
- •Практикалық сабақ 10 Тақырыбы: Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде.
- •10.Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері
- •2 Тапсырма Берілген есепті шығарып өз тұжырымдамаңызды дайындаңыз.
- •Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын тиімді басқару және шикізат секторынан түсетін табысты пайдалану тұжырымдамасын бекіту туралы
- •Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын тиімді басқару және шикізат секторынан түсетін табысты пайдалану тұжырымдамасы Мазмұны Кіріспе
- •1. Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын тиімді басқару және шикізат секторынан түсетін табысты пайдалану пайымы
- •2. Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын тиімді басқарудың және шикізат секторынан түсетін табыстарды пайдаланудың түйінді проблемалары.
- •3. Тұжырымдаманы қабылдаудың негізділігі
- •Генетикалық ресурстар
- •Табиғи ресурстар және облыстың экологиялық проблемалары
- •Қазақстанның жер ресурстары
Табиғи ресурстар және облыстың экологиялық проблемалары
Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2005 жылы құрылған, негізгі міндеті табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғау болып табылады.
Соңғы жылдары қаржыландырудың артуы облыстың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған табиғат қорғау шараларын атқаруға мүмкіндік туғызды. Мәселен, 2011 жылы облыс қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу жұмыстары аяқталып, облыс әкімдігінің қаулысымен мақұлданды.Бұған қоса, өткен жылдан бастап, қолданыстағы және ықтимал радиациялық әсер ету көздерін кешенді радиациялық зерттеу және түгендеу жүргізілуде, ол аяқталғаннан кейін Жамбыл облысының радиоэкологиялық Атласы құрастырылып, тұрғын халықтың денсаулығына иондық сәулелерден келетін қауіп-қатерді кеміту шаралары талдап-жасалынатын болады.
Облыста су айдындарын, ормандарды, егіс алқаптарын сақтап, қорғауға да үлкен көңіл бөлінеді.2011 жылдан бастап трансшекаралық өзендер бойынша жер үсті суларының , Жаңатас, Қаратау,Шу қалалары мен Қордай аулының атмосфералық ауасының ластануына экологиялық мониторинг жүргізіліп , облыстың мемлекеттік орман қоры жерінің аумағындағы егістіктер мен топырақты қорғайтын орман алқаптарына, құмдағы ормандарға химиялық препараттармен өңдеу жолымен жаппай таралатын өсімдік аурулары мен зиянкестеріне қарсы орман қорғау шаралары атқарылып, облыстың аса қауіпті жағдайдағы су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиоративтік жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Барған сайын көлемі өсіп келе жатқан тұрмыстық қалдықтарды көміп тастау мәселесі де шешімін таба бастады. Шу-Талас экология департаментінің деректері бойынша, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтайтын полигондар құрылысына жер учаскелерін таңдап алуға 201 жоба түскен, олардың ішінде 142-сі құрылыстың жұмыс жобасына мақұлданды және 109 жобаға қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат берілді, яғни экологиялық талаптарға сай келеді деп табылды.
2011 жылы Меркі аулындағы көлемі 150 мың текшеметр техникалық және тұрмыстық қалдықтарды жинақтайтын полигонның құрылысы аяқталды.Тараз қаласында жұмыс істеп тұрған, жалпы алаңы 30 гектар полигонды реконструкциялау жұмыстары атқарылып, соның ішінде қалдықтарды өңдеп, кәдеге жарататын арнаулы «Раскад» техникасы сатып алынып, полигон аумағы темірбетон тақталармен қоршалды.
Үстіміздегі , 2012 жылға Қордай аулындағы сиымдылығы 150 мың текшеметр, Шу қаласындағы сиымдылығы 200 мың текшеметр ( бұл нысандар 2011 жылдан ауысқан), Жаңатас қаласындағы сиымдылығы 550 мың текшеметр полигон құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.Сондай-ақ, Бауыржан Момышұлы аулында тұрмыстық қалдықтар жинақтайтын полигон құрылысын жүргізудің жобалау-сметалық құжаттарын талдап жасау, Жамбыл ауданының Қызыл таң аулында психикалық-неврологиялық интернат-үйінің ағынды суларын биологиялық тазартудан өткізетін кешен құрылысы ( бюджеттік бағдарлама әкімшісі- облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушы транспорты және автомобиль жолдары басқармасы) жүргізілуде. « Жамбыл облысы Тараз қаласының ағынды суларын толық биологиялық тазартудан өткізетін кешенннің техникалық-экономикалық негіздемесін түзету» жобасы бойынша да жұмыс толық аяқталды.Тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімі де алынды.Жоба Астана қаласындағы « Госэкспертиза» РМК-інде сараптамадан өтуде.
