- •Пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы (поәк)
- •Пәннің типтік оқу бағдарламасы саясаттану
- •2. Пәнді оқыту бағдарламасы – силлабус
- •Силлабус
- •Оқытушы туралы мәліметтер:
- •Пән туралы мәліметтер:
- •8. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •8.1 Курстың тақырыптық жоспары.
- •6. Студенттің білімін бағалау туралы ақпарат.
- •7.Курстың саясаты және процедурасы.
- •9. Жұмыстық оқу жоспарында бұл пәннен курстық жұмыс қарастырылмаған.
- •10. Сөж, соөж тапсырмалары және оларды орындау графигі
- •11. Аралық және қорытынды бақылау тапсырмалары.
- •12. Әдебиеттер тізімі.
- •3. Дәрістік кешен Дәріс 1. Кіріспе. Саясаттану – ғылым.
- •Дәріс 2. Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы.
- •Дәріс 3. Саясат қоғамдық өмір жүйесінде. Салыстырмалы саясаттану.
- •Дәріс 4. Билік саяси феномен ретінде.
- •Дәріс 5. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты.
- •Дәріс 6. Қоғамның саяси жүйесі.
- •Дәріс 7. Мемлекет және азаматтық қоғам.
- •Дәріс 8. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар.
- •Дәріс 9. Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару.
- •Дәріс 10. Саяси сана және саяси мәдениет.
- •Дәріс 11. Саяси элита және саяси көшбасшылық.
- •Дәріс 12. Саяси технологиялар.
- •Дәріс 13. Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар.
- •Дәріс 14. Саяси болжамдау.
- •Дәріс 15. Егемен Қазақстанның саяси мәселелері.
- •4. Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік нұсқаулар.
- •5. Типтік есептеулер, есептеу-графикалық, зертханалық жұмыстарды, курстық жобаларды (жұмыстарды) орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар.
- •Соөж тапсырмаларын меңгеруге арналған оқу-әдістемелік материалдар
- •Соөж 2. Қазақстан саяси ойларының тарихы.
- •Реферат
- •«Саясаттану» пәнінен тест сұрақтары
- •Тест тапсырмалары
- •10. Арнайы аудиториялардың, кабинеттер мен зертханалардың тізімі.
5. Типтік есептеулер, есептеу-графикалық, зертханалық жұмыстарды, курстық жобаларды (жұмыстарды) орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар.
6. БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР: үй тапсырмаларының мәтіндерінің жинағы, әр тақырып бойынша өзін-өзі тексеру материалдары, ағымдағы жұмыс түрлерін, рефераттарды және басқа да үй тапсырмаларын орындауға арналған тапсырмалар, еңбек сыйымдылығы мен әдебиеттері көрсетілуі тиіс.
Студенттің өзіндік жұмысы – бұл аудиториялық сабақтар мен аудиториядан тыс уақыттағы студенттің жеке танымдық қызметі. Өзіндік жұмыс негізгі және қосымша оқу материалын нәтижелі меңгеруге ықпал етеді. Бұл жұмыстың қажеттілігі кейбір тақырыптарды белгілі бір сағат санымен шектеумен байланысты емес, негізінен студентті өз бетімен ізденуге, алған білімдерін творчестволық тұрғыдан ұғынуға үйрету қажеттігімен байланысты.
Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (СОӨЖ) – оқытудың кредиттік жүйесінің аудиториялық сабақ түріндегі оқу жұмысының нысандарының бірі. СОӨЖ екі функцияны атқарады: кеңесшілік және бақылаушы. СОӨЖ – бұл студент пен оқытушының біріккен жұмысы, ол диалог түрінде жүргізіледі, мысалы, тренинг, пікірталас, іскерлік және дидактикалық ойындар, таныстыру, кейс құрастыру, жеке және топтық жобаларды жасау және т.б.
Соөж тапсырмаларын меңгеруге арналған оқу-әдістемелік материалдар
СОӨЖ 1. Кiрiспе. Саясаттану–ғылым.
Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша берілген тапсырмаларды студенттің орындауын бақылау және қандай мәселелерге назар аудару қажеттігі жөнінде кеңес беру, күрделі сұрақтарды түсіндіру.
Өткізу нысаны: әр тапсырманы ауызша тапсыру.
