Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
проект Караганды.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
148.99 Кб
Скачать

«Қасқасу қымыз» фестивалі

Мазмұны

Кіріспе.....................................................................................................................3

  1. «Қасқасу қымыз» фестиваль бағдарламасы ..................................................5

  2. Аймақтық бөліктерге сипаттама.....................................................................9

2.1 «Қасқасу» қалашығы..................................................................................9

2.2 Аңшылық әлемі........................................................................................14

2.3 Батырлар турнирі .....................................................................................18

  1. Маркетингтік зерттеулер................................................................................24

4. Қорытынды........................................................................................................25

5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................26

Кіріспе

Туризм Қазақстанда халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жолында көптеген тұрғыларда алдыңғы қатарда келеді. Туризм қысқа уақытта ел экономиканың ең табысты салаларының біріне айналуға мүмкіндігі бар екенін халықаралық және отандық тәжірибе көрсетеді. Бұл туризмнің даму процессі нарықтық қатынастардың дамуымен тығыз байланысты екенін айқындайды. Әрине, бұл салада да, оны құрайтын бөлшектеріде ең алдымен тұтынушының көңілінен шығуға бағытталған, яғни нарықтық кеңістікті қалыптастырып туризмді дамытуы қажет. Туризм саласы Қазақстанда қолайлы жағдайлар республика экономикасының дамуына зор әсер етеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туризмнің барлық дамытуға мүмкіншілігі бар. ОҚО туризм саласын дамыту мақсатында бірнеше жобалар жасалып жатыр. Мысалы: Төлеби ауданында іске асырылғалы отырған «Қасқасу» тау шаңға базасы жобасы алдағы уақытта спорттың қысқы түрлерімен қоса туризм саласында да жыл бойы қазақстандық және шетелдік туристердің демалыс орнына айналады деп күтілуде. Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, туристік қызметті реттеу бойынша облыстық бюджеттен жылдан жылға көп қаржы бөлінуде.

Туристік қызметті реттеу бойынша облыстық бюджеттен 2010 - 5, 1 млн.теңге, 2011 – 7,5 млн.теңге, 2012 – 48,0 млн.теңге қаржы бөлінді.

Қаскасу қымыз фестиваль жобасының маңыздылығы өте зор, өйткені бұл жоба – Қазақстандық туризмді дамытудың жаңа жолы. Ұлттық салт - дәстүрді, болмысымызды көрсете отырып, шет ел туристерін елімізге тарту.

Фестивальда өтетін ұлттық тақырыптағы ойындар туристтерді тек қызықтыра қоймай, ұлттық ойындарды, дәстүрлерді қайта жандандыра түсетіні сөзсіз. Келген туристтер ойындарды тамашалай отырып, Қасқасу өңірін атпен серуендеп, аң аулап қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм тата алады.

Фестивальдің еліміз үшін әлеуметтік - экономикалық маңызы зор.

Фестивальді өткізу барысында тұрғылықты халық жумыспен қамтылады. Сол өңірдің әлеуметтік - экономикалық жағдайы жақсарады.

1. «Қасқасу қымыз» фестиваль бағдарламасы

Туристік бағдарламаның аталуы, орындалу уақыты.

Бұл бағдарлама Төлеби ауданына қарасты, Қасқасу ауыл округінде орналасқан Керегетас мекенінен басталып, Батыс Тянь-Шань таулары етегіндегі , Қоржынтау шатқалында орналасқан табиғаты керемет жасыл-желекке бөленген Науыт өзені ағатын Науытсай шатқалына дейін жол тартқандықтан, бұл жоба « Қасқасу қымыз» фестивалі деп аталады.

  • Жалпы ұзақтығы бір бағытқа 15-18 шақырым.

  • Орындалу уақыты: мамыр, маусым айлары.

«Қасқасу қымыз» фестиваль бағдарламасының мақсаты.

