- •1. Микробиологиялық зерттеулерге зерттеу материалын алу әдістері.
- •2.Зерттелетін материалдан жағынды дайындау.
- •3. Актериялардың таза дақылынан жағынды дайындау.
- •Шыныны дайындау. Шыныны майсыздандыру – кір сабын жағып, салфеткамен тазалау. Шыны көпіршеге қою.
- •4.Микроскоптың иммерсиялық жүйесінің көмегімен жағындыны микроскопиялау.
- •5.Жағындыда бактерияларды морфологиясы бойынша ажырату.
- •6. Жағындыда бактерияларды тинкториялды қасиеті бойынша ажырату:
- •7. Жағындыны Грамм бойынша бояу:
- •8. Жағындыны қарапайым әдіспен бояу.
- •9. Ілінген тамшы мен жаңшылған тамшы препараттарын дайындау.
- •10. Сұйық қорек ортасына себу жасау.
- •12. Зерттелетін материалдан вирустарды бөлу үшін тауық эмбрионын жұқтыру ережелері мен әдістері.
- •13. Шыны бетіндегі агглютинация реакциясы
- •14. Пробиркада агглютинация реакциясы.
- •15. Кольцепреципитация реакциясы
- •16. Сахаролитикалыөқ белсенділікті анықтау
- •17.Протеолитикалық ферменттерді анықтау.
- •18. Пептолитикалық ферменттерді анықтау Нәтижелерін интерпретациялау.
- •19. Ауадан микробтың тазалығын анықтау үшін себінді алу.
1. Микробиологиялық зерттеулерге зерттеу материалын алу әдістері.
Науқас адамдардан немесе тасымалдаушылардан зерттеу материалын алу кезінде белгілі ережелерді сақтау керек:
Аурулардың көп түрінде микробтар адам организмінде қан арқылы таралуына сәйкес көбінесе қан зерттеледі. Қосымша зәр, нәжіс, қақырық, асқазан жуындысы, бронхылар жуындысы, жұлын сұйықтығы, шырышты қабықшалардан алынған жұғынды алынады. Заттарды алу және зерттеу тағайындалған тәртіпке сәйкес болу керек. Мүмкіншілік болса заттарды тікелей аурудың өзінен алу керек.
Зерттеу материалын антибиотиктарды немесе басқа химиотерапевтикалық препараттарды қолданғанға дейін алу керек.
Материалды жеткілікті көлемде алу керек және оған қоршаған орта микроорганизмдерін жұқтырмас үшін асептика ережелерін сақтап алу керек. Стерильді материальды (қан) алуды оны микроорганизмдермен- адам организмінің қалыпты микрофлорасының өкілдерімен ластап алмай жүргізеді.
Зерттелетін материал мүмкін болса қысқа мерзімде бактериологиялық, вирусологиялық, микологиялық немесе серологиялық лабораторияға жеткізу керек. Оны жеткізу лабораторлық ыдыста немесе материалдың алғашқы температурасын сақтайтын немесе салқындататын, құрғақ мұзбен қатыратын арнайы контейнерде жеткізілуі керек. Лабораторияға бағытталған кез келген материал сәйкес бағыттамамен жеткізілу керек, онда науқастың аты-жөні, материал түрі және оны алған күні, аурудың алғашқы клиникалық диагнозы көрсетілуі керек.
2.Зерттелетін материалдан жағынды дайындау.
Жағынды дайындау сатылары:
Шыныны дайындау. Шыныны майсыздандыру – кір сабын жағып, салфеткамен тазалау. Шыны көпіршеге қою.
Бактериологиялық ілмекті спирт жалынында толық қыздырғанша ұстай отырып, залалсыздандыру.
Егер жағынды тығыз ортадағы микробтардан дайындалса, алдын ала шынының бетіне бір тамшы физиологиялық ертінді тамызу керек.
Бактериолгиялық ілгекті от жалыныңда қыздырамыз. Зерттелетін заты бар пробирканы сол қолымызбен ұстаймыз, ұстаған кезде қоректік ортаның беті толық көрінуі керек, тығынды екінші саусақпен қысу арқылы ашамыз, пробирканың шетін міндетті түрде қыздыру керек. Бактериологиялық ілгекті сауыттың ішкі жағына суытып, зерттелетін затты аламыз және пробирка тығынын жабамыз.
Микробты ертіндіге ерітеміз және біркелкі етіп шыны бетіне жұқа, диаметрі 1-1,5 см болатындай жағынды дайындаймыз. Препарат дайындалғаннан соң ілмекті спирт жалынында залалсыздандырып, орнына қоямыз.
Жағындыны ауада кептіреміз және спиртовка жалынында бірнеше рез өткізу арқылы фиксациялаймыз. Шынының төменгі жағынан карандашпен белгілейміз.
Жағындының бетіне 1-2 тамшы бояу тамызамыз. 2-3 мин ұстап, жағындыны жуып, сорғыш қағазбен кептіріп, иммерсиялық жүйемен микроскоптаймыз.
3. Актериялардың таза дақылынан жағынды дайындау.