Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
агент шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
442.37 Кб
Скачать

53. Орналастыру ортасының көрсеткіштері

Орналастыру ортасының көрсеткіштері:

-туристерді қонақ үйге, мотельге, кемпингке, жеке пәтерге тез арада орналастыру;

-ұйымдасқан туристерді қонақ үйге, кемпингке, міндетті түрде алдын ала бөлінген нөмірге жылдам орналастыру;

-орналастыру ортасында тыныштық сақтау;

-кең көлемде туристерге қосымша қызмет көрсету (ақшасыз немесе ақшамен).

Тамақтандыру сферасындағы қызметтің сапасының өлшемдерінің көрсеткіштері:

-берілген тағамдарды көркемдік жағынан көрсету дәрежесі, оның температурасы, дәмділік сапасы;

-кулинарлық азық-түліктің аралас түрлері;

-туристерге жылдам және сыпайы түрде қызмет көрсету;

-тапсырманы орындау жылдамдылығы;

-келушілердің тамақтануы кезіндегі көрсетілетін қызметтің мөлшері және барлық ережелерді қызмет көрсету кезінде сақтау;

-тамақтану залындағы тазалық пен жайлы жағдайды ұстап тұру дәрежесі;

-қоғамдық тамақтандыру мекемесіндегі мәдени тәртіптерді, міндетті фирмалық киімдерді және жеке гигиенаны сақтау дәрежесі;

-көрсетілген баға бойынша тағамдардың және ішімдік сусындардың құрамы мен салмағын сақтау.

Туристерге ұсынылатын азық-түлік және өнеркәсіп заттарын сататын сауда орнындағы қызметтің сапасының көрсеткіші:

  1. клиенттерге құрметпен қарау, жылдам қызмет көрсету;

  2. сапалы заттарды ғана сату;

  3. гигиенаны сақтап, дүкендерді таза ұстау.

Экскурсиялық қызметтің сапасын анықтайтын көрсеткіштер. Мынадай жағдайларды ескеру керек:

  1. экскурсия жүргізуші туристік топпен жұмыс істегенде нақтылық, көңіл қоюшылық, ескерушілік, сыпайылық көс\рсетуі тиіс;

  2. экскурсия жүргізуші туристік іс-әрекеттің бөлімшелерінің жұмысшылары жағынан қызмет ережелерін бұзуға жол бермеуі керек;

  3. экскурсия жүргізуші экскурсиялық іс-әрекет кезінде жүргізудің жаңа түрі мен әдістерін қолдана білу керек;

  4. экскурсия жүргізуші туристерге көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау жасап, ол қызметтер қабылданған стандарт пен нормативке сәйкес келуі керек;

  5. экскурсия жүргізуші өзінің жұмыс уақытын туристердің түнеу мерзімімен, мәдени сабақтары және саяхатымен келісіп жасау керек, оларға қызмет жасаудан қашпау керек.

Туристік кешендегі, объектідегі (қонақ үй, мейрамхана, дүкен және т.б.) көрсетілетін қызметтің сапасы көбінесе материалдық-техникалық базасының жағдайына байланысты. Бірақ, тәжірибенің көрсетуі бойынша, бірдей материалдық-техникалық базада, ынталы және тәжірибелі қолбасшының арқасында еңбекшіл ұжым туристерге өте жоғары сапада қызмет көрсете алады. Көрсетілетін қызметтің сапасының әр жақты болуы және оны өлшеудің қиындығына қарай басқару органдары сапаны балл мен бағалауды ұсынады. Әрбір көрсеткіш және әрбір іс-әрекет бойынша сапаны бақылайтын комиссия балл санын анықтап, шешуі керек.

54. Туризм және интернет

Аз уақыттың ішінде-ақ электронды жүйелер дамудың ұзақ жолынан өтті: сонау шағын операцияларды автоматтандырудан бастап, соңғы кездерде халықаралық туризмнің дамуына үлкен әсерін тигізіп отырған күрделі ақпаратты Интернет желілеріне дейін жетті. Интернет өзінің даму жолын 1960 жылдардың соңында құрылған АҚШ-тың қорғаныс кешені АРПАНЕТ деген байланыс жүйесінен бастайды. Уақыт өткен сайын Интернет желілері кеңейеді, оған үкімет департаменттері мен үкіметтен тыс ұйымдар да қосылады. Бірақ та көп жылдарға дейін пайдалану жүйелерінің күрделілігіне байланысты онымен негізінен ғалымдар мен мамандар ғана жұмыс істеді. Тек жақын арада ғана дүниежүзілік ақпарат торлардың енгізілуінің арқасында (World Wide Web, the Web, немесе WWW), Интернетке барлық пайдаланушылардың мүмкіндіктері туды.

Интернет ақпараттар сақтайтын ең ірі қойма секілді ол кең ауқымды қызықтырып, өзіне тартатын асазор электронды супермаркет. Оның әлемді өзіне бағындыру жылдамдығына таңданасың. 50млн адам аудиториясын жеңіп алу үшін радио 38 жыл қажет етті, ал Интернетке – барлығы 4-ақ жыл. Пайдаланушылар саны ай сайын 15% өсуде. Егер де автомобиль өндірісі осындай жылдамдықпен дамығанда, технология индустрисы ретінде, онда ең қымбат және сәнді автомобильдің құны 2 АҚШ доллары болар еді, ол дыбыстың жылдамдығындай жылдамдықпен жүрер еді және оның бір құйған жанармайы 600 мильге жетер еді.