Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
агент шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
442.37 Кб
Скачать

57. Туристік кәсіорындар

Туристік кәсіпорын – бұл мүлікті еңбек ұжымының пайдалануы негізінде өнім өндіретін және өткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін заңды тұлға құқығын иеленетін дербес шаруашылық жүргізуші субъект. Еңбек ұжымы мүшелерінің әлеуметтік және экономикалық мүдделерін және мүлікті меншіктенуші мүдделерін қанағаттандыру үшін табыс алуға бағытталған шаруашылық қызметі туристік кәсіпорынның ең басты мәселесі болып табылады.  Туристік кәсіпорын жұмыстан бос уақытты, рекреацияны, демалысты ұйымдастыруға және халықты емдеуге; олардың таныстары мен туысқандарына баруға және заңмен рұқсат етілген және жарғыға сәйкес өзге де мақсаттарға бағытталған қызмет түрін жүзеге асырады.  Әрбір жеке кәсіпорынның туристік саясатының негізгі мақсаты нарықтық жағдайларды тиімді пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылату, туристік өнімді өндіру, өткізу және жылжыту үрдістеріне жаңашылдықтар енгізу арқылы пайданы және туристік қызметтің рентабелділігін арттыру болып табылады.  Туризм - демалу мақсатында, іскерлік және өзге мақсаттарда қатарынан бір жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттайтын және әдеттегі ортасынан тыс жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі.  Туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар заңды тұлғалардың өздерiнiң туристiк өнiмдерiн қалыптастыру, ұсыну және туристiк агенттер мен туристерге өткiзу жөнiндегi қызметi. 

58. Транспорттық қызмет көрсету

Транспорттық қызмет көрсету құқықтық негізде заңды құжаттармен бекітілген. Олар –

1.Әртүрлі халықаралық транспорттық ұйымдар;

2.Елдің ұлттық заңы;

3.Тасымалдаушылардың ішкі ережелері.

Круизде транспорттық қызмет көрсетуде тұрақты клиенттерге, балаларға, мүгедектерге арнайы жеңілдіктер де ұсынылады.

Тасымалдау кезінде ең маңызды мәселе – жолаушылардың қауіпсіздігі болып табылады.

Теңізде жүзу мен кеме құрылысының құжатталған тарихы 3000 жыл деп есептеледі. Шамамен бұл кезеңнің тарихы теңізде жүзу туралы мәліметтердің үзінділерін береді. Ежелгі мысырлықтардың Сахура фараоны кезінде б.э.д. ХХVІ ғасырда теңіз кемесімен Пунт (Африканың шығыс жағалауы) еліне саяхаты белгілі. Мысырлықтардың ұзақ уақытқа саяхаты кеме тұрғұзуға ағаштардың болмауынан шектеулі болды.Олар өздерінің кемелерін қамыстан тұрғызған болатын. Мұндай кемелермен ұзақ уақытқа ашық мұхитқа шығуға болатындығын норвегиялық Тур Хейердал дәлелдеді. Қамыстан жасалған кемелермен жүзуге қанағаттанған Тур Хейердал ежелгі сызбалар мен суреттерге қарап екі мәрте үлкен кеме тұрғызды және онымен Атлант мұхитын кесіп өтті.

Б.э.д. ХХVІІ ғасырда мысырлықтар ливандық жаңғақтан ұзындығы 50 метр үлкен кеме тұрғызып, онымен Жерорта теңізі арқылы тасымалдаулар жасады және әскери мақсатта да жорықтарға шыққан. Бұл теңіз жорықтары туралы құжаттанған мәліметтер – теңізде жүзу тарихындағы бізге белгілі алғашқы ақпарттар болып табылады. Ежелгі жүзушілер б.э.д. 3000 жылдары Парсы шығанағы және Араб түбегінің жағалауларын ашып, бағындырған болатын, ол жерлерде иемденген теңіз сауда жолдары салынған. Инд өзені және Суэц шығанағына дейінгі жағалаулар б.э.д. 517 жылы грек Силак Кариадскиймен зерттелген болатын.