- •Пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы (поәк)
- •Пәннің типтік оқу бағдарламасы саясаттану
- •2. Пәнді оқыту бағдарламасы – силлабус
- •Силлабус
- •Оқытушы туралы мәліметтер:
- •Пән туралы мәліметтер:
- •6. Студенттің білімін бағалау туралы ақпарат.
- •7.Курстың саясаты және процедурасы.
- •8. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •8.1 Курстың тақырыптық жоспары.
- •9. Жұмыстық оқу жоспарында бұл пәннен курстық жұмыс қарастырылмаған.
- •10. Сөж, соөж тапсырмалары және оларды орындау графигі
- •11. Аралық және қорытынды бақылау тапсырмалары.
- •12. Әдебиеттер тізімі.
- •3. Дәрістік кешен Дәріс 1. Кіріспе. Саясаттану – ғылым.
- •Дәріс 2. Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы.
- •Дәріс 3. Саясат қоғамдық өмір жүйесінде. Салыстырмалы саясаттану.
- •Дәріс 4. Билік саяси феномен ретінде.
- •Дәріс 5. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты.
- •Дәріс 6. Қоғамның саяси жүйесі.
- •Дәріс 7. Мемлекет және азаматтық қоғам.
- •Дәріс 8. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар.
- •Дәріс 9. Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару.
- •Дәріс 10. Саяси сана және саяси мәдениет.
- •Дәріс 11. Саяси элита және саяси көшбасшылық.
- •Дәріс 12. Саяси технологиялар.
- •Дәріс 13. Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар.
- •Дәріс 14. Саяси болжамдау.
- •Дәріс 15. Егемен Қазақстанның саяси мәселелері.
- •4. Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік нұсқаулар.
- •5. Типтік есептеулер, есептеу-графикалық, зертханалық жұмыстарды, курстық жобаларды (жұмыстарды) орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар.
- •Соөж тапсырмаларын меңгеруге арналған оқу-әдістемелік материалдар
- •Соөж 2. Қазақстан саяси ойларының тарихы.
- •Реферат
- •«Саясаттану» пәнінен тест сұрақтары
- •Тест тапсырмалары
- •10. Арнайы аудиториялардың, кабинеттер мен зертханалардың тізімі.
4. Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік нұсқаулар.
«Саясаттану» - барлық бағыттағы мамандықтар бойынша оқитын студенттерге арналған жалпыміндетті, теориялық-қолданбалы пән болып табылады.
Саясаттану курсының негізгі мақсаты студенттерге саяси өнер саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын ұялату, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасынды ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету. «Саясаттану» пәнін оқып білу студенттердің саяси дүниетанымы саяси мәдниетін қалыптасутыруға бағытталған, олардың Қазақтан Респуликасы алдында міндеттерді шешуге белсенді қатысуына септігін тегізеді. Курстың міндеттері студентерді Қазақстандағы және одан тыс жерлерде жүріп жатқан саяси процестерді ұғынуға және еркін бағдарлай алу ептілігіне тәбиелеу.
Пәнді меңгеру процесі саясат пен саяси құбылыстар теориясының толық жүйесіне қол жеткізуді және аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарды қамтиды. Пәнді оқып-үйрену дәрістік курсты дәйекті түрде меңгеруді, тәжірибелік сабақтарға және өзіндік жұмыстарға творчестволық тұрғыдан қарауды талап етеді. Дәрістік курста пәннің басты тақырыптары қарастырылады, курстың маңызды мәселелеріне талдау жасалады. Практикалық сабақтарда студенттер алған білімдері мен творчестволық және өзіндік жұмыстарының нәтижесінде семинарға берілген мәселелер мен сұрақтарға жауап беруге, білімдерін қолдануға тырысады. Бұл студенттің пікірталастарға белсене қатысуы, талқыланатын мәселелерге баса назар аудара отырып меңгеру, қажетті деректерді творчестволық тұрғыдан және үлкен мән бере зерделеу нәтижесінде мүмкін болады. Материалдардың бір бөлігін студенттің өз бетімен меңгеруі қажет екендігіне атап айтамыз. Пәннің ұғымдық аппаратына ерекше көңіл аудару қажет. Материалды зерделей отырып, әр тақырыптың басты ұғымдары мен терминдерін анықтап, түсіну қажет.
Оқытудың белсенді нысандарының бірі дәрістік курс болып табылады. Мұнда мына мәселелерге көңіл аудару қажет.
Біріншіден, оқытушының дәрісі пәннің авторлық курсы болып табылады, сондықтан ол белгілі бір оқулықтың немесе оқу құралының материалын сол күйінде қайталап айту емес. Өз педагогикалық және ғылыми тәжірибесіне сүйенген дәріскер пәнді зерделеуде мәселені қоя білу тұрғысынан келіп, пәннің барынша маңызды және басты сұрақтарын ұсынады.
Екіншіден, дәрістер мен семинарлардың тақырыптары байланыстырылып ұсынылады. Бұл студеттің семинар сабақтарына творчестволық тұрғыдан дайындалып, лекциядағы және студенттік аудиториядағы пікірталас сұрақтарын нақтырақ меңгеруге ықпал етеді.
