Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стом студ практика 2013-14.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.49 Mб
Скачать

Тәжірибелік жұмыс

1 тапсырма. Бақаның тілінде қабыну кезіндегі әлтерация және қан тамырларының әсерленістерін зерттеу.

Әдісі: Бақаны, жұлынын зақымдап, қимылсыздындырады.Тілінің препаратын дайындайды. Қабынуды тілінің астына азотқышқылды күмістің ұнтағын салып туындатады. Тілдің бүлінген және бүлінбеген жерлерін жәй көзбен қарап, салыстырады. Сонан соң тілдің үстіне метилен көгінің бірнеше тамшысын тамызып, тазаланған сумен тез шайып тастайды. Бүлінген жасушалар және қан тамырларының бояуды сіңіру қабілетін бүлінбеген жермен салыстырады. Тіршілігін жоғалтқан ошақта және оның шеткері жағында қан тамырларының өзгерістерін зерттейді.

2 тапсырма. Бақа шажырқайында қан айналымның өзгерістері мен лейкоциттердің эмиграциясын зерттеу (Конгейм тәжірибесі)

Әдісі: Бақа шажырқайын тақтайша тесігінің үстіне керіп бекітеді. Микроскоптың кішкене үлкейтуімен ұсақ тамырларындағы қанайналымын бақылайды. Қан тамырларының саңылауларнының өзгерістеріне, қылтамырлар санына, қан ағысының жылдамдығына назар аудару кажет. Лейкоциттердің қан тамырларының жиектеріне кемерленіп тұруын байкайды. Ары қарай микроскоптың үлкейтуін кішкенеден үлкенге алма-кезек ауыстырып отырып, қан ағысы жылдамдығының өзгерістерін байкай келе, лейкоциттердің тамырдың сыртына шығуын көруге болады. Дәптерге лейкоциттердің эмиграциясының сатыларын жазып, сүретін салады.

3 тапсырма. Іріңді экссудаттың морфологиялық көрінісін зерттеу.

Әдісі: Іріңді жалқықтың жағындысын Романовский – Гимзе әдісімен бояйды да, оның морфологиялық көрінісін зерттейді. «Іріңді денешіктер» (тіршілігін жоғалтқан лейкоциттер) тіндердің ыдырау бөлшектері, бактериялар бар болса, оларға назар аударады.

4 тапсырма. Микроскоппен тауық эритроциттерін теңіз тышқандарының

моноциттерімен фагоциттелуін зерттеу.

Әдісі: Теңіз тышқанының құрсақ қуысына, асептикалык қабыну туындататын, зарарсыз дандырылған ет-пептондык сорпа ерітіндісін енгізеді. Құрсақ қуысы экссудатында көптеген макрофагтар жиналып қалады. Бір тәуліктен кейін, қабыну дамыған соң, теңіз тышқаның іш қуысына тауық эритроциттерін енгізеді. Артынан іш қуысынан 1 мл-дей эксудатты шприцпен сорып алады да, одан әйнекке жағынды жасап, Романовский-Гимзе әдісмен бояйды. Бұл жағындыны микроскоптын кішкене және үлкен үлкейтулері арқылы зертейді. Тауық эритроциттері теңіз тышқандарының моноциттермен фагоциттелінеді.

5 тапсырма: Ситуациялық есепті шешу

1. Науқас әлсіздікке, тәбетінің жоқтығына, ауызының құрғауына, шырышты және қанаралас жиі нәжіске шағымданды. Дене қызым - 38С. эндоскопиялық зерттегенде тікішектің шырышты ққабаты ісінген, қызарған.

  1. Науқаста қандай дерттік үрдіс дамыды?

  2. Науқаста дамыған симптомдардың патогенезі қандай?

2. Науқастың рентгенографиясынан сол плевра қуысында сұйықтық жиналғандығы анықталды. Оның зертханалық талданымында: сұйықтық лайлы, рН – 5,0, нәруыз мөлшері – 7%, фибрин бар, микроскопта –лейкоциттер көп мөлшерде, біріндеген эритроциттер.

