
- •Пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы (поәк)
- •Пәннің типтік оқу бағдарламасы саясаттану
- •2. Пәнді оқыту бағдарламасы – силлабус
- •Силлабус
- •Оқытушы туралы мәліметтер:
- •Пән туралы мәліметтер:
- •6. Студенттің білімін бағалау туралы ақпарат.
- •7.Курстың саясаты және процедурасы.
- •8. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •8.1 Курстың тақырыптық жоспары.
- •9. Жұмыстық оқу жоспарында бұл пәннен курстық жұмыс қарастырылмаған.
- •10. Сөж, соөж тапсырмалары және оларды орындау графигі
- •11. Аралық және қорытынды бақылау тапсырмалары.
- •12. Әдебиеттер тізімі.
- •3. Дәрістік кешен Дәріс 1. Кіріспе. Саясаттану – ғылым.
- •Дәріс 2. Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы.
- •Дәріс 3. Саясат қоғамдық өмір жүйесінде. Салыстырмалы саясаттану.
- •Дәріс 4. Билік саяси феномен ретінде.
- •Дәріс 5. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты.
- •Дәріс 6. Қоғамның саяси жүйесі.
- •Дәріс 7. Мемлекет және азаматтық қоғам.
- •Дәріс 8. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар.
- •Дәріс 9. Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару.
- •Дәріс 10. Саяси сана және саяси мәдениет.
- •Дәріс 11. Саяси элита және саяси көшбасшылық.
- •Дәріс 12. Саяси технологиялар.
- •Дәріс 13. Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар.
- •Дәріс 14. Саяси болжамдау.
- •Дәріс 15. Егемен Қазақстанның саяси мәселелері.
- •4. Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік нұсқаулар.
- •5. Типтік есептеулер, есептеу-графикалық, зертханалық жұмыстарды, курстық жобаларды (жұмыстарды) орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар.
- •Соөж тапсырмаларын меңгеруге арналған оқу-әдістемелік материалдар
- •Соөж 2. Қазақстан саяси ойларының тарихы.
- •Реферат
- •«Саясаттану» пәнінен тест сұрақтары
- •Тест тапсырмалары
- •10. Арнайы аудиториялардың, кабинеттер мен зертханалардың тізімі.
Дәріс 9. Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару.
Дәріс мақсаты: Құбылыс ретіндегі демократияның түсінігін, ерекше белгілерін, құндылықтарын, түрлерін, ежелгі дәуір мен орта ғасырлардағы демократияның нысандарын қарастыра отырып, қазіргі заманғы демократияның түрлі теорияларына, олардың басым және әлсіз жақтарына, қазіргі заманда демократияға өтудің алғы шарттары мен жолдарына, демократияландырудың үлгілеріне, постсоциалистік елдердің демократияға өту мәселелеріне тоқталу.
Басты ұғымдар: демократия, полиархия, демократия теориялары, охлократия, ұжымдық демократия, классикалық демократия, плебсцитарлық демократия, репрезентативті демократия, саяси жаңару, саяси даму, модернизация.
Демократияның тарихи формалары, түрлері.
Демократия теориялары.
Саяси жаңалау ұғымы. Қазақстандағы демократияландыру мен саяси жаңалау мәселелері.
1.Демократиның тарихи формалары, түрлері. Саясаттануда демократия – ең жиі қолданылатын ұғымдардың бірі. Саяси ойлар тарихында демократия сөзі ежелгі сөздердің қатарына жатады. Демократияның тарихи генезисі ұзақ жолдардан өтті, ол құбылыс ретінде дағдарысты, құлдырауды, жаңаруды, басынан кешірді, бұл процесс көп қырлы және қарама-қайшылықты болды. Бұл генезис бүгінде аяқталған жоқ. Қазіргі кезеңде дүние жүзінде бірде-бір саяси жүйе демократия мұраттарын (идеалын) толық бейнелей алмайды.
Қазіргі кезеңде демократия мәселелері – саясаттанудың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. «Демократия» термині ежелгі гректің «демос» -халық және «кратос»-билік деген сөздерінен құралып, халық билігі деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезеңде ғылымда демократия терминінің мынадай түсініктері бар: 1) мемлекет нысаны және жалпы саяси жүйенің нысаны ретінде; 2) мүшелерінің басқаруға қатысуы теңдігіне, көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген қоғамдық өмірдің, кез келген ұйымының ұйымдастырылу түрі; 3) белгілі бір құндылықтар жүйесіне негізделген қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар; 4) халық билігін, демократиялық мақсаттар мен мұраттарды жүзеге асыру жолындағы әлеуметтік және саяси қозғалыс.
