
- •Тақырыбы: Отбасындағы тәрбие негіздері.
- •Тақырыбы: Сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдерімен жұмысының мазмұны.
- •Қоғамдық мекемелермен ынтымақтастық орнату (балалар кітапханасымен; өнер мектебімен және т.Б. Мекемелермен атқарылатын жұмыстар).
- •Практикалық сабақтардың тапсырмалары
- •3. Оқушылардың отбасын зерттеу әдістемесі.
- •Реферат және конспект тақырыптары:
- •«Тәрбие жұмысының теориясы және әдістемесі» бойынша тест сұрақтары.
- •Глоссарий
Тақырыбы: Сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдерімен жұмысының мазмұны.
Дәріс жоспары: 1. Мұғалімдер мен сыныптағы оқушылардың, мұғалімдер мен ата-аналардың өзара қарым-қатынасындағы үйлесімділік жағдайын реттеп отыру.
Қоғамдық мекемелермен ынтымақтастық орнату (балалар кітапханасымен; өнер мектебімен және т.Б. Мекемелермен атқарылатын жұмыстар).
Сынып жетекшісі мектеп жағдайында оқушылардың оқу-тәрбие жұмысына қатысты міндеттерді шешуде, ол мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің көмегіне арқа сүйейді. Кезінде А.С. Макаренко өз тәжірибесіне сүйене отыра, бірде-бір тәрбиешінің жеке тұрып бала тәрбиесінде өз бетінше оң нәтижеге жете алмайтындығын, керісінше ол мектептің педагогикалық ұжымы және ондағы қоғамдық ұйымдармен бірлесе қызмет жасау қажеттігін айтқан. Осы орайда сынып жетекшісі оқушылардың күнделікті мектептегі өмірі мен еңбегіне қатысты мәселелерді мектеп әкімшілігімен келісе отыра, әрі олардың қолдауы, көмегі негізінде ұйымдастырады. Оған, мысалы мектептің ішкі еңбек тәртібі, санитарлық-гигиеналық режимі, қауіпсіздік-техникалық ережелерінің орындалуы,қоғамдық пайдалы және оқудан тыс тәрбие жұмыстары т.б. мәселелерді жатқызуға болады.
Кез келген мұғалім өзінің кәсіби және тәрбиелік әрекеттерінің нәтижелі болуын қамтамасыз етуде осы бағытта күш-жігерін біріктіру немесе үйлестіруге мүдделі болады. Оның негізгі ұйытқысы және ұйымдастырушысы – сынып жетекшісі. Ол үшін төмендегідей міндеттер шешілуі тиіс:
*сол сыныптағы пән мұғалімдерінің дара ерекшеліктерін, олардың балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы мүмкіндіктерін танып білу;
*мұғалімдердің педагогикалық әрекетінің, балалармен қарым-қатынасының ерекшеліктерін танып білу;
*мұғалімдер мен сыныптағы оқушылардың, мұғалімдер мен ата-аналардың өзара қарым-қатынасындағы үйлесімділік жағдайын реттеп отыру;
*педагогикалық әрекеттің жалпы мақсатын анықтап, оған қол жеткізуде барлық қатысушы жақтардың өзара әрекеттерін ұйымдастыру;
Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғам құрылысының практикасымен байланысы принципінің мәні;
- қоғамның экономикалық, әлеуметтік, рухани қатынастарын тәрбие ісінде қолдану.
Практикалық сабақтардың тапсырмалары
№1. ТАҚЫРЫБЫ: ТӘРБИЕ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.
МАҚСАТЫ: Тәрбие жұмыстарының кезеңдері; құрылымы, әдістемелік ұсыныстар, міндеттері.
ТАЛДАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:
1. Тәрбиенің құрамдас бөліктері (бағыттары).
2. Тәрбие процесінің сегіз ерекшелігі.
ТАПСЫРМАЛАР: 1. «Тәрбие технологиясы», «Тәрбие жұмысының
әдістемесі» ұғымы. Әдебиеттерге шолу. Конспект.
2. Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз:
- адамгершілік тәрбие мазмұны;
- экологиялық және еңбекке байланысты тәрбиелік жұмыстар;
№2. ТАҚЫРЫБЫ: Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының мазмұны.
МАҚСАТЫ: Сынып жетекшісі жұмысының негізгі бағыттары.
ТАЛДАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:
1. Сынып жетекшісінің міндеттері;
2. Сынып жетекшісі жұмысының мазмұны.
3. Оқушыларды тәрбиелеудегі сынып жетекшісінің рөлі.
4. Сынып жетекшісі кызметінің мәні неде?
5. Сынып жетекшісі нені талдайды?
6. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын талдау үшін қандай әдебиеттерге не акпарат көздеріне сүйену керек?