Саясаттанудың әдістері мен функциялары.
Саяси ғылымдардың және тәжірибенің байланысы.
Оқу-әдістемелік ұсыныстар: тақырыпты меңгеру үшін сұрақтарды қарастыру барысында саясаттанудың әдістері мен функцияларына, саясаттанудың теориялық және қолданбалы түрлеріне жете мән беру қажет.
Әдебиеттер: н-1 (71-79 б.); 9, 3-19 б.), қ-2 (3-5 б.)
Соөж 2. Қазақстан саяси ойларының тарихы.
Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша берілген тапсырмаларды студенттің орындауын бақылау және қандай мәселелерге назар аудару қажеттігі жөнінде кеңес беру, күрделі сұрақтарды түсіндіру.
Өткізу нысаны: әр тапсырманы ауызша тапсыру.
Ж.Баласағұни, Қорқыт ата, Қожа Ахмет Яссауидің көзқарастары.
Фольклор – қазақ халқының саяси ой-пікірлерінің қайнар көзі.
ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары.
ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси ойлар.
Қазіргі жағдайдағы Қазақстандағы саяси ой-пікірлердің ерекшеліктері мен негізгі бағыттары.
Оқу-әдістемелік ұсыныстар: тақырыпты меңгеру барысында қазақ даласындағы саяси ойлардың дамуының түрлі кезеңдеріндегі саяси ойшылдар мен қоғам қайраткерлерінің еңбектері мен ой-пікірлеріне баса назар аудару қажет.
Әдебиеттер: н-1 (71-79 б.); 9, (19-43 б), қ-2 (6-16 б.)
СОӨЖ 3. Саясат қоғамдық өмір жүйесінде.
Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша берілген тапсырмаларды студенттің орындауын бақылау және қандай мәселелерге назар аудару қажеттігі жөнінде кеңес беру, күрделі сұрақтарды түсіндіру.
Өткізу нысаны: әр тапсырманы ауызша тапсыру.
Саясат ұғымы және саясаттың пайда болуы.
Саясат элементтері, негізгі түрлері. Ішкі және сыртқы саясат.
Саясаттың функциялары. Саясаттағы мақсаттар мен құралдар.
Саясаттың, моральдің және құқықтың арақатынасы.
Оқу-әдістемелік ұсыныстар: тақырыпты меңгеру барысында саясат ұғымының анықтамасына, саясаттың құбылыс ретінде пайда болуына, оның элементтеріне, түрлеріне, функцияларына, саясат пен құқықтың, моральдың арақатынасына назар аудару қажет.
Әдебиеттер: н-2 (104-123 б.); 5 (20-30 б.); қ-2 (17-24 б.)
СОӨЖ 4. Билік саяси феномен ретінде.
Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша берілген тапсырмаларды студенттің орындауын бақылау және қандай мәселелерге назар аудару қажеттігі жөнінде кеңес беру, күрделі сұрақтарды түсіндіру.
Өткізу нысаны: әр тапсырманы ауызша тапсыру.
Саяси және мемлекеттік билік. Саяси билікті жүргізу түрлері.
Биліктің легитимдігі, жариялылығы, фетишизмі.
Билік және оппозиция, олардың ҚР-сындағы өзара әрекеті.
Оқу-әдістемелік ұсыныстар: тақырыпты меңгеру үшін биліктің түрлеріне, биліктің легитимдігіне, жариялылығына, фетишизміне, ресми билік пен оппозицияның қызметінің ерекшеліктеріне баса назар аудару.
Әдебиеттер: н-9 (45-60 б.); 12 (5-52 б.); 24 (12-18 б., қ-2 (25-33б.).
СОӨЖ 5. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар ұлт саясаты.
Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша берілген тапсырмаларды студенттің орындауын бақылау және қандай мәселелерге назар аудару қажеттігі жөнінде кеңес беру, күрделі сұрақтарды түсіндіру.
Өткізу нысаны: әр тапсырманы ауызша тапсыру.
Ұлттық-мемлекеттік құрылыс формалары: унитарлық, федерация, конфедерация.
Этносаралық келісімге жетудің Қазақстандық үлгісі.
Конфессиялар диалогы және Қазақстандық конфессияаралық келісім тәжірибесі.
