
- •1.Шенген келісімі
- •2. Шенген визасы қалай рәсімделеді?
- •3.Қр азаматтары шенген визасын қалай ала алады?
- •4. Шенген визасын алудың талаптары
- •5. Шенген визасы қандай жағдайда берілмейді?
- •6. Шенген аймағына кіретін елдер
- •7.Шенген визасының жалпы ережелері – Өтініш тапсыру орындары
- •8. Турфирманы құрудағы ұйым- құқықтық негізін таңдау
- •9. Қатысушылардың мүдделерінің (мақсатының) хаттамасы
- •10. Құрушы құжаттарының жобасын жасау
- •12. Тіркеуге арналған құрушылар құжаттарының дайындалуы
- •13. Фирманы заңды тіркеу
- •14. Кәсіпорынды есепке алу
- •15. Ұйымдық процедуралар
- •16. Туристік фирманың жабылу тәртібі
- •17. Тур қызметтің лицензиялануы және тур өнім сертификациясы
- •18 Кәсіпорынды есепке тұрғызу.
- •19Туристік фирманы лицензиялау.
- •21. Туристтік кәсіпорынды сертификаттау.
- •22. Туроператор және турагент қызметтері және олардың келісім шарт қатынастары
- •23. Туристік фирманың бизнес-жоспарының жасалу үлгісі.
- •24. Туристік бағдарламаларды дайындау және оның түрлері
- •25. Кіру туризмі дегеніміз?
- •27. Круиз дегеніміз?
- •28. Қысқы турлар
- •29. Іскерлік туризм дегеніміз?
- •30. Туроператорлық қызметті жүзеге асыру,
- •31. Туристік қызметті лицензиялау
- •32. Лицензия алуға қажетті құжаттар
- •33. Лицензияны қайта жасау
- •34. Лицензияны тоқтату, бас тарту, қызметін тоқтату
- •35. Қр туризмнің дамуы.
- •36. Туристік кәсіорындар.
- •40. Қазақстандық виза және төлқұжат туралы ақпарат
- •41. Визаларды алу кезінде ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар
- •42. Қр визаларын алмастыратын құжаттар
- •43 . Визалардың қолданыс мерзімі
- •44. Қазіргі ішкі және сыртқы нарық жағдайындағы туристік өнімдерді өндіру, айырбастау және таратудың экономикалық ерекшеліктері
- •45. Туристік индустрия жүйесіне арнайы кәсіпорын, ұйым және мекемелер
- •46. Туристік өнімдерді шығаратын және тарататын туристік фирмалар
- •47. Туристік жүйе
- •48. Туристік шаруашылықтың түсінігі
- •49. Тамақтану объектілері.
- •50. Туризм индустриясының мекемелері мен орталықтарын, кәсіпорындарын үш топ
- •51. Туристік өнім
- •53. Орналастыру ортасының көрсеткіштері
- •54. Туризм және интернет
- •55. Интернет арқылы жиі қойылытын сұрақтардың бірі – туристік өнім
- •56. Қр туризмнің дамуы
- •57. Туристік кәсіорындар
- •58. Транспорттық қызмет көрсету
- •59. Тараптардың жауапкершілік деңгейі
- •60. Нормативті құжаттар
- •61. Кедендік құжаттардың нұсқаулары
- •62. Туризм классификациясы
- •63.Халықаралық туризм түсінігі
- •64.Туризм түрлері
- •65.Экологиялық туризм
- •66. Туризмдегі сақтандырудың негізгі түрлері
- •67. Туристік қызмет көрсетулер және олардың мәні
- •68. Кеден бақылауының ұғымы, әдістері және түрлері
- •69. Кеден бақылауың жүргізу және оның нысандары
- •70. Кеден бакылауының белгілі бір нысандарынан босату
- •71. Тауарлар шыққан елін айкындау мақсаты
- •72. Тауарлардың шыққан елін растау
- •73. Тарифтік женілдіктер
- •74. Тарифтік артықшылықтар
- •75. Қазақстандағы туризмнің қазіргі жай-күйі
- •76. Қазақстандық туристiк өнiм және оның әлеуетi
- •77. Туризмдi дамыту саясатының мақсаттары мен қағидаттары
- •78. Кадрларды даярлау мен ғылыми қамтамасыз ету
- •79. Тасымалдау түсінігі
- •80. Туристерді тасмымалдау саласының дамуы
- •81. Халықаралық туристік тасымалдаулар
- •82. Туристік кәсіпорындар түсініктемесі
- •83. Алғашқы қызметтегі туристік мекемелер
- •84. Туристік кәсіпорын іс-әрекетінің басты және жанама түрлері
- •85. Кәсіпорынды есепке тұрғызу
- •86. Туристік фирманы лицензиялау
- •87. Туристтік кәсіпорынды сертификаттау
- •88. Қызметкерлерді басқару ұғымы
- •89. Кадр саясаты: принциптері, бағыттары, жұмыс жасау және іске асыру
- •90. Жұмысты бағалау
- •91. Туристік кәсіпорынның негізгі мақсаты мен міндеттері
- •92. Туристік кәсіпорынның құрылуы және оның құрылымы
- •93. Транспорттық қызмет көрсету
- •94. Турларды жобалау
- •96. Транспорттық саяхаттарды жіктеу және жобалау
- •97. Жолаушыларды автокөлікпен тасымалдаудағы негізгі құқықтар
- •98. Қазақстанда автокөлікпен қызмет көрсету
- •99. Автосаяхатты жоспарлау және талдау
- •100. Туристік су маршрутын ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •101. Су туризмі және өзендегі круиз
- •102. Туристік ұйымның сыртқы имиджі
81. Халықаралық туристік тасымалдаулар
Теңізде жүзу мен кеме құрылысының құжатталған тарихы 3000 жыл деп есептеледі. Шамамен бұл кезеңнің тарихы теңізде жүзу туралы мәліметтердің үзінділерін береді. Ежелгі мысырлықтардың Сахура фараоны кезінде б.э.д. ХХVІ ғасырда теңіз кемесімен Пунт (Африканың шығыс жағалауы) еліне саяхаты белгілі. Мысырлықтардың ұзақ уақытқа саяхаты кеме тұрғұзуға ағаштардың болмауынан шектеулі болды.Олар өздерінің кемелерін қамыстан тұрғызған болатын. Мұндай кемелермен ұзақ уақытқа ашық мұхитқа шығуға болатындығын норвегиялық Тур Хейердал дәлелдеді. Қамыстан жасалған кемелермен жүзуге қанағаттанған Тур Хейердал ежелгі сызбалар мен суреттерге қарап екі мәрте үлкен кеме тұрғызды және онымен Атлант мұхитын кесіп өтті.
