Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dlya_studentov_2013_UMKD_po_politologii_dlya_oc...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

Дәріс 15. Егемен Қазақстанның саяси мәселелері.

Дәріс мақсаты: Қазақстан Республикасы – зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет және халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде қарастыра отырып, елімізде егемендік пен демократияның қалыптасуының мәселелері мен қиыншылықтарына және жолдарына тоқталу.

Басты ұғымдар: зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет, халықаралық қатынастардың субъектісі, егемендік.

  1. Қазақстан Республикасы – зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет және халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде.

  2. Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері: мәселелері мен қиыншылықтары.

  3. Қазақстан Республикасында плюралистік демократияны қалыптастыру жолдары.

Қазақстан Республикасы – зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет және халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде. Қазіргі Қазақстан немесе Қазақстан Республикасы дегенде, ең алдымен қазақ халқының тәуелсіз егеменді ұлттық мемлекеттің қалыптасуын ұғыну қажет.

Қазақстан тарихында жетпіс жылға созылған қоғамдық қозғалыс, саяси-әлеуметтік үрдіс қазақ ұлтының жас егеменді мемлекетін дүниеге әкелді. Қазақстанның болашақ мемлекеттілігінің сипаттары ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басында қалыптасты. КСРО-ның ыдырауы мемлекеттіліктің жаңадан жандандырылуы және заңдандырылуының жан-жақты күрделі процестеріне ұласты.

1990 жылдың 25 қазанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Декларация Қазақстанда тұратын халықтарды топтастыру мен олардың достығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп белгіледі. Ізгілікті демократиялық құқықтық мемлекетті құруға бел байланды. 1991 жылдың 16-шы желтоқсанында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсізідігі туралы» Конституциялық Заң қабылданды. Осы Заң бойынша Қазақстан Республикасының өз аумағында өкімет билігін толық иеленетіндігі, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізетіндігі белгіленді. Аталған Заң республиканың жаңа Конституциясын әзірлеуге негіз болды.

Жас егеменді мемлекеттің мемлекеттік-саяси құрылымы 90-шы жылдардың бірінші жартысында қалыптасты. 1993 жылы 28 қаңтарда република Жоғары Кеңесі құқықтық мемлекет құрудың іргетасы, оның мемлекеттілігінің, тәуелсізідігін қамтамасыз етудің, экономикалық, мәдени және ғылыми-техникалық прогресс жолымен алға баса беруінің кепілі болып табылатын тәуелсіз Қазақстанның Конституциясын қабылдады. 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум нәтижесінде жаңа Конституция қабылданды.

Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік, мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандығы.

Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазаұстандық патриотизм, мемлекет әмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентке дауыс беру арқылы шешу» деп көрсеткен (Жалпы ережелер, 1-бап).

Қазақстан Республикасының егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Қазақстан Республикасында билікті ешкім иемденіп кете алмайды. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.

«Қазақстан халқы» деген конституциялық ұғым жергілікті қазақ ұлтымен тарихи тағдыры бір және ежелгі қазақ жерінде тұрақты дамыған көп сатылы біртұтас экономика мен жарқын өмір салтының негізінде ортақ тілекпен топтасқан адамдардың саяси этностық бірлігі болып табылатын Қазақстан халқының әлеуметтік ерекшелігін; Конституциялық жолмен белгіленген ұлттық, кәсіптік және азаматтық теңдігін, тең қолданылатын мемлекеттік және ресми тілдерді – сан қырлы қазақстандық мәдениет пен туысқандық менталитетті барынша нығайта түседі.

Қазақстан Республикасы – демократиялық мемлекет. Біздің Республикамыздың жағдайында демократиялық мемлекет – ең алдымен Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламентті сайлайды, өкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға халықты құрылтайшылар арқылы қатыстырады. Басқару тәртібінің нысанына (президенттік, парламенттік) қарамастан, мемлекеттің жоғарғы органдары арқылы көпшіліктің еркін анықтауға және барынша жүйелі қорғауға қажетті жағдайлар жасайды.

Сонымен қатар демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа ерекшеліктеріне қарамастан жекелеген азаматтардың өз мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндік береді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сөз, ар-ождан бостандығы, тілі мен ұлтын өзі анықтауын қамтамасыз ете оытырп, бірлесу, митингілер, демонстрациялар, шерулер өткізу, ереуілгі шығу құқығымен қоса, жекелей және ұжымдық, еңбек дауын шешу, сондай-ақ мемлекеттік қызметке араласып, мемлекеттік, тағы басқа да істерді басқару қызметіне қатысуға ең құқықтар берңледі.

Демократиялық мемлекеттің сипаттық ерекшелігі республика азаматтарының мемлекеттік қызметке араласуын ретке келтіру болып табылады. Мемлекеттік қызмет институтын реттеу 1995 жылғы конституцияда қарастырылды.

Демократиялық мемлекет ретіндегі Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі – қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық. Демократиялық мемлекет саяси тәртіп жүргізудің демократиялық тәсілдері мен әдістерін көбірек қолданады.

Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет. Бұл ұғым Қазақстандағы діни мекемелер мен діннің мемлекеттен ажыратылғандығын білдіреді. Қазақстандағы ислам мен православиелік, тағы да басқа нанымдық ағымдардың ісіне мемлекет араласпайтындығын білдіреді. Діни негізде партия құруға жол берілмейді. Мемлекет органдары қағидалық заң негізінде емес, Конституция негізінде құрылып, жұмыс істейді.