Оқу-әдістемелік ұсыныстар: тақырыпты меңгеру үшін унитарлық, федерация, конфедерация ұғымдарына, олардың айырмашылықтарын анықтап, Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық келісім тәжірибесіне талдау жасау қажет.
Әдебиеттер: н- 9 (141-151 б.); 24 (33-38 б.), қ-2 (35-45 б.)
СОӨЖ 6. Қоғамның саяси жүйесі.
Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша берілген тапсырмаларды студенттің орындауын бақылау және қандай мәселелерге назар аудару қажеттігі жөнінде кеңес беру, күрделі сұрақтарды түсіндіру.
Өткізу нысаны: әр тапсырманы ауызша тапсыру.
Саяси жүйенің типологиясы және жіктеу өлшемдері.
М.Вебердің, Г.Аптердің, Г.Алмондтың жүйені типтерге бөлуі.
Саяси жүйе институттары. ҚР-сының саяси жүйесін реформалау мәселелері.
Оқу-әдістемелік ұсыныстар: тақырыпты меңгеру барысында саяси жүйенің типтерін анықтап, ҚР-сының саяси жүйесін реформалау мәселелеріне көңіл аудару қажет.
Әдебиеттер: н- 9 (141-151 б.); 24 (33-38 б.), қ-2, 35-45 б
СОӨЖ 7. Мемлекет және азаматтық қоғам.
Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша берілген тапсырмаларды студенттің орындауын бақылау және қандай мәселелерге назар аудару қажеттігі жөнінде кеңес беру, күрделі сұрақтарды түсіндіру.
Өткізу нысаны: әр тапсырманы ауызша тапсыру.
Құқықтық мемлекет ұғымы және оның ерекше белгілері.
Әлеуметтік мемлекет және оның эволюциясы.
Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру мәселелері.
Оқу-әдістемелік ұсыныстар: тақырыпты меңгеру үшін сұрақтарды қарастыру барысында құқықтық, әлеуметтік мемлекет ұғымдарына, олардың мәніне, ерекшеліктеріне және ҚР-сында құққытық мемлекетпен азаматтық қоғамды қалыптастыру мәселелеріне баса назар аудару қажет.
Әдебиеттер: н- (9, 84-93 б.); 12 (5-52 б.); 24, (60-68 б.), қ-2, (56-67 б.)
СОӨЖ 8. Саяси режимдер.
Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша берілген тапсырмаларды студенттің орындауын бақылау және қандай мәселелерге назар аудару қажеттігі жөнінде кеңес беру, күрделі сұрақтарды түсіндіру.
Өткізу нысаны: әр тапсырманы ауызша тапсыру.
Саяси режим ұғымы. Саяси режимнің типтері.
Тоталитаризм саяси феномен ретінде. Авторитаризм.
Демократия ұғымы. Қазіргі кезеңдегі демократияның дамуы мәселелері саясаттанудағы маңызды мәселелердің бірі.
Оқу-әдістемелік ұсыныстар: тақырыпты меңгеру үшін саяси режим ұғымына анықтама бере отырып, оның негізгі түрлеріне және олардың ерекшеліктеріне көңіл аудару қажет.
Әдебиеттер: н- 9 (45-60 б.); 12 (5-52 б.), 24 (12-18 б.)
СОӨЖ 9. Саяси процесс және саяси қызмет.
Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша берілген тапсырмаларды студенттің орындауын бақылау және қандай мәселелерге назар аудару қажеттігі жөнінде кеңес беру, күрделі сұрақтарды түсіндіру.
Өткізу нысаны: әр тапсырманы ауызша тапсыру.
Саяси процесс ұғымы, оның мәні және негізгі сипаттамасы.
Саяси процестің типологиясы. Сыртқы және ішкі саяси процестер.
Саяси қызмет, оның субъектілері мен объектілері.
Саяси мінез-құлық және оның формалары.
Оқу-әдістемелік ұсыныстар: сұрақтарды қарастыру барысында саяси процесс ұғымына, оның типтеріне, сонымен бірге саяси қызмет пен мінез-құлық түрлеріне көңіл аудару қажет.
Әдебиеттер: н-9 (191-211б.), 12(5-52б.); 24 (95-101 б.)
СОӨЖ 10. Саяси сана және саяси мәдениет.
Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша берілген тапсырмаларды студенттің орындауын бақылау және қандай мәселелерге назар аудару қажеттігі жөнінде кеңес беру, күрделі сұрақтарды түсіндіру.
Өткізу нысаны: әр тапсырманы ауызша тапсыру.
Саяси мәдениет ұғымы, функциялары және типологиясы.
Саяси әлеуметтену ұғымы.
Қазіргі ҚР-сындағы саяси мәдениеттің ерекшеліктері және әлеуметтену мәселелері.
Оқу-әдістемелік ұсыныстар: тақырыпты меңгеру барысында саяси сана, саяси мәдениет пен саяси әлеуметтену ұғымдарына анықтама бере отырып, ҚР-сындағы саяси мәдениеттің ерекшеліктеріне баса назар аудару қажет.
Әдебиеттер: н-9 (153-175 б.); 24 (82-94 б.); қ-2 (88-95 б.), 3 (49-54 б.).
СОӨЖ 11. Саяси элита және саяси көшбасшылық.
Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша берілген тапсырмаларды студенттің орындауын бақылау және қандай мәселелерге назар аудару қажеттігі жөнінде кеңес беру, күрделі сұрақтарды түсіндіру.
Өткізу нысаны: әр тапсырманы ауызша тапсыру.
Саяси көшбасшылық ұғымы, оның типологиясы.
Қазіргі Қазақстандағы саяси көшбасшылық институты және саяси элита.
Оқу-әдістемелік ұсыныстар: сұрақтарды қарастыру барысында саяси көшбасшылық ұғымына анықтама бере отырып, оның түрлерін анықтау, қазіргі Қазақстандағы саяси элита мәселелеріне тоқталу қажет.
Әдебиеттер: н-9 (117-128 б.); 24 (39-48 б.), қ-1 (55-65 б.).
СОӨЖ 12. Саяси технологиялар.
Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша берілген тапсырмаларды студенттің орындауын бақылау және қандай мәселелерге назар аудару қажеттігі жөнінде кеңес беру, күрделі сұрақтарды түсіндіру.
Өткізу нысаны: әр тапсырманы ауызша тапсыру.
Үгіт-насихат типті ақпараттық технологиялар. Паблик технологиялар (PR).
Сайлау жүйесі. Сайлау науқанының стратегиясы мен тактикасы.
ҚР-сының сайлау жүйесі.
Оқу-әдістемелік ұсыныстар: тақырыпты меңгеру үшін сұрақтарды қарастыру барысында саяси технологиялар ұғымына анықтама бере отырып, оның түрлерін, сайлау жүйесін және ҚР-сындағы сайлау жүйесінің ерекшеліктерін бөліп көрсету қажет.
Әдебиеттер: н-3 (64-82 б.); 9 (88-91 б.); 13, (5-52 б.); 24 (95-101 б.), қ-3 (55-65 б.).
СОӨЖ 13. Қазіргі заманғы жаһандық мәселелер.
Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша берілген тапсырмаларды студенттің орындауын бақылау және қандай мәселелерге назар аудару қажеттігі жөнінде кеңес беру, күрделі сұрақтарды түсіндіру.
Өткізу нысаны: әр тапсырманы ауызша тапсыру.
Қазіргі заманның жаһандық мәселелері ұғымы, олардың түрлері.
Жаһандық мәселелерді шешудегі халықаралық ынтымақтастық.
Қазіргі жаһандық мәселелер жүйесіндегі Қазақстан.
Оқу-әдістемелік ұсыныстар: тақырыпты меңгеру барысында адамзаттың жаһандық мәселелері ұғымына анықтама бере отырып, оның түрлерін анықтап, ҚР-сының оларды шешуге қосқан үлесін анықтау қажет.
Әдебиеттер: н-9 (212-231 б.); қ-2 (95-102 б.)
СОӨЖ 14. Саяси болжамдау.
Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша берілген тапсырмаларды студенттің орындауын бақылау және қандай мәселелерге назар аудару қажеттігі жөнінде кеңес беру, күрделі сұрақтарды түсіндіру.
Өткізу нысаны: әр тапсырманы ауызша тапсыру.
Саясаттануда ғылыми болжамдауды жасаудың әдістері мен құралдары.
