Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
агент шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
442.37 Кб
Скачать

40. Қазақстандық виза және төлқұжат туралы ақпарат

Егер сіз осы елге сапар шеккіңіз келсе, төмендегі берілген виза талаптары жайлы ақпаратқа көз салыңыз.

Әзербайжан, Армения*, Беларусия, Қырғызстан, Молдова*, Ресей, Тәжікстан, Өзбекістан және Украина*сияқты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрамына кіретін мемлекеттердің жане Грузия* азаматтарына Қазақтанға келу үшін кіру визасы қажет емес.

*90 күнге дейін Қазақстанда визасыз бола алады.

Басқа шет елдердің азаматтары Қазақстанға келу үшін кіру визасын алулары қажет.

Кіру визаларының көптеген түрі бар, олар:

Виза

Сипаттамасы

Іскерлік виза

Іскерлік (іскерлік келіссөздер, форум, нарық зерттеулерін жүргізу үшін) мақсатымен, Қазақстан территориясында тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өтініші бойынша келген шет ел азаматтарына беріледі.

Туристік виза

Лицензиясы бар жергілікті саяхат агенттіктердің өтініштері бекітілгенінен кейін беріледі.

Транзиттік виза

Баратын мемлекетке кіру визасы, ұшу күндері мен Қазақстандағы транзиттік мекен көрсетілген билеті бар жолаушыларға Қазақстандағы портқа немесе станцияға келгеннен кейін 5 күн ішінде беріледі.

Дипломатиялық виза

Дипломатиялық төлқұжаты бар, кей кезде заңды түрде қажет болғанда жолаушыларға беріледі. Дипломатиялық визалар консулдық төлемдерсіз рәсімделеді.

Қызметтік виза

Дипломатиялық қызметші болып саналмайтын халықаралық ұйымдар мен шетел дипломатиялық өкілдіктерінің қызметкерлеріне, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының үкімет органдырының шақыруымен іс-сапарға келген шетел азаматтарына беріледі.

Инвесторлық виза

Қазақстан нарығында жұмыс істейтін және іскерлік жобаларды дамытуды жоспарлаған үлкен шетел компанияларының менеджерлеріне және өкілдеріне – ерекше инвесторларға беріледі.

Жұмыс визасы

Жұмыстық визалар Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдеріне байланысты шаралардан басқа, шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат пен қосымша құжаттарды тапсырғаннан соң беріледі.

Оқу визасы

Білім мекемелерінің өтініш беру арқылы көші-қон полициясының рұқсатымен беріледі.

Медициналық виза

Белгілі бір мекемелер мен ұйымдардың өтінішімен, шақыру мақсаты айқындалған, емдеу, медициналық тексеру, кеңес алу үшін шақырылған Қазақстан азаматтығы жоқ шетел азаматтарына беріледі.

Тұрақты тұру визасы

Заңға сәйкес құжаттарды тапсырғаннан кейін беріледі.

Кіру визасын алу үшін сіздің төлқұжатыңыз жоспарланған ұшу күнінен кейін кем дегенде 6 ай ішінде жарамды болуы тиіс. Рұқсат алған соң,виза төлқұжатқа жапсырылады.

Әр виза алу өтініші шақыру қағазымен расталуы қажет.

41. Визаларды алу кезінде ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар

ҚР визалары шетелдіктерге паспорттарды немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа да Қазақстан Республикасы таныған мемлекет немесе халықаралық ұйымдар берген құжаттарды көрсеткен кезде, егер оның түпнұсқалығына және иесінікі екендігіне күмән келтірмейтін болса беріледі.

Визаның мерзімі шетелдіктің паспортының қолданыс мерзімі аяқталуынан 6 айдан кем емес мерзімге дейін аяқталуы қажет.

Паспортта немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа құжаттарында ескертілмеген тазартулар мен түзетулер, мөр басылмаған фотосуреттер және парақтары сөгілгендігі табылған жағдайда, осындай құжаттардың иелеріне ҚР визалары берілмейді. ҚР-ның шетелдегі мекемелері, ҚР ІІМ құжаттардың жарамсыздығы немесе жалғандығы себебі бойынша виза беруден бас тартқан жағдайда, міндетті түрде ҚР СІМ-ді хабардар етулері қажет.