Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Е. Н. Дауенов Дәстүрлі қазақ этнографиясы оқу-...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.58 Mб
Скачать

Қымыз-мұрындық

Қымыз-мұрындық (дәстүр). Жаз тойы — мамырдың онынан бастап ай соңына дейін созылатын үлкен той. "Өлі разы болмай, тірі байымайды" демекші, ата-бабаларымыз санаттағы тірілердің аман-саулығын тілеп, қыстаудағы бейіт басында әруақтарға бағыштап, құран оқып, ақсарбас айтып, ақбозды құрбандыққа шалатын.

Қос аттың ортасынан мал-жанын, көш-қонын аластап қыстаудан көшкен ел мен жазықта бие-бау тартып, қымыз жинап, мал-жанның саулығы үшін кеудесі түкті Жер-Ананың, асқар таудың, аққан судың, соққан желдің, ұшқан құстың, жүгірген аңның, көкорай шалғынның, төрт түлік малдың Киелеріне арнап мінажат етіп, жарқын Күнге иіліп сәлем беріп, көк шалғынға қымыз тамызып, рәсімін орындайтын.

Ала қыстай бытырап шаруа соңында жүрген жұрт жазық далада киіз үйлерден таңғажайып орда тігетін. Бір-бірін сағынып табысқан халайықтың төскейде малы, төсекте басы қосылатын мекені "Қанжайлау" деп аталады. Қанжайлауда бас қосқан халық қыз айттырып, құда түсісіп, сүндет той, бесік той жасап, қысқасы, қыс бойғыға істелінбеген ырым-сырым той-томалақтарын жинап-теріп бір-ақ өткізетін. Бозбалалар мен бойжеткендер алтыбақан құрып, ақсүйек ойнап, қызойнаққа барып, жорға жарыстырып, жұмбақ айтысып, жаңылтпаш айтып, мәз-мейрам болатын. Қанжайлаудағы той қызығы небары 15—20 күнге созылады.

Демек, жаз тойын жаңғырту арқылы елімізді ел еткен арыстарымыздың әруағына бас иіп, тәрбиелік мәні зор кеш ұйымдастыруға болады.

"Сабантой, мизам"

"Мизам"— Күн мен Түннің күз айында теңелу сәтіне орай тойланатын жалпыхалықтық мереке. "Мал баққандікі, отын шапқандікі" демекші, ол малға — мал, жанға — жан қосып, ала жаздай арқа еті арша, борбай еті борша болып еңбектенген бағбандар мен диқандардың құрметіне арналған той. "Еңбек етсең емесің" дегендей, шаруалар жыл бойы төккен терінің зейнетін тек күзде көрмек.

Сондай-ақ күздің қоңыр күндеріңде қазақ елінің алты алаштан азамат шақыртып, ас беретін дәстүрі де бар. Әдетте, аста ақындар айтысы, аламан бәйге, палуандар күресі, көкпар ұйымдастырылады.

Демек, күз мейрамын жаңғырту арқылы еңбек адамдарына, маман иелерін елеп-ескеріп, оларды құрметтеп, өз ісіне жетік мамандар санын көбейтуге ықпал етуге; астанада жылына бір рет күзде халқына еңбегі сіңген тарихи тұлғаларға арнап ас беріп, ел жадынан ұмыт болған арыстарымызды тірілтіп, кеш өткізуге; республика бойынша Алматыда Халық шаруашылық жетістіктер көрмесін ұйымдастыруға болады.

Сондай-ақ, "Көкпар", "Қыз қуу", "Бәйге", "Аударыспақ", "Ақындар айтысы" да бұл мейрамға бап келіседі.

"Соғым басы"

Қыс тойы — алғаш жауған қар қатып, аяз түскен сәттен бастап тойланады. Малшылар қауымы үшін қылышын сүйреген қыс оңай жау емес. Олар қатал қыстың құрығынан мал-жанын аман-есен алып шығу үшін, алдымен, қыс иелері — калтырауық қамар кемпір, оның екі ұлы Ақпан, Тоқпан және аяз иесі — Әз мырзаға арнап "Қыстың мойыны қысқа болсын, шаруаның мойыны ұзын болсын" деп құрбандық шалып, ал қарға қызыл қан тамызып, рәсім жасаған. "Сауық-сайран Салбурын" мерекесін ұйымдастыруға; ә) жыршылардың ұмыт бола бастаған қисса, дастан айту өнерін жалғастыруға; б) балалар үшін Алматының кең көшелеріңде Аяз ата мен Қарша қызға қоса Қалтырауық қамыр кемпірін, Ақпан, Тоқпанның, Әз мырзаның бейнесін қардан жасатып, аққала соқтырып жарыс ұйымдастыруға; в) табиғат құбылыстары мен жан-жануар дыбыстарын салатын байырғы дәстүрімізді қайта тірілтуге болады.