Қазіргі Қазақстандағы саяси болжамдаудың жәйі және мәселелері.
Оқу-әдістемелік ұсыныстар: тақырыпты меңгеру үшін саяси болжамдау ұғымына анықтама бере отырып, оның әдістері мен құралдарына және ҚР-сындағы саяси болжамдау мәселелеріне баса назар аудару қажет.
Әдебиеттер: н-9 (212-231 б.), қ-2 (102-107 б.).
СОӨЖ 15. Егемен Қазақстанның саяси мәселелері.
Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша берілген тапсырмаларды студенттің орындауын бақылау және қандай мәселелерге назар аудару қажеттігі жөнінде кеңес беру, күрделі сұрақтарды түсіндіру.
Өткізу нысаны: әр тапсырманы ауызша тапсыру.
Ұлттық идеяны және мемлекеттік идеологияны жасаудың мәселелері.
Қазақстан Республикасында плюралистік демократияны қалыптастыру жолдары.
Оқу-әдістемелік ұсыныстар: тақырыпты меңгеру үшін мемлекеттік идеология, ҚР-сында плюралистік демократияны қалыптастыру мәселелеріне назар аудару қажет.
Әдебиеттер: н-9 (225-231 б.); қ-2 (106-112 б.).
Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) реферат, кейс, кроссворд шешу, жазба жұмыстарын орындау және т.б. үй тапсырмаларын орындауды қамтиды.
Рефератты дайындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.
Жоғарғы оқу орнында реферат жұмысын жазу теориялық білімді терең меңгеріп, берілген тапсырманы жан-жақты талдап зерделеуге бағытталған. Реферат жазу – студентке ақпараттар ағымын еркін меңгеріп, қажетті мағлұматтарды жинақтауға, материалдарды іріктеуге, кәсіби ойлауға, ғылыми-ізденушілік жұмыстың алғашқы дағдыларын қалыптастырады.
Реферат – студенттің өзіндік жұмысының бір түрі ретінде қарастырылады.
Реферат жұмысын дайындауды жоспар құрудан бастау қажет. Жұмыс барысында сізге қандай мәселелерді, қандай жүйелілікпен қарастыру қажет, соны анықтап алыңыз. Бұл рефераттың нақты жоспарын құруға көмектеседі.
Рефератты дайындаудағы маңызды кезең – таңдап алынған тақырып бойынша әдебиеттерді зерделеу. Дайындық барысында түрлі әдебиеттер қолданылады: хрестоматия, ғылыми еңбектер, журналдардағы, орталық және жергілікті газеттердегі басылымдар. Пәндік каталогтан тақырыбыңыз бойынша негізгі әдебиеттерді: құжаттық жинақтар, кейбір авторлардың жұмыстары, оның ішінде монографиялық зерттеулерді анықтап алыңыз. Алфавиттік каталог бойынша осы авторлардың басқа да еңбектерінің атауларымен танысыңыз, олардың кейбіреулері сізге керек болуы мүмкін. Таңдап алған кітаптарыңызды оқи отырып, авторлардың жасаған сілтемелеріне назар аударыңыз, себебі олар сізге тақырыппен толығырақ танысқан кезде қажет болуы мүмкін. Керек деген материалдарды кейін жүйелеп, өңдеу барысында ыңғайлы болу үшін арнайы беттерге, карточкаларға көшіріп жазып алыңыз.
Реферат жұмысының жазылуы және рәсімделуі. Реферат А4 форматындағы ақ бет қағаздарға жазылады. Реферат жұмысы 20 бет көлемінде болып, компьютермен теріледі. Мәтін сол жақтан жиек қалдырылып, қағаздың бір жағында14 шрифтпен, бір интервалмен жазылады. Жұмыстың әр бетінің жиектері: сол жағы – 3 см, оң жағы – 1 см, жоғарғы жағы – 2 см, төменгі жағы – 2,5 см. Жұмыстың әр беті нөмірленеді. Нөмір беттің төменгі жағының ортасына қойылады. Рефераттың құрылымы мынадай ретпен орналастырылады:
Титулды (сыртқы немесе алғашқы) беті;
Мазмұны (жоспары);
Негізгі бөлім (рефератты мәтіндік баяндау, жоспарда көрсетілген тараулар мен параграфтар (егер бар болса) ретімен;
Әдебиеттер тізімі (авторлардың аты-жөні алфавиттік рет бойынша);
Қосымшалар (жұмыста пайданылған таблица, сызбалар, деректер және т.б.).