Негізгі мақсаты:

Қымыз — сусын ғана емес, ол — қазақтың қаны, намысы мен рухы! «Қасқасу қымыз» — жай ғана, қатардағы мереке, көп фестивальдердің бірі емес, бірегейі, тектіліктің Оңтүстік өңіріне қайта оралуы. Бұл Қасқасу өңірі қымыз дайындау дәстүрінің ерекше ақ маржаны. Қымыз дайындау дәстүрінің рецептін Қасқасулық рецептімен еліміздің түкпір түкпірінен жиналатын рецептермен орталықтандыру[1].

Фестиваль аясында Қазақстанға әсері:

  • Еліміздің көркем табиғи жерлерін Қазақстан және шетел азаматтарына таныстыру.

  • Қазақстан және шетел азаматтарына қазақтын салт-дәстүрін көрсетіп таныстыру.

  • Осы бағытты әрі қарай жетілдіре отырып, жарнамалау арқасында кең көлемде туристерді тартып тұрақты демалыс саласына айналдыру.

  • Жергілікті тұрғындар арасында табыс көзін ұйымдастырып, сервистік қызымет атқару саласын жандандыру.

  • Халықты жұмыспен қамтамассыз ету.

  • Табиғаттың өзі сыйлаған көркем табиғи жерлерді антропогендік өз-герістерден сақтап қалу және экологиялық келеңсіздікьерге жол бермеу.

  • Аудан бюджетіне қаржы табысын түсіру.

«Қасқасу қымыз» фестиваль бағдарламасының сипаты.

Төлеби ауданы , Қасқасу ауылдық әкімшілігіне қарасты Керегетас ауылынан бастау алып, Батыс Тянь-Шань тауларында орналасқан Қоржынтау тау жоталарында орын тепкен,Науытсай шатқалынан аяқталады . Науытсай шатқалы теңіз деңгейінен 1250 метр биіктікте орналасқан. Шатқалдың ортасынан суы мөлдір таза Науыт өзені ағады. Шатқалдың жан-жағынан Құлыншақты, Үшсала, Саркезең, Бүркітұя, Үшарша жоталары мен асулары қоршап жатыр. Науыт өзенін негізінен тау бұлақтары суы құрайды. Бұл өзенге негізгі Бөрібек бұлақ, Тасбұлақ бұлақтары сулары құяды. Өзен суы қыста жылы, жазда өте салқын болады. Өзенінң айналасында қалың ну арша, аққайың ағаштары өседі, көптеген дәрілік шөптерді кездестіруге болады, жабайы тау жеміс-жидектеріне өте бай. Тау ешкілер мен тау тышқандарын, басқа да тау жануарларын жиі кездестіруге болады. Бұл бағдарламаның ерекшелігі жолдың аса қиындығының жоқтығы. Өйткені барар жол өзен арнасы бойымен бір- қалыпты жоғары көтеріліп отырады. Туристер жол бойында қалауы бойынша жаяу да, автомашинамен де жүруіне болады.

«Қасқасу қымыз» фестиваль бағдарламасы.

  • Бағыттың жалпы мерзімі : үш күн

Бірінші күн : Демалушы туристердің белгіленген орынға жиналып бағыт картасымен танысу,арнайы қауіпсіздік ережілерімен танысу, тауда өзін-өзі алып жүру ереже құжаттарын заңдастыру. Туристер келген автокөліктерін арнайы автотұраққа тастап, жалға немесе жаяу Қасқасу қалашығына барады. Ол жерде арнайы тігілген киіз уйлерден орын алып жайғасады. Дамалушыларға жайғасқаннан кейін «Қасқасу қымыз» фестивальінің ашылуына байланысты қонақтарға қымыздан дәм тартқызылады. Түсте «Қасқасу қымыз» фестивальінің ашылу салтанаты отеді. Қасқасу қалашығында киіз үйлерде әр өңірден келген өкілдері өз қымыздарын ұсынады. Қымыз дегустаторлары әр қымыздың дәмін татқаннан кейін, жүлдегерлер анықталады.