  1. Алынған сұйықтықтың табиғатын сипаттаңыз.

  2. Оның түзілу патогенезін түсіндіріңіз.

3. Іш қуысында жиналған сұйықтықты ажырату үшін пункция жасалынды. Ашық сары түсті сұйықтық алынды. Нәруыз мөлшері 1,5%, біріндеген эпителий жасушалары және біріндеген лейкоциттер көру аймағынды, рН 7,4.

    1. Алынған сұйықтық қалай аталады және қалай дамыды?

    2. Қабынудың белгілері бар ма?

4. Науқас тез шаршағыштыққа ұйқышылдыққа, қолындағы ауыру сезіміне шағымданды. Дене қызымы 38,30С. Қарап тексергенде сол қолының басбармағының тырнақ бөлігінің көлемі ұлғайған, қызарған, сипағанда ауырады. Қанда - лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған, жалпы нәруыз - 80 г/л (қалыптыда 65-85 г/л), альбумин/глобулиндік коэффициент – 0,9 (қалыптыда 1,5-2,0), СРН артқан.

1. Дерттік үрдісті және организмнің реактивтілігін сипаттаңыз

2. қабынудың жергілікті белгілерін тауып, оның патогенезін түсіндіріңіз

3. науқаста қабынудың қандай жалпы белгілері бар, оның патогенезін түсіндіріңіз

5. Науқас К., 20 жаста, жұтынғанда ауыру сезіміне, бас ауыруына, әлсіздік, тәбеттің жоқтығына және дене қызымының 38,8С-қа көтерілуіне шағымданады. Тамағынан алынған жағындыны бактериологиялық тексергенде β-гемолиздік стрептококк анықталды.

  1. Науқаста қандай дерттік үрдіс дамыды?

  2. Жалпы және жергілікті белгілердің патогенезі қандай?

  3. Науқасқа қандай этиотропты және патогенездік ем қолдануға болады?

6. Науқас С., 15 жаста, дәрігерге жоғары ерініндегі солқылдаған ауыру сезіміне, жалпы әлсіздікке, дене қызымының 37,5 С-қа көтерілуіне шағымданады. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. Қарап тексергенде: жоғары еріні ісінген, ұстағанда тығыз инфилтрат білінеді, оның үстіндегі терісінің шеттері қызарып, ортасы көгерген (цианоз).

  1. Науқаста қандай дерттік үрдіс дамыды?

  2. Анықталған бұзылыстардың патогенезі қандай?

  3. Тері түсінің әртүстілігін және солқылдаған ауыру сезімін қалай түсіндіруге болады?

7. Науқас Р., 30 жастағы емізулі баласы бар әйел, оң жақ сүт безінен ауыратын түзіліс анықтады. Қарап тексергенде терісінің қызарғаны, ісіну, түзіліс үстінің қызымы жоғары, шеткері лимфа түйіндері ұлғайған. Дене қызымы 38С-қа көтерілген. Пациентке қанның жалпы және биохимиялық талданымы тағайындалды.

  1. Пайда болған симптомдардың себебі мен патогенезі қандай?

  2. Науқаста осы дерттік үрдісте қан көрсеткіштері қалай өзгереді?

8. Науқас С., 55 жаста, дәрігерге терісінің жиі іріңді ауруларымен шағымданып келді. Ауру тарихынан – қантты диабетпен ауырады, жұмыссыз, материалдық жағдайы өте ауыр. Тексергенде лейкоциттердің фагоцитоздық белсенділігі төмендеген.

  1. Лейкоциттердің фагоцитоздық белсенділігі төмендеу себебі қандай?

  2. Фагоцитоздың тұқымқуатын және жүре пайда болған жеткіліксіздігінің патогенезін түсіндіріңіз

9. Науқас М., қалқанша безін сипағанда көлемі ұлғайып, құрылымы тығызданған гипотиреоз белгілерімен келді. Клиникалық – зертханалық және аспаптық зерттеулер нәтижесінде «Созылмалы тиреоидит» диагнозы қойылды.

