Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
агент шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
442.37 Кб
Скачать

33. Лицензияны қайта жасау

Заңды тұлғаның атауы, орналақан жері өзгеретін болса, қажетті мәліметтер көрсетілген құжаттармен бірге бір ай ішінде лицензияны қайта жасау туралы өтініш беруі тиіс. Лицензиар 10 күн ішінде өтініштегі мәліметтерге сәйкес лицензияны қайта толтырады. Лицензия бір данамен беріледі, егер лицензиат оны жоғалтып алса, көшірмесін алу туралы өтініш беруі тиіс.

34. Лицензияны тоқтату, бас тарту, қызметін тоқтату

Лицензияны беруден бас тарту мына жағдайларда жүзеге асады:

  • туроператорлық, турагенттік және туризм инструкторы қызметімен айналсуға аталған тұлға категорияларына заңнамалық актілермен тыйым салынса;

  • лицензия алуға қажетті құжаттар толық ұсынылмаса;

  • лицензиялық жинақ төленбесе;

  • өтініш иесі біліктілік талаптарына сәйкес болмауы;

  • өтініш иесіне аталған қызмет түрлерімен айналсуға сот шешімімен тыйым салынса.

Лицензия мына жағдайларда қызметін тоқтатады:

  • лицензия қайтарылса;

азаматтың жеке кәіспкерлігін тоқтатқанда, қайта құрғанда немесе заңды тұлғаның таралуында.

35. Қр туризмнің дамуы.

Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2015 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де кірген.  Қызмет көрсетудің көптеген ерекше сипаттамаларымен (сезілмейтіндігі, өндіріс пен тұтынудың бір мезгілділігі, сапаның өзгермелілігі, сақтауға болмайтындығы) қатар туристік өнімге өзінің ерекше өзгешеліктері тән және ол туристік фирмалардың маркетингтік қызметін ұйымдастыруда ескерілетін негізгі факторлар болып табылады. Сонымен қатар туристік қызмет көрсетушілерге экономикалық, саяси, табиғи, әлеуметтік-мәдени және т.б. факторлар да әсер етеді. Тұрақты нормалар, әлеуметтік ереже, рухани құндылықтар жүйелері, адамдардың табиғатқа, еңбекке, спортқа, демалуға қатынасы ең үлкен күшке ие, сондықтан фирмалар осындай факторлардың мүмкін болатын өзгерістерін қадағалап отырылуы қажет.  Туризм соңғы уақытта экономикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде ауқымы айтарлықтай кеңейген қызмет түрі болып табылады. Қазіргі уақытта туризмнің экономикада тікелей немесе қосылған құнды құру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде, жеке табыста, мемлекеттік кірісте және т.с.с. әсер ету жолымен алып тұрған немесе алатын рөліне көп назар аударылуда.  Туристік кәсіпорын – бұл мүлікті еңбек ұжымының пайдалануы негізінде өнім өндіретін және өткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін заңды тұлға құқығын иеленетін дербес шаруашылық жүргізуші субъект. Еңбек ұжымы мүшелерінің әлеуметтік және экономикалық мүдделерін және мүлікті меншіктенуші мүдделерін қанағаттандыру үшін табыс алуға бағытталған шаруашылық қызметі туристік кәсіпорынның ең басты мәселесі болып

36. Туристік кәсіорындар.

Туристік кәсіпорын жұмыстан бос уақытты, рекреацияны, демалысты ұйымдастыруға және халықты емдеуге; олардың таныстары мен туысқандарына баруға және заңмен рұқсат етілген және жарғыға сәйкес өзге де мақсаттарға бағытталған қызмет түрін жүзеге асырады.  Әрбір жеке кәсіпорынның туристік саясатының негізгі мақсаты нарықтық жағдайларды тиімді пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылату, туристік өнімді өндіру, өткізу және жылжыту үрдістеріне жаңашылдықтар енгізу арқылы пайданы және туристік қызметтің рентабелділігін арттыру болып табылады.  Туризм - демалу мақсатында, іскерлік және өзге мақсаттарда қатарынан бір жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттайтын және әдеттегі ортасынан тыс жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі.  Туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар заңды тұлғалардың өздерiнiң туристiк өнiмдерiн қалыптастыру, ұсыну және туристiк агенттер мен туристерге өткiзу жөнiндегi қызметi. 

37. Қазақстан Республикасының визасын алу ережесі туралы

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасы аумағына келу үшін, егер өзге тәртіп ҚР халықаралық шартпен белгіленбеген болса, виза қажет. ҚР визасы төлқұжатқа немесе ҚР танылатын өзге, жеке басты куәландыратын құжатқа жапсырылады және келу үшін жарамды, сонымен бірге ҚР келу және болу, сондай-ақ одан кету немесе ҚР аумағын транзитпен өту үшін жарамды болады. 1. Қазақстан Республикасының визасын беру және оның қолданылу мерзімін ұзарту үшін негіз заңнамамен белгіленген тәртіпте рәсімделген халықаралық ұйымдардың, шетел мемлекеттерінің өкілдіктерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарының Астана қаласында ҚР СІМ консулдық қызметі департаментіне немесе Алматыда КҚД өкілдігіне жазбаша өтінімі болып табылады.