Халық билігі ретіндегі демократия ұғымы белгілі бір нормаларға негізделеді. Мұндай нормалар, идеалдар, құндылықтар ретінде еркіндік, теңдік, адамның ар-ожданын құрметтеу, ынтымақтастық т.б. алынған. Мемлекеттік басқару нысаны ретінде демократияға мынадай ерекше белгілер тән: халық билігінің жоғарлылығын, егеменділігін заңды түрде мойындау және оны институционалдандыру; мемлекеттердің негізгі органдарының әрдайым сайланбалылығы; мемлекетті басқаруға қатысуға азаматтардың құқықтарының теңдігі; шешім қабылдағанда көпшілік дауыспен қабылдау және шешімді жүзеге асырғанда азшылық көпшілікке бағынады.
Демократияның аталған бұл жалпы принциптері оның негізгі өлшемдерін анықтауға, демократия туралы теорияларды айырып, топтауға, ал тәжірибедегі демократия үлгілерін өлшеуге мүмкіндік береді. Демократияның принциптері мен белгілері бойынша оның мынадай түрлері бар: халық құрамын түсінуге байланысты – жалпы және әлеуметтік (таптық, этникалық, демографиялық т.б.) шектелген демократия және охлократия; халық- индивидтердің жиынтығы немесе түрлі топтардың өзара әрекеті ме, әлде тұтас субъект ма, осыған байланысты – индивидуалдық (даралық), плюралистік (топтық) және ұжымдық түрі; халықтың басқаруға қатысуына қарай – тікелей (тура), плебисцитарлық, және өкілділік (репрезентативті); билік органдарының, институттарының қалыптасу тәртібі мен құрылысына қарай – парламенттік, президенттік, аралас (немесе жартылай президентік) республикалар, суперпрезиденттік республикалар, парламенттік монархия; азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысу құқықтарының теңдігіне қарай – формальді және фактілік; мемлекет қамтамасыз ететін теңдіктің, сипатына қарай – саяси (құқықтар теңдігі - формальді теңдік) және әлеуметтік (мемлекетті басқаруға азаматтардың қатысу мүмкіндіктерінің теңдігіне негізделген); шешім қабылдау мен жүзеге асыруда азшылықтың көпшілікке бағынуы белгісіне қарай – деспоттық, тоталитарлық және конститутциялық.
Демократияның пайда болуы. Ұйымдасудың демократиялық нысандары ежелгі замандардан, мемлекетке дейінгі рулық құрылыс кезеңінен бастау алады. Демократияның рулық нысандарын барлық халықтар басынан кешірді. Рулық демократия хандық-туыстық байланыстарға, ортақ меншікке, тығыздықтың төмендігіне, тұрғындардың санының аздығына, тұрпайы өндіріске негізделді. Демократиялық мемлекеттің алғашқы, классикалық нысаны Афины республикасы болды.
Демократия: теориялары. Классикалық либерализм демократиясы. Бүгінгі күні өмір сүріп тұрған демократиялық жүйелер өз бастауын ХVІІІ ғасырдың соңы ХХ ғасырдағы либерализм идеологиясының тікелей ықпалымен пайда болған басқару нысанынан алады. Саяси және демократиялық ойлардың дамуында либерализмнің ролі өте зор. Бұл идеялық және саяси ағым жеке адамның еркіндігі, оны мемлекеттің тираниясынан қорғау туы астында пайда болды.
Либералдық идеялардың және олардың көпшілігінің іс жүзіне асырылуының отаны – Англия болды. ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы классикалық либералдық демократияның белгілері: биліктің субъектісі ретінде халық меншік иелері-ер адамдармен байланыстырылды, дарашылдық, жеке адамды биліктің алғашқы және басты көзі деп мойындау, демократияның тар саяси, формальды сипаты, еркіндікті жағымсыз тұрғыдан түсіну, парламентаризм, мемлекеттің қызметі шектеледі биліктің бөлінуі, олардың бір-бірін тежеп отыруы, көпшіліктің азшылыққа билігін шектеу, жеке және топтық автономия мен еркіндікті қамтамасыз ету. Азшылықтың өз пікірі болуына және оны заң шеңберінде қорғауға құқығы бар.