ТАПСЫРМАЛАР: 1. «Егер мен сынып жетекшісі болсам…» деген тақырыпқа шағын шығарма жазу.
№3. ТАҚЫРЫБЫ: Мектептегі тәрбие жұмысын жоспарлау.
МАҚСАТЫ: Тәрбие жұмысын жоспарлау.
ТАЛДАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:
1. Мектептегі тәрбие жұмыстарына талдау.
2. Тәрбие жұмысын жоспарлау.
ТАПСЫРМАЛАР: 1. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып және
тәрбиенің түрін айқындап, бір тоқсанға арнап тәрбиелік іс-шаралардың тақырыптарын құрастырып келу.
Әр түрлі формадағы тәрбиелік іс шараларды ұйымдастыру.
№4. ТАҚЫРЫБЫ: Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
МАҚСАТЫ: Тәрбиенің ұйымдастыру формалары.
ТАЛДАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:
1. Схема құру: Тәрбие жұмысы түрінің классификациясын бейнелеу.
2. Әр түрлі формадағы тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру.
3. Сынып сағатының атқаратын қызметтері.
4. Тәрбие сағаты және оны жоспарлау.
ТАПСЫРМАЛАР: Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып өзіңіз өткізетін ойындарға әдістемелік нұсқау дайындаңыз.
№5. ТАҚЫРЫБЫ: Тәрбиелеуші ұжымды ұйымдастыру әдістемесі.
МАҚСАТЫ: Сынып ұжымымен тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
ТАЛДАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:
1. Бір сыныптағы немесе бір топтағы оқушылардың дамуын талдаңдар.
2. Ұжымның балаларға әсер ететін жақсы және жаман жақтарына мысал келтіріңдер.
3. Ұжымдағы оқушылардың өзара қарым-қатынасы, ұжымшылдығы т.б. туралы.
4. Ұжымдық шығармашылық істің кезеңдерінің реті.
ТАПСЫРМАЛАР:
Реферат тақырыптары:
1. Оқушыларды тәрбиелеудегі ұжымның рөлі.
2. Жеке тұлғанын өзіне-өзі қызмет етудегі ұжымның мүмкіндігі.
3. А.С. Макаренконың ұжым туралы ілімі.
№6. ТАҚЫРЫБЫ: Сендіру әдістемесі. Педагогикалық ынталандыру әдістемесі.
МАҚСАТЫ: 1. Сендіру әдістемесі. Педагогикалық ынталандыру әдістемесі.
Өзін-өзі тәрбиелеу.
ТАЛДАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:
1. Қайта тәрбиелеудің негізгі әдістері мен құралдары.
2. Сендіру, иландыру;
3. Сынау, мәжбүрлеу;
4. Белсендіру;
5. Жазалау, қолдау;
ТАПСЫРМАЛАР: Қайта тәрбиелеу процесіндегі «қопару» әдісі.
№7. ТАҚЫРЫБЫ: Оқушыларға жеке-дара қатынас жасау әдістемесі.
МАҚСАТЫ: 1. Оқушыларға жеке (индивидуалды) қатынас жасау
ерекшеліктері.
Мұғалім жұмысының стилі.
ТАЛДАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:
Сынып жетекшісінің қиын балаларға арнап бір тоқсанға жасаған жоспарын дайындау.
2. Оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтау.
3. Сынып жетекшісінің кызметіндегі диагностика мен болжамның ролі қандай?
4. Педагог жұмысының стилі.
5. Оқушыларға жеке қатынас жасау ерекшеліктері.
6. Мұғалім жұмысының стилі.
7. Оқушыға тікелей ықпал жасау.
ТАПСЫРМАЛАР: 1. Сынып жетекшісінін бірінші жұмыс істеу кезеңінде оқушыларды зерттей білуіне жоспар құру.
Тәрбиелік шаралар өткізуге сценарий құрастыру.
№8. ТАҚЫРЫБЫ: Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының түрлері.
МАҚСАТЫ: Сынып жетекшісі ата-аналармен жүргізетін жұмысының міндеттеріне сай 5 қызметі.
ТАЛДАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:
1. Оқушылардың ата-аналарымен жұмыстарды ұйымдастыру әдістері.
2. Оқушылардың ата-аналарымен жұмыстарды ұйымдастыру формалары.
ТАПСЫРМАЛАР: Ата-аналардың отбасында жағымды ахуал тудыратындай кеңестер тауып құрастыру.
№9. ТАҚЫРЫБЫ: Отбасындағы тәрбие негіздері.
МАҚСАТЫ: Арнайы кәсіби әдебиеттен балаларды отбасында тәрбиелеудің әдістерін талдау.
ТАЛДАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:
1. Отбасының мәнін және оның атқаратын қызметін білу.
2. Отбасы тәрбиесін жетілдірудің жолдары.