Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
агент шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
442.37 Кб
Скачать

90. Жұмысты бағалау

Жұмысты ранжирлеу (бірқалыпты) – бұл жұмысты бағалаудың қарапайым түрі. Әр жұмыс компания үшін қатысты маңыздылығы бойынша бағаланады. Мамандығы, жауапкершілігі, қажетті міндеттері қарастырылып, одан кейін жұмысты қиындығы мен бағалылығына қарай топтастырады. Ранжирлеу деңгейі мекеменің қажеттілігі арқылы анықталады.

Жұмысты топтастыру. Бұл әдіс те алдыңғысына ұқсас, тек қана жүйелілігімен ерекшеленеді. Алғашқыда жалақының деңгейі мен дәрежесі, одан кейін толық жұмыстың өзі анықталады.

Қызметтік іс-әрекетті бағалаудың кедергісі. Біздің уақытта әр қызметкердің әлеуметтік белсенділігін, еңбек жетістігін және мамандығын дұрыс бағалау басшылықтың ең басты мәселесі болып келе призмасы арқылы қарайды. Өкінішке қарай, алғашқы әсер көп ретте жаңа таныстың мінезін тануға негізделгендіктен қате болып келеді.

Басқару ісіндегі қазіргі ғылымның көрсеткеніндей дау-жанжал кәсіпорын тіршілігінің ажырамас бөлігі болып саналады. Көптеген басшылар жанжалды басуға тырысады немесе оған мүлдем араласпауды жөн көреді. Бұл екі бағытта қате, себебі бұл кәсіпорын қызметінде маңызды шығындарды алып келеді. Бірінші бағыт кәсіпорынға керекті және пайдалы жанжалдық дамуына кедергі келтіруі мүмкін, екіншісі – жанжал еркін дамып кәсіпорынның өзіне тұтасымен және онда істейтін жекелеген адамдарға зиянын келтіруі мүмкін.

91. Туристік кәсіпорынның негізгі мақсаты мен міндеттері

2001 жылдың 13 маусымында «Қазақстан Республикасы туристік әрекет жайында» Заңына сәйкес туристік әрекет туристік қызметті ұсыну бойынша физикалық және заңды тұлғалар әрекетін ұсынады.

Негізгі қызметтері мыналар: орналастыру, тамақтандыру, транспорт, экскурсия, ойын-сауық, білім, спортпен айналысу, сауықтыру, қызмет ісімен айналысу және т.б. Турдың тематикалық бағытына қарай кейбір қызметтер негізгі, ал қалғандары қосымша болады. Негізгі және қосымша қызметтерді комплексті түрде негізінен туристік-экскурсиялық кәсіпорындар – заңды ұйым, туризм және экскурсия саласында жергілікті халыққа және шетел азаматтарына ақылы қызмет көрсету т.б. субъектілердің осы түрдегі қызметтері жатады.

Туристік кәсіпорынның негізгі мәселесі болып саяхатты, жорықтары, экскурсияларды ұйымдастыру және өткізіліп жатқан шараларға өзге азаматтардың максималды мөлшерін қалыптастыру, туристерге жоғарғы сапалы қызмет көрсете отырып шаралардың танымдық, сауықтыру, емдік тәрбиелік құндылықтарын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, шаруашылық – қаржылық қызметпен адамдар қауіпсіздігіне ұсынылатын талаптарды қадағалау болып табылады. Кәсіпорынның мақсаты туризмнің таңдалған түрінен және ұсынылатын қызметіне байланысты анықталады.

Туроператорлық қызмет саяхаттарды, экскурсияларды қалыптастыру, оларды дайындау және өткізу, турагенттік қызмет жолдамаларды дайындау және жол жүру құжаттарын дайындаумен айналысады; экскурсиялық қызмет экскурсияның дайындалуы мен өткізілуі қамтамасыз етеді.

Осы қызмет түрлерінің негізгі мақсаттары:

  • Қазақстан тұрғындарының рухани және интелектуалдық деңгейін көтеру;

  • Халықты дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту;

  • Шетелдермен мәдени достық қарым-қатынастарды дамыту;

  • Жергілікті халықтардың патриоттық сезімін ояту, шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына құрметтілігін арттыру;

  • Туристер мен экскурсанттардың табиғатқа ұқыпты қарауын қамтамасыз ету;