Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.5- ОСӨЖ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
359.4 Кб
Скачать

1Кесте Зәрдің физикалық қасиеттері олардың патология кезіндегі өзгеруі

Физ.қасиеті

Норма

Нормада өзгеруі

Патологияда өзгеруі

Физикалық қасиеті

Норма

Қалыпты жағдайда өзгеруі

Патология кезінде өзгеруі

Мөлшері

Тәулігіне

1000 -2000 мл

Физиологиялық полиурия -

тәулігіне 2л-н артық.

Физиологиялық олигоурия -тәулігіне 500 - 1000 мл.

Физиологиялық поли- және олигоурия ішкен сұйықтық мөлшері мен тердің бөліну дәрежесіне байланысты.

Патологиялық полиурия- зәрдің тәулігіне 2литрден артық бөлінуі, бүйректік және бүйректен тыс болып бөлінеді ( бүйректен тыс қантты және қантсыз диабетте байқалады).

Патологиялық олигоурия-

тәулігіне 50-500 мл . Анурия тек патологиялық болады-тәулігіне 50 мл - ден аз. Патологиялық олигоурия және анурия преренальды (шок алғанда), ренальды (бүйрек аурулары кезінде), постренальды (зәр шығару жолдарының ауруларында) болып бөлінеді.

Меншікті салмағы (салыстырмалы тығыздығы)

Зәрге жалпы анализ кезінде 1,010-1,025.

Зимницкий сынамасы бойынша

1,002-1,032

Зәрдің құрамындағы тұздар мен мочевинаға байланысты.

Физ. гиперстенурия физ. - олигурия кезінде, физ. -гипостенурия физ. полиурия кезінде байқалады.

Патологиялық гиперстенурия

белок пен глюкозаның есебінен - бүйрек аурулары және қантты диабет кезінде байқалады. Патологиялық гипостенурия бүйрек жеткіліксіздігі кезінде байқалады. Бұл жағдай изостенурияға әкелуі мүмкін. Изостенурия тек патологиялық болады, оны тек Зимницкий сынамасы арқылы ғана анықтауға болады, бұл кезде зәрдің меншікті салмағы (1,002-1,005) тәулік ішінде өте аз өзгереді.

рН

5,0-7,0

(әлсіз қышықылдық орта)

Натрий және калий дигидро-

фосфаттарына (КН2РО4, NaH2PO4) байланысты.рН-ң жоғарылауы сілтілі минерал суларды көп мөлшерде қолданғанда, өсімдікпен ғана

тамақтанатын адамдарда, ем-

шек тегі балаларда (сүтте көп

мөлшерде сілтілі өнімдер бар) байқалады. рН-ң төмендеуі көп мөлшерде ет жегенде байқалады.

Клиникалық практикада рН мәнінің жоғарлауының маңызы

бар, өйткені зәрдің сілтілік реакция беруі зәр шығару жолдарында инфекцияның дамуына әкеледі. рН мәні кейбір дәрілік заттарды қолданғанда, зәр шығару жолдарының қабыну ауруларында (аммиакты ашу), ұзақ уақыт құсқанда (қышқыл

эквиваленттер жойылады) жоғарылайды. рН мәнінің бірден төмендеуі қызбада және қантты диабетте ( белоктардың ыдырауы, амин қышқылдарының катаболизмнің артуы) байқалады.

Түсі

Сабан сары түстен янтарь сары түстіге дейін

Зәрдің түсі онда пигменттер-

дің – урохром, стеркобилин, урозеин, уроэритрин болуына байланысты. Зәр түсінің сандық өзгеруі – гиперхромурия және гипохромурия. Гиперхромурия физ. олигоурияда, ал гипохромурия физ. полиурияда байқалады. Зәр түсінің сапалық өзгеруі қызылша немесе басқа да бояуы бар тағамдарды қолданғанда байқалады.

Гиперхромурия пат. олиго - және анурияда, ал гипохромурия пат. полиурияда байқалады. Зәр

түсінің сапалық өзгеруі зәрдің

қызыл - қоңыр түсі (ет жуындысының түсіндей) қан болғанда, яғни гломерулонефритте

және жарақат алғанда, бүйрек- тас ауруында байқалады. Қоңыр түс (сыра тәрізді) бауыр және өт шығару жолдары ауруларында байқалады. Бұл зәрде уробилин мен тікелей билирубиннің болуына байланысты. Липурияда

ақ түс байқалады. Зәрге ХМ-ң және хилёзді фистул кезінде лимфаның түсуі кезінде байқалады. Зәр түсінің көк-жасыл түсті болуы ішекте шіру процестері күшейгенде байқалады, бұл индигоға байланысты.

Мөлдірлігі

Толық

Біраз уақыт тұрған соң лайланады.

Лайланған зәр - 1) тұздардың, 2)липидтердің, 3)бактериялар мен

іріңнің, 4) белоктың болуына байланысты.

