Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kursovoy (2).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
252.42 Кб
Скачать

3.Қазақстан Республикасындағы банктердің қызметi және оны жетілдіру жолдары.

Банк операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың операцияларды жүргiзуi банк қызметi болып табылады.

Банк операцияларына мыналар жатады:

а) заңды тұлғалардың депозиттерiн, банк шоттарын ашуды және жүргізуді қабылдау;

б) жеке тұлғалардың депозиттерiн, банк шоттарын ашуды және жүргізуді қабылдау;

в) банкiлер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк есепшоттарын ашу және жүргiзу;

в-1) осы адамның иелігiндегi тазартылған бағалы металдардың нақты саны көрiнiс табатын жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргiзу;

г) кассалық операциялар: банкноталар мен монеталарды қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсату, айырбастау, сұрыптау, қаттап буу және сақтау;

д) аудару операциялары:

заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың ақшасын аудару жөнiндегi тапсырмаларын орындау;

е) есептеу операциялары:

заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың вексельдерi мен өзге де қарыз мiндеттемелерiн есепке алу (дисконт);

ж) заем операциялары төлем, мерзім, қайтарым талаптарына сәйкес:

ақшалай түрде несие беру;

з) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, оның iшiнде корреспондент банктердiң тапсырмасымен олардың банктiк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру;

и) сенiм операциялары: сенiм бiлдiрiлген адамның мүддесi үшiн және оның тапсыруымен ақшаны ипотека қарыздары бойынша талап ету құқықтарын, және тазартылған бағалы металдарды басқару; сенiм бiлдiрiлген адамның мүддесi үшiн және соның тапсыруымен ақшаны, тазартылған бағалы металдарды және құнды қағаздарды басқару;

к) банкаралық клиринг: төлемдердi жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және pacтaу, сондай-ақ олардың өзара есебiн жүргiзу және клиринг қатысушылары - банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындау;

л) сейфтiк операциялар: сейф жәшiктерiн, шкафтар мен үй-жайларды жалға берудi қоса клиенттердiң құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен қазыналарын сақтау жөнiндегi қызметтер;

м) ломбард операциялары: сақтауға алынып оңай өтетiн бағалы қағаздарды және өзге де қозғалатын мүлiктi кепiлге алып, қысқа мерзiмдi несие беру;

н) төлем карточкаларын шығару;

о) банкноттарды, мәнеттер мен қазыналарды инкассациялау және басқа жаққа салып жiберу;

п) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;

р) төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельдердi қоспағанда);

с) чек кiтапшаларын шығару;

т) алынып тасталды

у) аккредитивті ашу (ұсыну) мен растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;

ф) ақша түрінде орындалуды көздейтін банк кепілдіктерін беру;

х) үшінші тұлғалар үшін ақша түрінде орындауды көздейтін банктік кепіл болушылықтар мен өзге де міндеттемелер беру.

уәкiлеттi орган бередi.

Осы баптың 2-тармағының к), л), н), о), п) тармақшаларында көзделген операцияларды жүргiзуге лицензияларды Ұлттық Банктiң оң қорытындысы болған кезде уәкiлеттi орган бередi.

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға Ұлттық Банк осы баптың 2-тармағының к), л), н), о), п) тармақшаларында көзделген операцияларды жүргiзуге лицензиялар бередi.