Реферат титулды (алғашқы немесе сыртқы беті) бетпен ашылады (1-ші бет), онда министрліктің, оқу орнының атауы, институттың аты, реферат жұмысына жетекшілік жасайтын кафедраның аты, студенттің оқу тобы, жұмыстың тақырыбы, қай пәннен жазылғандығы, студенттің фамилиясы, аты-жөні, ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, атағы, фамилиясы, аты-жөні, реферат жазылған қала мен жылы жазылады.
Титулды беттен кейін рефераттың мазмұны (жоспары – 2-ші бет) жазылады, онда кіріспе, әр тараудың аты, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымшалар (егер бар болса) көрсетіледі.
Келесі беттерге кіріспе (3-4 бет) жазылады. Кіріспеде жұмыстың маңызы, өзектілігі, қойылған міндеттері, тақырып бойынша әдебиеттерге қысқаша шолу көрсетіледі. Кіріспе жұмыстың 10 пайызын қамтуы тиіс (егер жұмыс 20 беттен тұрса, онда кіріспе 2 бетті құрайды). Кіріспе деген сөздің өзі, тараулар мен параграфтардың аттары (1.1, 1.2, 2.1 т.б), қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалар деген сөздердің барлығы қызыл жолдан бастап жазылады.
Негізгі бөлім 5-ші беттен бастап жазылады. Негізгі бөлім (2-4 тараудан тұрады), әр тарау жаңа беттен басталуы тиіс, мәтіннің басында тарау және оның аты көрсетілуі тиіс. Тараудың аты мен мәтіннің арасында 1 интервал қалдырылады. Тақырыптың мазмұнын ашуда мәтінде логикалық, жүйелі түрде жазу қажет. Авторлардың пікірлерін келтіргенде, оларды тырнақшаға алып, олардың үстіне реттік нөмірлері қойылады, ал төменгі жағына олар сілтемелер түрінде келтірілуі тиіс: автордың фамилиясы, аты-жөні, еңбегінің аты, шыққан жылы, пікірінің алынған беті. Тараудың соңғы бетіндегі мәтін беттің жартысына жетуі немесе одан асуы тиіс, сонда ғана ол бетке есептеледі, ал егер бұл талап орындалмаса, ол бет есепке алынбайды.
Қорытындыда студент әр тарау бойынша жалпы қорытынды пікірлерін жазуы тиіс. Қорытындының көлемі жұмыстың 5 пайызын (1 бет) құрайды.
Әдебиеттер тізімін (библиографияны) жасақтауда реферат жұмысын жазу барысында пайдаланған деректер мен еңбектер көрсетіледі. Әдебиеттер авторлардың аты-жөнінің және кітаптың атауының (егер авторы болмай, кітап редакциямен шығарылған болса) алфавиттік реті бойынша беріледі. Библиография рефератты жазу барысында пайданылған әдебиеттерді ғана қамтуы тиіс.
Қосымшалар (тақырыптың мазмұнына сай кестелер, сызбалар, деректер, таблицалар, диаграмма және т.б.) жұмыстың ең соңғы беттеріне жалғанады. Ол беттер нөмірленбейді. Келтірілген қосымшалардың астына олардың атауы және қандай деректен алынғандығы жазылады.
Реферат жазуда қолданылған барлық материал мазмұнына сәйкес болуы тиіс, тақырыпқа қатысы жоқ артық мәліметтер мен материалдарды жазу қажет емес.
Реферат жұмысын орындаудың соңғы кезеңі оны қорғап, ауызша тапсыру болып табылады.
Реферат жұмыстарының тақырыптары.
Реферат жұмысының тақырыптары он нұсқаға бөлінген. Нұсқаның номері сынақ кітапшасының соңғы номеріне сәйкес келуі және әр нұсқа бойынша берілген бес тақырыптың біреуі ғана таңдалуы тиіс. Топ бойынша таңдалған тақырыпты екінші студент қайталамауы тиіс. Реферат жұмысы 20 бет көлемінде болып, А4 форматында орындалып, ауызша қорғалуы тиіс.
