Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
агент шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
442.37 Кб
Скачать

92. Туристік кәсіпорынның құрылуы және оның құрылымы

Туристік фирма заңды тұлға ретінде яғни, субъект ретінде құрылады. Олар жолдастық, кооператив, акционерлік қоғам, компания формасында құрылады. Қазақстан Республикасы туризмінде көбірек шаруашылық формасындағы тарағаны жолдастық (толық, коммандитті, белгілі және қосымша жауапкершілікті). ЖШС-те 1-50ге дейін адам болуы мүмкін. Серіктестік қатысушысы кез-келген уақытта өз бөлігін анық алып щығуы мүмкін және соттың шешімі бойынша шығарылады.

Туристтік кәсіпорын құрудың формальді бөлігі барлық шаруашылық субъектілеріне бірдей: басшыны таңдау, келісім –шарт жасау, қаулы бекіту және оны әділет органдарына тіркеу, тіркеу картасын алу; Қазақстан Республикасының Президентінің қаулысымен бекітілген заңға сай статистика орындарына салық инспекциясында, зейнет ақы қорында және т.б. есепке тұру.

Келесі әрекет лицензиялауға және берілген бизнесті жүргізуге рұқсат алуға дайындық. Қазақстан республикасының Парламентінің «Лицензиялау туралы» заңы 17-сәуір 1995ж №2200 кейін туристік қызмет лицензиялар болады. Қазіргі кезде барлық турфирмалар лицензия алуға міндетті, Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысымен 2001 жылы 14 қыркүйекте бекітілген №1213 «Туристік іс-әрекетті лицензиялау ережесі» заңына сай жүргізіледі.

93. Транспорттық қызмет көрсету

Транспорттық қызмет көрсету туристер мен экскурсанттарға ұсынылатын қызмет көрсетудің бөлігі болып табылады. Ол транспорттың әртүрлі түрлерімен: тікұшақ, ұшақ, өзен, теңіз және көл кемелері; автомобиль және т.б. жүзеге асырылуы мүмкін.

Біздің республикамызда көбірек қолданылатын автотраспорт болып есептеледі. Автотраспортты мекеме адамдары тасымалдауға, азық-түлік және өндірістік тауарларды, туристік құрал-жабдықтарды тасымалдауға қолданылады. Жеңіл, жүк және мамандандырылған (туристік) автотраснпорт деп бөлінеді.

Автомобильдерді жалға алудың бірнеше түрлері бар, бірақ, туристермен жұмыс істеу үшін туристік мекемелердің көпшілігінде ыңғайлысы автобуспен қызмет көрсету болып табылады, негізгі бөлімдері автомекеме мен туристік кәсіпорынның міндеттері болып есептелетін келісім шарт жасалады.

Туристік өнеркәсіп пен транспорттық өнеркәсіптің (автомобильдерді жалға лау) өзара қарым-қатынасы келісім шарт түрінде толтырылады. Келісім шарт статьялары осы заңды құжатқа енгізілген транспорт құралдарына, тасымалдаушының міндеттеріне және көптеген басқа аспектілерге талаптар белгіленген «ҚР-ғы туристік қызмет туралы» Заң, «ҚР-ғы транспорт туралы» Заңдар негізінде жасалады. «Екі жақтың жауапкершілігі» барынша қатты болуы тиіс. Жақсы ойластырылған келісім шартта «тапсырыс беруші» автотранспорт мекемесіне траспортты қолданбаған жағдайда 100 пайыз ақасын төлейді, өз кезегінде «орындаушы» транспортты беруде олқылық болған жағдайда маршруттың 100 пайыз ақысына айыппұл төлейді, оған қосымша моральдық шығынын өтейді (клиентті жоғалтқаны үшін). Яғни келісім шартта екі жаққа да қатысты ең әртүрлі мәселелер көрініс табуы тиіс.

94. Турларды жобалау

Туристік маршрут жақсы жобалануы тиіс. Турпакетті талдау кезінде саяхаттың барлық ерекшеліктерін ескеру қажет. Бұл үшін ең алдымен оған қысқаша сипаттама беру керек, сосын маршруттың құжатын жасау керек. Оған мынадай тауарлар енгізілуі мүмкін:

- туризм түрі (танымдық, діни, спорттық, іскерлік және т.б.);

- (қысқа) ықшамды болуы маршрут мазмұнын көрсетуі тиіс тур аты («Дала хикаялары», «Мыңжылдық ескерткіштері» және т.б.);

- рекреациялық сабақ циклдары: негізгі, ілеспелі, қосымша (Мысалы, таным, сауықтыру, көңіл көтеру);