Б.э.д. ХХVІІ ғасырда мысырлықтар ливандық жаңғақтан ұзындығы 50 метр үлкен кеме тұрғызып, онымен Жерорта теңізі арқылы тасымалдаулар жасады және әскери мақсатта да жорықтарға шыққан. Бұл теңіз жорықтары туралы құжаттанған мәліметтер – теңізде жүзу тарихындағы бізге белгілі алғашқы ақпарттар болып табылады. Ежелгі жүзушілер б.э.д. 3000 жылдары Парсы шығанағы және Араб түбегінің жағалауларын ашып, бағындырған болатын, ол жерлерде иемденген теңіз сауда жолдары салынған. Инд өзені және Суэц шығанағына дейінгі жағалаулар б.э.д. 517 жылы грек Силак Кариадскиймен зерттелген болатын.
82. Туристік кәсіпорындар түсініктемесі
Туристік салада әр түрлі туристік мекемелер жұмыс істейді. Бірі тұтынушы клиентке бірыңғай тур қызмет көрсететін болса, ал басқалар үшін туризм – ол комерциялық іс-әрекетке бағытталғандардың бірі. Тек туризм есебіндегі мекемелер алғашқы (первичный) қызмет саласындағы туристік мекемелер деп аталады.
Ал тек туристік іс-әрекеттен ғана емес пайда табатын мекемелер екіншілік қызмет көрсету саласындағы мекемелер деп аталады. Сонымен алғашқы қызмет оның негізін құрайтын бірыңғай туризмге қызмет ететін мекеме, ал екіншісі тек туристік сұраныстың кейбір бөліктерін ғана қанағаттандырады, туризм олар үшін – көптеген осы қызметті тұтынушылардың бірі ғана және ол қызметті туристерден басқалар қолдана алады.
Мынаны есте сақтаған жөн. Кейбір мекемелер орындайтын функциясына байланысты бір уақытта 1 категорияға немесе басқа категорияға жатады. Мыс: туристік қонақ үй мен тур бюро барлық уақытта тек алғашқы қызметті ұсынады, ал санатория немесе демалыс үйіндегі (дом отдых) кафе, ресторандар – алғашқы қызметті мекемелер, сондай-ақ қаладағы ресторан, кафе туристік функцияның екінші қызметін ұсынса да ол туристік мекемеге қатысты болып табылмайды.
83. Алғашқы қызметтегі туристік мекемелер
Туроператор мен тур делдал.
Туроператор - өзіндік және басқада қызметті үйлестіріп жаңа тур өнімді жасап шығаратын тур мекеме. Ол тур өнім паушалды (комплексті) тур деп аталады. Туроператор комплекстік турды клиентке өз атынан және өз тәуекелімен ұсынады. Паушалды тур – бірнеше қызметтен тұратын пакет, яғни комплекстік тур негізгі қызметпен қоса қосымша, жанама (сопутствующий) қызметтерді қамтиды. Туроператор оны әлі тұтынушысын білмей, алдын-ала құрады. Туроператор пакетке көбіне әр түрлі мекемелермен өндіретін (қызметті орындаушылар), бір – бірін толықтыратын қызметтерді жинайды. Ол қосылыстардың нәтижесі – жаңа тур өнімді алуға мүмкіндік туады. Бұл тур өнімге өтімі және кеңесі бойынша тур делдалдық қызмет кіреді.
Туристік нарықта жұмыс істейтін барлық туроператорларды былай классификациялауға болады: олардың көлеміне, іс-әрекет аймағына, бағдарламаның жалпақтығы мен тереңдігіне және экономикалық мақсатына.
Көлемі бойынша ірі, орта, ұсақ туроператорлар болып айрықшаланады. Ірі топқа – оның қызметін жылына 100 мың адам қолданатын және айналымдағы қаржысы 35 млн долларды құрайтын қаражатты туроператорды жатқызуға болады. Орта топқа – жылына 30 мыңнан 100 мың клиенттерді қамтитын туроператорды жатқызуға болады. Ұсақ туроператор категориясына - әр түрлі типтегі мекемелер жатады. Олар: саяхатты ұйымдастырумен айналысатын жастар немесе жорық туризміне мамандандырылған және туристік топты тасымалдайтын автобустық мекемелер.