
- •1.Шенген келісімі
- •2. Шенген визасы қалай рәсімделеді?
- •3.Қр азаматтары шенген визасын қалай ала алады?
- •4. Шенген визасын алудың талаптары
- •5. Шенген визасы қандай жағдайда берілмейді?
- •6. Шенген аймағына кіретін елдер
- •7.Шенген визасының жалпы ережелері – Өтініш тапсыру орындары
- •8. Турфирманы құрудағы ұйым- құқықтық негізін таңдау
- •9. Қатысушылардың мүдделерінің (мақсатының) хаттамасы
- •10. Құрушы құжаттарының жобасын жасау
- •12. Тіркеуге арналған құрушылар құжаттарының дайындалуы
- •13. Фирманы заңды тіркеу
- •14. Кәсіпорынды есепке алу
- •15. Ұйымдық процедуралар
- •16. Туристік фирманың жабылу тәртібі
- •17. Тур қызметтің лицензиялануы және тур өнім сертификациясы
- •18 Кәсіпорынды есепке тұрғызу.
- •19Туристік фирманы лицензиялау.
- •21. Туристтік кәсіпорынды сертификаттау.
- •22. Туроператор және турагент қызметтері және олардың келісім шарт қатынастары
- •23. Туристік фирманың бизнес-жоспарының жасалу үлгісі.
- •24. Туристік бағдарламаларды дайындау және оның түрлері
- •25. Кіру туризмі дегеніміз?
- •27. Круиз дегеніміз?
- •28. Қысқы турлар
- •29. Іскерлік туризм дегеніміз?
- •30. Туроператорлық қызметті жүзеге асыру,
- •31. Туристік қызметті лицензиялау
- •32. Лицензия алуға қажетті құжаттар
- •33. Лицензияны қайта жасау
- •34. Лицензияны тоқтату, бас тарту, қызметін тоқтату
- •35. Қр туризмнің дамуы.
- •36. Туристік кәсіорындар.
- •40. Қазақстандық виза және төлқұжат туралы ақпарат
- •41. Визаларды алу кезінде ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар
- •42. Қр визаларын алмастыратын құжаттар
- •43 . Визалардың қолданыс мерзімі
- •44. Қазіргі ішкі және сыртқы нарық жағдайындағы туристік өнімдерді өндіру, айырбастау және таратудың экономикалық ерекшеліктері
- •45. Туристік индустрия жүйесіне арнайы кәсіпорын, ұйым және мекемелер
- •46. Туристік өнімдерді шығаратын және тарататын туристік фирмалар
- •47. Туристік жүйе
- •48. Туристік шаруашылықтың түсінігі
- •49. Тамақтану объектілері.
- •50. Туризм индустриясының мекемелері мен орталықтарын, кәсіпорындарын үш топ
- •51. Туристік өнім
- •53. Орналастыру ортасының көрсеткіштері
- •54. Туризм және интернет
- •55. Интернет арқылы жиі қойылытын сұрақтардың бірі – туристік өнім
- •56. Қр туризмнің дамуы
- •57. Туристік кәсіорындар
- •58. Транспорттық қызмет көрсету
- •59. Тараптардың жауапкершілік деңгейі
- •60. Нормативті құжаттар
- •61. Кедендік құжаттардың нұсқаулары
- •62. Туризм классификациясы
- •63.Халықаралық туризм түсінігі
- •64.Туризм түрлері
- •65.Экологиялық туризм
- •66. Туризмдегі сақтандырудың негізгі түрлері
- •67. Туристік қызмет көрсетулер және олардың мәні
- •68. Кеден бақылауының ұғымы, әдістері және түрлері
- •69. Кеден бақылауың жүргізу және оның нысандары
- •70. Кеден бакылауының белгілі бір нысандарынан босату
- •71. Тауарлар шыққан елін айкындау мақсаты
- •72. Тауарлардың шыққан елін растау
- •73. Тарифтік женілдіктер
- •74. Тарифтік артықшылықтар
- •75. Қазақстандағы туризмнің қазіргі жай-күйі
- •76. Қазақстандық туристiк өнiм және оның әлеуетi
