
- •Пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы (поәк)
- •Пәннің типтік оқу бағдарламасы саясаттану
- •2. Пәнді оқыту бағдарламасы – силлабус
- •Силлабус
- •Оқытушы туралы мәліметтер:
- •Пән туралы мәліметтер:
- •6. Студенттің білімін бағалау туралы ақпарат.
- •7.Курстың саясаты және процедурасы.
- •8. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •8.1 Курстың тақырыптық жоспары.
- •9. Жұмыстық оқу жоспарында бұл пәннен курстық жұмыс қарастырылмаған.
- •10. Сөж, соөж тапсырмалары және оларды орындау графигі
- •11. Аралық және қорытынды бақылау тапсырмалары.
- •12. Әдебиеттер тізімі.
- •3. Дәрістік кешен Дәріс 1. Кіріспе. Саясаттану – ғылым.
- •Дәріс 2. Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы.
- •Дәріс 3. Саясат қоғамдық өмір жүйесінде. Салыстырмалы саясаттану.
- •Дәріс 4. Билік саяси феномен ретінде.
- •Дәріс 5. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты.
- •Дәріс 6. Қоғамның саяси жүйесі.
- •Дәріс 7. Мемлекет және азаматтық қоғам.
- •Дәріс 8. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар.
- •Дәріс 9. Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару.
- •Дәріс 10. Саяси сана және саяси мәдениет.
- •Дәріс 11. Саяси элита және саяси көшбасшылық.
- •Дәріс 12. Саяси технологиялар.
- •Дәріс 13. Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар.
- •Дәріс 14. Саяси болжамдау.
- •Дәріс 15. Егемен Қазақстанның саяси мәселелері.
- •4. Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік нұсқаулар.
- •5. Типтік есептеулер, есептеу-графикалық, зертханалық жұмыстарды, курстық жобаларды (жұмыстарды) орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар.
- •Соөж тапсырмаларын меңгеруге арналған оқу-әдістемелік материалдар
- •Соөж 2. Қазақстан саяси ойларының тарихы.
- •Реферат
- •«Саясаттану» пәнінен тест сұрақтары
- •Тест тапсырмалары
- •10. Арнайы аудиториялардың, кабинеттер мен зертханалардың тізімі.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
Жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық дайындау факультеті
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Факультет деканы
_________Тұрымбетов Т.
«__» ______________ 2013 ж.
«Саясаттану»
Пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Мамандықтың шифрі және атауы: барлық мамандықтар үшін
Кредит саны: 2
Семестр: 2,3,4
Ақтау, 2013 ж.
ПОӘК Қазақстан Республикасы білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының мазмұны мен талаптарына және әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ-нің 2007 ж. типтік оқу бағдарламасына сай құрастырылған.
ПОӘК құрастырған: «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Исаева Ляззат Ныгметовна
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының отырысында талқыланды хаттама № ____ «__»_______201__ ж.
Кафедра меңгерушісі _________________ Джумалиева Л.Т.
Факультеттің Оқу-әдістемелік кеңесі бекіткен
хаттама № ____ «__»_______201__ ж.
ОӘК төрағасы_____________ Кулиманова М.
Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы (поәк)
Пәннің типтік оқу бағдарламасы.
Пәнді оқыту бағдарламасы – Силлабус.
Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік және тарату материалдары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі).
Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік нұсқаулар.
Типтік есептеулер, есептеу-графикалық, зертханалық жұмыстарды, курстық жобаларды (жұмыстарды) орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
Білім алушының өзіндік жұмыстарына арналған материалдар: үй тапсырмаларының мәтіндерінің жинағы, әр тақырып бойынша өзін-өзі тексеру материалдары, ағымдағы жұмыс түрлерін, рефераттарды және басқа да үй тапсырмаларын орындауға арналған тапсырмалар, еңбек сыйымдылығы мен әдебиеттері көрсетілуі тиіс.
Оқу, өндірістік және дипломалды тәжірибені өту бойынша әдістемелік нұсқаулар, есеп беру құжаттарының нысаны (егер пәннің ерекшелігі талап етсе).
Білім алушының оқудағы жетістіктерін бақылау және бағалау бойынша материалдар (жазбаша бақылау тапсырмалары, тест тапсырмалары, өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтардың тізімі, емтихан билеттері және т.б.).
Оқу сабақтарының бағдармалық және мультимедиялық қамтамасыз етілуі (пәннің мазмұнына байланысты).
Арнайы аудиториялардың, кабинеттер мен зертханалардың тізімі.
Пәннің типтік оқу бағдарламасы саясаттану
Авторлар:
философия ғылымдарының докторы, профессор Әбсаттаров Р.А.
философия ғылымдарының докторы, профессор Балғымбаев А.С.
тарих ғылымдарының докторы, профессор Романова Н.В.
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Дәкенов М.
философия ғылымдарының кандидаты, доцент Хан И.Г.
АЛҒЫ СӨЗ
Саясаттану курсының негізгі мақсаты студенттерге саяси өнер саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын ұялату, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасынды ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету.
«Саясаттану» пәнін оқып білу студенттердің саяси дүниетанымы саяси мәдниетін қалыптасутыруға бағытталған, олардың Қазақтан Респуликасы алдында міндеттерді шешуге белсенді қатысуына септігін тегізеді.