- саяхат туралы ақпарат (аймақ, оның ерекшеліктері);

- турға қатыса алатын туристер контингенті (жас шамасы, физиологиялық-дәрігерлік көрсеткіштер бойынша);

- аялдама бекеттері мен қызмет көрсетулер көрсетілген маршрут схемасы;

- қызмет көрсету құрамы (тамақтану, тұратын жер, транспорт, инвентарь, құрал-жабдық);

- қызмет көрсетуші персоналдарға қойылатын талаптар (нұсқаушыға, аудармашыға, экскурсоводқа...);

- маршруттың технологиялық картасы;

- заңды құжатнама (келісімшарттар, лицензиялар, рұқсаттар, жолдамалар мен билеттер);

- күн және сағат бойынша қызмет көрсету бағдарламасы;

- тур құнын есептеу;

- саяхат шартын орындамағаны үшін орнын толтыру;

- маршрутты өткізу маусымы (жыл мезгіліне, аң аулау мерзіміне, балық аулау мерзіміне және т.б. байланысты болады);

- турды талдауға (жасауға) келген шығындарды (есептеу);

- буклет, альбом, жарнамалар дайындау;

- турды дайындау мерзімі және оның орындалуына жауапты адамдар.

Турларды жүзеге асыру әртүрлі жарнамалар тәсілімен: интернет, теледидар арқылы, жеке шақыру қағазын, буклет және т.б. тарату арқылы адам көп жиналатын жерлерге хабарландыру ілу арқылы және т.б. арқылы жасалады. Бұл кезеңдер туристік кәсіпорын әкімшілігіне турды жақсы жоспарлауға мүмкіндік береді, оның үстіне әрбір жетекші мүмкіндіктерден шыға отырып, басқа тараулармен толықтырыла алады, барлық кезеңдермен бір мезгілде жұмыс істей алады.

95. ҚР-ғы транспорттық жүйенің жағдайы және оның туризм үшін мүмкініктері

ҚР-ң 2030 ж. дейінгі әлемнің ең дамыған мемлекттері қатарына кіру жоспары мемлекеттің транспорттық комплексінің қарқынды дамуын болжайды.

Қазақстандағы транспорт Республиканың аймақтық ерекшеліктеріне байланысты маңызды роль атқарады:

- халықтың төмен тығыздығына қатысты;

- кеңістіктің көлемділігі және оның әркелкі экономикалық дамуы;

- ірі шетел нарығынан оқшаулығы (Германияға немесе Шығыс Қытайға дейін 5 мың км)

Транспорт туристерге ұсынылатын негізгі қызмет көрсетулер қатарына кіреді, және инфрақұрылымның құрама бөлігі болып табылады. Транспорт құралдарының қалыпты жұмыс істеуіне көбінесе туристік қызметтің табысқа жетуі байланысты болады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес жердегі транспорт магистралдарының қашықтығы 105 мың км-ге жуықты құрайды, олардың ішінде 87,4000 км – автомобиль жолдары, 11 мың км жоғарғы – теміржол жолдары, 4,1 мың км – су жолдары, 40 мың км жоғары - әуе жолдары.

ҚР туристерінің елден шығуда неғұрлым (ең) танымал транстпорт түрі авиациялық (әуе) болып табылады. Мұның бірқатар себептері бар:

  • Авиация – алыс қашықтықтарға бару кезіндегі ең жыцлдам және ыңғайлы транспорт түрі.

  • Жоғарғы қызмет көрсету сервисі ең әртүрлі мақсаттармен шетелдерге щығатын туристерді қанағаттандырады.

  • Туристерге кәсіпорын бизнесінің девирсификацияболуы мүмкін, сғни олардың көпшілігі авиабилеттерді халықаралық компьютерлік жүйелер арқылы стау және броньдау авиакомпанияларының агенттері болып табылады.

Қазіргі уақытта ҚР аймағында ондаған авиакомпаниялар алыс және жақын

шетелдерден және республикалардан әуе кемелерімен ұшуды жүзеге асырады. Қазақстанның көрші мемлекеттермен шекарасында 56 әуе (коридоры) дәлізі бар, оның ішіндегі 26-Ресеймен, 17-Өзбекстанмен, 8-Қырғызстанмен, 2-Қытаймен, 2-Түркіменстанмен, 1-Азербайжанмен. Қазақстанның әуенарығы туристерге қызмет көрсету үшін ең перспективті, яғни республика Европа, Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Азия сияқты аймақтар арасындағы жолдар торабында орналасқан.