Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kursovoy (2).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
252.42 Кб
Скачать
    1. Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасу жағдайы мен дамуы кезеңдері.

Бірінші кезең, 1917 мен 1930 жылдар аралығы – патшалық Ресейден қалған банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әртүрлі меншіктегі банктер мен несие мекемелері қатар қызмет істеді.

Екінші кезең, 1930-1987 жылдардың аралығы – елде КСРО Мемлекеттік банкі әмбебап қызмет атқарды, яғни ол мемлекеттің орталық банкі ретінде эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де қызмет көрсетті.

Үшінші кезең, 1988-1991 жылдар аралығы – елде мемлекеттік маманданған банктердің құрылуы, яғни КСРО Мемлекеттік банкі (банктердің банкісі) ретінде эмиссиялық, ереже, нұсқау және т.б. нормативті актілер шығарушылық, бақылау және басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған банктер экономиканың әртүрлі салаларына қызмет көрсетті. Сонымен бірге 1990 жылдың басында кооперативтік және коммерциялық банктер де құрыла бастады.

Төртінші кезең, 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – нарықтық банк жүйесінің қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсіз республиканың нарықтық қатынастарға өту жағдайында екі деңгейлік банк жүйесінің пайда болуы және дамуы [7; 180].

Төртінші кезең өзгеріп отырған қызмет жағдайына қарай банк жүйесі икемделуімен сипатталады.

1995 жылы Қазақстандағы банк жүйесін қайта құрудың алғашқы бағдарламасы әзірленіп жатты. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1995 жылы 15 ақпанда бекітілді. Атаулы құжат 1) өз кезегінде ақшалай несиелік саясатты тиімді жүргізіп, Ұлттық банк үшін заңдармен көзделген негізгі міндеттерді барынша толығымен орындауға ықпал жасар еді;

Кесте-1. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері

1930 жылға дейінгі банк жүйесі

1930-1987 жж.

(Одақтық бір деңгейлі банк жүйесі)

1988-1990 жж.

(Одақтық бір деңгейлі маманданған банктер жүйесі)

1991 жылдан бастап (дербес екі деңгейлі банк жүйесі)

Ресей Мемлекеттік Банкі және көптеген несие-банк мекемелері

1. КСРО Мембанкі (оның ішінде КСРО Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары жүйесі).

2. КСРО Мемлекеттік Құрылыс банкі.

3. КСРО Сыртқы- сауда банкі.

1. Банк жүйесін қайта ұйымдастыру: КСРО Мембанкі және Маманданған банктер: КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкі. КСРО Агроөнеркәсіп банкі. КСРО Тұрғын үй - әлеуметтік банкі. КСРО Жинақ банкі. КСРО Сыртқы-эконом банкі.

2. Жаңадан кооперативтік және коммерциялық банктердің құрыла бастау.

1. Егемен Қазақстанда өзінің банк жүйесінің құрылуы. Екі деңгейлі банк жүйесі - Ұлттық банк және коммерциялық банктер.

2) экономикалық көтермелеу шараларын және нормативтік жетілдіру құралдарын дұрыс қолдану көмегімен және Ұлттық Банк тарапынан бақылауды күшейту халықаралық стандарттарға жақын келетін банктер тобына сай деңгейдегі, барлық коммерциялық банктер қызметін сапалы жақсартуға әкелуі мүмкін; 3) банкаралық ақша-несиелік және валюталық нарықтарды дамыту және тереңдету жолымен, олар арқылы пайыздық ставкалар мен айырбастау курсы айқындаушы жағдайға дейін жетіп, және Ұлттық Банк оларға тек өзінің жалпы реттеу әдісі және іріктеп тексеру әдісі арқылы ғана әсер етуі; 4) республикалық деффицитті Ұлттық Банктің тікелей несиелеуден бас тартып, оны ішкі және сыртқы қаржылық нарығында инфляциялық тәсілмен қаржыландыруға көшуі; 5) шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында жүзеге асырылатын төлемдердің уақытында болуы, тиімділігі және қауіпсіздігі саласында сапалы деңгейге жету және ұзақ мерзімді ұлттық төлем жүйесін құруды кеңейту; 6) орта, ұзақ мерзімдік инвестициялық несиелеу жүйесінің негізін қалауы.

