Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.5- ОСӨЖ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
359.4 Кб
Скачать

4. Сабақты өткізу түрі:

ЖИГСО әдісі бойынша шағын топтарда жұмыс (үш тілде бір терминді жазу, квантталған мәтіндерге тесттік тапсырмаларды құрастыру немесе кестені толтыру).

5.Тақырып бойынша тапсырмалар: үш тілде бір терминді жазу, квантталған мәтіндерге тесттік тапсырмаларды құрастыру немесе кестені толтыру.

6.Таратылатын материал: кафедраның оқу құралы, 3 бөлім, квантталған мәтін «Қан плазмасының аса маңызды кейбір макроэлементтерінің мөлшерлерінің өзгеруі»,глоссарийдің үлгісі.

Көрсеткіш

Қалыпты мөлшері

Қандай тағамда болады

Қорға жиналу орны мен түрі

Биологиялық маңызы (натрий, калий, кальций, фосфор, хлор,күкіртүшін – қандағы мөлшерінің өзгеруінің себептері мен белгілері )

Натрий

Калий

Кальций

Фосфор

Хлор

Сера

Магний

Микроэлементтер СӨЖ-де талданады!

Глоссарийдің үлгісі

1. ацидоз - acidosis-ацидоз-тенденция к смещению рН внутренней среды организма в кислую сторону

2. алкалоз–alkalosis-алкалоз-тенденция к смещению рН внутренней среды организма в щелочную сторону

3. буферная система – buffer system-буферлік жүйе- система, поддерживающая рН внутренней среды

4. респираторный ацидоз – respiratory acidosis-респираторлық ацидоз-ацидоз, связанный с респираторными нарушениями

5. респираторный алкалоз – respiratory alkalosis-респираторлық алкалоз-алкалоз, связанный с респираторными нарушениями

6. метаболический ацидоз – metabolic acidosis-метаболикалық ацидоз-ацидоз, связанный с метаболическими нарушениями

7. метаболический алкалоз – metabolic alkalosis-метаболикалық алкалоз-алкалоз, связанный с метаболическими нарушениями

8. натрий-калиевая АТФ-аза – sodium-potassium ATP-ase-натрий-калий-АТФ-аза-фермент мембран, участвующий в транспорте натрия и калия с участием энергии АТФ

9. оксигенация – oxygenation-оксигендену- присоединение кислорода к гемоглобину

10. деоксигенация – deoxygenation-деоксигендену-отщепление кислорода от гемоглобина

11. прямой путь переноса углекислого газа – direct pathway of transport of carbon dioxide-көмірқышқыл газын тасымалдаудың тікелей жолы-перенос углекислого газа с помощью гемоглобина

12. непрямой путь переноса углекислого газа – indirect pathway of transport of carbon dioxide -көмірқышқыл газын тасымалдаудың тікелей емес жолы-перенос углекислого газа с помощью гемоглобинового буфера

Квантталған мәтін мен оған тесттік түрдегі тапсырмалардың үлгісі

Қан плазмасының кейбір аса маңызды макроэлементтердің мөлшерінің

өзгерістері

«Макроэлементтер» деген түсінік

Макроэлементтер ағзада көп мөлшерде болады, олардың мөлшері граммен өлшенеді.

Қан плазмасындағы натрийдің мөлшерінің жоғарлауы мен төмендеуі (гипер- немесе гипонатриемия)

Қан плазмасындағы натрийдің қалыпты мөлшері – 135-145 мМ/л. Натрийдің 145мМ/л-денжоғары болуы гипернатриемия деп аталады; натридің 135 мМ/л-ден төмен болуы гипонатриемия деп аталады.Гипернатриемия жиі гипергидратация синдромымен байланысты. Бұл нефрит, жүректің жетіспеушілігі, гиперальдостеронизм кезінде байқалады, нәтижесінде артериалдық қысым, терінің тургоры жоғарылайды. Гипонатриемия кезінде ағзаның дегидратациясы байқалады, ол ішектік инфекциялар нәтижесінде дамитын диареяға, гипоальдостеронизмге байланысты болады,сондықтан ұйқышылық, апатия (селқос) , гипотония, естен тану болуы мүмкін.

Қан плазмасындағы калийдің мөлшерінің жоғарлауы мен төмендеуі (гипер- немесе гипокалиемия)

Қан плазмасындағы калийдің концентрациясы 3,8-5,4 мМ/л. 5,4 мМ/л-ден жоғарлауы гиперкалиемия деп аталады, 3,8 мМ/л-ден төмендеуі гипокалиемия деп аталады. Гиперкалиемия күйіктер, бұлшық еттердің ыдырауында, үлкен операциядан кейін, гемолиз жоғарлағанда, гипоальдостеронизмде, жедел бүйректік жетіспеушілігінде болады. Бұл жағдай қауыпты болады, себебі жүрек тоқтап қалуы мүмкін. Гипокалиемия диуретиктерді (зәр айдайтын препараттар) бақылаусыз қабылдағанда, гиперальдостеронизмде болады. Бұл жағдайда миодистрофия, әсіресе жүректің, дамиды.