Ұжымдық демократия. Либералдық мемлекетің кемшіліктерін жойып, шынайы халық билігін жүзеге асыруға ұжымдық демократия үлгілері тырысты. Ұжымдық демократияны идентитарлық (бірыңғай) демократия деп те атайды. Бұл ұғым халықтың (ұлттың, таптың) және оның еркінің тұтастығына байланысты туған.
Идентитарлық демократия теориясының көрнекті өкілдері - Руссо, Маркс, Ленин, К.Шмитт. Демократияның бұл типінің маңызды принциптерін Жан Жак Руссо (1712-1778) алғаш рет негіздеді. Руссоның демократиялық республикасы азаматтың идеалы - өзімен өзі жеке кеткен дара тұлға емес, қоғам мүддесін көздеуші, оның белсенді мүшесі. Руссо демократиясының теориясы бүкіл биліктің оқшауланған индивиттердің тұтас нәрсеге (халыққа) ерікті түрде бірігуі арқылы пайда болған халыққа тиесілі екендігінен бастау алады. Халыққа біріккен кейін жеке адам өз құқықтарын жоғалтпады. Олар оған қажет емес, себебі тұтас нәрсе - мемлекет кез-келген тірі организм сияқты өз мүшелерін қамқорлыққа алады, ал өз кезегінде олар да мемлекетің игілігі туралы ойлауы тиіс. Руссоның мемлекетке органикалық тұрғыдан қарауында инвид пен мемлекет арасында қайшылықтар, жанжалдар болмайды, азаматтардың билікке қарсы наразылығы үшін негіз жойылады, саяси оппозицияға, жеке мүдделерге жол берілмейді. Егер жеке мүдде пайда болса, ол басылады. Мүдделер мен халық еркінің ортақ болуының алғы шарты мүлік теңдігі болып табылады. Руссо жеке меншікті толық жоюды емес, оны шектеуді, мөлшерін бідей етуді ұсынды.
«Социалистік демократия» теориясы. «Социалистік демократия» теориясы Руссонның идентитарлық концепциясының маңызды принциптерін сақтай отырып, оған өзгерістер енгізді. Бұл теория бастапқыда жұмысшы табының біртұтастығына,ал социализм құрғаннан кейін бүкіл халықтың біртұтастығына соған байланысты оларда таптық және жалпы халықтық мүдделердің болуына негізделді. «Социалистік демократия» теориясының Руссо концепциясына қарағандағы ерекшелігі - жеке меншікті толық жоюдан, жеке адам автономиясын мойындамаудан, халықты жұмысшы табымен, еңбекшілермен алмастырудан, сонымен бірге жұмысшы табының жетекшілік ролі, жұмысшы табы мен бүкіл халықтың авангарды - коммунистік партия, ол толық демократияға, қоғамдық өзін-өзі басқаруға өту процесін басқарады деген идеялардан көрінеді.
Ұжымдық демократияның ерекше белгілері: халықтың ұжымы ретінде түсіндірлуі, халықтың біртұтастығы, оның ортақ мүддесі мен еркінің болуы; халық ішінде ішкі қайшылықтардың болмауы, саяси оппозицияға жау ретінде қарап, оны күштеп жою; мемлекет пен қоғамның барлық істеріне азаматтың белсенді, тең құқықты қатысуы ретінде түсінілген еркіндіктің ұжымдық (антикалық түсінікке жақын) түсінігі; биліктің тоталитарлық, абсолюттік сипаты, іс жүзінде халықпен (таппен, ұлтпен) теңестірілген көсемдердің билігі, азшылықтың, оның ішінде жеке адамның толық қорғансыздығы; адам құқығы мәселесінің болмауы, себебі тұтас нәрсе мемлекет өзінің құрамдас бөліктерінің жағдайының жақсы болуына онсыз да мүдделі; жалпы саяси жұмылдыру, азаматтардың басқаруға тікелей қатысуы, өкілділік органдары мен қызметтегі адамдарды халықтың қызметшісі, оның еркін жүзеге асырушысы деп қарау; әлеуметтік демократияның жариялануы.
