Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
проект Караганды.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
148.99 Кб
Скачать

3. Маркетингтік зерттеулер

Осы жоба дайындау кезінде студенттер арасында сауалнама өткіздік:

Сауалнаманы М.Ауезов атындағы ОҚМУ студенттерінен алдық. Бұл процес кезінде 50 студентке сұрақтар қойылды. Олардың негізгілеріне тоқталып өтетін болсақ:

«Қазақ салт-дәстүрі туралы не білесіз?»-деген сауалға жауап алдық. Жауап алу барысында студенттердің қазақтың салт-дәстүрі туралы түсінігі толық емес екенін байқадық, 6 %-ы жауап бере алмады.

Қазақтың ұлттық ойындары туралы сұрағанда 78% адам кокпар мен бәйгені атап өтсе, қалғаны қыз-қуу, күрес, тоғызқұмалақ секілді ойындарға қызығатындарын айтты.

Қазақ салтын басқа елдерге таныту үшін шаралар қолдану туралы ойларын сұрағанда – студенттердің 32%-ы Наурыз мерекесінде өтетін шаралар тектес фестивальдарды өткізу қажеттілігін айтты, 62 % студент ғаламтор көмегіне сүйенуге кеңес берді.

«Қасқасу қымыз» фестивальінің өтетіндігін естігенде 98 % сұралып жатқандар, ол фестивальға қатысатындығын айтты. Олар фестивальдің көктемнің соңы, жаздың басында және табиғат аясында өткенін қалады. Фестивальда ұлттық ойындардың өтуін, оларды тамашалауға және өздері қатысуға ниет білдірді.

Қорытынды

Қазіргі өмір талабына сай халықаралық туризм мен мемлекетімізге деген туристік сұраныс кұн сайын өсіп келеді. Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында қазір еліміз, бәсекеге қабілетті мол басым салаларды дамытуға кіріскенімізді, сол арқылы нарықтық туризмді жандандаруға мүмкіндік алғанымызды айтқан еді.

Мемлекет үшін басты байлық экономикалық табыс, ендеше неге өз жеріміздің әсем табиғатын қажетінше экологиялық тұрғыдан пайдаланып, өзгелердің де рухани байып, көңіл сергетуіне жағдай жасамасқа. Осы мақсатта жоғарыдағыдай туристік бағдарламалар жасалды.

«Қасқасу қымыз» фестиваль аясында ауруға ем, сауға қуат дәрі қазақ қымызы мен қазақ асханасын, сонымен қатар ұлттық ойындарды, қазақ салт-дәстүрін өз халқымызға және шет ел азаматтарына паш ету. Фестивальді қазақ қанына сіңіріп, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу керек.

Жоғарыда көрсетілген жоба бойынша әлемдік туризмнің нысаны болуға лайықты Қасқасудың табиғи орындарын ашуға және жобаларды жүзеге асыруға қомақты қаржы керек. Осы қаржы табылса, ел азаматтары ойланса, ауданда да бірнеше қаржы көздері мен жұмыс орындары ашылатын еді.

Қазақстан Республикасының Президенті – ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан 2012 ж. халқына жолдауында: «Қуатты Қазақстан дегеніміз – бұл ең әуелі өңірлердің қуаттылығы болып саналады. Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты» демекшІ соның ішінде халық шаруашылығының бір саласы болып табылатын туризмнің орны ерекше. Ал, туризмнің дамуының көрсететін факторлардың бірі елдің, халықтың жағдайы болса, бұл факторлар біздің елде жеткілікті болып табылады. Ендігі мәселе туристерді, әсіресе шетел туристтерін қызықтыратын фактор біздің тарихымызбен салт -дәстүріміз. Демек, салт дәстүрлердің ерекшелігі мен артықшылығын көрсету арқылы елімізге туристтердің көптеп келуіне әсер етуге болады.