- •77. Туризмдi дамыту саясатының мақсаттары мен қағидаттары
- •78. Кадрларды даярлау мен ғылыми қамтамасыз ету
- •79. Тасымалдау түсінігі
- •80. Туристерді тасмымалдау саласының дамуы
- •81. Халықаралық туристік тасымалдаулар
- •82. Туристік кәсіпорындар түсініктемесі
- •83. Алғашқы қызметтегі туристік мекемелер
- •84. Туристік кәсіпорын іс-әрекетінің басты және жанама түрлері
- •85. Кәсіпорынды есепке тұрғызу
- •86. Туристік фирманы лицензиялау
- •87. Туристтік кәсіпорынды сертификаттау
- •88. Қызметкерлерді басқару ұғымы
- •89. Кадр саясаты: принциптері, бағыттары, жұмыс жасау және іске асыру
- •90. Жұмысты бағалау
- •91. Туристік кәсіпорынның негізгі мақсаты мен міндеттері
- •92. Туристік кәсіпорынның құрылуы және оның құрылымы
- •93. Транспорттық қызмет көрсету
- •94. Турларды жобалау
- •96. Транспорттық саяхаттарды жіктеу және жобалау
- •97. Жолаушыларды автокөлікпен тасымалдаудағы негізгі құқықтар
- •98. Қазақстанда автокөлікпен қызмет көрсету
- •99. Автосаяхатты жоспарлау және талдау
- •100. Туристік су маршрутын ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •101. Су туризмі және өзендегі круиз
- •102. Туристік ұйымның сыртқы имиджі
42. Қр визаларын алмастыратын құжаттар
ҚР визаларын алмастыратын құжаттар:
1) Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық өкілдіктердің қызметкерлеріне, шетелдік консулдық мекемелердің жұмысшыларына, халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға және отбасы мүшелеріне ҚР СІМ берген тіркеу куәліктері;
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге ҚР ІІМ берген тұруға ықтиярхат;
3) ҚР ІІМ берген азаматтығы жоқ тұлғалардың куәлігі;
4) Паспортында немесе ҚР мемлекеттік шекарасынан өтуге руқсат беретін басқа да құжаттарында шығарып жіберу туралы мөртабан болған жағдайда шетелдікті шығару жөніндегі соттың қаулысы болып табылады.
43 . Визалардың қолданыс мерзімі
Қазақстан Республика аумағында паспорты немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа да құжаттары жоғалған жағдайда, сондай-ақ заңнамаға сәйкес белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасынан шетелдікті шығарып жіберу туралы шешім қабылданған жағдайда берілетін шығу визасын қоспағанда барлық санаттағы бір, екі, үш мәртелік визалар 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.
2-ші Қосымшасында көрсетілген мемлекеттердің азаматтарына бір мәртелік дипломаттық (ДВ), қызметтік (ҚВ), іскерлік (ІСВ), жеке (ЖСВ) туристік (ТСВ) визалар 30 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.
Шетелдіктің «жеке» санатындағы визасы бойынша ҚР аумағында болуының жалпы мерзімі бір жылда 90 тәуліктен аспауы керек.
2-ші Қосымшасында көрсетілген мемлекеттердің азаматтарына екі мәртелік туристік визалар (ТСВ) 60 тәулік мерзімге дейін беріледі.
Туристік санатындағы (ТСВ) бір, екі, үш мәртелік визалар ҚР аумағында бір жыл ішінде әр келген сайын 30 тәуліктен аспайтын мерзімге келу құқығымен 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.
«Тұрақты тұруға арналған» (ТТВ) бір және екі мәртелік визалар 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.
