
- •Машықтық жұмыс
- •Глоссарий
- •Машықтық жұмыс
- •Машықтық жұмыстар:
- •Глоссарий:
- •Машықтық жұмыс
- •Глоссарий
- •Глоссарий
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Глоссарий
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Сахароза қабылдағаннан кейін аралас сілекейдің рН өзгерісінің графигі
- •Глоссарий
- •Негазовый алкалоз (экзогенный, выделительный, метаболический) - нарушение кос, обусловленное повышением концентрации аниона гидрокарбоната.
- •Глоссарий
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Глоссарий
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Глоссарий
- •Машықтық жұмыс
- •№ 3 Тапсырма. «Аллергиялық серпілістердің сипаттамасы» кестесін толтырыңыз
- •Аллергендердің жіктелуі (по а.Д. Адо):
- •Классификация аллергических реакций:
- •Глоссарий
- •Анизоцитоз – эритроцит мөлшерінің (диаметр) өзгеруі Анизоцитоз - изменение размера (диаметра) эритроцитов
- •Әдебиеттер
- •Тәжірибелік жұмыстар
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер:
- •Глоссарий
- •Глоссарий
- •Глоссарий
- •Тәжірибелік жұмыс:
- •Глоссарий
- •Глоссарий
- •Глоссарий
- •Глоссарий
Машықтық жұмыстар:
Тәжірибе жасау немесе «Гипоксияға төзімділікте түрлік реактивтіліктің, ОЖЖ жағдайының, жастың маңызы» бейнефильмін көру (кассета № 1)
№ 1 тапсырма |
Организм реактивтілігінде жануарлар түрлерінің маңызын анықтау |
Әдісі: Комовский аспабының астына бір ақ тышқанды және бір бақаны отырғызады. Олардың жалпы тәртібіне, тыныс алуына, терілерінің түсіне назар аударады. Содан кейін барометрлік қысымды біртіндеп 200 мм.с.б. дейін азайтып, жануарлардың жалпы тәртібі, тыныс алуы, терілерінің түсінің өзгерістерін байқайды. Алынған деректерді талдап, тұжырым жасайды.
№ 2 тапсырма. |
Реактивтіліктегі жас мөлшерінің маңызын анықтау |
Әдісі: Тәжірибеге бір ересек (салмағы 15-20 г), бір жаңа туған ақ тышқанды алады. Олардың жалпы тәртібіне, тыныс алуына, терілерінің түсіне назар аударады. Содан кейін барометрлік қысымды біртіндеп 200 мм.с.б. дейін азайтып, жоғарыда келтірілген көрсеткіштерді қадағалап, салыстырады. Екі тышқанда биіктік ауруының дамуын қадағалайды. Биіктік ауруы дамуында жас мөлшерінің маңызы туралы қорытынды жасалады.
№ 3 тапсырма. |
Организм реактивтілігіндегі ОЖЖ-нің функциялық жағдайының маңызын анықтау |
Әдісі: тәжірибеге үш ақ тышқан алынады. Біреуіне тері астына 1% 0,5 мл. гексенал ерітіндісі 100 г дене салмағына есептеліп енгізіледі. Екіншісіне - 10% 0,5 мл. кофеин ерітіндісі дене салмағына есептеліп енгізіледі. Үшінші тышқан бақылау болып есептеледі. 5 - 6 мин. соң үшеуін де Комовский аспабының астына отырғызады. Алдыңғы тәжірибеде жүргізілген ретпен қайталанады. Жануарлардағы өзгерістердің айырмашылығын анықтайды. Алынған мәліметтер сарапталады.
Сұрақтар:
Тәжірибелік жануар организмнің наркоздық және ОЖЖ қоздырғыш әсер ететің дәрі-дәрмектердің әсерінен гипобариялық гипоксияға төзімділігінің ерекшеліктерін анықтаңыз? (төзімділік: кофеин енгізген тышқанда төмен, есірткі енгізген жануарда - жоғары.)
Тәжірибелік жануарлардың өзгерген төзімділігінің бөлжамды тетіктерін анықтаңыз? (организм төзімділігінің өзгеруі ең маңыздысы мыйдың гипоксияға қарсы тұрақтылығының өзгеруімен байланысты. Бұл жануардың қызметтік жағдайымен және қимылдық белсенділік деңгейімен анықталынады).
№ 4 тапсырма. |
Организм реактивтілігіне сыртқы орта жайттарының ықпалын зерттеу. |
Әдісі: Тәжірибеге үш тышқан алынады. Біреуін тоңазытқышта 20 минөт мұздатады, екіншісін 400С термостатта 10 мин ұстайды. Үшінші тышқан – бақылау тышқаны. Оларды комовский аспабының астына отырғызып, биіктік ауруын шақырады. Жануарлар тәртібінің айырмашылықтарына назар аударып, қорытынды жасайды.
Сұрақтар:
Тәжірибеде жануарлардың гипоксияға төзімділігінің қандай айырмашылығы анықталды? (төзімділігі ең жоғары болып келген №1 тышқан, ең аз - №2 тышқан)
Хаттаманың кестесі
Жануарлар |
Барометрлік қысым |
Тәртібі |
Минөтіне тыныс алуы, ж.б. өзгерістер |
Терісінің түсі |
Жауап қайтару түрі |
||
Бақа |
Бастапқы жағдай |
|
|
|
|
||
Биіктік ауру |
|
|
|
|
|||
№1 тышқан (бақылау) |
Бастапқы жағдай |
|
|
|
|
||
Биіктік ауру |
|
|
|
|
|||
№2 тышқан (жаңа туылған) |
Бастапқы жағдай |
|
|
|
|
||
Биіктік ауру |
|
|
|
|
|||
№3 тышқан (наркоз) |
Бастапқы жағдай |
|
|
|
|
||
Биіктік ауру |
|
|
|
|
|||
№4 тышқан (кофеин) |
Бастапқы жағдай |
|
|
|
|
||
Биіктік ауру |
|
|
|
|
|||
№5 тышқан (гипертермия) |
Бастапқы жағдай |
|
|
|
|
||
Биіктік ауру |
|
|
|
|
|||
№6 тышқан (гипотермия) |
Бастапқы жағдай |
|
|
|
|
||
Биіктік ауру |
|
|
|
|
Студенттер хаттаманың жалпы кестесін толтырады және гипоксияның бүліндіргіш әсеріне организм төзімділігінің әртүрлі екені туралы тұжырым жасайды, патогенезін түсіндіреді.