Плюралистік (алуан түрлілік) демократия. Қазіргі заманғы демократияның батыстық үлгісі либералдық саяси жүйеден өсіп шықты. Классикалық либералдық мемлекетпен ұқсастығына қарамастан, қазіргі заманғы демократияның одан біраз айырмашылығы бар. Оның негізгі ерекшеліктері сонда, ол ұйымдасудың түрлі идеяларына, концепцияларына және нысандарына сүйенеді, дәстүрлі либералдық құндылықтарды социалистік, христиандық, коммунистік және т.б. қозғалыстардан алынған идеялармен үйлестіруге, постиндустриялық қоғамның жаңа жағдайларын есепке алуға тырысады.
Демократияға өтудің құндылықтары, алғы шарттары және жолдары. Әлемде демократияны тарату - күрделі және қарама қайшылықты құбылыс. Тарих көрсеткендей, демократия халықтың саяси мәдениеті мен менталитетіне сәйкес келіп, қажетті экономикалық және әлеуметтік алғы шарттары болса ғана, игілік бола алады. Әйтпесе, ол құлдырап, демагогтар бағыттаған тобыр билігі - охлократияға құлдырап, бейберекетсіздік пен анархияға, ақырында диктаторлық режимге әкеледі.
Демократияның алғы шарттары. Демократияның экономикалық алғы шарттары: индустриялық және экономикалық дамудың жоғарғы дәрежесі; урбандалудың жоғарғы дәрежесінің болуы; бұқаралық байланыс құралдарының дамығандығы; рыноктық, бәсекелі экономика.Демократияның әлеуметтік алғы шарттары: азаматтардың салыстырмалы түрдегі тұрмыс хәлінің жоғарғы дәрежесі; әлеуметтік теңсіздіктің бәсеңдігі қоғамның демократиялануына игі ықпал етеді; әлеуметтік игіліктердің дұрыс бөлінуі; әлеуметтік плюрализмнің болуы; саны көп және ықпалды орта таптың болуы; кәсіпкерлердің - рынокпен байланысты бәсекелі буржуазияның болу; тұрғындардың сауаттылығы, жалпы білім дәрежесінің жоғары болуы. Қоғамдағы азаматтық (белсенді) саяси мәдениетпен болуы; саяси мәдениетке жеке азаматтардың мінез-құлқына дін де үлкен ықпал етеді. Демократияның ішкі алғы шарттарын сипаттайтын экономикалық, әлеуметтік, мәдени және діни факторлармен бірге сыртқы ықпал да маңызды.
Демократияландырудың мынадай жалпы үлгілері бар: сызықтық цикльдік және диалектикалық үлгілері бар. Демократияландыруға өтудің екі негізгі жолы көрінеді: либералдандыру жолы және реформалаудың қытайлық үлгісі.
Саяси жаңалау ұғымы. Қазақстандағы демократияландыру мен саяси жаңалау мәселелері. Қоғам әрқашан өзгеріп, дамып, алға жылжып отырады. Соған орай саяси жүйелер де өзгеріп, бір жәй-күйден екінші қалыпқа келіп, жетіліп жатады. Саяси даму деп саяси ісқимылдар, саяси мәдениетте және жалпы саяси жүйеде өзгеріс - әкелетін процесті айтады. Соның нәтижесінде саяси жүйе әлеуметтік мақсат-мүдделердің жаңа үлгілеріне бейімделеді және жағдайларға икемделген институттар пайда болады.
Саяси дамуды саяси прогреспен шатастырмаған жөн. Себебі, соңғысы қоғамдық-саяси дамудың барысында бір нәтижеге жетуді, бір кезеңнен екіншісіне өтуді білдіреді. Ал саяси даму бсйтарап ұғым, ол тек даму процесін, өзгерісті ғана бейнелейді. Саяси дамудың эволюциялық және революциялық түрлері бар. Эволюциялықта қоғамдық-саяси өмір біртіндеп, баяу дамиды. Көбіне күнделікті өмірге тығыз байланысты болғандықтан, олар сырт көзге онша байқала бермейді. Революцияда қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымы түбгейлі сапалы төңкеріске ұшырайды. Ол қарулы және бейбіт жолмен жүзеге асуы мүмкін.
