есепке тұрғызу.

Уставты қордың 50 пайызын төлегеннен кейін және тіркеу жөнінде куәлікті алғаннан кейін келесі ведомстволарда кәсіпорынды есепке тұрғызу процедуралары жүргізіледі:

- салық инспекциясына;

- статистика органында;

- зейнетақы қорына;

- медициналық сақтандыру қорына;

- әлеуметтік сақтандыру қорына;

Мемлекеттік тіркеуден кейін кәсіпорын міндетті түрде бекітілген тәртіппен 10 күн ішінде өзінің орналасуы бойынша салық инспекциясына салық есебіне тұрады.

Шетел инвестицияларының қатысуынсыз кәсіпорын үшін салық инспекциясына есепке тұруы үшін келесідей құжаттарды ұсынуы қажет:

А) мемлекеттік реестрге қосылуы және есепке алған картаны (3 дана);

Б) тігілген және бекітілген тәртіппен куәландырылған, тіркелген құрушылық құжаттар көшірмесін және т.б. құжаттарды:

- қабылданған тәртіп бойынша куәландырылған тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

- устав көшірмесі (қабылданған тәртіппен куәландырылған);

- құрушылық келісім шарт көшірмесі (1-ден көп құрушы кезінде);

- құрушылар жиналысының хаттама көшірмесі (1-ден көп құрушы кезінде);

- антимонополиялық комитетпен келісім туралы анықтаманың көшірмесі;

- мүлікпен басқару бойынша комитетпен келісім туралы анықтаманың көшірмесі.

Шетел капиталының қатысуы бар кәсіпорындар сонымен бірге мына құжаттарды ұсынады:

- бірлесіп кәсіпорын құруға қатысушының әр қайсысы үшін құрушылық құжаттар көшірмесі;

- шетел инвесторы қызмет көрсететін банкпен берілген оның ақша төлеу қабілеттілік туралы құжаты;

- шетел инвесторының пайда болу мемлекетінің сауда реестрінен көшірмесі, оның орналасуы, азаматтығы немесе тұрғылықты жері.

19Туристік фирманы лицензиялау.

Туристік фирманы мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін ұйымдастырушылық кезеңнің келесі сатысы бекітілген қызмет құқығына лицензияны алу болып табылады. ҚР-ның «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі заңы шыққаннан кейін туристік әрекет лицензияланатын түріне кіретін болды. Қазіргі уақытта барлық турфирмалар «Туристік қызметті лицензиялау ережесі» 2001 жылғы 14 қыркүйектегі заң негізінде лицензияны алу керек.

Лицензия – лицензиялайтын органмен заңды тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге берген лицензиялау талаптары мен шарттарын міндетті қадағалауымен нақтылы түрін жүзеге асыруға арнайы рұқсат.

Жалпы лицензия белгілі бір мерзім ішінде туристік әрекетті жүзеге асыруға рұқсат беретін ресми құжат.

Лицензияланатын қызмет түрлеріне өз артынан азаматтардың құқытарына, заңды қызығушылықтарына, денсаулығына, мемлекет қауіпсіздігі мен қорғалуына, ҚР-ның мәдени мұрасына зиян келтіруі мүмкін қызметтер жатады.

Лицензияның әрекет мерзімі – 5 жылдан аз емес және лицензианттың өтініші бойынша ұзартылуы мүмкін. Мерзімін сзоу лицензия барын растайтын құжаттарды қайта рәсімдегендегідей жүзеге асырылады.

Лицензия мынадай туристтік қызмет түрлерінің әр қайсысына беріледі:

1) туроператорлық;

2) турагенттік;

3) туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуі;

Туристтік қызметті (туроператорлық, турагенттік және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығы үшін берілетін лицензия – бас лицензия болып табылады.

Өтінуші лиценщия алғаннан кейін лицензия берілген кезден бастап 7 ай ішінде ҚР-ның Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес көрсетілетін туристтік қызметтерге сертификат алуға мәндетті, содан кейін олардың көшірмелерін лицензиарға тапсырады.

Лицензия беруден мына жағдайларда бас тартылады егер:

1) туроператорлық, турагенттік қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызметін көрсетуді жүзеге асыруға заңнамалық келісімдермен адамдардың осы санаттары үшін тыйым салынса;

2) лицензия алу үшін қажетті құжаттардың барлығы ұсынылмаса. Лицензиар лицензия беруден бас тартқан себептерді өтінуші жойған ретте, өтініш оны алу үшін көзделген жалпы негіздерде қаралады;

3) лицензиялық алым енгізілмесе;

4) өтінуші біліктілік талаптарына сай келмесе;

5) өтінушіге қатысты оның осы қызмет түрімен айналысуына тыйым салынған сот шешімі бар болса.