Курстың міндеттері студентерді Қазақстандағы және одан тыс жерлерде жүріп жатқан саяси процестерді ұғынуға және еркін бағдарлай алу ептілігіне тәрбиелеу.
Курсты оқу нәтижесінде студент мынаны білуі қажет:
- саясаттың мәнін, мүмкіндіктерін, шекараларын, келешегін және негізгі түрлерін;
- саяси биліктің мәнін, жүйесін, көздері мен функцияларын;
- саяси процестердің мәнін және саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың олардағы рөлін, соның ішінде Қазақстан Респуликасындағы саяси процестерді.
Саяситтануды оқып білу келесі оқу пәндерінен алынған білімдерге сүйенуі қажет: философия, әлеуметтану, экономия теориясы, құқық негіздері, тарих және дінтану, мәдениеттану, психология сияқты оқу пәндерімен қатар өтілуі қажет.
Қазіргі кезенде саясаттануды оқытуда саясаттанудың өз алдында оқу пәні екенін, оның рөлінің үздіксіз артып отырғанын есепке алу керек.
Ұсынылып отырған «Саясаттану» курсының бағдарламасы соңғы жылдардағы Қазақстан мен ТМД елдеріндегі пәнді оқыту тәжірибесінің негізінде ҚР мемлекеттік стандарына сәйкес құрылған.
Құндылықтарды қайта бағалау жүрді, ең басты құндылық – тұлғаны саясаттанулық тұрғыдан тану өзгерді.
Авторлар дүниежүзілік саяси ғылымдардың маңызды проблемаларын, ғылыми игерілу деңгейін, сонымен қатар Қазвқстан қоғамын және жалпы бұрынғы кеңестік кеңістігі елдерінің реформалау тәжірибесін теориялық қорытындылауды назарға алды.
Типтік бағдарламада саясаттанудың негізгі тақырыптары мен мәселелері, сонымен қатар Республикада және басқа да ТМД елдерінде жарық көріп, қазіргі уақытта жинақталған оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер қамтылды.
Бағдарламаның құрылымы оқу құралдары және саяси ғылымдар бойынша қолданылып жүрген бағдарламалар құру тәжірибесін ескерді.
Типті бағдарламаны жасаушылар оның жаңа оқу технологияларын, талаптарын, елдің дүниежүзілік білімдік кеңістікте ықпалдасу байланысын және білім саласындағы халықаралық конвенцияларға қосылуын, атап айқанда, Болон конвециясына қол қоюын есепке алды. Бағдарлама құрылымға түзетулер енгізумен қатар саяси білінің мазмұны және жұмыс түрлері бойынша оқу материалдарын мейлінше толық бөлуді ойластырған несиелік технологияның талаптарына сәйкес құрылған.
Лекциялық курстың тақырыптарының сұрақтарымен қатар шамамен белгілген семинар сабақтарының тақырыптары, силлабусты ескеріп, студенттердің өз бетінше орындайтын жұмыстарының сұрақтары мен рефераттарының тақырыптары берілген.
Бағдарламаны дайындаушылар классикалық мұраларды, сонымен қатар Отандық және шетелдік саясаттанушылардың үздік еңбектерін сақтай отырып, библиографиялық аппаратты жаңартуға тырысы.
Ұсынылған әдебиеттер тізімнің саясаттану ғылымына тікелей қатысы бар, Қазақстан Республикасында шықан оқу құралдары мен монографиялар енгізілді. Қазіргі талаптарға орай әдебиеттер негізгі және қосымша болып, бөлініп берілді.
Бағдарламаның құрылымы жоғары оқу орындарынң және мамандықтардың бағыттарын ескеруге мүмкіндік береді.
Кез келген бағдарлама саяси ғылымдарды барынша толық қамти алмайды. Сондықтан авторлар ұжымы оны жетілдіру және жаңалау бағытында одан әрі жұмыс істеуді дұрыс деп санайды.
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Саясаттану Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы құрылымдық бөлімі – Юнеско міндетті түрде оқылатын пәндер тізіміне енгізіп бекіткен әлеуметтік-гуманитарлық білім жүйесіндегі маңызды оқу пәні. Саясат қазіргі қоғамның піршілік әрекеті аспектісі ретіндегі оның объектісі болып табылады. Саясаттану саясаттың өмір сүру заңдарын, оның тарихи дамуын зерттейді. Саясаттанудың мазмұны сонымен қатар, билік, мемлекетаралық қатынас мәселелерінен де тұрады.
Саясат теориясы антикалық дәуірден бастап, бүкіл өркениет тарихы бойы дамыса да қоғамдық білім саласы ретін саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында ғана қалыптасты. Қарқынды дамушы ғылым ретіндегі саясаттанудың маңызы бүкіл әлеуметтік-гуманитарлық білім жүйесіндегі идеялардың өзіндік катализаторы іспетті ерекше артып отыр.