3. Осы баптың 1-тармағында аталғаннан басқа банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар уәкiлеттi органның лицензиясы болған жағдайда мына операцияларды жүзеге асыруға құқылы:

а) қымбат тазартылған бағалы металдарды (алтын, күмiс, платина, платина тобына жататын металдар) құйма күйiнде, қымбат тазартылған бағалы металдардан жасалған монеталарды, дәрiгерлiк бұйымдарды сатып алу, кепiлге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;

б) құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлiк бұйымдарды сатып алу, кепiлге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;

в) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдердi инкассоға қабылдау, төлемшiлердiң вексельдердi төлеуi жөнiнде қызметтер көрсету, сондай-ақ делдалдық тәртiбiмен ескертпелi вексельдердi, вексельдер акцептiн төлеу;

г) алынып тасталды

г-1) алынып тасталды

д) лизинг қызметін жүзеге асыру;

е) өз меншiгiндегi бағалы қағаздарды (акцияларды қоспағанда) эмиссиялау;

ж) факторингтiк (сауда-саттық) операциялар:

тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алушыдан төлемсiз тәуекел етiп қабылдай отырып, төлем төлеудi талап ету құқығына ие болу;

з) форфейтингтiк операциялар (форфетингтеу):

тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алушының қарыз мiндеттемесiн сатушыға айналым түспейтiн жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу.

4. Банктер бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтiң мынадай:

а) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингін алған елдердің не мұндай рейтингі болмағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешімі бойынша, белгiленген тәртiппен екiншi деңгейдегi банктердiң иемденiп алуына рұқсат берiлген шетелдiк валюта және (немесе) облигациялар базалық активi болып табылатын туынды бағалы қағаздармен - делдалдық;

б) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингін алған елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен не мұндай рейтингі болмағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешімі бойынша, сондай-ақ белгiленген тәртiппен екiншi деңгейдегi банктердiң иемденiп алуына рұқсат берiлген шетелдiк валюта және (немесе) облигациялар базалық активi болып табылатын туынды бағалы қағаздармен осы Заңның 8-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда өзге де бағалы қағаздармен - дилерлік;

б-1) бағалы қағаздарды басқару;

в) кастодиалдық;

г) алынып тасталды

Банктердiң бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтiң жоғарыда аталған бiр немесе бiрнеше бiрлескен түрлерiн жүзеге асыруына лицензияларды уәкiлеттi орган бередi.Рейтингтік агенттіктердің тізбесін және талап етілетін ең төменгі рейтингті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.

5. Уәкiлеттi органның немесе Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде қызметтiң жекелеген түрлерiне банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың лицензия алуымен байланысты олар үшiн, сондай-ақ осы Заңға сәйкес ұйымдардың жарғылық капиталына қатысушы банктер үшiн қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн.

6. Осы баптың 2-тармағының б) тармақшасында көзделген банк операцияларын жеке тұлғалардың депозиттерiне мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiнiң қатысушылары болып табылатын банктер және Ұлттық почта операторы ғана жүргiзуге құқылы.

Республикамызда банктерді бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының банктік және басқа да заңдарын сақтауға және қамтамасыз етуге, шаруашылық-қаржылық қызметті және банктегі оның мекемелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезеңдік тексеруге бағытталған кешенді шаралар жиынтығы ұсынылады.

Банктер үстінен жасалатын бақылау мен қадағалауды: халықаралық, мемлекеттік, аудиторлық және құрылтайшылық деп бөлуге болады.

Республикада банктер үстінен халықаралық бақылауды Дүниежүзілік банк, Халықаралық Валюта қоры т.б. жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бақылау ведомствадан тыс және ішкі ведомствадан болады.

Банктер үстінен ведомствадан тыс бақылауды Президент жанындағы Қаржылық Бақылау Комитеті, Жоғары Кеңестік бақылау палатасы, Бас салықтық инспекция, құқық қорғаушы органдар жүзеге асырады.

Банктер қызметіне қадағалау және ішкі ведомствалық бақылауды банк жүйесінің жоғары буыны – Ұлттық Банк өзінің Қадағалау департаменті арқылы жүзеге асырады.

Аудиторлық бақылауды арнайы және тәуелсіз аудиторлық мекемелер, бақылау палаталары, ассоциациялар жүзеге асырады.

Банк қызметіне құрылтайшылық бақылау бірнеше формада жүргізіледі:

Басқарма қызметіне бақылау Кеңесінің жүргізетін; Ревизиялық комиссия; Акционерлерінің бақылауы.

