Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стом студ практика 2013-14.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Машықтық жұмыс

№ 1 тапсырма. Анафилаксиялық сілейменің патогенезі» рөлдік ойынын көру

№ 2 тапсырма. Теңіз тышқандарында анафилаксиялық сілейменің үлгісін алу.

Әдісі: Жылқы сарысуына сезімталдығы жоғарылаған теңіз тышқанының жүрек ішіне аллергеннің шешуші өлшемін енгізеді (1 мл жылқы сарысуы). Жануарда анафилаксиялық сілейменің көріністерін бақылайды. Теңіз тышқаны өлгеннен кейін оның ішін жарып, кеуде қуысын ашып, өкпесінің жағдайына назар аударады. Қорытынды жасалады.

Жүрек топографиясы: кеуде шетінің сол жағынан 2 және 3 қабырғааралық деңгейде, сол қолдың сұқ бармағымен жүрек соғысын табады. Дәріпіспектің инесін тігінен оң қолмен жүректің қуысына түскенше енгізеді. Мікбасты (поршень) тартқанда, дәріпіспектің ішіне қан келуі, жүрек ішіне сарысу жіберудегі барлық іс- әрекеттердің дұрыстығын дәлелдейді.

№ 3 Тапсырма. «Аллергиялық серпілістердің сипаттамасы» кестесін толтырыңыз

Серпілістер түрі

көтсеркіштері

I

реагиндік

II

цитотоксиндік

III

Иммундық кешендік

IV

Жасуша қатысуымен

Серпілістің даму мерзімі

Антиген

Антидене

Нысана жасуша

дәнекерлері

Клиникалық көріністері, мысалы

№ 4 тапсырма. Кейс-стади.

№ 1. Балтырында жайылған іріңдігі бар науқасқа антибиотик енгізгеннен 20 мин соң мазасыздану, қорқыныш сезімі, қимылдық қозулар, басының соққыланып ауырғаны, терісінің қышуы, бетінің қызаруы, АҚ 180/90 мм с.б., тамыр соғуы 120 рет. Осыған байланысты дәрігер науқасты бөлмесіне барып төсегіне жатуын ұсынды. 20 мин соң науқастың жағдайы нашарлай түсті: әлсіздік, бетінің бозаруы, дем шығарудың қиындауымен сипатталатын тұншығу ұстамасы, есінің кіресілі-шығасылы болуы, тырыспа-селкілдек ұстамасы; АҚ 75/55 мм с.б., тез төмендеуі пайда болды. Науқасқа жедел жәрдем көмегінің шаралары жасалынды.

1. науқаста антибиотик енгізгеннен кейін қандай дерттік жағдай пайда болды?

2. бұл дерттік жағдайдың даму тетіктері қандай?

3. науқасқа қандай жедел жәрдем шаралары жасалынды?

№ 2. 7 жастағы балада манго шырынын ішкеннен 40 минуттан соң кенеттен жұмсақ таңдайында жұтынуға кедергі жасайтын тез үдемелі шектелген ісіну пайда болды, кейіннен ол дем алуға да кедергі келтірді. Ісінген аймақтағы шырышты қабат қызарған, ауырмайды; қанында – аздаған эозинофилия. Дене қызымы қалыпты. Сұрағанда үлкен әпкесінде бронх демікпесінің ұстамасы болғандығы анықталды.

  1. Науқаста қабынулық ісіну дамыды деуге бола ма?

  2. Егер болмаса, онда ісіну дамуы неге байланысты, ол қалай аталады?

  3. Аталған дерт түрінің патогенезі қандай?

№ 3.Шөп шабу кезінде бригаданың бір мүшесінде келесі белгілер пайда болды: қышыну, қабақтарының гиперемиясы және ісінуі; «көзіне құм түскендей» сезім; жарықтан қорқу, жас ағу; қатты таңдайдың, мұрынның шырышты қабатының қышуы; мұрынның бітелуі су ағумен қабаттасқан, толастамайтын түшкіру ұстамасы; мұрынмен демалудың оның тоқтауына дейін қиындауы; қақырықтың көп бөлінуімен қабаттасқан жөтел; тұншығу ұстамасы анықталды. Бұл құбылыстар шаршағыштықпен, тәбеттің төмендеуімен, ашуланшақтықпен, ұйқының бұзылуымен қабаттасты. Дене қызымы – 38-39оС. Науқасқа «Поллиноз» аңғарымы қойылды.

  1. Науқаста дамыған аллергиялық серпілістің негізін жоғары сезімталдықтың қай түрі құрайды? байқалған бұзылыстардың даму тетіктері қандай?

