Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стом студ практика 2013-14.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.49 Mб
Скачать

Машықтық жұмыс

№ 1 тапсырманы орындау немесе «Биіктік ауруын үлгілеу» бейнефильмін көру.

1 тапсырма. Биіктік ауруының үлгісін алу және негізгі көріністерін зерттеу.

Әдісі. Ақ тышқанды Комовский аспабының астына отырғызады. Жануардың бастапқы жағдайын: тәртібі, тыныс алу сипаты, терісінің түсін байқап белгілеп алады. Комовский аапабының насосы арқылы ауаны барометрлік қысымның көрсеткішін манометр арқылы байқай отырып, біртіндеп сорады. Барометрлік қысымның 0,2 атм., 0,4 атм., 0,6 атм., 0,8 атм-ға төмендегенде тышқандағы өзгерістердің сипаты мен бірізділігін белгілейді. Тышқанның өліп қалмауын қадағалап отыру керек, сол себепті құрысу-тырыспа басталғанда тез арада қалпақтың астына ауа жіберіледі. Алынған нәтижелер хаттамаға толтырылады, қорытынды жасалады.

Тәжірибе хаттамасы.

Барометрлік қысымның деңгейі

Негізгі көріністері

Бастапқы жағдайы

0,8 атм.

0,6 атм.

0,4 атм.

0,2 атм.

Сұрақтар.

1.Бұл экспериментте жануарлар қандай патогендік жайттың ықпалына душар болды?

Көрсетілген жайттардың қайсысы дамыған дерттік үрдістің (гипобариялық гипоксияның) себебі болуы мүмкін?

    1. Айтылған жорамалдарды тәжірибе барысында қалай тексеруге болады?

2 тапсырма. Пол Бер тәжірибесін сараптау

Тәжірибеге екі топ тышқан алынады. Біріншісі ауа толтырылған барокамераға отырғызылып, барометрлік қысым біртіндеп 210 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл кезде жануарларда биіктік ауруының белгілері көрініп, тырысу дамиды.

Екінші топ тышқандарын оттегіге толтырылған барокамераға отырғызылады. Бұл камерада барометрлік қысым 200 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл тышқандарда биіктік ауруының белгілері байқалмайды.

Сұрақтар:

Гипоксияның осы түрі дамуында және салдарларында гипобария қандай роль атқарады?

Қандай патофизиологиялық терминмен ұқсас ықпалдар анықталынады?

3 тапсырма. Биіктік ауруының сызбанұсқасын зерттеу

1. Биіктік ауруы

Себептері

Патогенездің негізгі тізбегі

ОЖЖ

Жүрек- қан тамыр жүйесі

Тыныс алу жүйесі

Қан жүйесі

Барометрлік қысымның төмендеуі,

дем алатын ауада рО2 төмендеуі

гипоксемия

зат алмасудың бұзылуы

гликолиздің белсенділенуі

зат алмасудың шала тотыққан өнімдерінің жиналуы

негізгі көріністері

Тоқмейілсу, психикалық үрдістердің баяулауы, нәзік қимылдық нақтыланудың бұзылуы, қозғалыстар үйлесімділігінің бұзылуы, селкілдек.

Тахикардия, жүректің соғулық көлемінің, жүректің минөттік көлемінің ұлғаюы, қанайналымының орталықтануы.

Гиперпноэ, кейін брадипноэ немесе үзілісті тынысқа ауысады

Эритроцитоз

Газдар және сұй-ықтардың физикалық қасиеттерінің өзгеруі

Декомпрессиялық синдром, іш кебуі, құлақ және маңдай қуыстары ішіндегі шаншу, майда қантамырларының жыртылуы, тері астында ауа жиналуы, газдық эмболия

2. Биіктік ауруының патогенезіндегі кері айналып соғу шеңбері

Дем алатын ауада оттегінің үлестік қысымының (рО2) төмендеуі

г ипоксемия

Тыныс алу орталығының қозуы

гиперпноэ

Гипокапния, тыныстық алкалоз

Тыныс алу орталығының әлсіреуі

б радипноэ

Глоссарий

Этиология (греч aitia – причина, logos-учение) - учение о причинах и условиях болезни

Этиология (грекше aitia – себеп, logos-ілім) - аурулардың себептері мен себепкер жағдайлары туралы ілім.

Etiology (from Greek words aitia – reason, cause, logos - study) is the study about the causes and conditions of disease

Причина – тот фактор, который вызывает болезнь и придает ей специфические черты

Себеп – ауруды дамытатын және оған арнайы белгі беретін жайт.

The cause of disease is the factor which causes the disease and gives specific features.

Условия – те факторы, которые способствуют или препятствуют возникновению болезни

Жағдай – аурудың пайда болуына кедергі немесе жағдай жасайтын жайттар

Conditions – are the factors which promote or prevent disease occurrence.

Патогенез (греч. pathos - болезнь, genesis - развитие) – учение о механизмах развития, течения и исходов болезни.

Патогенез - комплекс взаимосвязанных процессов повреждения и адаптации организма, возникающих при болезни.

Патогенез (грекше pathos – ауру, дерт, genesis - даму) – аурудың даму тетіктері, ағымы, аяқталуы туралы ілім.

Патогенез – ауру кезінде туындайтын организмнің бейімделуі мен зақымдануының өзара байланысты үрдістерінің жиынтығы.

Pathogenesis (Greek. pathos - illness, genesis - development) is the study about mechanisms of disease development and outcomes.