Үшіншіден, студентке дәрістегі барлық оқылған материалдарды түгелдей қалдырмай жазып отыруға ұмтылу қажет емес. Конспект жасай білу дағдысын меңгеру дәріскердің мәтініндегі негізгі идеяларды, ережелерді, жинақтау мен қорытындыларды бөліп ала білуді қажет етеді. Дәрістегі жазбаларды кейін өзіндік жұмыс барысында деректер мен әдебиеттерден алған қосымша материалдармен толықтырып отыру қажет, оларды семинар сабақтары және одан кейінгі зерделеу барысында пайдалану студенттің өзіндік творче стволық жұмысына ынталандыруы тиіс.
Төртіншіден, барынша творчестволық табысты дәріс болып дәріскер мен аудитория арасында байланыс орнатылған дәріс саналады. Осыған байланысты ұсынылып отырған материалға студенттердің қатынасы ретінде, мысалы, оқытушыға жазбаша және ауызша түрде қойылған сұрақтарды айтуға болады. Мұнда жазбаша түрдегі сұрақтарды студенттер дәріс барысында берулеріне болатындығын, ал ауызша сұрақтар мен ескертулерді сабақ барысына кедергі жасамау үшін сабақтың басында немесе сабақтың соңында берулеріне болатындығын ескертеміз.
Бесіншіден, дәріскер ұсынған пікір студенттерді мәселе бойынша ой салып, өз пікірінің қалыптасуына ынталандыруы тиіс. Студент оқытушы ұсынған сұрақтың қойылуымен келіспейтін жағдайлар да болуы мүмкін. Мұндай жағдайда ғылыми пікірталас белгілі бір аргументтерге сүйенген көзқарастар мен позициялардың болуын қажет етеді.
Тәжірибелік (семинар) сабақтары – «Саясаттану» пәні курсы бойынша оқу процесінің маңызды нысандарының бірі. Семинарға түйінді, барынша маңызды және күрделі сұрақтар шығарылады, оларды білмей саясаттану теориясында белгілі бір бағыт-бағдар ұстау мүмкін емес.
Курсты меңгерудің басты шарты студенттердің белсенді өзіндік жұмыстары және әрбір семинар сабағына мұқият дайыналу болып табылады. Осылайша ғана творчестволық жұмыс жасау дағдылары меңгеріледі және алынған білімдер бекітіледі. Семинардың нысандары – пікірталастар, талқылау, дөңгелек үстел және т.б. – бұлар студенттердің білім дәрежесіне және дайындығына байланысты оқытушының таңдауымен анықталады. Кейбір тақырыптарды зерделеу нысандары бойынша студенттер өз ұсыныстарын да ұсына алады.
Жоғарғы оқу орындарында семинардың өткізілуі тек қана сұрақ-жауап әдісін ғана емес, сонымен бірге студенттің барынша өзекті, маңызды мәселелерді өз бетімен және творчестволық тұрғыдан талқылауын, студенттердің өз бетінше ойлау қабілетін дамытуды, ақпаратттарды талдап, қорытуын ұсынады.
Дәрістік курсты, пән бойынша оқулықтардың негізгі ережелерін және терминдерді білу оқытушы мен студенттің семинардағы табысты қарым-қатынас жасауының қажетті шарты болып табылады.
СОӨЖ – оқу жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады және алған білімдері мен дағдыларын бекіту мен тереңдету, жаңа білімдерді іздеу мен меңгеруді, сонымен қатар оқу тапсырмаларын орындауды, емтихандарға дайындалуды мақсат етеді. Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (СОӨЖ) оқу сабақтарының бір түрі болып табылады және оқу сабақтарының басқа түрлерімен логикалық өзара байланыста болуы тиіс.
СОӨЖ-на ұсынылатын материал мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
берілген тақырып бойынша қажетті әдебиеттердің, оқу құралдарының, оқу-әдістемелік материалдардың жеткілікті мөлшерде болуы мұндай сабақтардың табысты жүргізілуінің маңызды және міндетті шарты болып табылады;
дәрісте алған білімдерді тереңдететін білімдер мен мәліметтерді қамтуы тиіс;
мүмкіндігінше жаңа ұғымдар енгізбей, меңгерілген ұғымдар мен анықтамаларды кеңейтуі тиіс;
күрделі, әлі толық шешілмеген сұрақтарды қамтуы тиіс;
тереңдетілген, дәйекті жұмысты және ойлануды талап етуі тиіс.
СОӨЖ-ын өткізу нысандары: берілген тапсырмалар бойынша оқу материалын қарастыру, олардың әрқайсысын қысқаша түрде талқылау және қорытындыларды шығару.
Студенттің өзіндік жұмысы – бұл аудиториялық сабақтар мен аудиториядан тыс уақыттағы студенттің жеке танымдық қызметі. Өзіндік жұмыс негізгі және қосымша оқу материалын нәтижелі меңгеруге ықпал етеді. Бұл жұмыстың қажеттілігі кейбір тақырыптарды белгілі бір сағат санымен шектеумен байланысты емес, негізінен студентті өз бетімен ізденуге, алған білімдерін творчестволық тұрғыдан ұғынуға үйрету қажеттігімен байланысты. Реферат жұмысы – студенттің өзіндік жұмысының бір түрі ретінде қарастырылады. Жоғарғы оқу орнында реферат жұмысын жазу теориялық білімді терең меңгеріп, берілген тапсырманы жан-жақты талдап зерделеуге бағытталған. Реферат жазу – студентке ақпараттар ағымын еркін меңгеріп, қажетті мағлұматтарды жинақтауға, материалдарды іріктеуге, кәсіби ойлауға, ғылыми-ізденушілік жұмыстың алғашқы дағдыларын қалыптастырады.