  2. IgE мен IgG4-тің иммуноглобулиндердің басқа топтарынан қандай ерекшелігі бар? Не себепті атопиямен ауырған науқастарда қан сары суында IgE мөлшері жоғарыламауы мүмкін?

№ 4. 28 жасар науқас әйел қауырт бронхитті емдеу үшін 5 күн бойы пенициллинмен (600 000 бірлік) күн сайын егілген. 6 –шы күні науқастың денесінде ісінген терінің сыртқы бетінен көтеріңкі үлкен күлдіреуік бөртпелер пайда болған. Бұл бөртпелер беттің, арқаның, құрсақтың, санның терілеріне жайылған. Қабағы, ұрттары, еріндері ісінген. Терісінің қышыну сезіміне, буындарының ауыратындығына шағымданған. Дене қызуы 37,7 – тан 38,3 градус аралығында.

  1. Науқаста есекжем пайда болуының және терісінің ісінуін қалай түсіндіруге болады? Дене қызымы көтерілу патогенезін құрастырыңыз.

  2. Осы аллергиялық серпілістің патогенездің сызбанұқасын құрастырыңыз

№ 5. Омыртқаның бел бөлігінің остеохондрозын қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен емдеу нәтижесінде науқаста дәрінің әсерінен туындаған лейкопения дамыды.

  1. Бұл құбылыстың себебі аллергиялық серпілістің қай түрі болуы мүмкін? Лейкоциттер ыдырауының патогенезін түсіндіріңіз. Патогенездік сызбанұсқасын құрастырыңыз.

№ 6. Оң көзінің жарақатынан соң 6 аптадан кейін науқастың басқа көзінде ауыру сезімі және сол жағында ұдайы басы ауыруы дамыды. Сол көзінің көруі үдемелі түрде нашарлады. Қарап тексергенде көз қарашығы тарылған, көз түбінің және көз ағының тамырлары қызарғаны анықталды. Көзін басқанда ауыру сезімі арта түсті. Көз бұршағының лайланғаны байқалды.

1. Дерттің қай түрі дамыды? Жарақаттанбаған көздің зақымдану тетіктері қандай?

№ 7. Не свебепті қалқанша безінің екі аутоиммундық ауруының (аутоиммундық тиреоидит Хасимото және тиреотоксикозда, Грейвс ауруы), негізінде тиреоглобулинге және қалқанша без эпителийі бөлшектеріне (ТТГ қабылдағыштарына) антидене өндірілуі жатыр және бір жағдайда қалқанша безінің қызметі төмендейді, екіншісінде - артады?

№ 8. Науқас клинкада миокардтың жайылмалы инфарктымен 6 апта емделгеннен кейіноң нәтижелі емнің фонында жүрек аймағында ауыру сезімі және перикардтың тірелу шуы пайда болып, дене қызымы 39 градусқа көтерілді. Қанды тексергенде эозинофильдік лейкоцитоз, антикардиальдық антидене титрі анықталды. Дәрігер қойған диагноз «постинфарктық синдром» (Дресслер синдромы).

1. Дресслер синдромы иммуногенді табиғатты екендігін белгілі, осыны біле тұра оның дамуын және оны тудырған Аг сипатын көрсетіңіз.

2. Дамыған серпіліс, егер науқастың қанынан антикардиалды антидене анықталса, қай түрге жатады?

3. Антикардиалды антидене Ig –нің қай тобына жатады?

№ 9. 15 жасар жасөспірім, сол жақ санында жыртылған, қатты ластанған жарасымен хирургия бөлімшесіне түсті. Жарасы хирургиялық өңделіп тазартылып тігілді. Бөксесінің жоғарғы сыртқы бөлігіне 1500 АЕ сіреспеге қарсы емдік сары су енгізілді. Әрбір 6 күн сайын емдік сары су қайталанып енгізілді. Үш күннен кейін сары су енгізілген жерде ісіну байқалып, үлкен тығыз инфильтрат қалыптасты. Инфильтраттың үстіндегі теріде өлеттену дамып, артынан ұзақ жазылмайтын жара пайда болды.

1. Науқаста аллергиялық серпілістің қай түрі дамды?

2. Өлеттену бар қабынудың пайда болуын қалай түсіндіруге болады?

№ 10. Туберкулиндік сынау (Манту реакциясы) баяу дамитын жоғары сезімталдыққа жатады. Балаға Манту сынауын жасады (тері астына туберкулин – туберкулездік тазартылған аллерген). 6-12 минуттан кейін туберкулин енгізілген жерде серпілістің алғашқы белгілері пайда болып, 24-48 сағаттан соң айқын шегіне жетті.

