
- •Практикалық сабақ 10 Тақырыбы: Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде.
- •10.Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері
- •2 Тапсырма Берілген есепті шығарып өз тұжырымдамаңызды дайындаңыз.
- •Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын тиімді басқару және шикізат секторынан түсетін табысты пайдалану тұжырымдамасын бекіту туралы
- •Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын тиімді басқару және шикізат секторынан түсетін табысты пайдалану тұжырымдамасы Мазмұны Кіріспе
- •1. Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын тиімді басқару және шикізат секторынан түсетін табысты пайдалану пайымы
- •2. Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын тиімді басқарудың және шикізат секторынан түсетін табыстарды пайдаланудың түйінді проблемалары.
- •3. Тұжырымдаманы қабылдаудың негізділігі
- •Генетикалық ресурстар
- •Табиғи ресурстар және облыстың экологиялық проблемалары
- •Қазақстанның жер ресурстары
Генетикалық ресурстар
-A A +A
Құрылу күні: 21.01.2009
2009-жылғы 30 қаңтарында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті генетикалық ресурстар бойынша дөңгелек үстел өткізуде.
Генетикалық ресурстармен байланысты зияткерлік меншік мәселелерінің кең саяси және экономикалық спектрі бар, және олар сатылымды, ауыл шаруашылығын, биологиялық әр түрлілік пен қоршаған ортаны қамтиды.
Генетикалық ресурстарға қатысты түрлі формулировкалар бар. Кең таралғандардың бірі – биологиялық әр түрлілік туралы Конвенция – 1992 ж. жасалған (Рио-де-Жанейро), бар халықаралық ұйымдар шеңберінен тыс, ірі халықаралық келісімде берілген, 1994-жылғы 19-тамызда № 918 Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің қаулысымен мақұлданған формулировка болып келеді. Бірақ, бұл формулировкада бұл түсініктің «биологиялық материал» сияқты маңызды элементі туралы айтылмаған, ал бұл элемент болса, генетикалық ресурстар болып келетін биологиялық материалдарды берудің келісімі тәжірибесінде маңызды, және келісім жасалғанда генетикалық ресурстарға жатқызылатын объектілердің сипаттамаларын түсінуге ықпалын тигізеді.
«Генетикалық ресурстар фактілі немесе болжамды құндылықты ұсынатын генетикалық материал деп түмсіндіріледі». Генетикалық материал, өз кезегінде, құрамында «тектіліктің функционалдық бірліктері бар, өсімдіктен, жануардан, микробтан немесе басқадан пайда болған материал» де анықталады.
Жоғарыда айтылғаннан «генетикалық ресурстар» түсінігінің келесі формулировасы ұсынылады:
«Генетикалық ресурстар – адамзат үшін фактілі немесе болжамды құндылығы бар, және тектіліктің функционалды бірліктері бар, өсімдіктен, жануардан, микробтан немесе басқадан пайда болған биологиялық материалды білдіретін генетикалық материал».
Осылайша, мысалы, «тектіліктің функционалды бірліктерін», біраз уақыт бұрын, хромосома жасушалары деп түсінуге болар еді, ал бүгін олар – генетикалық ақпараты бар материалды тасымалдаушылар, оның ішінде жеке гендер мен олардың комбинациялары, гендерден кіші ДНҚ фрагметтері, сонымен бірге, кері транскрипция көмегімен ДНҚ-ға өзгертілетін РНҚ үлгілері деп түсіндіріледі.
Дөңгелек үстел жұмысында ғылым өкілдерінің қатысуы, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен дамыту институттарының қатысуы жоспарланады.
Биологиялық ресурстар (Биологические ресурсы) — тірі табиғат объектілерінде жинақталған (қорланған) адамға қажетті материалдық және рухани байлықты (өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, табиғаттың таңғажайып ландшафтары, микроорганизмдер) алудың көздері мен алғы шарты. Жалпы Биологиялық ресурстар — биосфераның орта түзуші барлық тірі рауыштары өндірушілерден, тұтынушылардан және ыдыраушылардан түзіліп, олар сан, мөлшер жағынан, жыл сайын өніп-өсіп қайталанып отырады. Дегенмен Биологиялық ресурстар сан жағынан қалпына келгенмен, сапа жағынан қалпына келе қоймайды, оған себеп: тірі түрдің, оның ішінде ірі жүйелі топтың немесе экожүйенің жойылып кетуі. Биологиялық ресурстар өсімдіктер ресурстары және жануарлар әлемінің ресурстары және т.б. болып бөлінеді. Генетикалық ресурстардың маңызы ерекше.[1]