Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.5- ОСӨЖ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
359 Кб
Скачать

8. Бақылау:

Сұрақтар:

1.АСҚ түзілу жолдары.

2.БМҚ синтезі.

3. Холестерин синтезі.

4.Кетон денелерінің синтезі.

5. Кетон денелерінің тотығуы, энергия шығымы.

6.Липидтер алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі.

7.Атеросклероз биохимиясы.

8.Өт-тас ауруы.

Жаттығулар:

1.Май қышқылдарының синтезінің бірінші реакциясын катализдейтін реттеуші фермент ацетил-КоА-карбоксилаза. Қандай кофермент осы реакцияға қатысады? Оның формуласын жазыңыз.

2.Пальмитин қышқылының бір молекуласының түзілуіне молекула АСҚ, АТФ, НАДФН2 кажет?

3.Қандай процестерде триацилглицерин алмасуының соңғы өнімдері түзіледі?

4.Холестерин мен кетон денелері синтезіндегі ортақ аралық өнімді атап беріңіз.

5.Қандай реакция холестерин синтезінің жылдамдығын реттеп отырады? Фермент, кофермент, ферменттің класын атап беріңіз.

6.Липидтер алмасуының қандай процестері бұзылады, егер бауырда 7α-гидроксилазаның активтілігі төмендесе?

7.Кетон денесі тотыққанда 27 молекула АТФ түзіледі. Қандай кетон денесі тотықты?

8.Ацетоацетаттың активтену реакциясын жазаңыз. Бұл фермент бауырда болмайды. Сондықтан бауыр кетон денелерін энергия көзі ретінде бауырда пайдаланылмайды. Бұл қандай фермент, қандай класқаол жатады?

9.Қандағы кетон денелерінің мөлшері жоғарлады. Бұл жағдай қалай аталады? Оған әкелетін себептер қандай болуы мүмкін?

10. Неліктен ацетил-КоА артық мөлшерде түзілгенде және оның толық емес тотығуы жүргенде, ол өте қауыпты болады?

11. Майлардың қорытылуы мен сіңірілуі бұзылғанда нәжісте қорытылмаған майлар болады. Бұл жағдай қалай аталады?

Жағдайлық есептер:

1.Өт-тас ауруына шалдыққан науқасқа холестерин мөлшерін төмендету мақсатымен емдеу препараты ретінде хенодезоксихоль қышқылы ұсынылды. Холестерин алмасуына қатысатын қандай фермент бұл препаратпен ингибирленеді?

2. Көбінесе өсімдік тағаммен және балықпен тамақтанатын адамдарда атеросклерозбен ауратын қаупы төмен болады. Бұл өнімдерінің құрамына кіретін қандай заттар антиатерогендік әсер көрсетеді?

3. Науқаста бауырдың майлық дистрофиясы байқалады. Бұл патология кезінде фосфолипидтер синтезін жақсарту үшін қандай витамин ұсыну керек?

4.Атеросклероздың профилактикасы үшін өсімдік талшықтарға бай және холестерин аз тағаммен тамақтануды ұсынады. Атеросклероздың профилактикасы үшін дәрігер тағы қандай ұсыныстар беру мүмкін?

5.Кетон денелерінің биосинтезінің реттеуші ферменті ГМГ-КоА-синтетаза болады. Бұл фермент бос HSКоА жоғары концентрациясымен ингибирленеді. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

А) қандай жағдайда бауыр митохондриясында HSКоА концентрациясы жоғарлауы мүмкін? Жауап беру үшін май қышқылының активтену реакциясын жазыңыз. Б)қандай жағдайда бауыр митохондриясында HSКоА концентрациясы төмендеу мүмкін? Бұл жағдай қалай кетон денелерінің синтезіне әсер етеді?

6.Науқаста май тінінде майлардың ыдырауы жоғарлаған, бұны қалай тексеруге болады? Бұл жағдайда қанда липидтер алмасуының қайсы көрсеткіші өзгереді?

7. Бауыр мен бүйрек ұсті безі қалай холестеринді пайдаланады?

8.Ашқарында науқастың қанын зерттегенде анықталды: ТАГ мөлшері 0,8 г/дл (нормасы 0,05-0,2 г/дл), хиломикрондардың концентрациясы екі есе нормадан жоғары, қан сары суы сүт сияқты ақ түсті. А) гиперлипопротеинемияның қайсы түрінде қан сары суында майлардың мөлшері жоғарлаған? Б) бұл патология кезінде хиломикрондар метаболизмінде қандай бұзылыстар байқалады?

19 ОСӨЖ

1.Тақырыбы: Липидтер алмасуы. Липидтер алмасуының сатыларына сипаттама. Липидтер алмасуының бұзылыстарының биохимиялық негіздері.