Қазақстанда, өзге ТМД елдеріндегідей, саясаттану тоталитарлық жүйе күйрегеннен кейін және тәуелсіздік алғаннан соң барып, дами бастады. Сол кезден бастап ол жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енді. Сол тұста типтік бағдарламалар дайындалды және алғашқы оқулықтар жасалды. Алайда саяси практика мен ғылым дамуының жаңа кезеңінде оларды елеулі жаңалаудың қажеттілігі туды. Жаңа типтік бағдарламаны дайындаудың өзі де осымен байланысты, ал оның мазмұны төменде баяндалып отыр. Кафедралар жоғарғы оқу орындары мен факультеттердің бағдарларын ескеріп, тақырыптар бойынша сағаттарды анықтап бөлуге құзырлы.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Саясаттану – ғылым
Саясаттанудың объектісі мен пәні. Саясаттану саясат туралы, билік, саяси жүйелер, процестер жөніндегі ғылым. Саясаттаудың пәнін анықтаудағы негізгі амалдар. Саяси философия, саясат әлеуметтануы, саяси этика, саяси тарих ғылымдардың құрамдас бөлімдері ретінде. Саясаттанудың заңдары мен категориялары, әдістері мен функциялары. Салыстырмалық, жүйелік, бихевиористік, әлеуметтанулық, психологиялық, институционалдық, тарихилық әдістер, антропологиялық амал.
Саясаттанудың функциялары: прагматикалық, түсіндірушілік, болжам жасаушылық, аксиологиялық, тәжірибелік және т.б.
Саясаттанудың әлеуметтік-гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны. Саяси ғылымдардың құрылымы, оның парадигмалары. Саяси ғылымдардың және практиканың байланысы.
Саяси ғылымдардың негізгі кезедері мен қалыптасуы
Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар (буддизм, конфуцийшылдық, даосизм, легизм). Каутиль Маккиавелизмнің негізі. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римдегі саяси ойлар (Платон, Полибий, Аристотель, Цицерон). Орта ғасырлық Шығыстағы саяси ойлар (әл-Фараби, Ганджеви, Низами, Әлішер Науаи). Саяси ойлар тарихындағы Еуропалық орта ғасыр (Марк Аврелий, Фома Аквинский, Мартин Лютер). Қайта өрлеу дәуіріндегі зайырлы саяси ойлар (Н.Макиавелли, Томас Мор, Жан Боден).
Еуропалық ағартушылық дәуірдегі саяси идеялар. (Томас Гоббс, Джон Локк, Шарль Луи Монтескье, Жан-Жак Руссо). Т.Джефферсон мен А.Гамильтонның саяси көзқарастары. ХІХ – ХХ ғасырлардағы әлеуметтік-саяси идеялар мен ағымдар: либерализм, консерватизм, марксизм.
ХХ ғасырдағы шетелдік саяси ой-пікірлер (В.Парето, Д.Истон, Г.Алмонд, М.Дюверже және т.б.).
Қазақстан саяси ойларының тарихы
Қазақстан саяси ойларының қалыптасуы мен дамуы. Ж.Баласағұни, Қорқыт ата, Қожа Ахмет Яссауидің көзқарастары. Фольклор – қазақ халқының саяси ой-пікірлерінің қайнар көзі. Тәуке хан заңдары. «Жеті жарғы» - маңызды саяси-құқықтық құжат.
ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары. (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев).
ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси ойлар. Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, М.Шоқаевтың, М.Тынышбаевтың, Х.Досмұхамедовтың, Т.Рысқұловтың, С.Садуақасовтың, С.Қожановтың, М.Жұмабаевтың, С.Торайғыровтың, Ж.Аймауытовтың, С.Сейфуллинннің, Б.Майлиннің, І.Жансүгіровтың және т.б. саяси идеялары.
Қазіргі жағдайдағы Қазақстандағы саяси ой-пікірлердің ерекшеліктері мен негізгі бағыттары.
Салыстырмалы саясаттану
Салыстырмалы саясаттанудың объектісі мен пәні. Салыстыру эмпирикалық зерттеулердің әдісі ретінде. Салыстырмалы саясаттанудың әдістері. ХХ ғасырдың 50 жылдарында саяси ғылымдардың жеке тарауы болып салыстырмалы саясаттанудың бөлінуі. Салыстырмалы саясаттануды қалыптастыруға ықпал ететін факторлар.
Қазіргі салыстырмалы саясаттанудың методологиясы. Салыстырмалы зерттеулердің типтері. Саяси институттар мен жүйелерге салыстырмалы талдау жасау. Әртүрлі қоғамда билікті бөлу саяси зерттеулердегі салыстыру объектісі.
Қазақстан қоғамын, саяси жүйені реформалау жағдайындағы салыстырмалы саясаттанудың ролі.
Саясат қоғамдық өмір жүйесінде
Саясат ұғымы және саясаттың пайда болуы. Қоғамның саяси саласының ерекшеліктері. Саясатты зерттеудегі теориялық амалдар және эмпирикалық парадигмалар.
Саясат элементтері: билік, субъектілер, саяси ұйымдар, саяси сана, саяси қатынастар және саяси мәдениет. Саясаттың негізгі түрлері: экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, аграрлық, мәдени, техникалық, әскери, ұлттық, халықаралық және т.б. түрлері.
Саясаттың функциялары: басқару және реттеу, қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Саясаттағы мақсаттар мен құралдар. Саясат өнер ретінде.
Саясаттың, моральдің және құқықтың арақатынасы.
Саясат әлеуметтік күштер мен мүдделердің бәсекелестігі ретінде.
Ішкі және сыртқы саясат.