  1. Оң туберкулиндік сынау нені мәлімдейді?

  2. Қабынуды дамытатын қандай жасушалар және оның даму тетіктері қандай?

№ 11. Науқас Ш., 38 жаста, дәрігер-аллергологқа суық ауаға бетінде қышитын қызыл дақтардың пайда болғандығына шағымданды. Сонымен бірге, суық сумен жуынғанда су тиген жердің терісі ісініп, қышыну пайда болатындығын мәлімдеді. Суықтық экспозициялық сынауда - иық терісіне мұз қойғанда қызару және күлдіреуік дамыды.

Суыққа дамыған осы серпілістің мүмкіндік тетіктерін түсіндіріңіз.

№ 12. Төмендегі жайттар аллергиялық серпілістердің қай түрін дамытады?

  1. Үй тозаңы, қайызғақ, жанауарлар жүні

  2. Трансплантант жасуша

  3. Бөгде нәруыз

  4. Өсімдіктер тозаңы

  5. Вирус енген жасуша

  6. Бактериялар, саңырауқұлақтар спорасы

  7. Сарысулар

  8. Резусы немесе тобы сәйкес емес эритроциттер

№13. Науқас С., 54 жаста, алынбайтын металл протезді бекіткеннен кейін пайда болған ауыз аймағы шырышты қабаттарындағы күйдіретін ауыру сезіміне шағымданды. Қанды in vitro сынауымен тексеру үшін никель тұзын қосқанда базофилдердің түйіршіксізденуі дамыды.

    • Осы аллергиялық серпілістің патогенезін жазыңыз

    • Металлдың организмге теріс әсері әруақытта аллергиялық серпіліспен байланысты ма? Жалған аллергиялық серпіліс деген не?

    • Металға аллергиялық серпілістің болуы протездеуде металл қолдануға қарсы көрсеткіш бола ма?

№14 Пациент Ф., 55 жаста, дәрігердің ұсынуымен 10 күн бойы тетрациклин қабылдады. Антибиотикпен емделудің соңында онда басы ауыру, тез шаршағыштық, әлсіздік, ұйқышылдық пайда болды. Қанның клиникалық талданымында эритроциттер мен гемоглобин санының азайғандығы анықталды. Тетрациклинді қанға қосқанда эритроциттердің гемолизі дамыды.

1.Какую роль играет система комплемента в развитии гемолиза?

2. К какому типу гибели клеток относится гемолиз? К апоптозу или некрозу?

3.Объясните патогенез развития клинических признаков развившейся патологии.

№15. Латекс қолғапты алғаш кигенде стоматологтың саусақтарының терісінде көпіршік және күлдіреуіктермен қабаттасқан айқын эритема пайда болды. Білезіктің ішкі жағына латекс қолғаптың бөлшегімен жасалған аппликациялық сынау 72 сағаттан соң оң болды. Гистамин қабылдағыштарының тежегіштерін қолдану серпілістің қарқынын баспады. Қабыну глюкокортикоидтар қолданған соң ғана емделді.

    • Медицина қызметкерінде қандай аллергиялық серпіліс дамыды? Оның даму тетіктерін көрсетіңіз.

    • Не себепті глюкокортикоидтар осы аллергияда қабынуға қарсы әсер етті? Гистамин қабылдағыштарының тежегіштерін қолдану серпілістің қарқынын неге баспағандығын түсіндіріңіз?

    • Осындай серпілісті теріде сенсибилизацияланбаған адамда қан сары суы немесе лимфоциттер арқылы туындатуға бола ма?

Глоссарий

Аллергия – иммунная реакция, сопровождающаяся повреждением собственных тканей организма (В.И. Пыцкий).

Причины аллергии – аллергены.

Аллергия – организмнің өз тіндерінің зақымдануымен қабаттасатын иммундық әсерленістер (В.И. Пыцкий)

Аллергияның себептері – аллергендер.

Allergy - is immune organism reaction accompanied by tissue damage. The causes of allergy are allergens.

Классификация аллергенов (по А.Д. Адо):

Экзоаллергены: бытовые, пищевые, лекарственные, животного происхождения, растительные, промышленные, микробные, грибковые

Эндоаллергены:

первичные (естественные) – нормальные белки, которые не имели контакта с лимфоцитами в процессе эмбрионального развития, для них нет иммунологической толерантности

вторичные (приобретенные)- белки, изменившие структуру под действием повреждающих факторов