Әлеуметтану біздің заманымыздағы қоғам дамуын дәстүрлік және қазіргі етіп екі түрге бөледі. Дәстүрлік дегенде әдетте рулық, феодалдық қоғамдарды айтады. Қазіргі қоғам индустриалды, жоғары индустриалды (постиидустриалды) қоғам болып есептеледі. Ол рационализмге, ақыл-парасатқа, баяндылыққа негізделеді. Бүгінгі адам өзінің іс-әрекетінде алдына саналы мақсат қойып, соған жетер жолды, әдіс-тәсілдерді таңдап, табанды түрде оларды іске асыруға тырысады. Бұрынғы дәстүрлік қоғамда адамның әлеуметтік, саяси іс-қимылына заңдық, идеологиялық, діни шектеулер қойьілатын.
Саяси даму тұжырымдамасында басты рөлді саяси модернизация (бейімделу) теориясы атқарады. Ол ХХ ғасырдың 50 жылдарында пайда болған. Батыс елдері алғашында бұл ұғымдьі отарлық езгіден құтылып, азаттық алған елдердің одан кейінгі жерде қалай дамуына байланысты пайдаланған. Кейін ол өркениеттілікке өтудегі әлемдік процестің жалпы үлгісінің негізіне айналды. Оның мәні дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің сипатын және бағытын бейнелеу болатын.
Саяси модернизацияның кезеңдері және соған байланысты көзқарастар. Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға бейімделу тұжырымдамасының екі тұрпаты (типі) бар. Біріншісі — өзіндік ішкі себептерден пайда болып, соған бейімделу. Бұған Англия, АҚШ сияқты ұзақ жылдар бойғы біртіңдеп баяу даму нәтижесінде қоғамның баянды құрылысына өтуді басынан кешірген елдер жатады. Олар дамудың жоғарғы деңгейіне табиғи түрде жеткен болып есептеледі. Ал осы жолды кейін өтетін елдерге даму деңгейі, өмір сапасы жағынан жоғарыдағылардың жолын қуушы, «қуалай-дамушы» мемлекеттер ретінде қарайды.
Басқа елдердің Батыс үлгісін бойына сіңіріп, өзгеру, соған икемдену жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде бұрыннан белгілісі және кең тарағанының бірі — модернизацияның-сызықтық теориясы. Бұл теорияны жақтаушылардың ойынша дәстүрлік деңгейдегі елдер ерте ме, кеш пе капиталистік жолына даму түседі. Оларда соған лайық әлеуметтік-экономикалык саяси құрылым, саяси жүйе орнайды. Соның нәтижесінде олар да қазіргі жоғарғы индустриалды жағдайға жетеді, мәдениет және басқа салалары да өркениетті елдердің даму жолын бұлжытпай қайталайды дейді.
ХХ ғасырдың 50 жылдарында қазіргі мемлекеттің болашақ үлгісі ретінде Американың «еркін» қоғамын айтатын. Азия, Африка, Латын Америкасы елдері өмірдің барлық саласында Батыс бастауларына еліктеу, солардың істегенін қайталау сияқты көрінді.
Бұл теория бойынша саяси бейімделу алғашында а) дамып келе жатқан елдердің батыс үлгісі бойынша демократиялануы; б) Батысқа бейімделу «үшінші елдердің» табысты әлеуметтік-экономикалық өсуіне жағдай жасайды және соның салдары болады; в) бұл елдер дамыған Батыс Еуропа елдерімен және АҚШ-пен белсенді қарым-қатынасының, ынтымақтастығының нәтижесі ретінде қабылданған.
«Қуалай дамуды» жүзеге асырудын, басты амал-әдісі – Батыс мемлекеттерінің көмегінің арқасы деп есептеледі. Бұл теорияны жақтаушылардың ойынша, жан басына шаққанда белгілі бір деңгейге жету Батыстағы әлеуметтік және экономикалық қоғамның жүйесіндегі өзгерістерге әкеледі. Басқа сөзбен айтқанда, жаңа жағдайға бейімделудің шешуші жәйті — ақша. Ол әлеуметтік технологияларды, қазыналарды, демократиялық институттарды таратуға көмектеседі. Сол арқылы тұтыну деңгейін көтеруге, адам құқықтарын бұрмалауды тоқтатуға, мәдениеттің құлдырауын жеңуге болады деп ұйғарды.
