Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kursovoy (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
252.42 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

САУДА УНИВЕРСИТЕТІ

«Есеп және қаржы пәндері» кафедрасы

« 2 » курс студенті Маханова Э.Ж.

«Ақша.Несие.Банктер» пәнінен

Қазақстанның банк жүйесінің

қалыптасуы мен даму кезеңдері

тақырыбы бойынша

К У Р С Ж Ұ М Ы С Ы

Ғылыми жетекшісі: Көшенова.Б.А.

Экономика ғылымдарының

кандидаты, доцент

Алматы, 2005

Мазмұны:

Кіріспе..............................................................................................................................3

1. Тарау. Банк жүйесінің теориялық негізі..............................................................5

1.1.Банк ұғымы және пайда болу алғы шарттары........................................................5

1.2.Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасу жағдайы мен дамуы

кезеңдері...........................................................................................................................8

2. Тарау. Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі және қазіргі кездегі жағдайына талдау.......................................................................................................13

2.1. ҚР Ұлттық банк-банк жүйесінің басты буыны ретінде......................................13

2.2. ҚР екінші деңгейлі банктердің ел экономикасында алатын орны....................17

3. Тарау. Қазақстан Республикасындағы банктер қызметi және оны жетілдіру жолдары......................................................................................................20

Қорытынды .................................................................................................................26

Қолданылған әдебиеттер ..........................................................................................27

Қосымша.......................................................................................................................28

КІРІСПЕ

Бүгінгі күні Қазақстанның банк жүйесі қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамып келе жатқан бөлігі болып табылады. Экономиканың банк жүйесінің дамуы кез келген мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстанда соңғы бірнеше жылда банк жүйесі бөліктерінің тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және банк құралдарына халықтың сенімін арттыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді. Қаржы жүйесінің негізі бірнеше рет реформалау нәтижесінде оның ең қарқынды дамыған және тұрақты құрамдас бөлігі болған Қазақстан Республикасының банк жүйесі болып табылады. Банк қызметін табысты реформалау барынша тұрақты банк жүйесін құруға мүмкіндік берді.

Ел басшымыз айтқандай: «Екінші онжылдықтың басында еліміздегі банк

жүйесі Қазақстанды бүкіл Орталық Азия аймағындағы қаржылық орталыққа айналдыруды қамтамасыз етуге тиіс»

Кейінгі жылдары Ұлттық банк, Қазақстандағы банктік қадағалауды жалпы қабылданған стандарттарға, ең алдымен, банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің тиімді банктік қадағалауының негізгі принциптеріне сәйкестендіру жетістіктері бағытында жұмыс жүргізді. Шоғырландыру негізінде банк қызметіне қадағалау жүргізу үшін Ұлттық банктің 2001 жылдың басында өкілеттіктерді бөлуі банктік қадағалаудың осы принциптеріне сәйкестендіру жетістіктері бағытындағы тағы бір қадамды білдіреді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 38 екінші деңгейдегі банк жұмыс істейді.

Банк жүйесінің жиынтық меншікті капиталы валюталық баламада 1,5 АҚШ долларын құрайды. ТМД елдерінің ішінде бір банкке тиесілі меншікті капиталдың мөлшері бойынша Қазақстан жетекші болып қалып отыр.

Банктердің ресурстық базасы жоғары қарқынмен өсуде, бұл көп жағдайда халық салымдарын сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуі. Банктер базасының қарқынды өсуі оларға экономиканы несиелеу жөніндегі қызметті едәуір жандандыра түсуге мүмкіндік береді.

Несие қызметінің қарқын алуына байланысты банктер несиелеудің сан алуан түрлерін игеретін болды. Солардың бірі ипотекалық несиелеу болды.

Осы жетістіктердің бәрін көрсете келе, осы кезеңде Қазақстанның басқа ТМД елдерінің банктік дамуының көптеген өлшемдерінен оза отырып және Шығыс Еуропаның жетекші елдеріне жақындай отырып, әлемдік экономикалық қоғамдастыққа батыл қадам жасағанын мойындау керек.

Түйіндеп айтқанда, таяу жылдардағы экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жөніндегі менің пайымым мен көзқарасым осындай.

Банктердің қызметі ашықтықтың айтулы өнегесі болуға тиіс. Ең алдымен, мұның меншік құрылымы мен аффирленген тұлғалар туралы мәліметтерге қатысы бар. Банк қабылдайтын шешімдерге елеулі ықпалы бар барлық тұлғалар уәкілетті органның келісімін ала отырып, өздерінің мәртебесін нақтылай түсулері керек. Банктердің инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды топтасу негізінде ретке келтіру қажет. Аффирленген тұлғалармен жасалатын мәмілелер банктерді тәуекелге барғызбауы шарт. Қаржылық қадағалау агенттігінің бұл жұмысты батыл жүргізуі міндет.

Курс жұмысының өзі мынадай бөлімдерден тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер, қосымшадан тұрады.

Осы курс жұмысы «Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері» - атты тақырыбында мен мынадай негізгі аспектілеріне тоқталайын. Негізгі бөлімі - банк жүйесінің теориялық негізі, ал екінші бапта - Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі және қазіргі кездегі жағдайына талдау және үшінші бөлімінде – Қазақстан Республикасындағы банктер қызметі және оны жетілдіру жолдары, - деген басты бөлімдеріне шолу жасаймын. Қорытындысында осы жұмыстың негізгі нәтижесіне тоқталады. Осыдан басқа осы курстық жұмысты жазуға қолданылған әдебиеттер қарастырылады. Бұл тақырыпта Қазақстан Республикасының банк жүйесінің негізгі, жоғарғы деңгейі - Ұлттық банк туралы және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері туралы егжей-тегжейлі мағлұмат бүкіл банк жүйесін сипаттайды. Бұл тақырыпта зерттелетіні – Қазақстан Республикасының банк жүйесінің мәні мен маңызы, ал зерттеу мақсаты – республикадағы банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуын оқып білу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]