Осылайша, Бағдарламаның біржақты болуына қарамастан, нақты алғанда оны жүзеге асырылуына қол жеткізілді. Бәрінен бұрын, ақша-несиелік реттеудің тәсілдері мен құралдары дами түсті. Банктерді қайта қаржыландыру механизмі мәнді өзгерістерге ұшырады. Директивтік несиелер беру 1995 жылдың ақпан айынан бастап тоқтатылды. Орталықтандырылған қайнар көздердің есебінен берілетін несиелердің көлемі мен мерзімдері қысқартылды. Экономиканы несиелеу міндеті негізінен алғанда Ұлттық Банктен халық салымдарын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің еркін қаражаттарын тарту және өздерінің жеке сыртқы қарыз алу жолдары есебінен экономиканы несиелеуді қамтамасыз ету жүктелген екінші деңгейдегі банктерге көшті. Ұлттық Банк орталық банктерге тән міндеттерді атқаруға кірісті: олардың жойылу қаупін қолдау мақсатында екінші деңгейдегі банктерді несиелеу, Үкіметті несиелеу және жалпы алғанда ақша-несиелік және валюталық реттеу.

1995 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» Заң шықты. Осы заң бойынша банк құрылымының негіздері, оларды құру және жою тәртібі, олардың қызмет ету тәртібі анықталды және екі деңгейлік банк жүйесі қалыптасты. Бірінші деңгейіне – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орналасты, ал екінші деңгейіне - басқа банктер кірді. Олар – мемлекеттік банк, депозиттік банк, инвестициялық банк, мемлекетаралық банк және шетел қатысуымен құрылған банктер. Нарықтық экономика принципінде құрылған банктердің маңызы зор. Банк жүйесінің бір қалыпты қызмет етуі бүтіндей экономиканың дамуына ықпал етеді.

1998 жылдың соңына қарай Қазақстанның екінші дәрежелі банк жүйесі екінші деңгейлі банктерден тұрды және банктік емес қаржылық мекемелер жүйесімен толықтырылды. Екінші деңгейдегі банктер корпоративтік бағалы қағаздарды инвестициялаумен және оларға диллерлік операция жүргізуден басқа, барлық банктік қызмет түрлерін көрсетеді, жүзеге асырады және қажетті капитализация деңгейіне қол жеткізеді.

Сонымен қатар, 2003 жылы 6 наурызда «Микрокредиттік ұйым» туралы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында микрокредиттік ұйымдар пайда болды. Олар Қазақстан Республикасының несие жүйесіне кіретін жаңа нысандағы мекеме болып табылады. Бұл мекемелер нарықтағы өзгерістерге байланысты шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін ынталандыруға бағытталған міндеттерді қамтамасыз ету және оларға қаржылық қолдау көрсету мақсатында құрылған.

Еліміздің банк жүйесінің дамуының қазіргі кезеңіндегі барлық проблемалар сыртқы және ішкі сипатта болады. Сыртқы сипаттағы негізгі факторларға мыналарды жатқызады: Қазақстан банктері өзінің дамуының соңғы жылдарында саясатта, экономикада және әлеуметтік салада күрделі қарама-қайшы және болжауға жатпайтын құбылыстардың ортасында қалып отырды. Банктік құрылым мемлекеттің жалпы экономикалық жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Банк жүйесінің экономикалық дамуға қоса алатын және қосуға міндетті үлесі тиімді мемлекеттік басқаруға, банктік жүйенің қызметін реттейтін заңдарға, экономикаға және саяси ортаға, сондай-ақ, еліміздің салт-дәстүріне байланысты болады. Аталған факторлар банктердің дамуының және қызмет етуінің сипатын анықтайды.

Банк жүйесінің объективті түрде дамуының негізін қалаушы қағидаларының бірі – нарықтың барлық субъектілері үшін мүмкіндіктерінің теңдігі принципі, соның ішінде билік пен ара-қатынастарының теңдігі. Іс жүзінде Қазақстан егемендік алған күннен бастап банктік қызмет саласына мемлекеттің араласуы экономиканың басқа секторымен салыстырғанда орасан зор болды. Осыған байланысты банк жүйесінің Үкіметтік және басқа да мемлекеттік органдарға қатысты мүдделерін білдіру үшін банктердің экономикалық-саяси одақтар құру құқықтарын заңды түрде рәсімдеу ұсынылған болатын. Атаулы одақтың құрамына кіретін банктердің адал қызметін және өтемділігін бақылауды жүргізу үшін мемлекеттік бақылау органынан тәуелсіз одақтың құрамына ревизиялық комиссиялар кіретін болды. Сонымен бірге мемлекеттің несиелік қызметін, бағытын және тәртібін қамтамасыз ету үшін, несие ісі туралы заң қабылдануы қажет. Бұл заң бақылау мен қадағалаудың нысандары туралы, қызметтердің коммерциялық мәні туралы, несие ісінде заң бұзушылықтар мен күрес жөніндегі нұсқауларды қамтуы тиіс.

Сенімді банк жүйесі ұлттық валютаның тұрақтылығының және Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық қайта құрулардың табысты болуының кепілі болып табылады. Сондықтан да, Қазақстанның экономикасын реформалаудың барлық кезеңінде Ұлттық Банк еліміздің банк жүйесін сауықтандыру жөніндегі шараларды іске асырып отырды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]