Билік саяси феномен ретінде
Билік ұғымы. Билік тұжырымдамалары. Саяси билік ұғымы және оның ерекшеліктері. Саяси биліктің түрлері. Мемлекеттік билік саяси биліктің жоғарғы түрі ретінде.
Билік құрылымы: билік институттары, функциялары және билік ресурстары, Биліктің ұйымдастырылуы мен өмір сүруінің принциптері. Биліктің летимді типтері: дәстүрлі, харизматикалық және ұтымды-жария, патриархалдық, азаматтық және белсенділік.
Қоғамда және оппозицияда саяси бәсекелестітің қажеттігі. Билік және оппозиция, олардың ҚР өзара әрекеті.
Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты
Этнос және ұлт. Ұлт этностың жоғарғы типі. «Ұлт» категориясын түсіндірудің екі амал: этно-лингвистикалық және мемлекеттік-құқықтық. Қоғамдағы ұлттық және этникалық қатынастар.
Ұлт мәселесі және оның құрылымы. Ұлт мәселесін шешудің принциптері. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті және оның азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайтудағы ролі.
Ұлттық-мемлекеттік құрылыс формалары: унитарлық, федерация, конфедерация.
Ұлт саясаты мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлімі ретінде. Этносаралық келісімге жетудің Қазақстандық үлгісі (моделі). Қазақстан халықтары Ассамблеясы жүйелі қоғамдық-саяси институт ретінде. Қазақстан халқы этно-саяси қауымдастық ретінде.
Қазақстан көпконфессиялы қоғам ретінде. Конфессиялар диалогы және Қазақстандық конфессияаралық келісім тәжірибесі.
Қоғамның саяси жүйесі
Саяси жүйе ұғымы қоғам мен биліктің өзара әрекеті ретінде. Д.Истон, Г.Алмонд пен К.Дойчтың саяси жүйе теориялары.
Саяси жүйенің құрылымы. Институционалдық, нормативтік, коммуникативтік, мәдени, функционалдық жүйешелер.
Әлеуметтену, бейімделу, реттеу, керісінше жауап қайтару және коммуникация функциялары.
М.Вебердің, Г.Аптердің, Г.Алмондтың жүйені типтеуі мен топтастыруының өлшемдері (критерийлері).
Дәстүрлі және қазіргі саяси жүйелер (өкілетті, модернистік және постмодернистік).
Саяси жүйе институттары: мемлекет, саяси партиялар, мүдделі топтар және үкіметтік емес ұйымдар. ҚР-сының саяси жүйесін реформалау мәселелері және оның дамуының тенденциялары. ҚР партиялық саяси және сайлау жүйелерін одан әрі дамыту проблемасы.
Мемлекет және азаматтық қоғам
Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің өзегі ретінде. Мемлекеттің шығуы және оның мәні. Мемлекеттің белгілері, оның функциялары және мақсаттары. Мемлекеттің типтері. Мемлекеттік жүйелердің типологиясы. Қазіргі мемлекет және оның ерекшелікті белгілері.
Азаматтық қоғам ұғымы. Азаматтық қоғам идеясының пайда болуы мен дамуы. Азаматтық қоғамның құрылымы.
Құқықтық мемлекет ұғымы және оның ерекшелікті белгілері. «Әлеуметтік» мемлекет және оның эволюциясы. Әлеуметтік мемлекеттің функциялары және демократияның жаңа тұжырымдамалары. Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру проблемалары.
Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
Мүдделі топтар: ұғымы, функциялары, типологиясы. Қысымшы топтар. Қазақстандық лоббизмнің ерекшеліктері.
Саяси партия ұғымы. Партиялар генезисі және партия жүйелері. Саяси партиялардың мақсаттары, міндеттері және функциялары. Саяси партиялар генезисінің кезеңдері: аристократиялық, котериелер, саяси клубтар, бұқаралық партиялар. Партиялардың типологиясы. Партияларды типологиялаудың өлшемдері (критерийлері).
Партия жүйелері ұғымы. Партия жүйелерін жіктеу. Бірпартиялық, екіпартиялық, көппартиялық. Қазақстандағы партия жүйелерінің ерекшеліктері мен даму тенденциялары. ҚР саяси партиялардың қызметін заңменен реттеу.
Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар. Қазақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны мен ролі.
Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар арасындағы өзара қарым-қатынас проблемалары.
Саяси режимдер
Саяси режим ұғымы. Саяси режимнің типтері.
Тоталитаризм саяси феномен ретінде. Тоталитаризм, оның негізгі типтері мен алуан түрлері. Диктатураның тарихи формалары. Тоталитарлық жүйенің формалары. Тоталитарлық режимнің саяси практикасы. Тоталитарлық жүйелердің негізгі белгілері. Авторитаризм. Авторитарлық саяси жүйенің тоталитарлықтан өзгешеліктері. Авторитарлық жүйелердің объективтік негіздері. Авторитарлық жүйелердің негізгі типтері және формалары. Дәстүрлі абсолюттік монархиялар, олигархиялық және әскери режимдер. Авторитаризмнен демократияға өтудің жолдары. Демократия ұғымы. Қазіргі кезеңдегі демократия проблемалары саяси ғылымдар мен практиканың маңызды мәселелерінің бірі.
Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару
Демократия мемлекеттік құрылыс формасы мен режим ретінде. Демократияның тарихи формалары: антикалық, классикалық және қазіргі. Индивидуалистік, коллективистік және плюралистік демократия. Демократияның жалпылық принциптері мен институттары. Тіке және өкілетті демократия. Демократияның кемшіліктері мен құндылығы. Демократия сабақтары. Қазақстандағы демократияландырудың негізгі кезеңдері және ерекшеліктері. Демократияның Қазақстандық моделін (үлгісін) қалыптастырудың проблемалары.
Саяси жүйені жаңалау мәселелері. Саяси жаңалау ұғымы. Жаңалау және тоталитаризмнен демократияға өту. Дәстүрлі саяси мәдениет және оны жаңалау проблемалары. Демократиялық саяси жүйені қалыптастыру саяси жүйелерді жаңалау процесінің мәні ретінде.
Қазақстан қоғамын саяси жаңалау мәселелері.
Саяси процесс және саяси қызмет
Саяси процесс ұғымы, оның мәні және негізгі сипаттамасы. Саяси процестің құрылымы. Саяси процестің өмір сүруінің режимі. Саяси процесс сатылары (фазалары).
Саяси процестің типологиясы. Сыртқы және ішкі саяси процестер. Ашық және жасырын саяси процестер.
Саяси процесс субъектілер қызметінің жиынтығы ретінде. Саяси әрекеттер сипаттамасы. Саяси әрекеттертердің түрлері. Саяси жүріс-тұрыс және оның формалары. Әлеуметтік топтардың жүріс-тұрысындағы стихиялық пен ұйымшылдықтың арақатынасы. Саяси шешім: дайындау, жете зерттеу және жүзеге асыру. Саяси бағытты анықтау мен іске асырудағы саяси институттарыдң ролі.
Қазақстан Республикасындағы саяси процестер.
Саяси сана және саяси мәдениет
Саяси сананың мәні. Саяси сананы қалыптастырудың жолдары. Саяси сананың формасының қалыптасуы: саяси теория, мемлекеттік-партиялық және бұқаралық саяси сана. Саяси сананың құрылымы. Қоғамдық пікір.
Саясат және мәдениет. Саяси мәдениет ұғымы. Саяси мәдениет тұжырымдамасы. Саяси мәдениетті қалыптастырудың субъектілері және факторлары. Саяси мәдениеттің құрылымдық элементтері: саяси сана, саяси жүріс-тұрыс, саяси тәжірибе. Саяси субмәдениеттер: аймақтық, социоэкономикалық, этнолингвистикалық, діни, жас шамасы.
Саяси мәдениет функциялары: реттеушілік, ықпалдастық, танымдық, коммуникативтік, тәрбиелік және т.б.
Саяси мәдениеттің типологиясы. Саяси мәдениеттің үш типі: патриахалдық, азаматтық, белсенділік. Саяси мәдениеттің авторитарлық және демократиялық типтері.
Саяси әлеуметтену ұғымы. Демократиялық саяси мәдениетті қалыптастыру. Қазіргі саяси мәдениеттің ерекшеліктері және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтену мәселелері.
Саяси элита және саяси көшбасшылық
Саяси элита ұғымы. Элитаның классикалық теориялары. Саяси элиталар өмір сүруінің факторлары. Саяси элитаның функциялары: стратегиялық, ұйымдық, интегративтік және т.б. Саяси элиталардың жіктелуі. Қазіргі элита теориялары. Бюрократизм саяси феномен ретінде.
Элиталар мен көшбасшылар саясат субъектілері ретінде. Саяси элитаны қалыптастыру тәсілдері. Саяси көшбасшылықтың теориялары: белгі теорясы, жағдайлық тұжырымдама, психолгиялық тұжырымдамалар, интерактивтік амал.
Саяси көшбасшылықтың типологиясы. Саяси көшбасшылықтың түрлері.
Қазіргі Қазақстандағы саяси көшбасшылық институты және саяси элита.
Қазақстан Республикасының президенттік институты мемлекеттік басқарудың тарихи қажетті формасы ретінде. Қазіргі Қазақстанның саяси көшбасшылары.
Саяси технологиялар
Саяси технологиялар ұғымы. Саяси технологиялар саясаттанудың ажырамас бөлімі ретінде. Саяси процестегі технологияны анықтаудағы амалдардың дамуы. Саяси технологиялардың мәні, ерекшелікті белгілері. Саяси технологиялардың құрылымы.
Саяси технологиялардың қоғамдық-саяси өмірді танып білудегі маңызы. Саяси технологиялардың типтері.
Саяси технологияларды қалыптастыру және олардың қазіргі дүние жүзінде ролінің артуы.
Саяси талдаудың мәні және ерекшеліктері. Саяси талдау процесі және оның негізгі кезеңдері. Саяси талдаудың әдістері. Саяси ақылдасу. Ақылдасудың сатылары және тәсілдері. Саяси шешімдерді қабылдау. Мемлекеттік саясатты қалыптастыру технологиялары. Дағдарыстық технологиялар. Саяси жанжалдарды реттеудің технологиялары. Ақпаратты технологияларды қалыптастырудың факторлары. Шешім жасау мен қабылдаудың ақпараттық технологиялары. Ақпараттық рыноктағы технологияның ерекшеліктері. Ақпараттық рыноктағы мемлекеттің стратегиялық тәртібі.