Қан плазмасындағы кальцийдің мөлшерінің жоғарлауы мен төмендеуі(гипер- немесе гипокальциемия)

Кальцийдің қан плазмасындағы қалыпты мөлшері – 2,25-2,80 мМ/л. Натрийдің 2,80 мМ/л-ден жоғарылауы гиперкальциемия деп аталады; кальцидің 2,25 мМ/л-ден төмен болуы гипокальциемия деп аталады. Гиперкальциемия сүйектің ісіктерінде, Д гипервитаминозында, гиперпаратироидизмде болады. Ұзақ уақыт болған гиперкальциемиякезінде кальций жұмсақ тіндерде мен мүшелерде жиналады (кальцинация). Гипокальциемия гипопаратироидизмде, Д гиповитаминозында дамиды,бұл кезде жұйке-бұлшық еттік қозу жоғарлайды, тырысу (тетания) болуы мүмкін.

Қан плазмасындағы фосфордың мөлшерінің жоғарлауы мен төмендеуі (гипер- немесе гипофосфатемия)

Қан плазмасындағы бейорганикалық фосфордың қалыпты мөлшері - 0,67-1,0 мМ/л. 1,0 мМ/л-ден жоғарылауы гиперфосфатемия, ал 0,67 мМ/л-ден төмендеуі гипофосфатемия деп аталады. Гиперфосфатемия гипопаратироидизмде, Д гипервитаминозында байқалады. Гипофосфатемия гиперпаратироидизмде, Д гиповитаминозында дамиды.

Сіздің назарларыңызға берілген тапсырмаларда бір, екі, үш немесе бірнеше дұрыс жауаптар болады. Барлық дұрыс жауаптардың сәйкес келетін нөмірлерінің түртпесін(клавиштер) басыңыз.

1.НАТРИЙ МӨЛШЕРІНІҢ ҚАН ПЛАЗМАСЫНДАҒЫ КӨБЕЮІ АТАЛАДЫ _______________

2.ГИПОНАТРИЕМИЯНЫҢДАМУЫНЫҢ СЕБЕБІ

1)диарея

2)гипоальдостеронизм

3)гиперальдостеронизм

4)эксикоз (сусыздану)

5)гипопаратироидизм

3.{терінің тургорының және артериалдық қысымның жоғарлауы}БАЙҚАЛАДЫ

1)гипонатриемияда

2)гипернатриемияда

3)гиперкальциемияда

4)гиперкалиемияда

5)гиперфосфатемияда

  1. гипокалиемияда

  2. гипокальциемияда

4.{апатия (селқос), артериалдық қысымның төмендеуі, естен тану}

БАЙҚАЛАДЫ

1) гипонатриемияда

2)гипернатриемияда

3)гиперкальциемияда

4)гиперкалиемияда

5)гиперфосфатемияда

6)гипокалиемияда

7)гипокальциемияда

5.ГИПЕРКАЛИЕМИЯ ҚАУЫПТЫ БОЛАДЫ, СЕБЕБІ

1)жүректің қызметі бұзылады

2) калий жүректе жиналады

3) калий жұмсақ тіндер мен мүшелерде жиналады

4) калий көп мөлшерде зәрмен бөлініп шығады

5) бауырдың қызметі бұзылады

6. ҚАН ПЛАЗМАСЫНДАҒЫ КАЛЬЦИЙДІҢ ТӨМЕНДЕУІ

АТАЛАДЫ ____________

7.ГИПЕРКАЛЬЦИЕМИЯНЫҢ ДАМУЫНЫҢ СЕБЕБІ

1) Сүйктің ісіктері

  1. Мидың қызметінің бұзылуы

  2. Жүректің қызметінің бұзылуы

  3. Бұлшық еттердің ісіктері

  4. Д витаминді артық мөлшерде қабылдағанда

  5. Диуретиктерді көп қабылдағанда

8. ГИПОКАЛЬЦИЕМИЯ КЕЗІНДЕ БОЛАДЫ

1)тырысу

2)жүректің тоқтап қалуы

3)бүйректің жұмыс істемеуі

СЕБЕБІ

1)жүйке-бұлшық еттік қозу жоғарылайды

  1. жүйке-бұлшық еттік қозу төмендейді

  2. кальцийдің зәрмен бөлінуі жоғарылайды

  3. кальций бүйрек пен жүректе жиналады

  1. ҚАН ПЛАЗМАСЫНДАҒЫ БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ФОСФОРДЫҢ ТӨМЕНДЕУІНІҢ СЕБЕБІ

1.гиперальдостеронизм

2.гиперпаратироидизм

3.гипертироидизм

4.гипертония

  1. МИОДИСТРОФИЯ КЕЗІНДЕ ЖИІ БОЛАДЫ

1)гипокальциемия

2)гипонатриемия

3)гипернатриемия

4)гиперкалиемия

5)гипофосфатемия