  1. Науқастың қалқанша безін гистологиялық зерттегенде қандай өзгерістер болуы мүмкін?

  2. Қалқанша безінің ұлғайып, құрылымының тығыздану патогенезі қандай?

10. Мекеменің медициналық пунктіне автоклавтың жарылу оқиғасынан кейін балтырлары күйген екі жұмысшы қаралды. Олар бас ауыруына, күйген жерлерінде домбығу мен күйдіретін ауыру сезіміне шағымданды. Қарап тексергенде: жарақаттанған А-ның балтыры қызарған, балтыр терісі ісінген, жарақаттанған Б-да ол белгілерден басқа көпіршіктер, оның іші мөлдір сұйықтыққа толған. Екі жарақаттанушы да еңбекке жарамсыздық қағазын алған және емделу қажеттігі туралы ұсыныс алды, бірақ орындамады. 3 күннен соң А-ның жағдайы қалпына келді, Б-ның жағдайы күрт нашарлады: күйген жерлерде көптеген іріңді (бактериологиялық алтын түсті стрептококк табылған) көпіршіктер пайда болып, ауыру сезімі күшейіп, ісіну жайыла түсті. Дене температурасы 38,9 ◦С.

  1. Науқаста қандай және қай дерттік үрдіс дамыды? Қабыну сипатын анықтау үшін қандай қосымша тексерулер жүргізу керек?

  2. Бірдей жайтпен тудырылған дерттік үрдістердің әртүрлі өтуінің себебі қандай?

  3. Жарақаттанған Б-да белгілердің даму тетіктері қандай?

  4. Жарақаттанған Б-да жұқпалы емес зақымдаушы агент іріңді көпіршіктерді қалай дамытты?

11. Қоянның көзіне қышқылды тамыздырғаннан кейін 1 сағаттан соң айқын қабынулық көріністер: қызару, көздің шырышты қабатының ісінуі дамыды.

    1. Егер зақымдаушы агентті аурусыздандырылған шырышты қабатына тамызса, қабынулық серпілістер дамиды ма? Жауабыңызды негіздеңіз.

12. Уды бірдей мөлшерін біреуінің артқы аяғында күйдіру арқылы жергілікті қабыну дамытқан екі қоянға енгізілді. Бір қоянға қабыну ошағына енгізсе, екіншісіне – қабынуы жоқ жерге енгізді. Қоянға біреуі уланғаннан кейін өлді.

  1. Қай қоян өлді не себепті? Жауабыңызды негіздеңіз.

13. Бір апта бойы бір қоянға гидрокортизонның, ал екіншісіне альдостеронның үлкен мөлшері, екеуіне де тері ішіне вирулентті стрептококк енгізілді.

  1. Қай қоянда микроб енгізілген жерде қабынулық серпіліс айқын болады?

  2. Қай қоянда септицемия даму мүмкіндігі жоғары?

14. Науқас А., 27 жаста, стоматологиялық клиникаға жоғары жағындағы алтыншы тісі аймағындағы қатты ауыру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде: тісінде қабынған тіннің қуыстануы, тісін түрткенде ауырады, алвеолярлық өсіндінің шырышты қабаты ісінген, ауырған тіс аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі.

1. Берілген үрдістің бөлшектерін және олардың патогенезін атаңыз.

2. Осы үрдістің тіс жақ аймағы тіндеріндегі өту ағымының ерекшеліктерін сипаттаңыз.

15. Науқас Б., 9 жаста, диспансеризациядан өту кезінде стоматологқа жіберілді. Қарап тексергенде: төмендегі алтыншы тісінде терең емес қабынған кеңістік, қызыл иегі ісінген, тісті басқанда ауырады, ауналасындағы тіндер ісінген, шеткері лимфотүйіндері ісінген.

