Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
агент шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
442.37 Кб
Скачать

49. Тамақтану объектілері.

Туристердің азық-түлік пен сусындарға сұранысын қанағаттандырудың да үлкен маңызы бар. Жалпы тамақтандыру туристік қонақ үйлері жанындағы мейрамханаларда, кафеде немесе басқа да қоғамдық тамақтану мекемелерінде ұйымдастырылады.

Туристік орталықтарда қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастырғанда жабық, ашық және аралас түрлерін айырған жөн.

Тамақтандырудың жабық түрі ұйымдастырылған демалыс мекемелері үшін қажет. Демалушылар тамақты белгілі бір жерде нақты бір уақытта алады. Тамақтанудың ашық түрі өз бетімен жүрген туристерге, жергілікті халыққа арналған, сондай-ақ ұйымдасқан демалушылар да ақшаға сатып алып тамақтана алады.

Қоғамдық тамақтанудың аралас түрінде ұйымдасқан түрдегі демалушыларға арнайы орындарда белгілі бір уақыттарда тамақтану көрсетіледі, ал басқа уақыттарда келушілердің барлығы ас мәзірі бойынша өздеріне тапсырыс береді. Тамақтанудың аралас түрі деп ұйымдасқан демалушылардың талон арқылы қоғамдық тамақтану мекемелерінде тамақтануын айтады.

Туристердің жүріп-тұруында көліктің атқаратын ролі өте күрделі. Туристьік көлік жалпы көлік сияқты жерде, суда және ауада жүретін болып жіктеледі.

50. Туризм индустриясының мекемелері мен орталықтарын, кәсіпорындарын үш топ

Туризм индустриясының мекемелері мен орталықтарын, кәсіпорындарын үш топқа бөледі:

1.Демалыс орындары мен маршруттардағы туристік экскурсиялық қызмет көрсету мекемелері (турбазалар, қонақ үйлер, санаториялар, кемпигтер; саяхат және экскурсия бюролары; арнайы көлік, туристік-экскурсиялық тасымалдау; демалу орындары мен туристік орталықтары туристерді сауықтыру орындарымен, сувенир мен басқа туристік тауарлар мен қамтамасыз ететіндер).

2. Демалыс орындарындағы туристерге, жергілікті халыққа тұрмыстық, мәдени танымдық, сауда қызметтерін көрсететін мекемелер (жолаушылар көлігі, қонақ үйлер, ауруханалар, дүкендер, кинотеатрлар, клубтар).

3. Материалдық-техникалық базаларды құру мен пайдалануды қамтамасыз ететін өнеркәсіп орталықтары және оларға еңбек құралдарын, шикізат, инвентарь жеткізетіндер, сондай-ақ туризм сферасына біліктілігі жоғары мамандар дайындайтын мекемелер.

Туризм индустриясы үш айрықша қасиеттерімен ерекшеленеді: біріншіден, туристік мекемелердің орналасуындағы ресурстарға болжам; екіншіден, туристік қызмет көрсетудегі мезгілдік; үшіншіден, туризм инфрақұрылымының даму деңгейіне жоғары талап.

Экономиканың саласы ретінде, туризмнің өзіне тән бірқатар айрықша ерекшеліктері бар, солар арқылы халық шаруашылығының басқа да салаларынана бөлініп тұрады. Туризм индустриясының басты айрықша ерекшелігі өндіріс пен өнімді тарату уақытының бірлестігі. Көлік уақытының жоқтығы, яғни туристік қызметтер (турөнімдер) бөл жерде өндіріледі және бірден қолданылады. Екінші ерекшелігі – оның өнімдері артығынан шығарылып, қоймада сақталмайды. Туристік қызмет көрсетудің келесі бір ерекше айырмашылығы – қызмет өндірісіне дейін өндіріс объектісіне тұтынушыларды тасымалдап, жеткізу. Бұл өз тұрғысында туризмнің басқа да ерекше айырмашылықтарымен байланысты – турист алған өнімдерді «өзіме,н алып кетеді», яғни жақсарған денсаулық, көңіл-күйі, жаңадан толтырылған білім, пікір, ақпарат арқылы.

Туристік қызмет көрсетудің түпкі мәнін түсіну үшін, туристік қызмет көрсету процесінің түрін білу керек. Туристік қызмет көрсету дегеніміз туристерге саяхат кезінде, заттар сатып алған кезде әр түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, көмектесу. Бұл процестің кешенді түрі келесі анықтауыштар арқылы анықталады:

  • туристерге әр түрлі технологиялық өндіріс пен қызмет көрсетудің түрлі жағдайындағы қызметтер мен тауарлардың ұсынылуы;

  • туристік қызмет көрсету материалдық-техникалық базаларда (қонақ үйлерде, мейрамханада, көлікте, спорттық құрылымдарда, денсаулық сақтау мекемелерінде) орындалады;

  • туристерге ұсынылған тауарлар мен қызметтер әр түрлі іс-әрекет барысында пайда болған. Олардың кейбіреулері арнайы туристік ұйымдарда, екіншілері халық шаруашылығының салаларында: көлік, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық сақтауда пайда болған;

-қызмет әр түрлі кәсіптік дайындықтағы және білік деңгейіндегі адамдармен көрсетіледі.