Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стом студ практика 2013-14.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Машықтық жұмыс

№1 тапсырма. Қоян эритроциттерінің осмостық төзімділігіне температураның әсерінзерттеу

Әдісі: Дені сау қоян құлағының шеткі көктамырынан 0,5 мл қанды алдын ала 1 тамшы гепарин құйылған центрифугалық пробиркаға алады. Сали гемометрімен қанды әрқайсысына 5 мл 0,3%, 0,45%, 0,65%, 0,85% хлорлы натрий ерітіндісі құйылған 4 пробиркаға тамызады (бақылау сериясы). Қалған қанды температурасы 500С су моншасында 5 минөт бойы ұстайды. Осыдан соң ысытылған қанды 0,02 мл мөлшерде басқа штативтегі хлорлы натрийдің сондай ерітіндісіне тамызады (зерттеудің тәжірибелік сериясы). 10 - 15 минөттен соң бақылау және тәжірибелік сериядағы пробиркалардың боялу қарқынын салыстырады. Алынған деректерді кестеге жазып, тұжырым жасайды.

Хаттама кестесі

Тәжірибе сериялары

хлорлы натрий ерітіндісінің мөлшері

0,3%

0,45%

0,65%

0,85%

  1. бақылау

  2. тәжірибе

Ескерту: ерітінділердің боялу қарқынын + белгісінің әртүрлі санымен белгілейді.

2 тапсырма: Қоян эритроцитіне мембрана зақымдаушы жайттардың зақымдаушы ықпалын зерттеу.

Әдісі: 5 центрифугаланатын пробиркаға 5 мл.-ден Рингер ерітіндісін құйып, хаттамаға сәйкес қосымшаларды тамызады, кестеде көрсетілген:

Пробирка 1- (бақылау)

Пробирка 2

Пробирка 3

Пробирка 4

Пробирка 5

5 мл Рингер

+ 0,02 мл қан

5 мл Рингер

+

0,5 мл 30% Н2О2

+ 0,02 мл қан

5 мл Рингер

+

Бірнеше түйір жуғыш ұнтақ

+ 0,02 мл қан

5 мл Рингер

+

0,5 мл 0,1N HCl

+ 0,02 мл қан

5 мл 0,5% NaCl

+ 0,02 мл қан

Гемолиз жоқ

гемолиз

гемолиз

гемолиз

гемолиз

Тапсырма: №№ 2-5 пробиркалардағы гемолиздің № 1 пробиркадағы гемолиздің болмау патогенезін түсіндіріңіз

.

№3 тапсырма: Қоян эритроцитіне этил спиртінің зақымдаушы ықпалын зерттеу.

Әдісі: Қоян құлағының шеткі көктамырынан алдын ала 1 тамшы гепарин құйылған пробиркаға 1 тамшы этил спиртін тамызады да температурасы 37о С термостатта 5-10 минөт ұстайды (инкубация деп атайды ). Қаннан лаборанттар әйнекке жағынды дайындап Романовский –Гимза әдісімен бояйды.

Студенттер қан жағындысындағы эритроциттердің осы ықпалға тән түрінің өзгерістерін иммерсиалық объектив арқылы анықтап оның пайда болу тетіктерін түсіндіреді.

№4 тапсырма: Егеуқұйрықтың тіс тінінің сорбциялық (сіңірулік) қабілетінің зақымдануға байланысты өзгерісін зерттеу.

Әдісі: Егеуқұйрыққа 2% гексеналді ішіне енгізу арқылы ұйықтатады да қолы мен сирақтарын операциялық үстелге байлап бекітеді. Темір егеудің көмегімен астыңғы күрек тісінің біреуін егеп эмалын зақымдайды, екінші астыңғы күрек тісі салыстырмалы бақылау ретінде пайдаланылады. Зақымдалған және сау күрек тістерге метилен көгі ерітіндісін жағады. 5 минөттен кейін бояуларды жуып ондағы қалған өзгерістерді бағалайды. Қорытынды жасалынады. Осыған ұқсас тәсілдер стоматологиялық клинакада кариестің алғы нышандарын және кариеске қатыссыз өзгерістерді анықтау үшін қолданылады.