Бірақ жаңа жағдайға өтудің «сызықтық қозғалыс» теориясы Африка, Азия, Латын Америкасы елдерінің Батыстың билікті ұйымдастыру, мемлекет пен азамат қатынастарының үлгі-өнегесі ойлаған жерден шыққан жоқ. Нақтылы өмірде демократиялану, либералдық құндылықтардың институционалдануы парламент жүйесін орнату және басқа Батыстың билік түрлерін орнату үлгілері мемлекетті басқаруда тиімділік әкелмеді. Керісінше, олар шенеуніктердің сатылғыштығы мен жемқорлығына, бюрократияның қызмет бабын пайдаланып, баю жолын көздеген зорлық-зомбылық, бассыздығына әкелді. Қоғамда әсіре байлар мен шектен шықкан кедейлердің саны көбейді, наразылықтар, шиеленіс, кикілжіңдер өрістеді. Ғалымдардың көбі оны дамып келе жатқан елдердің мұндай өзгеріске дайын еместігінен деп түсіңдірді. Бірақ мәселе бұл теориялық үлгінің біржақтылығында еді.
60 жылдардың аяғына қарай бейімделудің сызықтық теориясын сынаушылар көбейді. Олардың ойынша, әр түрлі елдердің бейімделуі құрылым жағынан болсын, мәдениет жағынан болсын бірыңғай болмайды. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, қазіргі капиталистік өмір салтына өту барысыңда бұл салаларда түрлі ерекшеліктер пайда болады. Әр түрлі елдердің жаңа жағдайға көшу, институционалдық құрылымға өту үшін жұмылдырып, іске тартарлық қорлары, мүмкіндіктері бірдей емес. Әр түрлі қоғамдық тарихи дәстүрлері, әлеуметтік-экономикалық құрылымы өзгеше.
Сондықтан 70 - 80 жылдары жаңа жағдайға бейімделу мен келешектегі дамудың арасындағы байланысқа қатысты көзқарас қайта қаралды. Бұл саладағы басым бағытқа, мақсатқа әлеуметтік, экономикалық, саяси құрылымдардың өзгеруі жатқызылды. Онда Батыстың үлгісін қайталаудың қажет еместігі мойындалды. Бұрын дәстүрлік институттар мен құндылықтарды өркениетті жолға түсудің кедергісі деп қараса, енді әмбебап өлшемдер, құндылықтар, мақсаттар сақталса болды, ұлттық түрде бейімделудің өзі дұрыс делінетін болды.
Жаңа өмір салтына бейімделуді тұтас және ұзақ кезең ретінде қарайтын болды. Ол жолда дамумен қатар бұрынғы құрылымды қайталау, тоқырау болуы мүмкін. «Қуалай дамумен» қатар «жарым-жартылай», «тығырыққа тірейтін» бейімделушіліктер жөнінде де айтыла бастады.
Қоғам мен саяси жүйенің модернизация жолдары. Әр түрлі елдердің бейімделу жағдайларын талдап, қорыта келіп, ғалымдар бұл жолда белгілі бір жүйелілік болуы керек дегенді айтады. Біреулері бейімделуді қоғамды иидустриаландырудан бастағанды, екіншілері ауыл шаруашылығын реформалаудан, үшіншілері дамыған елдердің қарқынды, ауқымды көмегінен, төртіншілері елді мекендерді қалаландырудан және т. с. с. бастаған жөн деп санайды.
Теориялық жақтан алғанда бұл мәселеге екі түрлі: либералдық және консервативтік көзқарастар бар. Либералдар (Г. Алмонд, Р. Даль, Л. Пай) жаңа жағдайға көшуде орта тапқа, халықтың білім дәрежесіне баса назар аударады. Бейімделудің сипаты мен серпінділігіне еркін төбе топтың (элиталардың) бәсекелестігі, қатардағы азаматтардың бұл саяси процеске тартылу деңгейі шешуші рөл атқарады. Себебі, солардың арқасында саяси реформалар атқарылады. Бұл процеске авторитарлық тәртіп жарамайды, ол секіріссіз, біртіндеп жасалуға тиіс дейді.