Иісі

Әлсіз миндаль немесе жаңа піскен ет сор-

пасының иісіндей

Патология кезінде зәр иісі жиі өзгереді, оның негізгі себебі амин қышқылдары алмасуының туа пайда болған бұзылысы болып табылады.

Аммиак иісі зәр шығару

жолдары қабынғанда, ацетон

иісі қант диабетінде, тышқан

иісі фенилкетонурияда, үйеңкі қайнатындысының иісі тармақталған амин қышықылдары

-лейцин, изолейциннің туа

пайда болған патологиясымен байланысты.

2кесте. Зәрдіңхимиялыққұрамы

Компонент

Сапалық сипаттама

Мүмкін болатын өзгеру себептері

Компонент

Сапалық сипаттама

Мүмкін болатын өзгеру себептері

Мочевина

Зәр азотының 80-85%-ын құрайды

Қалыпты жағдайға белокқа бай тағамдарды көп жегенде артады. Патология кезінде тіңдік белоктардың ыдырауы күшеюімен байланысты ауруларда (лихорадка, ісік және т.б.). Мочевина

мөлшері бауыр ауруларында, бүйректің фильтрациялау (сүзгілеу) функциялары бұзылғанда төмендейді

Креатинин

Зәр азотының 5%-ын

құрайды

Мочевинаны қараңыз.

Аммоний тұздары

Зәр азотының 3%-ын

құрайды

Бүйректе дезамидтену процестері күшейгенде, ацидоз кезінде артады. Алколоз кезінде төмендейді.

Амин қышқыдары

Зәр азотының 2%-ын

құрайды

Гипоаминоацидурия бүйректік және бүйректен тыс болып бөлінеді. Бүйректік гипераминоацидурия

болып бөлінеді. Бүйректік гипераминоацидурия бүйректе амин қышқылдарының туа немесе жүре пайда болған бұзылыстары кезінде байқалады. Бүйректен тыс гипераминоацидурия амин қышқылдарының қандағы мөлшерінің артуына байланысты. Бұл негізінен патологияда – бауыр ауруларында (дезаминдену мен трансаминденудің бұзылуы) өспеде жұқпалы аурулармен ауырғанда, кең көлемде жарақат алғанда миопатияда, комада, кортикостероидты гормондармен емдегенде, яғни белоктар катаболизмі күшейетін жағдайларда байқалады.

Несеп қышқылы мен пуриндер

Зәр азотының 1%-ын

құрайды

Қалыпты жағдайда ет тағамдарын көп пайдаланғанда артады. Патология кезінде бүйрек-тас және подагра ауру-

ларында артады.

Гиппур қышқылы

Зәр азотының 1%-ын

құрайды

Бауырда бензоаттың глицинмен залалсыздануы нәти-

жесінде түзіледі. Өсімдікпен ғана тамақтанатын адам-

дарда мөлшері көп, себебі өсімдік текті тағамдар бен-

зоатқа бай. Зәрде гиппураттың төмендеуі бауыр ауру-

ларында диагностикалық рошль атқарады.

Күкірт және

глюкурон қышқыл-

дарының эфирлері (соның ішінде индикан)

Зәр азотының 0,06%-ын

құрайды.

Бауырда түзіледі. Ішекте белоктардың шіруі күшейгенде артады.

Органикалық қышқылдар (цитрат, оксолат, сукцинат, пропионат,т.б.)

Тәулігіне 1г жуық.

Зәр органикалық қышқылдар мөлшерінің өзгеруінің

диагностикалық маңызы жоқ. Алкалоз кезінде цитрат

пен сукцинат мөлшері артады.

Стереоидты гормондар, көбінесе 17-ОКС

Өте аз мөлшерде болады

Жыныс мүшелерінің қызметін тексеруде маңызы жоқ, себебі зәрде кездесетін 17 - ОКС бүйрек үсті бездерінде түзілген.

Хлоридтер

Тәулігіне 8-15г (тағаммен қабылданған хлоридтердің 90%-ы)

Кейбір патологияларда - ревматизмде, созылмалы нефритте, дияреяда, ұзақ уақыт құсқанда азаяды.

Фосфаттар

Тәулігіне 5-10г- негізінен моно-

фосфаттар

Қалқанша маңы бездерінің гиперфункциясыныда және ацидозда артады. Д витаминің еңгізу оның зәрмен бөлінуін азайтады.

Сульфаттар (органикалық

сульфаттар-цистеин, цистин, метионин, күкірт қышқылының эфирлері

Тәулігіне 2г.

Тіңдерде цистеин мен метиониннің тотығуы күшейгенде және ішекте белоктардың шіруі күшейгенде артады.

3 кесте.Зәрдің патологиялық құрамдас бөліктері

Зәрдің патологиялық құрамдас бөлігі

Негізгі сапалық реакциялар

Анықтаудың клиникалық маңызы

Зәрдің патологиялық құрамдас бөлігі

Негізгі сапалық реакциялар

Анықтаудың клиникалық маңызы

Белок (протеинурия)

1) сульфосалицил қышқылымен реакция-тұнба;

2) НNO3-пен реакция-ақ түсті сақинаның пайда болуы.