Қаланың ауасы айтарлықтай ластануы автокөліктерді пайдаланудан екендігі жалпыға белгілі.2010 жылы тұрғын халық алдында есеп берген кезінде облыс әкімі жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында экологиялық бекеттер мен полиция бөлімшелерін құруға тапсырма берген болатын. Қазіргі уақытта облыс жол полициясы департаментінің берген мәліметтері бойынша 20 газсараптағыш пен 20 түтінөлшегіш сатып алынған.Бұл автокөліктерден бөлінетін түтіннің нормадан ауытқымауын тұрақты бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
2011 жылы пайдалану мерзімі біткен қуатүнемдегіш шамдарды жинау және кәдеге жарату (утилизациялау) мақсатында ДРЛ типіндегі жоғары қысымдағы сынапты шамдардың оттығын және толтыру аспаптарын өңдейтін цех пайдалануға берілді( «Энерджи-Тараз» ЖШС). Қазіргі уақыта утилизациялауға 6568 дана шам қабылданды.
Ағымдағы жылы Билікөл көлінің ластануын анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Облыс орталығының жасыл желегін сақтауға және молайтуға да үлкен көңіл бөлінеді.Тараз қаласында ағаш отырғызу және оған күтім жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр.Қазіргі уақытта 3663 түп сүректі-бұталы ағаштардың көшеттері отырғызылды.Қалған 3680 түп көшет үстіміздегі жылдың күзгі-қысқы кезеңінде отырғызылатын болады.
Орман-тоғайлар да аса бағалы табиғи ресурстар қатарына жатады. Орман өсіру бойынша айқын мақсатты жұмыстар атқарылып келеді.Облыстың мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 2012 жылы 4 МТЗ-1221,2 доңғалақты тракторын, 6 УАЗ және 2 Нива автокөліктері, 6 мотоцикл, 3 ағаштұқымын себетін машина, 5 дискілі тырма, 5 аспалы культиватор, 4 ағаш отырғызатын машина сатып алынды.
Үстіміздеггі жылдың ерте көктемінде мемлекеттік орман қоры жерінде 1200 гектарға сексеуілдің екпе көшеттері және көшеттері отырғызылды.Облыс елді мекендерінде 10 гектарға ағаш өсірудің негізі қаланды. 2010-2011 жылдары отырғызылған жасыл желектер алаңы 60 гектарға ұлғайтылды. 2009-2011 жылы отырғызылған ағаштардың 1818 гектарына механикалық жолмен күтіп- баптау жұмыстары атқарылды. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 2008-2011 жылдары отырғызылған 106 гектарға күтіп -баптау жұмыстары жүргізілетін болады.
Үстіміздегі жылдың күзінде мемлекетік орман қоры аумағында алаңы 5300 гектар жердің топырағы сексеуілді күзде себуге дайын етіледі.
Өсімдіктер дүниесі мен хайуанаттар әлемі-облыстың табиғат байлықтарының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
2011 жылы 006 «Жануарлар дүниесін қорғау» бағдарламасы бойынша жануарлар дүниесінің өсімін молайтуға және қорғауға бақылау жасау шараларын жүзеге асыруда 4,05 миллион теңге игерілді.Осы қаржыға мемлекеттік орман қоры аумағында жануарлардың есебін алу және мониторинг , рейдтік шаралар жүргізілді. Сондай-ақ жабайы аңдар мекендейтін жерлерге төгу үшін 8,6 тонна минералдық азық алынды. Қорықшыларға арналып 20 бірлік қызметтік қару, 594 дана қорғаныш және бақылау құралдары сатып алынды.
Облыстың мемлекеттік орман қоры жерінде 2012 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша 319 рейд пен тексерулер жүргізіліп, оның барысында табиғат заңнамасын бұзушыларға қатысты 201 хаттама толтырылып, 1.6 миллион теңге әкімшілік айып салынып, табиғатқа келтірілген залалды өндіріп алу үшін 1.7 миллион теңгенің талабы қойылды.
Табиғат қорғау заңнамаларын бұзғандары үшін ішкі істер, сот, прокуратура органдарының қарауына 81 іс жіберілді.
Мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері туған аямыз- тірі табиғатты аялауды, соның ішінде сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы аңдардың түрлерін сақтауды насихаттау үшін бұқаралық ақпарат құралдарында 52 жарияланым шығарды.
Жануарлар дүниесінің есебін алып, мониторинг жүргізу үшін 2012 жылы минералдық азық, қызметтік қару, дүрбілер және бейнекамералар сатып алу жоспарланып отыр.
Су қоймаларының жағдайын жыл сайын бағалау ісі жалғасуда.Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесінде 106 балық шаруашылығы су айдыны енгізілген, оның 82-сі табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.
Бұған қоса резевтік қордағы және жергілікті маңызы бар бекітілмеген балық шаруашылығы су айдындарына биологиялық-экономикалық зерттеулер жүргізу, балық өсіру –мелиоративтік, балық қорғау және өсімін молайту шараларын талдап-жасау жұмыстары да жүргізілуде.
Соңғы жылдары су ресурстарын пайдалануды жақсарту мақсатында бірқатар шаралар қабылданды.Облыста 113 су қоймасы болса, оның 95-і коммуналдық, 5-і республикалық, ал, 13-і жеке меншікте.
Су қоймаларына мониторинг жүргізіп, жедел басқарып отыру үшін табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жамбыл су қоймалары» мемлекеттік мекемесі құрылып, іске кірісті.Бұл мекеменің теңгеріміне 28 су қоймасы алынды, тағы 13 су қоймасын иелігіне алуды жоспарлап отыр.
Ағымдағы жылы 004 «Ерекше апатты жағдайдағы су шаруашылығы құрылыстары мен гидроқұрылғыларын қалпына келтіру» бағдарламасы бойынша 46 су шаруашылығы нысанын, оның ішінде 12-сіне ағымдағы және Үшарал аулындағы «Шапан» тоспасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 121,1 миллион теңге бөлінді.
« Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру -2» бағдарламасы шеңберінде Жамбыл, Қордай және Шу аудандарындағы коммуналдық меншіктегі 60 су шаруашылығы нысанын республикалық меншікке өткізу жұмыстары жүргізілді.
Талас ауданында «Талас су» коммуналдық мемлекеттік су шаруашылығы кәсіпорны құрылды, сондай-ақ «Құлан су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын басқарманың қарамағына ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Қабылданған шаралардың арқасында нысандардың экологиялық жағдайларын бағалау ісі де біршама жақсарды.Үстіміздегі жылдың 4 айында ғана қарауға 405 материал келіп түсіп, 218 экологиялық сараптамалық қорытындылар, 181 экологиялық рұқсат берілді.Жаңасын алуға және ескілерін қайта ресімдеуге байланысты 27 рұқсаттың күші жойылды.
«Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған электр энергетикасын дамыту» салалық бағдарламасына сәйкес, «таза» технологияларды енгізу және облыста ресурс үнемдеу жүйесін жасау мақсатында Қордай ауданының Қордай аулынан 30 километр жерде орналасқан жел электр стансасы құрылысын жүргізудің техникалық-экономикалық негіздемелері жобасы қаралып, оң экологиялық қорытынды берілді.
2011 жылы облыс бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін жергілікті бюджетке түскен төлемдердің сомасы 921,2 миллион теңгені қрады, табиғат қорғау іс-шараларын жүргізуге 722,6 миллион теңге ( 78 пайызы) бөлінді.
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 495 бабының, 9 тармағында қарастырылған қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкаларын екі еседен аспайтындай көлемде ұлғайту мүмкіндігін пайдаланып,Жамбыл облыстық мәслихатының 2011 жылдың 15 наурызындағы №23-7 шешімімен төлем ставкалары 1,5 есе ұлғайтылды.Бұл бюджетке төлемдердің түсуіне оң ықпалын тигізді.
Ағымдағы жылы табиғат қорғау іс-шараларын қаржыландыруды жетілдіру және болжанған төлем сомасының толық түсуін қамтамасыз ету мақсатында облыстық мәслихатқа аталған шешімнің қолданылу мерзімін үш жылға ( 2012-2014 жылдар ) созу жөнінде ұсыныс жасалынды.
Атқарылған істер аз емес.Алда атқарылары бұдан да көп.Басқарма өзіне қарасты мекемелердің табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қорғау бойынша жауапкершіліктерін арттырудың нақты бағыттарын белгілеп отыр.