Сонымен бірге әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар, оны жүзеге асыру мемлекет алдындағы міндет. Наным немесе атеизм мәселесі - әркімнің өзіндік ұстанымы.

Елдегі дін қабылдау бостандығы мен діни бірлестіктердің жқмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлекет белгілеп, бақылайды. Қазақстан аумағында шетелдік діни бірлестіктердің жұмыс істеуі, ол орталықтардың Ресрубликадағы діни бірлестік жетекшілерін тағайындауы тек тиісті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша ғана асырылуы мүмкін. Қазақстан – құқықтық мемлекет. Қазақстан Республикасының Конституциясы – құқықтық мемлекеттің бастауы әрі шарты. Оның негізгі принциптері: азаматтар үшін – «заңмен тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі», мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар үшін – «заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұқсат» болып табылады.

Құқықтық мемлекет жұртшылық пен мемлекеттік лауазым иелерінің құқықтық мәдениетін арттыруды, барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттілікті жоғары дәрежеге көтеруді ғана мақсат тұтады. Құқықтық мемлекеттің сапалық белгісі – адам және азамат құқығы мен бостандығына халықаралық өлшем деңгейінде кепілідік беру болып табылады. Сот билігінің тәуелсіздігі мемлекет пен азаматтың өзара қатынасының дәйекті жүргізілетініне кепілдік бере алады. Конституция нормаларында атаған белгілер айқын көрініс тапқан.

Қазақстан - әлеуметтік мемлекет. Конституцияда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет болуымен қатар, әлеуметтік мемлекет болып табылады. Әлеуметтік мемлекет жекелеген топтарға немесе ұлыстарға емес, тұтас қоғам мен азаматтарға қызмет етеді. Ол мемлекеттік қор есебінен барлық азаматтарға мүмкіндігінше игіліктер көрсетіп, қоғамдағы ауыртпалықтарды теңдей бөлу жолымен әлеуметтік теңсіздікті болдырмауға әрекет етеді. Мемлекеттің әлеуметтік сипатын Республика Конституциясында көрсетілгендей, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және жағдайы төмен отбасыларына көмектесу сияқты шаралардан көруге болады. Әлеуметтік мемлекет азаматтың ең төменгі күнкөріс қажеті мен өмір сүрудің лайықты жағдайларын жасауды талап ету құқығын мойындады. Бұған денсаулық пен адам өміріндегі қауіпсіздік мәселелері де кіреді. Бұл шараларды әлеуметтік мемлекет жалпы және мақсатты әлеуметтік бағдарламалар арқылы жүзеге асырады. Қоғам мен азаматтардың нақты бір категориялардың мүддесі үшін күрделі экономикалық жоспарлауға және бюджеттік қаржыландыруға және бюджеттік қаржыландыруға жүгінеді.

Әлеуметтік мемлекет нақтылы экономикалық мүмкіндіктерге сай әлеуметтік қамқорлықтарды өз міндетіне алады және азаматтардың еңбек пен кәсіпкерлік белсенділігінің төмендеп, теңгермелік көңіл-күйдің болуына жол бермейді. Сондықтан Қазақстан Республикасы Конституциясының екінші бөлімінде азаматтың құқығы, бостандығын және міндетін бекіте отырып, жеке адамның өмірін және еркін жетілуін қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті емес, алдымен оның өзінің санасы мен ерік-жігерінің ісі екендігін атап көрсетеді. Әлеуметтік мемлекет бірінші кезекте жеке бастамалар мен қоғамдағы экономикалық еркіндік үшін қажетті жағдайлар туғызуға міндетті. Осы жағдайлар арқылы «бүкіл халықтың игілін көздейтін экономикалық даму» үйлестіріледі.

Бұрынғы Кеңес Одағы кезінде Қазақстанның Сыртқы істер министрілігі негізінен дығхаттамалық қызметпен шектеліп, сыртқы саясат мәселелерін ол үшін орталық шешетін.

Қазақстанның сыртқы саясаты – мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің саласы, ол егеменділікті нығайтуға, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік пен аумақтық тұтастықты қамтамасыз етуге бағытталған. 1991 жылдан бастап егеменді Қазақстан өзін әлемдік саяси және экономикалық кеңістікте белсенді әрекет ететін халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретінде жариялады. 1990 жылы Қазақстанның егемендік алуы мен 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі болуы және басқа да халықаралық ұйымдарға кіруі нәтижесінде мемлекеттің егеменділігі, тәуелсіздігі халықаралық-құқықтық жағынан мойындалды. Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағыты ұлттық мүдделерге негізделген.

Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздік қауымдастыққа енуіне, республика ішіндегі және өсіңкі экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес, саяси құралдарға сүйенген дипломатияны қолдануды мақсат етіп отыр. Ол халықаралық байланыстардың негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен тиімді саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Қазақстан Республикасы егемендігі мен тәуелсіздігінің даталарын атаңыз.

  2. ҚР – зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет және халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде дегенді қалай түсінесіз?

  3. Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдерінің қандай мәселелері мен қиыншылықтары бар?

  4. Қазақстан Республикасында плюралистік демократияны қалыптастыру жолдары қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер: негізгі-9 (225-231б.); қосымша-2 (111-116б.).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]