Протеинурия бүйректік және бүйректен тыс болып бөлінеді, (бүйректен тыс протеинурия зәр шығару жолдарының ауруларында байқалады).

Зәр «диастазасы» - α – амилаза және ұйқы безі липазасы.

Панкреатит және / немесе паротит

Қан-а) гематурия (зәрде эритроциттердің болуы),

б)гемоглобинурия (зәрде гемоглобиннің болуы)

Бензидин сынамасы – көк жасыл түс, біраз уақыт тұрған соң қоңырға айналады ( гематурия мен гемоглобинурия анықталады). Зәр тұнбасын микроскоппен қарау (Нечипоренко бойынша анализ) гематурияны гемоглобинуриядан ажыратуға мүмкіндік береді.

Гематурия бүйректік және бүйректен тыс болады. Бүйректік гематурия жедел гламерулонефритте байқалады. Бүйректен тыс гематурия қабыну кезінде, жарақат алғанда, зәр-тас ауруы кезінде байқалады. Гемоглобинурия гемолиз кезінде-сүзекте, гемолитикалық сарғыштануда байқалады.

Глюкоза (глюкозурия)

Фелинг реакциясы (Фелинг реактивімен қыздырғанда қызылсары түсті тұнба түзіледі).

Глюкозурия бүйректік және бүйректен тыс болады. Бүйректік глюкозурия реабсорбцияның бұзылуы мен байланысты, ол туа пайда болған және жүре пайда болған болып бөлінеді. Бүйректен тыс глюкозурия қандағы глюкоза мөлшерінің артуымен байланысты. Глюкозаның бүйрек табалдырығы 8,8 мм/л,осы мөлшерден

артса, глюкоза тіпті бүйрек қалыпты қызмет атқарған жағдайдың өзінде, толық реабсорбцияланбай, зәрге өтеді.

Бүйректен тыс глюкозурия қантты диабетте және басқа да эндокриндік ауруларда байқалады.

Кетон денелері (кетонурия)

Натрий нитропруссидімен және NaOH-пен реакция, қызыл түс пайда болады.

Қантты диабетте, ұзақ уақыт ашыққанда, тиреотоксикозда және бассүйектің (басүйек-ми) травмасында байқалады. Соңғы екі жағдайда кетонурия көмірсуларды көп қолдануымен байланысты,бұл липолиз бен кетогенездің күшеюіне әкеледі.

Тікелей биллирубин, уробилин(стеркобилинмен шатастырмау қажет,ол қалыпты зәрдің құрамында бар).

Петтенкофер реакциясы – күкірт қыщқылымен және 10% -к сахарозамен. Екі сұйықтықтың шектескен аймағында қызыл сақина пайда болады.

Бауырлық және механикалық сарғыштану. Бауырлық сарғыштану гемолиз кезінде де байқалуы мүмкін, өйткені бауыр уробилиногеннің барлығын моно - және диппирролдарға дейін ыдыратып үлгермейді.

Глоссарий в качестве эталона

  1. Моча – urine - зәр – экскреторная жидкость, образующаяся в почках и состоящая из воды и растворенных в ней органических и неорганических веществ

  2. Диурез – diuгesis – диурез – выделение мочи в сутки

  3. Никтурия – nicturia – никтурия – преобладание ночного диуреза над дневным

  4. Олигоурия – oligouria – олигоурия – уменьшение диуреза (ниже 500мл/сут у взрослого человека)

  5. Полиурия – polyuria – полиурия – увеличение диуреза (выше 2 л/сут у взрослого человека)

  6. Анурия – anuria – анурия – прекращение диуреза (выделение мочи менее 50 мл/сут у взрослого человека), обычно определеяется при катетеризации мочевого пузыря, так как наружу не выделяется )

  7. Протеинурия – proteinuria – протеинурия – появление белка в моче (чаще наблюдается при болезнях почек)

  8. Глюкозурия – glucosuria – глюкозурия – появление глюкозы в моче (наблюдается при превышении почечного порога глюкозы – более 8,8мМ/л – при сахарном диабете)

  9. Кетонурия – ketonuria – кетонурия – появление кетоновых тел в моче (при сахарном диабете и голодании)

  10. Гематурия – hematuria – гематурия – появление крови (эритроцитов или гемоглобина) в моче (набюдается при травме почек и мочевыводящих путей, распаде опухоли и мочекаменной болезни, гламерулонефрите)

  11. Нейропептиды – neuropeptides – нейропептидтер – группа пептидов, образующихся в нервной ткани, состоящие до 50 аминокислот и выполняющие определенные функции

  12. Нейромедиаторы – neuromediators - нейромедиаторлар – биологически- активные вещества, образующиеся в нервной ткани и выполняющие определенные функции

Квантталған мәтін мен оған тесттік түрдегі тапсырмалардың үлгісі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]