Банктердiң қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында уәкiлеттi орган банктердiң қызметiн реттеудi, соның iшiнде:

  • резервтiк талаптар нормаларын, күдiктi және сенiмсiз активтерге қарсы провизияларды қоса, пруденциалдық қалыптарды және банктер сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi белгiлеу;

  • банктер орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық құжаттарды басып шығару;

  • банктердiң қызметiн инспекциялау (тексеру);

  • банктің қаржы жағдайын сауықтыру жөнiнде ұсыныстар беру;

  • банктерге немесе олардың лауазымды адамдарына ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану;

  • банктерге санкциялар салу арқылы реттеудi жүзеге асырады.

Банктердің қызметін реттеу жекелеген банктерге қатысты да, шоғырландырылған негізде де, яғни банк тобына қатысты да жүзеге асырылады. Шоғырландырылған қадағалау ережелерін уәкiлеттi орган белгілейді.

Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу механизмінің тәртібі Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу және қадағалау бойынша нормативтік құқықтық актілерімен анықталады.

Қорытынды

Бұл курс жұмысында Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жүргізген реформаларының негізгі бағыттары, негізгі үрдістері және олардың келешегі баяндалады.

Қазақстанның экономикасы соңғы жылдар ішінде жылдам қарқынмен өсіп келеді. Қазақстанның дамуындағы табыстың маңызды құрамдас бөлігі банк жүйесін жоспарлы реформалау болып табылады.

Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму банкін қоспағанда, барлық өзге банктер төменгі (екінші) деңгейдегі банктер болып саналады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 38 екінші деңгейдегі банк жұмыс істейді. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі» және 1995 жылы 31 тамызында қабылданған «ҚР банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңдарын басшылыққа алады.

Қаржы жүйесінің негізі бірнеше рет реформалау нәтижесінде оның ең қарқынды дамыған және тұрақты құрамдас бөлігі болған Қазақстан Республикасының банк жүйесі болып табылады.

1993-1994 жылдары Ұлттық банк халықаралық принциптер мен стандарттарға негізделген, оның ішінде пруденциалдық реттеудің нормативтік құқықтық базасын қалыптастыру бойынша банк қадағалауының тиімді жүйесін құру жөнінде жұмыс жүргізді.

1995 жылы банк жүйесін реформалаудың алғашқы бағдарламасымен экономиканы несиелеудің нарықтық нысандарына көшу және қаржы рыногын қалыптастыру міндеттері шешілді.

1996 жылы банк жүйесін реформалау бағдарламасымен банктердің халықаралық стандарттарға көшу міндеті айқындалды.

2000 жылдың басында жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) жүйесі қосылды.

2000 жылғы наурызда салымшылардың мүддесін қорғау мақсатында банктік құпия жөніндегі заңдар күшейтілді.

Банк операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың операцияларды жүргізуі банк қызметі болып табылады. Ұлттық банк банк қызметіне қадағалау жүргізу үшін 2001жылдың басында өкілеттіктерді бөлуі банк қадағалауының осы принциптеріне сәйкестендіру жетістіктері бағытындағы тағы бір қадамды білдірді.

Сонымен, сенімді банк жүйесі ұлттық валютаның тұрақтылығының және Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық қайта құрулардың табысты болуының кепілі болып табылады. Сондықтан да, Қазақстанның экономикасын реформалаудың барлық кезеңінде Ұлттық банк, еліміздің банк жүйесін сауықтандыру жөніндегі шараларды іске асырып отырды.

Қолданылған әдебиеттер

  1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлығы 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155.

  2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлығы 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444.

  3. Н.Назарбаев Қазақстан – 2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқытының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. - Алматы: Білім, - 1997. – 176 бет.

  4. Назарбаев Н.Ә. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ САЯСИ ЖЕДЕЛ ЖАҢАРУ ЖОЛЫНДА. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – Алматы: Атамұра, 2005. – 48 бет.