Үгіт-насихат типті ақпараттық технологиялар. Паблик технологиялар (PR).
Ақпараттық саяси рыноктағы компьютерлік технологиялар. Интернет мазмұны және технологиялары.
Сайлау жүйесі. Пропорционалды сайлау жүйесі. Мажоритарлық сайлау жүйесі. Аралас сайлау жүйесі. Сайлау науқанын ақпараттық талдаумен қамтамасыз ету. ҚР-сының сайлау жүйесінің типін анықтау проблемасы. Сайлау науқанын тактикасы.
Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар
Дүниежүзілік саясат ұғымы. Халықаралық қатынастар жүйесі. Саяси, экономикалық, идеологиялық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени және басқа да байланыстар мен халықаралық қатынастар субъектілерінің арасындағы қатынастардың жиынтығы ретінде. Халықаралық қатынастар субъектілері (мемлекет, халықаралық ұйымдар). Халықаралық қатынастардағы қажеттіліктер мен мүдделер, нормалар және құндылықтар. Халықаралық қатынастардың типтері мен түрлері. Геосаясат.
Халықаралық саяси институттар, олардың түрлері, мақсаттары және өмір сүру ерекшеліктері. Халықаралық қақтығыстардың себептері, олардың түрлері, салдарлары, алдын алу және шешу тәсілдері.
Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты, оның көпбағыттылық сипаты.
Қазіргі заманның жаһандық проблемалары
Қазіргі заманның жаһандық мәселелері ұғымы және типтері: ядролық соғысты болдырмау және жаппай қырып-жоятын ядролық қаруды қолданбау мен қысқарту, экологиялық, демографиялық және азық-түлік проблемалары. Лаңкестік және экстремизм проблемалары, есірткіні өндіру және тарату (есірткі бизнесі мен есірткі трафигі), дамушы елдердің артта қалуы мәселелері. Жаһандық проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастық. Адамзаттың ХХІ ғасырдағы әлеуметтік-саяси дамуына болжам жасау. Жаһандық проблемалар, халықаралық ұйымдар.
Қазіргі жаһандық мәселелер жүйесіндегі Қазақстан.
Саяси болжамдау
Саяси болжамдау ұғымы, мәні және ерекшеліктері. Саяси болжамдауды қолдану аясы және негізгі принциптері. Саяси болжамдаудың мақсаты, объективті негіздері мен міндеттері. Болжамдаудың кезеңдері және типтері. Ғылыми болжамдаудың әдістері және құралдары. Саяси болжамдаудың негізгі әдістері және олардың өлшемдері (критерийлері).
Саяси болжамның функционалдық міндеттері. Негізгі функциялары: нормативік, шамамен алу, алдын ала істеу (сақтық). Қазіргі Қазақстандағы саяси болжамдаудың жәйі және мәселелері.
Егемен Қазақстанның саяси мәселелері
Егемен қазақстанның саяси нақтылық ретіндегі қалыптасуы мен дамуы. Қазақстан Республикасы – зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет және халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде.
Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері: мәселелері мен қиыншылықтары. Қазақстан қоғамының қазіргі кезеңде даму тенденциясы тұрғысынан саяси жаңарудың ерекшеліктері.
Ұлттық идеяны және мемлекеттік идеологияны жасаудың проблемалары.
Қазақстан Республикасында плюралистік демократияны қалыптастыру жолдары. Посттоталитарлық қоғамның саяси даму тәжірибесінің халықаралық маңызы.
СЕМИНАР САБАҚТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІК ТІЗІМІ
Саясаттану – ғылым
Саясаттанудың объектісі мен пәні.
Саясаттанудың заңдары мен категориялары, әдістері мен функциялары.
Саясаттанудың функциялары.
Саяси ғылымдардың және практиканың байланысы.
Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы
Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар (буддизм, конфуцийшылдық, даосизм, легизм). Каутиль Макиавеллизмнің негізі.
Ежелге Греция мен Ежелгі Римдегі саяси ойлар.
Еуропалық Ағартушылық дәуірдегі саяси идеялар.
ХІХ – ХХ ғасырлардағы әлеуметтік-саяси идеялар мен ағымдар: либерализм, консерватизм, марксизм.
Қазақстан саяси ойларының тарихы
Ж.Баласағұни, Қорқыт ата, Қожа Ахмет Яссауидің көзқарастары.
Фольклор – қазақ халқының саяси ой-пікірлерінің қайнар көзі.
ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары.
ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси ойлар.
Қазіргі жағдайдағы Қазақстандағы саяси ой-пікірлердің ерекшеліктері мен негізгі бағыттары.
Саясат қоғамдық өмір жүйесінде
Саясат ұғымы және оның пайда болуы.
Саясат элементтері.
Саясаттың функциялары.
Саясаттағы мақсаттар мен құралдар. Саясаттың, моральдің және құқықтың арақатынасы.
Билік саяси феномен ретінде
Билік ұғымы. Билік тұжырымдамалары.
Саяси билік ұғымы және оның ерекшеліктері.
Билік құрылымы: билік институттары, фукнциялары және билік ресурстары.
Билік және оппозиция, олардың ҚР өзара әрекеті.
Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты
Этнос және ұлт. «Ұлт» категориясын түсіндірудің екі тәсілі.
Ұлт мәселесі және оның құрылымы.
Ұлттық-мемлекеттік құрылыс формалары: унитарлық, федерация, конфедерация.
Этносаралық келісімге жетудің Қазақстандық үлгісі (моделі).
Қоғамның саяси жүйесі
Қоғамның саяси жүйесі ұғымы.
Саяси жүйенің құрылымы.
Саяси жүйенің типологиясы және жіктеу өлшемдері (критерийлері).
Саяси жүйе институттары. ҚР-сының саяси жүйесін реформалау мәселелері.
Мемлекет және азаматтық қоғам
Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің өзегі ретінде.
Азаматтық қоғам ұғымы. Азаматтық қоғамның құрылымы.
Құқықтық мемлекет ұғымы және оның ерекшелікті белгілері. Әлеуметтік мемлекет және оның эволюциясы.
Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру мәселелері.
Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
Саяси партия ұғымы.
Саяси партиялардың негізгі мақсаттары, міндеттері және функциялары.
Партия жүйелері ұғымы. Партия жүйелерін жіктеу.
Қазақстандағы партия жүйелерінің ерекшеліктері мен даму тенденциялары.
Саяси режимдер
Саяси режим ұғымы. Саяси режимнің типтері.
Тоталитаризм саяси феномен ретінде. Авторитаризм.
Демократия ұғымы. Қазіргі кезеңдегі демократияның дамуы мәселелері саясаттанудағы маңызды мәселелердің бірі.
Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару
Демократияның тарихи формалары.
Демократияның кемшіліктері мен құндылығы. Демократия сабақтары.
Қазақстандағы демократияландырудың негізгі кезеңдері және ерекшеліктері.
Демократияның Қазақстандық моделін қалыптастырудың проблемалары.
Саяси процесс және саяси қызмет
Саяси процесс ұғымы, оның мәні және негізгі сипаттамасы.
Саяси процестің типологиясы. Сыртқы және ішкі саяси процестер.
Саяси қызмет, оның субъектілері мен объектілері.
Саяси жүріс-тұрыс және оның формалары.
Саяси сана және саяси мәдениет
Саяси сананың мәні және саяси сананы қалыптастыру жолдары.
Саяси сананың құрылымы. Қоғамдық пікір.
Саясат және мәдениет. Саяси мәдениет ұғымы.
Саяси мәдениет функциялары. Саяси мәдениет типологиясы.
Саяси әлеуметтену ұғымы. Қазіргі Қазақстан саяси мәдениетінің ерекшеліктері және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтену мәселелері.
Саяси элита және саяси көшбасшылық
Саяси элита ұғымы және оның анықтамасы.
«Олигархиялық тенденциялардың темірдей заңы».
Элита және бюрократия. Саяси жүйенің өмір сүруіндегі бюрократияның ролі.
Саяси көшбасшылық пен көшбасшылар типологиясы.
Қазіргі Қазақстандағы саяси көшбасшылық институты және саяси элита.
Саяси технологиялар
Саяси технологиялар ұғымы.
Саяси технологиялардың қоғамдық-саяси өмірді танып білудегі маңызы. Саяяси технологиялардың типтері.
Саяси шешімдерді қабылдау. Мемлекеттік саясатты қалыптастыру технологиялары.
Үгіт-насихат типті ақпараттық технологиялар. Технология (PR).
Сайлау жүйесі. Сайлау науқанының стратегиясы және тактикасы.
Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар
Дүниежүзілік саясат ұғымы. Халықаралық қатынастар жүйесі.
Халықаралық қатынастар субъектілері.
Халықаралық қатынастардың типтері мен түрлері.
Халықаралық саяси институттар, олардың түрлері, мақсаттары және өмір сүру ерекшеліктері.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты, оның көп бағыттылық сипаты.
Қазіргі заманның жаһандық проблемалары
Қазіргі заманның жаһандық мәселелері ұғымы. Жаһандық проблемалардың типтері.
Жаһандық мәселелерді шешудегі халықаралық ынтымақтастық.
Қазіргі заманның жаһандық мәселелер жүйесіндегі Қазақстан.
Саяси болжамдау.
Саяси болжамдау ұғымы, мәні және ерекшеліктері. Саяси болжамдауды қолдану аясы және негізгі принциптері.
Саясаттануда ғылыми болжамды жасаудың әдістері мен құралдары.
Қазіргі Қазақстандағы саяси болжамдаудың жәйі және мәселелері.
Егемен Қазақстанның саяси мәселелері.
Қазақстан Республикасы – зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет және халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде.
Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері: мәселелері мен қиыншылықтары.
Қазақстан Республикасында плюралистік демократияны қалыптастырудың жолдары.
РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ
Саясаттанудың әлеуметтік-гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны.
Орта ғасырлық Шығыстағы саяси ойлар: Әл-Фараби, Низами, Ә.Науаи.
Қазақстанда саяси ойлардың қалыптасуы мен дамуы.
Қазақстан қоғамын, саяси жүйені реформалау жағдайындағы салыстырмалы саясаттанудың ролі.
Саясат өнер ретінде.
Мемлекеттік билік саяси биліктің жоғары формасы ретінде.
Саяси биліктің легитимдік типтері.