Екінші күні : Таң ертең туристер тау бөктеріне арнайы мамандармен аңшылыққа шығады. «Аңшылық әлемі» атты территорияда киік, тау ешкі, түлкі, қарсақ, қоян, қабан және т.б. аңдар мен құстарды аулауға мүмкіндік беріледі. Бұл процесс екі түрде өтеді: 1. Құсбегілік; 2. Аңшылық, Бағдарлама аяқталған соң туристер қоршаған ортаның көз тартар әсем табиғатына мұқиат қарай жүріп кері қайтады.

Үшінші күні : Туристерге арнайы «Батырлар сайысы» атты бағдарлама ұсынылады. Ол жерде кокпар, бәйге, жекпе-жек және үшкүрес секілді қазақтың көнеден келе жатқан және ұмытылып жатқан ойындар ұйымдастырылады. Бұл бағдарламаны демалушылар тек тамашалап қана қоймай, бұл сайыстарға қатыса алады. Кешке «Қазақ дауысы» атты концертімен фестивальдің жабылу салтанаты өтеді[2].

«Қасқасу қымыз» фестиваль бағдарламасын техникалық қамтамассыз ету.

Орташа дем алушылар саны 1000 адам көлемінде есептегенде мына

төмендегі көліктер мен құрал - жабдықтармен қамтамассыз етіледі :

  1. Тауда дем алуға киіз үй 50 дана.

  2. Аттар 50 дана

  3. Құрал-саймандары : Үстелдер 100

Шам 20 дана.

Дәрі-дәрмек қорапшасы 100 дана..

Ыдыс-аяқ 1000 адамға жетерлік.

Аңшылыққа арналған қарулар 50 дана

«Қасқасу қымыз» фестиваль бағдарламасының экономикалық көрсеткіші.

1. Бастапқы шығындар.

Техникалық қамтамассыз ету мақсатында барлық заттар жалға алынады:

  1. Өткізілетін жер 1 000 000 тг

  2. Тауда дем алуға киіз үй 50х10000тг=500000тг

  3. Аттар 50х8000 тг =400000 тг

  4. Құрал-саймандары : Үстелдер 100х500тг=50000тг

Шам 20х1500тг = 30000тг

Дәрі-дәрмек қорапшасы 100х500 тг=50000 тг

Ыдыс-аяқ 1000х500 тг =500000тг

Аңшылыққа арналған қарулар 50х5000=250 000тг

Жалпы сомасы : 2 780 000 теңге

2. Тұрақты шығындар

1. Азық—түлік 1 500 000 теңге

2. Басқа ұсақ шығындар 50 000 теңге

3. Жарнама (Газет,телевидения,интернет) 50 000 теңге

Жалпы сомасы : 1 600 000 теңге

3. Айлық шығындар

1.Персоналдар(3 күнге) 20 адам х10 000 тг=200 000

2.Күзет бөлімі(3 күнге) 4 адам х5000тг=20000тг

3. Концертке қатысатын әртістер ансамбльі=100 000тг

4. Көрініс көрсететін әртістер=100000тг

5. Аңшы мамандар 10 адам х10000=100 000тг

Жалпы сомасы : 520 000 теңге

Қазіргі заман талабына сай бір адамның қаладағы орташа демалыс сомасы 1 күнге 5000 теңге деп алғанда, әрбір серуендеуші азаматқа 3 күнге демалып атпен серуендеп қайтуға 15000 теңге баға белгілейміз. 3 күнде 1000 адам қабылданса, әрбір бағытқа серуендеушілер орташа 15 000 000 теңге құрайды.

  • Жалпы жиналған түсім: 15 000 000 теңге

  • Шығындардың жалпы сомасы:4 900 000теңге

Жалпы жиналғаны 15 000 000 теңге – шығындар 4 900 000теңге = жылдық пайда 11 100 000 теңге.