Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
глава 8.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
125.44 Кб
Скачать

Сурет 8-4 Таза бәсеке жағдайындағы жиынтық, орташа және шекті табыстар.

Тауар өндіруші өндіріс көлемі мынандай болғанда максимум пайдаға қол жеткізеді, қай кезде шекті табыс шекті шығынға тең болған жағдайда MC=MR.

Максималды пайдалылықтың тепе-теңдігін талдау мен анықтау үшін жаңа экономикалық ұғымдарды енгіземіз: жиынтық (жалпы) өнім, орташа өнім және шекті өнім.

Жиынтық (жалпы) өнім (ТР) –бұл өнімнің жалпы саны, осы фактордың сандық анықталуы кезінде және басқада өзгермейтін өндіріс факторында өндіріледі.

Орташа өнім (АР)-бұл жиынтық өнім өзгермелі факторының осы фактор санының (L) қолданбағандығына қатынасы;

АР=TP

L

Шекті өнім (МР)-бұл қосылған өнім, осы өндіріс факторының бір бірлігіне ұлғайған кезде алынады:

MP= ∆TP

∆ L немесе МР =TRп – TRп-1

Белгілі уақыт кезеңінде өнім шығарудың шартты берілуін кесте 8-2 түрінде көрсетеміз.

. Кесте 8-2

Жиынтық, орташа және шекті еңбек өнімі

Капитал бірлігінің саны (К)

Еңбек бірлігінің саны (L)

Жиынтық өнім(TR)

Шекті өнім MP

TP

∆ L

Орташа өнім (АР)

100

25

90

3,6

100

50

350

10,4

7,0

100

75

550

8,0

7,3

100

100

625

3,0

6,3

100

125

720

3,8

5,7

100

150

760

1,6

5,0

100

175

790

1,2

4,5

100

200

Шекті өнім еңбегінің қалай өзгеретіндігін байқастық. Белгілі өнімділікке дейін өсе түседі; онан соң төмендей бастайды. Бұнда шекті еңбек өнімділігі төмендеуінің іс-әрекеті байқалады. Оның мән-мағынасы мынада егер бір фактор ұлғайса, ал басқа факторлар өзгеріссіз қалады, онда өндіріс факторының қосымша өнімі кеми бастайды

Барлық көрсеткіштердің динамикасын графикте көрсетеміз, ол үшін жиынтық, орташа және шекті өнім еңбегінің қисығын тұрғызамыз.

Сурет 8-5 Жалпы (жиынтық), орташа және шекті өнім еңбегінің қисығы.

К. Маркстың пайымдауымша, пайда-бұл қосымша құн. Оны өндіріс аясында жалдамалы жұмыс күші жасайды және тауар айналымы саласында өткеріледі. Егер пайданы «Р» арқылы, ал өндіріс шығынын (C+V) «К» арқылы белгілесек, онда W=c+v+т формуласы мына түрді иеленді W=К+Р. Тауар құны енді шығындар плюс пайда қосындысы ретінде бейнеленеді. Айтпақшы «шығындар плюс пайда» термині Батыс елдерінің «Экономикс»және «Маркетинг негіздері» оқулықтарында кеңінен қолданылады.

Тауар құны К+Р формуласында ендігі жерде еңбекпен көрінетін байланысты байқатпайды. Мұның екі бөлшегі де өзгертілген түрде көрсетіледі: өндіріс шығындары мен пайдасы-еңбектің емес авансталған капитал шығынының нәтижесі ретінде болмақ.

Пайданың абсолюттік мөлшері немесе оның массасы, капиталды қолданудың табыстылық деңгейін көрсетпейді.

Табыстылық деңгейі тек қана пайда нормасында байқалады. Пайда барлық авансталған капиталдың туындысы ретінде байқалғандықтан, оның нормасы қосымша құнның барлық авансталған капиталға қатынасымен анықталады. Пайда нормасы төмендегідей формула түрінде болады:

Р1= т х 100 немесе P= т 100

с+v К

Пайда нормасы пайдалылық, табыстылық, өндіріс рентабелділігі дәрежесін көрсетеді.Пайда шегінің өсуі- бұл тауарлардың өндіріс пен қалыпты экономика дамуының қозғаушысы.

Сонымен қатар кәсіпкерлердің пайдасының шекті жоғарылауға ұмтылуы осы мақсатқа жетуде өркениетке жат құралдарды да пайдалануы мүмкін.

Осыған орай, К.Маркс былай деп жазды :"Капитал пайданың жоқ болуынан немесе өте аз болуынан да қорықпайды, табиғаттың бос қалуынан қорыққан секілді. Алайда, жеткілікті пайда табу үшін капитал батылдыққа барады. 10 пайыз қамтамасыз етсе, капитал барлығына да келіседі, 20 пайызда ол тіріле бастайды, 50 пайызда өзінің басын өзі ұрады, 100 пайызда ол барлық адами заңдарына сенеді, ал 300 пайызда -жқ, бұндай қылмысқа бара алмайды, әйтсе де қорқынышпен."

Пайда нормасына қандай факторлар әсер етеді?

Қосымша құнның нормасы.

Қосымша құнның нормасы жоғары болса, соғұрлым оның абсолюттік мөлшері үлкен болады демек бұл пайда нормасы деген сөз.

Мысал: 80с+20v+20m. Мұнда қосымша құн мынаған тең.

(т=100%)

ал Р= 20mт х 100=20%

80с+20v

Айталық қосымша құн нормасы 200% дейін көтеріледі. Онда 80c+20v+40т алпайда нормасы

P= 40 т х 100=40%

80c+20v

Капиталдың органикалық құрылымы

Ғылыми техникалық революция әсерімен капиталдың қорлану, процесі оның органикалық құрылымының (с:v) өсуіне алып барады, сөйтіп өзгермелі капиталдың үлесі салыстырмалы төмендейді; ал тұрақты капиталдың үлесі ұлғайады.

Өзгермелі капиталдың мөлшері кем болған сайын, қосымша құнда кемиді және пайда нормасы да солай болады.

Бірдей капитал (100 ақша бірлігі) бар екі кәсіпорынды (фирманы) мысалы алып көрейік. Бірінші кәсіпорынды (фирма) ол тұрақты және өзгермелі капиталдар арасында 75c+25v қатынаста бөлінеді; ал екіншісінде 10c+20v. Қосымша құн нормасы бірдей болғанда =100% бірінші жағдайда пайда нормасы – 25% тең болады

P1= 25 x 100= 25%

75c+25v

Капитал айналымы.

Пайда нормасына капиталдың айналу саны әсер етеді. Егер капитал 80с+2v кезінде капитал бір айналым жасаса, онда қосымша күн нормасы 100% кезінде пайда нормасы 20% тең болады. Егер сол капитал екі айналым жасаса, онда пайда нормасы 2 есе артып, 40%-ды құрайды.

Тұрақты капиталды қолдануды үнемдеу.

Экономия өте жетілген немесе өте арзан машина, жабдықтарды қолдану жолымен және ғылыми жаңалықтар мен өнертапқыштарды пайдаланудың арқасында қол жеткізілді.

Пайданың әр түрлілігі : бухгалтерлік, экономикалық және қалыпты пайда.

Бухгалтерлік пайда = жалпы, жиынтық табыс азайту айқын (сыртқы) шығындар.

Экономикалық пайда = жалпы табыс - сыртқы (анық) -және айқын емес ( ішкі) шығындар- бұл орта пайданың үстінен алынған пайда.

Қалыпты пайда = орташа пайда немесе кәсіпкерліктен табыс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]