Консерваторлар (С. Ханингтон, Дж. Нельсон, X. Линдз) бұған керісінше қарайды. Олардың ойынша, демократиялық істе тәрбиеленбеген, билік институттарын дұрыс пайдаланып басқара білмейтін халықты билікке араластырып керегі шамалы. Ол қоғамды саяси дамуға емес, құлдырауға әкеледі. Егер экономиканы реформалау үшін басты көрсеткіш өсу болса, саяси реформа үшін тұрақтылық қажет. Сондықтан дейді олар, дамып келе жатқан елдердің жаңа жағдайға бейімделуі үшін мықты саяси тәртіп, тұрақсыздықты тежей алатын заңды, беделді саяси партия, авторитарлық тәртіп болуға тиіс. Солар ғана билікке саяси басшылық жасай алады, мемлекетте мықты бюрократия қалыптасады, реформаларды кезең-кезеңмен жүйелі түрде жүзеге асыруға болады. Авторитарлық тәртіп әр түрлі кездесетіндіктен бейімделу де әр түрлі болуы мүмкін деп пайымдайды консерваторлар.
Тарих көрсетіп, дәлелдеп отырғандай, дамып келе жатқан елдердің басым көпшілігі индустриалды, постиндустриалды жолмен жүруде. Оны бүкіл әлемдегі мемлекеттердің өсу жолы айғақтап отыр. Әр елдің даму сатысына, әлеуметтік-саяси құрылымына, әдет-ғұрпына және т. с. с. байланысты бұл процесс әр түрлі рең алуы мүмкін. Кейбір ғалымдар балама түрін де жоққа шығармайды. Әр ел бейімделу барысында өзінің ішкі жағдайларына, ұлттық, тарихи ерекшеліктеріне, әдет-ғұрып, салт-санасына байланысты әрекет етеді. Егер халық бұл тарихи құбылысты түсініп, қабыл алса, оған өту оңайырақ болады. Ал оны орынсыз жылдамдатпақ болушылық жергілікті менталитетке сай келмесе, реформа тоқырап, шиеленістерге әкелуі мүмкін. Сондықтан ғалымдар бұл жолға түсушілерге алды-артын байқап, терең саралап іс істеуге кеңес береді.
Қазіргі кезде демократияның басқа елдерге кең тарауы - тарихи шындық. Ондай мәселе біздің еліміздің алдында да тұр. Біреулер Батыстың үлгісіне жүгінеді, екіншілері Шығыс үлгісін алға тартады. Азия елдеріңде саяси бейімделудің тиімді мысалы ретінде Жапонияны алуға болады. Олар басқа елдердің ең жақсы жақтарын қабылдай отырып, өзіндік ерекшеліктерін, төлтумалығын жоғалтпады. Ұлттың бар күшін Батыстың ең жаңа технологияларын меңгеруге жұмсап, жұмылдырып, әлемдегі ең озық, дамыған елдердің біріне айналды.Либералдық демократиялық жолға түсу — бүгінгі таңда дамудың ең басты бағыты. Ол жалпыадамзаттық құндылыққа жатады. Саяси бейімделу барысында қоғамның жаңа экономикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына тиімді жауап қайтарарлықтай ашық саяси жүйе құрылады. Біздің мақсатымыз — ата-бабамыздың дәстүр ерекшеліктерін сақтай жүре, алдыңғы қатарлы елдердің өркениетті тәжірибесін бойға сіңіре отырып, нағыз демократиялық жолға тезірек түсу.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
«Демократия» ұғымының қандай түсініктері бар?
Демократияның ерекше белгілерінің атаңыз.
Халықтың құрамын түсінуге байланысты демократияның қандай түрлері бар?
Тура, плебисцитарлық және өкілділік демократияларының айырмалары қандай?
Саяси және әлеуметтік демократия деген не?
Демократияның қандай негізгі теорияларын білесіз?
Басқарудың басқа нысандарына қарағанда демократияның артықшылығы неде?
Демократияға өтудің қандай ішкі, сыртқы алғы шарттары бар?
Демократияландырудың жалпы үлгілері және олардың мазмұны қандай?
Демократияландырудың қандай жолдары бар?
Саяси даму дегеніміз не?
Саяси даму мен саяси прогрестің айырмашылығы неде?
Қазіргі кезде қоғам дамуының неше түрін көрсетуге болады?
Дәстүрлі даму дегеніміз не?
Қазіргі даму жолы қандай болады?
Дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің неше жолы бар?
Саяси модернизация дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер: негізгі-9 (72-83б.), 12 (5-52б.), 24 (77-81б.); қосымша-1 (36-54б.), 2 (77-87б.), 3 (38-48б.)