Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
агент шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
442.37 Кб
Скачать

79. Тасымалдау түсінігі

Жолаушыларды, соның ішінде туристерді тасымалдау – әртүрлі транспорт түрлерімен жүзеге асырылады: әуе, жер, су транспорттары (оның ішіндегі круиз). Транспорттың әртүрлі түрлерінің кең таралуы, сұранысы – сол елдің географиялық орналасуына және елдің климаттық жағдайына, экономикалық дамуына, ұлттық дәстүрлеріне, адамдардың әлеуметтік жағдайы мен өмірлік деңгейіне және т.б. факторларға байланысты болады.

Әрбір транспорттың өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Соның ішінде круиздік кемелердегі көрсетілетін қызметтердің де өзінше ерекшеліктері бар. Бірақ, кез-келген транспорттық жүйенің түрлері бір мақсатты көзейді – ол саяхатшылардың қажеттіліктерін барынша толықтай қанағаттандыру. Осыған байланысты транспорттың көрсететін қызметтері – туристердің жүктерін бір жерден екінші жерге максимальді деңгейдегі жайлылықты қамтамасыз ете отырып, жылдам жеткізу.

Транспорттық қызмет көрсету құқықтық негізде заңды құжаттармен бекітілген. Олар –

1.Әртүрлі халықаралық транспорттық ұйымдар;

2.Елдің ұлттық заңы;

3.Тасымалдаушылардың ішкі ережелері.

Круизде транспорттық қызмет көрсетуде тұрақты клиенттерге, балаларға, мүгедектерге арнайы жеңілдіктер де ұсынылады.

Тасымалдау кезінде ең маңызды мәселе – жолаушылардың қауіпсіздігі болып табылады.

80. Туристерді тасмымалдау саласының дамуы

Теңізде жүзу мен кеме құрылысының құжатталған тарихы 3000 жыл деп есептеледі. Шамамен бұл кезеңнің тарихы теңізде жүзу туралы мәліметтердің үзінділерін береді. Ежелгі мысырлықтардың Сахура фараоны кезінде б.э.д. ХХVІ ғасырда теңіз кемесімен Пунт (Африканың шығыс жағалауы) еліне саяхаты белгілі. Мысырлықтардың ұзақ уақытқа саяхаты кеме тұрғұзуға ағаштардың болмауынан шектеулі болды.Олар өздерінің кемелерін қамыстан тұрғызған болатын. Мұндай кемелермен ұзақ уақытқа ашық мұхитқа шығуға болатындығын норвегиялық Тур Хейердал дәлелдеді. Қамыстан жасалған кемелермен жүзуге қанағаттанған Тур Хейердал ежелгі сызбалар мен суреттерге қарап екі мәрте үлкен кеме тұрғызды және онымен Атлант мұхитын кесіп өтті.