2. ҚР визасын алу үшін шетел азаматтары өзінің отырған елінде Қазақстан Республикасының дипломатиялық /консулдық мекемесіне төлқұжатын (немесе халықаралық жол жүру құжатын), толтырылған визалық сауалнамасымен (осы жерден алуға болады) және фотосуретімен ҚР СІМ КҚД визалық қолдау нөмірінің белгісімен шақыру хатының көшірмесін беріп хабарласуы керек. Төлқұжаттың қолданылу мерзімі сұралатын визаның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін 6 айдан кейін бітуі керек. Өзге құжаттарды ұсыну қажеттігін консул орында анықтайды. 3. Қазақстан Республикасы азаматы - жұбайымен, балаларымен немесе ата-анасымен бірге Қазақстан Республикасына келетін шетел азаматтары үшін визалар жоғарыда аталған туыстарының өтінімдері негізінде бір айлық мерзімге, бірақ жыл бойына екіден артық емес (осы шектеу Қазақстан Республикасының азаматтары - ата-анасымен бірге келетін кәмелетке толмаған шетел азаматтарына таратылмайды) рәсімделе алады; 4. Жақын туыстарының ауырғаны немесе қайтыс болғаны жағдайда дәрігер бекіткен Қазақстан Республикасынан сәйкес халықаралық жеделхат негізінде виза рәсімдеу рұқсат етіледі. 5. Қазақстан Республикасынан кезінде шыққан - шетел азаматтарына туыстарының жеке өтінімдері (туркомпания араласуынсыз) мен төлқұжаттағы бағана, Қазақстан Республикасында туу туралы куәлігі немесе ҚР жақын туысының жерленгені туралы құжат көшірмесі, немесе Қазақстан азаматтығынан шыққаны туралы анықтама негізінде туған жерін және туыстарының зиратына бару үшін үш айлық мерзімге дейін жеке визалар беріледі алады.

38. ҚР шетелдік мекемелеріне шетел азаматтарын Қазақстан Республикасына шақыру үшін ҚР СІМ визалық қолдауға бағыттау тәртібі туралы ақпарат

Визалық қолдауды рәсімдеу үшін ҚР СІМ Қазақстан Республикасына келетін шетел азаматтарға шақырушы ұйым ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне мынадай құжаттарды береді: 1. Белгіленген нысандағы шақыру хат, (№ 1 нысаны бойынша); 2. Консулдық алымдарды (бюджеттік ұйымдар үшін талап етілмейді) және нақты шығындарды төлеу туралы төлем тапсырмасы немесе түбіртегі. 3. ҚР СІМ КҚД үстіміздегі жылы бірінші рет хабарласқан ұйым үстіміздегі жылы нотариалдық расталған жарғы көшірмесін, ҚР ӘМ тіркеу туралы куәлік, статистикалық карточка, салық төлеушінің куәлігінің (туристерді шақырған жағдайда туристік қызметке арналған лицензияны) көшірмелерін, салықтық қарызының жоқтығы туралы анықтама түпнұсқасын береді, қаладан тыс орналасқан ұйымдар жоғарыда көрсетілген құжаттарды мына мекен-жайға жібереді:

39. Қазақстан Республикасының шетел мемлекеттерімен консулдық мәселелер бойынша келісімдері

-  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында ҚР және РФ шекара маңылық аумақтарын тұрғындарының қазақстандық - ресейлік мемлекеттік шекараны өту тәртібі туралы келісім (2006 жылғы 3 қазан). - Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасында Консулдық конвенцияға қол қою туралы» Қазақстан Республикасының заңы (2006 жылғы 04 шілде); - Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Молдова Республикасы Үкіметі арасында 2003 жылғы 17 қыркүйектегі азаматтардың өзара жол жүруі туралы келісімге қол қою туралы» (2006 жылғы 25 қараша) Қазақстан Республикасының Заңы; - Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасында 2005 жылғы 03 қарашадағы азаматтардың өзара сапар шегуі туралы келісімге қол қою туралы» (2006 жылғы 25 қараша) Қазақстан Республикасының Заңы; - Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасы Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасында азаматтардың 2000 жылғы 30 қарашадағы өзара визасыз сапар шегуі туралы келісім хаттамасына қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (2006 жылғы 25 қараша); - Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасында азаматтардың өзара сапар шегуі туралы келісім (2006 жылғы 6-7 қараша).