Клиникалық диагноз: созылмалы периодонтит.

1. Берілген дерттің жергілікті белгілерін атаңыз. Олардың даму тетіктерін түсіндіріңіз.

2. Берілген біртектес үрдістің жалпы белгілерін атап, олардың патогенезін түсіндіріңіз.

3. Осы үрдістің тіс жақ аймағы тіндеріндегі өту ағымының ерекшеліктерін сипаттаңыз

16. Науқас М., стоматологқа түнгі уақыттарда басталатын, сонымен бірге ыстық және қатты тағамды қабылдағанда дамитын, тез басылатын төменгі жағы аймағындағы ауыру сезіміне шағымданды. Ауыру сезімі 3 күн бұрын басталған. Тексергенде: 16-тісінде терең кариозды кеңістік бар, зондтағанда және соққанда қатты ауырады. Мұндай әрекеттерден соң ауыру сезімі ұзақ сақталады, тісі бұрын емделмеген. Қанында: лейкоцитоз, жедел кезең жауабы нәруыздары көбейген. Қойылған диагноз: 16-тістің жіті пульпиті.

1. Осы аурудың патогенезінде қабынудың қай дәнекері қатынасады?

2. Дәрігердің әрекетінен кейін ауыру сезімі не себепті қарқындады?

3. Қабыну кезінде организмдегі жалпы және жергілікті белгілердің бірізділігін және патогенезін түсіндіріңіз.

6 тапсырма: СӨЗЖҰМБАҚ ШЕШУ

Тігінен:

1.Бронхтың қабынуы

2. Қабыну медиаторлары арахидон қышқылының циклооксигеназды жолмен тотығу өнімдері-

3. еттің қабынуы

4. Калликреин –кинин жүйесі белсенділігінде гуморалды жолмен түзілетін медиаторлар

5.Негізінен жасуша элементіөсіп-өсуіне байланысты қабыну құрылымы (компоненті)

6. Мес жасушаларының дегрануляциясында пайда болатын қабыну медиаторы

7. Лейкоциттердің эндотелимен әлсіз байланыста болуын қамтамасыз ететін молекулалар тобы (жанұясы)

8. Қабыну ошағына қан тамырынан лейкоциттердің шығуы

9. Қабыну ошағына нәруыздармен бірге қан сұйығының шығуы

10. Қалқанша бездің қабынуы

11. Тіс жетінің қабынуы

12. Пролиферация тежегіштер

13. Бүйректің қабынуы

Көлденеңінен:

1.Плевраның қабынуы

2. Өкпенің қабынуы

3. Қабыну ошағына алғаш шығатын лейкоциттер

4. Бронхылардың қабынуы

5. Артерияның қабырғасының қабынуы

6. Қол саусақтарының қабынуы

7. Лейкоциттердің эндотелий қабырңасына берік жабысуын қамтамасыз ететін адгезиялық молекулалар

8. Жүрек етінің қабынуы

9. Арахидон қышқылынан түзелетін (шығуын) қабыну медиаторлар тобы

10. Жедел қабынудағы қан тамыр өзгерістерінің бірінші сатысы

11. Тілдің қабынуы

12. Қабынудың қан тамырлық өзгерістерінің реакциясының соңғы сатысы

13. Жасуша дәнекер тіндер, жүйке тармағының аяқтарының зақымдануы негізінде дамитын қабыну компоненті

14. Қабынудағы стаздың бірінші сатысы

15. Қабынудағы физика –химиялық өзгерістер

16. Жасуша өнімі ретінде жаңадан (de Novo) синтезделетін (түзелетін) қабыну метиаторлары 17.Арахидон қышқылының негізінен липоокситеназды жолмен тотығуынан пайда болатын қабыну метиаторлары

18. Жүйке қабынуы

19. созылмалы қабынудың негізгі жасушалары-

20. Мұрының ішкі қабатының қабынуы

21. Қуықтың қабынуы