Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kursovoy (2).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
252.42 Кб
Скачать

2.Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі және қазіргі

кездегі жағдайына талдау.

2.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі-банк жүйесінің басты буыны ретінде.

Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму банкін қоспағанда, барлық өзге банктер төменгі (екінші) деңгейдегі банктер болып саналады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқа елдердің орталық банктерімен, халықаралық банктермен және өзге де қаржы-несие ұйымдарымен қарым-қатынастарда өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді. Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді, алайда өзіне заңмен берілген өкілеттіктер шегінде өз қызметінде тәуелсіз.

Ұлттық банк – заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелерімен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді.Әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерден өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне белгілі жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы бар [7;182].

Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіріп отырады, өз қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескереді және егер бұл оның негізгі функцияларын орындау мен ақша-несие және валюта саясатын жүзеге асыруға қайшы келмесе, оны іске асыруға жәрдемдеседі.

Ұлттық Банк сатылы бағыну жүйесі бар бірыңғай орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық Банктің жоғарғы органы Басқарма, ал оперативті басқару органы – Директорлар кеңесі болып табылады.

Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатты іске асыру үшін Қазақстанның Ұлттық Банкіне мынадай міндеттер жүктеледі:

־ мемлекеттің ақша - несие саясатын әзірлеу және жүргізу;

־ төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

־ валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

־ қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.

Сонымен бірге, Ұлттық Банк:

־ айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу арқылы бағалы қағаздарды эмиссиялайды, Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың жалғыз эмитенті болып табылады;

Жуырда Қазақстан Ұлттық Банкі 2006 жылы жаңа сериядағы банкноталарды айналысқа шығару туралы шешім қабылдады [6;1].

־ Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісе отырып, оның мемлекеттік борышына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік борышына қызмет көрсетеді;

־ банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор болып табылады; ־ банктің, қаржы кеңесшісінің, Үкімет агентінің функциясын жүзеге асырады;

־ төлем жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырады;

־ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды, өкілеттіктерді және құқықтарды жүзеге асырады.

Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-несие саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын жалғыз орган болып табылады. Ақша-несие саясаты:

־ ресми қайта қаржыландыру ставкасын;

־ ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерін;

־ ең аз міндетті резервтердің нормативтерін;

־ ерекше жағдайларда операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейіне және көлеміне қойылатын тікелей сандық шектеулерді белгілеу арқылы жүзеге асырылады.

Ұлттық Банктің құрылымына мынылар кіреді:

־ департаменттерден, басқармалардан (1 басқарма Астана қаласында) жеке бөлімдерден тұратын орталық аппарат;

16 аумақтық филиал;

־ Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы;

־ Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі;

6 есеп беретін ұйым (Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар): ־ «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы»;

־ «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы»;

־ «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы»;

־ «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Автобазасы»;

־ «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы ғимараттарды пайдалану орталығы»;

־ «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы».

Ұлттық Банк:

־ «Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры»,

־ «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы»,

־ «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры»,

־ «Қазақстан ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры»,

־ «Қазақстан Актуарлық орталығы» жабық акционерлік қоғамдарының 100%-ті құрылтайшысы және «Процессинг орталығы» жабық акционерлік қоғамы құрылтайшыларының бірі (Ұлттық Банктің үлесі - 80,6%) болып табылад

Сурет-1. Ұлттық Банктің ұйымдық құрылымы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]