1-нұсқаның тақырыптары:
Саясаттанудың әлеуметтік-гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны.
Орта ғасырлық Шығыстағы саяси ойлар: Әл-Фараби, Низами, Ә.Науаи.
Қазақстанда саяси ойлардың қалыптасуы мен дамуы.
Қазақстан қоғамын, саяси жүйені реформалау жағдайындағы салыстырмалы саясаттанудың ролі.
Салыстырмалы саясаттану.
2-нұсқаның тақырыптары:
Саясат өнер ретінде.
Мемлекеттік билік саяси биліктің жоғары формасы ретінде.
Саяси биліктің легитимдік типтері.
Қазақстандағы оппозицияның дамуы.
Ұлт саясаты мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлімі ретінде.
3-нұсқаның тақырыптары:
Қазақстан халықтары Ассамблеясы жүйелі қоғамдық-саяси институт ретінде.
Қазақстан көп конфессиялы қоғам ретінде.
Қазақстандық конфессияаралық келісім тәжірибесі.
Қазіргі заманғы саяси жүйелер.
Саяси жүйе институттары. ҚР-сының саяси жүйесін реформалау мәселелері.
4-нұсқаның тақырыптары:
Мемлекеттің мәні және оның шығуы.
Мемлекеттің белгілері, оның функциялары мен мақсаттары.
Мемлекеттік жүйелердің типологиясы.
Қазіргі мемлекет және оның ерекше белгілері.
Құқықтық мемлекет және оның негізгі белгілері.
5-нұсқаның тақырыптары:
Азаматтық қоғам идеяларының пайда болуы мен дамуы.
Әлеуметтік мемлекеттің функциялары.
Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру мәселелері.
Мүдделі топтар: ұғымы, функциялары, типологиясы.
Қысымшы топтар. Лоббизм саяси феномен ретінде.
6-нұсқаның тақырыптары:
Қазақстандық демократия моделінің ерекшеліктері.
Саяси партиялар генезисінің кезеңдері: аристократиялық үйірмелер, саяси клубтар, бұқаралық партиялар.
Партиялардың типологиясы.
Партияларды типтеудің өлшемдері (критерийлері).
Бірпартиялық, екіпартиялық, көппартиялық жүйелер.
7-нұсқаның тақырыптары:
Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар. Қазақстан қоғамының саяси өміріндегі қоғамдық қозғалыстардың орны мен ролі.
Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелері.
Қазіргі заманғы Қазақстандағы көппартиялықтың жағдайы мен даму болашағы.
Тоталитаризм, оның негізгі типтері мен түрлері.
Тоталитарлық режимнің саяси тәжірибесі.
8-нұсқаның тақырыптары:
Авторитаризм саяси режим формасы ретінде.
Демократияның жалпылық принциптері мен институттары.
Саяси жаңалау ұғымы. Қазақстандағы демократияландыру мен саяси жаңалау мәселелері.
Саяси мәдениет тұжырымдамалары.
Саяси әлеуметтену ұғымы. Қазіргі Қазақстан Републикасындағы саяси мәдениеттің ерекшеліктері және саяси әлеуметтену мәселелері.
9-нұсқаның тақырыптары:
Қазіргі элита теориялары.
Бюрократизм саяси феномен ретінде.
Элиталар мен көшбасшылар саясаттың субъектілері ретінде.
Қазіргі заманғы Қазақстандағы элитаның дамуы мен қалыптасуының негізгі үрдісі.
Саяси технологиялар саясаттанудың ажырамас бөлімі ретінде.
10-нұсқаның тақырыптары:
Қазақстандағы сайлау жүйесінің ерекшеліктері.
Халықаралық қақтығыстардың себептері, олардың түрлері, салдарлары, ескерту және шешу тәсілдері.
Адамзаттың ХХІ ғасырдағы әлеуметтік-саяси дамуының болжамы.
Саяси болжамдаудың мақсаты, объективтік негізі және негізгі міндеттері.
Қазақстан қоғамының қазіргі даму кезеңіндегі саяси жаңарудың ерекшеліктері.
Рефераттың титулды бетінің үлгісі
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ш. Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
Жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық дайындық факультеті
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
Саясаттану пәнінен
