- •Мазмұны:
- •1. Тарау. Банк жүйесінің теориялық негізі..............................................................5
- •2. Тарау. Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі және қазіргі кездегі жағдайына талдау.......................................................................................................13
- •3. Тарау. Қазақстан Республикасындағы банктер қызметi және оны жетілдіру жолдары......................................................................................................20
- •1.Банк жүйесінің теориялық негізі.
- •Банк ұғымы және пайда болу алғы шарттары.
- •Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасу жағдайы мен дамуы кезеңдері.
- •2.Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі және қазіргі
- •2.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі-банк жүйесінің басты буыны ретінде.
- •2.2.Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің ел экономикасындағы алатын орны.
- •3.Қазақстан Республикасындағы банктердің қызметi және оны жетілдіру жолдары.
2.2.Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің ел экономикасындағы алатын орны.
Коммерциялық банктер банк жүйесінің екінші деңгейін білдіреді. Олар банк ресурстарын шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банк операцияларымен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі» және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР банктер және банк қызметі туралы» ҚР заңдарын басшылыққа алады.
Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни қазақстандық банк жүйесінің небары 15 жылдық тарихы бар.
1990 жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда (2-кесте), ал бұл құбылысты олардың қарқынды өсуімен байланыстыруға болады [9;6].
Кесте-2. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің сандық құрамы
Банк түрлері |
01.2005 |
01.2006 |
01.2007 |
01.2008 |
01.2009 |
01.2010 |
01.2011 |
01.2012 |
Екінші деңгейдегі банктер барлығы: |
130 |
101 |
82 |
71 |
55 |
47 |
44 |
38 |
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
|
|
Мемлекеттік |
4 |
4 |
6 |
1 |
1 |
1 |
2 |
2 |
Мемлекетаралық |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
- |
Шетел капиталының қатысуымен |
8 |
9 |
22 |
23 |
22 |
16 |
16 |
17 |
Еншілес банктер |
5 |
5 |
7 |
11 |
12 |
12 |
11 |
11 |
Екінші дейгейдегі банктер ҚР Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді.
Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстанда берілетін лицензияның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбаптығы болып табылады.
Коммерциялық банктер – кәсіпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ халыққа тікелей және жан-жақты кешенді қызмет көрсететін банктер.Бұл олардың басқа арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы. Ал банк емес несие мекемелерінің банктерден өзгешелігі олар тек кейбір банк операцияларын жүргізумен және кейбір қызмет түрін көрсетумен шұғылданады. Коммерциялық банктердің негізгі мақсаты – неғұрлым жоғары пайда табу.
Қазіргі Қазақстанның нарықтық банк жүйесінде әр түрлі меншік формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде. Солардың әрқайсысына сипаттама берелік.
Мемлекеттік банк – үкімет қаулысымен құрылған екінші деңгейлі банк, оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет.
Инвестициялық банк – негізінен тікелей және портфельдік инвестиция тартумен шұғылданатын екінші деңгейдегі банк.
Шетелдің қатысуымен құрылған банк – акциясының 50 проценттен астамы төмендегі иеленушілердің қарамағында, меншігінде немесе басқаруында болатын екінші деңгейдегі банк.
Мемлекетаралық банк – халықаралық келісім негізінде құрылған банк, оның жарғылық қорының иеленушісі – Қазақстан үкіметі және келісімге қол қойған мемлекеттердің үкіметі.
Банк емес несие - қаржы мекемелері – Ұлттық банктің лицензиясы негізінде кейбір банктік операция жүргізуге құқы бар банк емес заңды тұлғалар[7;188-189].
Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге, бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстандық дамымаған түрдегі банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.
Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттілігін – Ұлттық банктің хабарлауымен ашады.
Банк филиалы – бұл бас банктің берген құқықтары шегінде банк операцияларын жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттар мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.
Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін Ұлттық банктің келісімін алуға тиіс.
Шетелдік банктердің ҚР аумағында филиалдарын ашуға заңмен тыйым салынады.
Банк өкілдігі – депозит тартудан басқа белгілі бір банк операцияларын орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.
Банк өкілдігі Ұлттық банктің келісімімен ашылады. Шетелдік банктер өкілдіктерін ашу үшін Ұлттық банкке құжаттар тапсырады.
Еншілес банк – жарғылық қордың 50%-нен астамы бас банкіге тиесілі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме[11;280-281].
Есеп-айырысу кассалық бөлімі (жинақ кассасы) – ҚР аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе өкілеттік мәртебесі жоқ, заңды тұлға емес, Ұлттық банктің келісімі негізінде құрылатын банктің аумақтық бөлімшесі.