  5. ҚР Ұлттық банкінің 2004 жылғы Жылдық есебі. Алматы: - 2005 ж. – 93 бет.

  6. ҚР Ұлттық банкі. № 032 Баспасөз Релизі 2005 ж. 17 қазан. 2-бет.

  7. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы/ - Алматы: Экономика, 2000 – 328 бет.

  8. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы./ - Алматы: Издат. Маркет,2004. – 246 бет.

  9. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. /- Алматы: Издат. Маркет,2004. – 246 бет.

  10. Саниев М.С. Ақша, несие, банктер. Оқу құралы – Алматы: Алматы экономика және статистика институты, 2001 – 165 бет.

  11. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Жалпы редакциясын басқарған Ғ.С. Сейітқасымов. - Алматы: Экономика, 2001. – 466 бет.

  12. Банки и банковские операции: Учебник. / Под ред.Проф. Н.Ф. Жукова.

  13. Основы банковского менеджмента Учебное пособие/ Под ред. О.И. Лаврушина. – М.: Инфра, 1995. – 141 с.

  14. Банковское дело/ Под ред. О.М.Лаврушина. – М.: Финансы и статистика, 1998. – 576 с.

  15. Усоскин В.М. Современные коммерческие банки. – М., 1994. – 320 с. М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998. – 471 с.

  16. «Банк саласы дамудың жаңа сатысына көтерілді». Дала мен қала № 4 (81) 28 қаңтар, жұма, 2005ж.

  17. Қазақстанда қаржы-банк жүйесі қалай қалыптасты? Қазақ тарихы 2005 ж. № 4, – 74-77 бет.

  18. Теңізбаева А.С. «Қазақстанда банк жүйесі мен банк заңдарының қалыптасуы және дамуы» Құқық және мемлекет – 2003 (№3) 28-29 бет.

Қосымша - А

Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіне қатысушы банктердің 2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Тізімі:

1.«ТұранӘлемБанкі» АҚ 2.«БанкЦентрКредит» АҚ 3.«Қазақстан Халық Жинақ Банкі» АҚ 4.«АТФБанкі» АҚ 5.«AБН АМРО Банк Қазақстан»ЕАБ» ЖАҚ 6.«Темірбанк» АҚ 7.«Демир Қазақстан Банк» ААҚ 8.«Казкоммерцбанк» АҚ 9.«Нұрбанк» АҚ 10.«Каспий Банкі» АҚ 11.«Ситибанк Қазақстан» АҚ 12.«Нефтебанк» АҚ 13.«HSBC Банк Қазақстан» АҚ ЕБ 14.«Еуразиялық банк» АҚ 15.«Цеснабанк» АҚ 16.«Альянс Банк» АҚ 17.«Альфа-Банк» ЕБ АҚ 18.«Валют-Транзит Банк» АҚ 19.«TEXAKABANK» АҚ 20.«Наурыз Банк Қазақстан» АҚ 21.«ТАИБ Қазақ Банкі» ЕБ ЖАҚ 22.«Бірлескен банк «ЛАРИБА-БАНК» АҚ 23.«Сенім-Банк» АҚ 24.«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 25.«Заман-Банк» АҚ 26.«Қазақстанның Индустриалды Банкі» АҚ 27.«Қазақстан-Зираат Халықаралық Банкі» ЖАҚ 28.«Еншілік банк «Қазақстандағы Қытай Банкі» ЖАҚ 29.«Данабанк» АҚ 30.«Алаш-Банк» ЖАҚ 31.«Алматы қаласындағы Қытай сауда-өнеркәсіптік банкі» ЖАҚ 32.«Казинвестбанк» АҚ 33.«Алматы» Халықаралық Банкі» АҚ 34.«Пакістан Ұлттық банкісінің» Қазақстандағы еншілес банкі ЖАҚ

21

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]