Pathogenesis is a complex of the interconnected processes of damage and adaptation during diseases

Ведущее звено патогенеза – то звено, которое приводит к развертыванию остальных звеньев патогенеза и дает специфические проявления болезни.

Патогенездегі негізгі тізбек – патогенездің келесі тізбектерінің дамуына әкелетін және аурудың арнайы көріністерін беретін тізбек.

The main (leading) factor of pathogenesis – is the factor which causes the development of other pathogenetic factors

Порочный круг в патогенезе (circulus vitiosus) – формирование положительной обратной связи между звеньями патогенеза, когда последующее звено патогенеза усугубляет предыдущее, когда причинно-следственные отношения в патогенезе замыкаются, и следствие усугубляет действие причины.

Патогенездегі кері айналып соғу шеңбері (circulus vitiosus) – патогенездің тізбектерінің арасында соңғы тізбек алдыңғысын күшейте түсетін, патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастың тұйықталуына әкелетін және салдар себептің әсерін күшейтетін оң кері байланыстың түзілуі.

The vicious circle of pathogenesis (circulus vitiosus) – is formation of a positive feedback between the pathogenetic factors when the chain of lesions becomes a circle and the following lesion makes worse the previous one.

Этиотропный принцип профилактики и терапии болезней – мероприятия, направленные на устранение причины болезни и повышающие резистентность организма

Аурулардың алдын алу мен емдеудің этиотропты ұстанымы – аурудың себебін аластатуға және организмнің төзімділігін арттыруға бағытталған шаралар

The etiotropic principle of prophilaxis and therapy means measures directed to elimination of the cause of the disease and improving organism’s resistance

Патогенетическая терапия – мероприятия, направленные на устранение ведущего и других звеньев патогенеза.

Патогенездік ем – патогенездің негізгі және басқа да тізбектерін жоюға бағытталған шаралар.

Pathogenetic therapy are the measures directed to elimination of the main and other pathogenetic factors

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 8-27

  2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 73-82

  3. Патофизиология / /Под ред. Новицкого В.В – М.Гэотар,2010 том 1.С. 73-87.

  4. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 17-22.

  5. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 30 -38.

  6. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 8-14.

  7. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 24-50

Қосымша

  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 17-22

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 33-37.

  3. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 8-14

  4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 37-45.

  5. Давыдовский И.В. Проблемы причинности в медицине (этиология). М.: Медгиз. - 1962. -176 с.

  6. Царегородцев Г.И., Ерохин В.Г. Диалектический материализм и теоретические основы медицины. М.: Медицина, 1986, С.226 - 233.

  7. Саркисов Д.С., Пальцев М.А., Хитров Н.К. Общая патология человека. М.: Медицина, 1995. - С.49 - 90.

  8. Нурмухамбетов А.Н. Спорные вопросы этиологии (лекция) // Вестник КазГМУ, 1999. - № 5,.с.114 - 117.

БАҚЫЛАУ

Тест тапсырмалары – патофизиология пәнінен сынамалық тапсырмаларды қараңыз. Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 24-50

2 САБАҚ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Тақырып: «ОРГАНИЗМ РЕАКТИВТІЛІГІНІҢ ПАТОЛОГИЯДАҒЫ РОЛІ»

Сабақтың мақсаты:

    • Ауру туындауы мен дамуындағы, организм реактивтілігі мен төзімділігінің және тұқым қуалаушылықтың маңызытуралы білім қалыптастыру

    • Организм реактивтілігі мен резтстентілігі туралы түсініктерді қалыптастыру үшін пікір сайыстар жүргізу дағдысын қалыптастыру

    • Зертханалық жануарлармен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру

    • 3 тілде глоссарийді қолдану дағдысын қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

  • Организмнің реактивтілігі мен резистентілігінің патологиядағы ролін меңгеру

  • Организм реактивтілігі мен резтстентілігі сұрақтар бойынша пікірсайыс жүргізуді меңгеру.

  • Тітіркендіргішке организмнің реактивтілігіне байланысты жауап қайтару түрін тәжірибеде бағалауды үйрену.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Организм реактивтілігі туралы түсінік. Қоздырғышқа организмнің жауап қайтару түрлері

  2. Реактивтіліктің түрлері, сипаттамасы. Реактивтілікті анықтайтын ықпалдар (тұқым қуалаушылық, конституция, жас, жыныс, жүйке жүйе жағдайы, эндокрин жүйесінің және т.б.).

  3. Конституция, түсінік. С.Сиго, Э. Кречмер, И.П.Павлов, Черноруцкий М.В бойынша конституциялық түрлердің жіктелуі. Организм конституциясының реактивтілікте маңызы.

  4. Жастың реактивтіліктегі маңызы. Балалық және қарттық шақ реактивтілігінің ерекшеліктері.

  5. Жыныстың реактивтіліктегі маңызы. Ер және әйел организмі реактивтілігінің ерекшеліктері.

  6. Организм реактивтілігінің бағытталған өзгерістері аурудың алдын алу және емдеудін негізгі құралы ретінде.

Оқыту тәсілдері:

Студенттер арасында оқытушының қатысуымен және бақылауымен сабақтың негізгі сұрақтары бойынша пікірсайыс, тәжірибелер орындау, тәжірибе нәтижелерін талқылау, бейнефильм көру.

Бақылау әдістері:Ауызша сұрау, тәжірибе нәтижелерін тексеру, тестілеу.