44. Қазіргі ішкі және сыртқы нарық жағдайындағы туристік өнімдерді өндіру, айырбастау және таратудың экономикалық ерекшеліктері
Қоғамның экономикалық өмірі күрделі де, әр қилы және қарама-қайшылықта болып келеді. Оның құрамы да көп деңгейлі болады, оны тек экономикалық ғылым жүйесі ғана түсініп-біле алады. Бірінші жағынан, туризм өз алдына жеке шаруашылық сферасы ретінде экономикалық жалпы заңдылық болса ( өндіріс өнімділігін көтеру заңы, сұраныс және ұсыныс заңы, бәсекелік баға шығару), екінші жағынан, туризм – бұл адамның іс-әрекетінің ерекше бір түрі және халық шаруашылығының айрықша бір сферасы. Осыған байланысты экономикалық дамудың жалпы заңдылығы туризм сферасында ерекше сипат алады. Шаруашылық сферасының барлық деңгейінде туризм экономикасы адамдардың мінез-құлқын зерттейді, өйткені олар туристік өнімдерді өндіреді, бөледі, айырбастайды және тұтынады.
45. Туристік индустрия жүйесіне арнайы кәсіпорын, ұйым және мекемелер
Кеңестік география ғылымында территориялық рекреация жүйенің моделі жасалынған. ХХ ғасырдың 70-ші жылдарының ортасында В.С. Преображенский басқарған ғалымдар тобы қарастырып, кейін Н.С. Мироненко мен И.Т. Твердохлебовтардың жұмыстарында онан әрі дамытылды. Батыста туризмнің концептуалдық моделін Г. Гуибилато жасаған және оны Г. Ваккерман толықтырған. Осыларға сүйене отырып, туризм жүйесі өзіне екі шағын жүйені енгізеді : «туристік іс-әрекет субъектісі» және «туристік іс-әрекет объектісі».
Бұл жүйе шеңберінде туристер сұранушылар немесе сатып алушылар ролінде болса, туристік қызмет көрсетушілер мен заттар әкелушілер сатушылар ролінде болады. Осылай болғанда, туристік іс-әрекет субъектісіне – туристке – жүйеде қарсы тұратын туристік іс-әрекет объектісі – «туристік шаруашылық» болмақ.
Туристік шаруашылық екі бөлікке бөлінеді: туристік ресурстар және туристік инфрақұрылым; бұларға кіретіндер: туристік мекеме, ұйымдар және кәсіпорын.
Жалпы туристік шаруашылық туристерге қызмет жасайтын басқа да халық шаруашылық салаларымен қосылып, «туристік индустрия» жүйесін құрайды.
Туристік индустрия жүйесіне арнайы кәсіпорын, ұйым және мекемелер кіреді:
түнеуге қызмет көрсететін мекемелер ( қонақ үйі, мотель, жеке пәтер, санаторий, туристік база, демалыс үйі);
тамақтану мекемесі ( мейрамхана, кафе, бар, асхана);
көлікпен қызмет көрсететін мекемелер ( автомекеме, темір жол мекемесі, теңіз флоты);
Туристік өнімдерді шығаратын және тарататын туристік фирмалар (туристік бюро, туристік фирма, туристік агенттік);
Жарнама-ақпараттық туристік мекемелер (жарнама агенттігі, жолдама тарататын бюро);
Туристік өнеркәсіп мекемесі (туристік сувенирлер шығаратын фабрика, туристік жабдықтар, туристік жиһаз шығаратын мекемелер);
Сауда мекемелері (дүкендер, прокат пункті);
Туризмдегі бос уақыт сферасының мекемесі (кино-концерт залдары, ойын автомат залдары);
әуесқойлық туризм мекемесі( альпенистік, велосипед клубтары);
туризмді басқару органдары (комитеттре, туризм департаменті);
туристік оқу орны
ғылыми-зерттеу және жоспарлау мекемесі (лабораториялар, зерттеу полигондары).