Ұлт саясаты мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлімі ретінде.
Қазақстан халықтары Ассамблеясы жүйелі қоғамдық-саяси институт ретінде.
Қазақстан көп конфессиялы қоғам ретінде.
Қазақстандық конфессияаралық келісім тәжірибесі.
Қазіргі саяси жүйелер.
Мемлекеттің мәні және оның шығуы.
Мемлекеттің белгілері, оның функциялары мен мақсаттары.
Мемлекеттік жүйелердің типологиясы.
Қазіргі мемлекет және оның ерекше белгілері.
Азаматтық қоғам идеяларының пайда болуы мен дамуы.
Әлеуметтік мемлекеттің функциялары.
Мүдделі топтар: ұғымы, функциялары, типологиясы.
Қысымшы топтар. Лоббизм саяси феномен ретінде.
Қазақстандық демократия моделінің ерекшеліктері.
Саяси партиялар генезисінің кезеңдері: аристократиялық үйірмелер, саяси клубтар, бұқаралық партиялар.
Партиялардың типологиясы.
Партияларды типтеудің өлшемдері (критерийлері).
Бірпартиялық, екіпартиялық, көппартиялық.
Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар. Қазақстан қоғамының саяси өміріндегі қоғамдық қозғалыстардың орны мен ролі.
Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелері.
Тоталитаризм, оның негізгі типтері мен түрлері.
Тоталитарлық режимнің саяси тәжірибесі.
Авторитаризм саяси режим формасы ретінде.
Демократияның жалпылық принциптері мен институттары.
Саяси мәдениет тұжырымдамалары.
Қазіргі элита теориялары.
Бюрократизм саяси феномен ретінде.
Элиталар мен көшбасшылар саясаттың субъектілері ретінде.
Саяси технологиялар саясаттанудың ажырамас бөлімі ретінде.
Халықаралық қақтығыстардың себептері, олардың түрлері, салдарлары, ескерту және шешу тәсілдері.
Адамзаттың ХХІ ғасырдағы әлеуметтік-саяси дамуының болжамы.
Саяси болжамдаудың мақсаты, объективтік негізі және негізгі міндеттері.
Қазақстан қоғамының қазіргі даму кезеңіндегі саяси жаңарудың ерекшеліктері.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі:
Әбсаттаров Р.Б. Саясаттану – ғылым // Хабаршы. Қоғамдық және тарихи ғылымдар сериясы. А., АМУ, 2001, № 2, 71-79 б.
Әбсаттаров Р.Б. Салыстырмалы саясаттану: мәселеге жалпы көзқарас // Хабаршы. Тарих жыне саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. А., АМУ, 2002, № 2,104-123 б.
Әбсаттаров Р.Б. Саяси технологиялар: теория мен тәжірибе // Хабаршы ҚазҰПУ, 2004, № 1-2, 64-82, 81-104 беттер.
Байтұрсынов А. Бес томдық шығармалар жинағы. А.,2003.
Балғымбаев А.С. Саясаттану. Оқу құралы. А.,2003.-302 б.
Бөкейхан Ә. Таңдамалы. А., 1995.-478 б.
Джон Локк. Басқару туралы екі трактат / Ауд. М.Ө.Иманбаев, А.,2004.-280 б.
Дулатұлы М. Бес томдық шығармалар жинағы. А., 2003.
Жамбылов Д.Ә. Саясаттану. Оқулық. А.,2003.-288 б.
Жамбылов Д.Ә. Тәуелсіздік және саяси сана. А.,1999.-160 б.
Жандаулетов Т. Қазақ ұлттық идеологиясы мәселелері. А.,2004.-164 б.
Қазақстан Республикасының Конституциясы. А.,1995.
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы». А.,2004.
Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. А.,2001.-304 б.
Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. А.,1996.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы 18.02.2005. А.,2005.
Назарбаев Н.Ә.Тарих толқынында. А.,1996.
Назарбаев Н.Ә.Сындарлы он жыл. А.,1996.
Назарбаев Н.Ә.Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. А.,1996.
Оксфорд қысқаша сөздігі. Саясаттану. А.,2001.-424 б.
Поппер К. Ашық қоғам және оның жаулары. / Ауд. Т.Жандаулетов. А.,2004.
Уәлиханов Ш.таңдамалы. 2 бас. А.,1985.
Руссо Ж.Ж. Қоғамдық келісім-шарт туралы немесе саяси құқық принциптері / Ауд. Б.Ж. Смағанбет. А.,2004.-158 б.
Хан И.Г. Саясаттану. Оқу құралы. А.,2004.-174 б.
Шарль Луи Монтескье. Заңдар рухы туралы / Ауд. А.Құлсариева. А.,2004.-784 б.
Шоқай М. Таңдамалы: 2 томдық. Т.1. А.,1998., Т.2. А.,1999.-520 б.
Қосымша:
Дәрімбет Батырхан. Демократия мен автократия: Саяси өмір шежіресі. А.,2004.-5632 б.
Қазбеков Н.А. Саяси процестер: Оқу құралы. Қарағанды, 2004.
Масатов Б. Және т.б. Демократия әліппесі. А.,1999.
Саясатты талдау әдістері мен тәсілдері / Ағылшын тілінен аударған Б.К.Сәрсекеев. А.,2002.