- •Машықтық жұмыс
- •Глоссарий
- •Машықтық жұмыс
- •Машықтық жұмыстар:
- •Глоссарий:
- •Машықтық жұмыс
- •Глоссарий
- •Глоссарий
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Глоссарий
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Сахароза қабылдағаннан кейін аралас сілекейдің рН өзгерісінің графигі
- •Глоссарий
- •Негазовый алкалоз (экзогенный, выделительный, метаболический) - нарушение кос, обусловленное повышением концентрации аниона гидрокарбоната.
- •Глоссарий
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Глоссарий
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Глоссарий
- •Машықтық жұмыс
- •№ 3 Тапсырма. «Аллергиялық серпілістердің сипаттамасы» кестесін толтырыңыз
- •Аллергендердің жіктелуі (по а.Д. Адо):
- •Классификация аллергических реакций:
- •Глоссарий
- •Анизоцитоз – эритроцит мөлшерінің (диаметр) өзгеруі Анизоцитоз - изменение размера (диаметра) эритроцитов
- •Әдебиеттер
- •Тәжірибелік жұмыстар
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер:
- •Глоссарий
- •Глоссарий
- •Глоссарий
- •Тәжірибелік жұмыс:
- •Глоссарий
- •Глоссарий
- •Глоссарий
- •Глоссарий
Негазовый алкалоз (экзогенный, выделительный, метаболический) - нарушение кос, обусловленное повышением концентрации аниона гидрокарбоната.
Nongaseous alkalosis (metabolic, exogenous, excretory) develops when there is accumulation of bicarbonate anion.
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 215-227.
Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 747-764
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 288-296
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 60-76.
Есембаева С.С., Касенов Б.Ж. и соавт. Механизмы развития патологии в полости рта. Алматы, 2010., с.16-31
Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.1. – М.: «Академия», 2006.- с. 80-103
Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 205 -214
Қосымша
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 176-187.
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 262-278.
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С.349-358
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 405-447.
БАҚЫЛАУ:
Тест тапсырмаларын орындау - Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 205-213
№ 5 САБАҚ
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Тақырып: КӨМІРСУ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ
Сабақтың мақсаты:
Көмірсу алмасуы бұзылыстарының біртектес түрлерінің этиологиясы мен патогенезі бойынша білім қалыптастыру
Көмірсу алмасуы бұзылыстарымен сипатталатын ситуацияларды патофизиологиялық сараптағанда теориялық білімін қолдану дағдысын қалыптастыру.
Тақырып көлемінде дискуссия жүргізуге дағдыландыру.
Жануарларда гипогликемиялық команы үлгілеуде және оны осы жағдайдан шығаруда жануарлармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру
3 тілде глоссарий қолдану дағдысын қалыптастыру
Оқыту міндеттері
Көмірсу алмасуы бұзылыстарының біртектес түрлерінің этиологиясы мен патогенезі бойынша білім жетілдіру
Тақырыпты талдағанда медициналық атаусөздерді қолдана білу және пікірсайыс жүргізу дағдысын жетілдіру
Ситуациялық есептерді шешкенде теориялық білімін қолдануды үйрену.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Көмірсулардың қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылыстары
Бауырда гликогеннің түзілуі және ыдырауының бұзылуы. Гликогеноздар туралы түсінік.
Көмірсудың аралық алмасуының бұзылуы (гиперлактацидемия, гиперпируватацидемия), патогенезі.
Гипогликемия, себептері. Гипогликемиялық команың патогенезі.
Гипергликемия, түрлері, даму тетіктері.
Инсулиннің ұйқыбездік және ұйқыбезінен тыс жеткіліксіздігі, даму тетіктері.
Қантты диабеттің I және II түрінің этиологиясы мен патогенезі
Диабеттік синдромның патогенезі. Диабеттік команың патогенезі.
Қантты диабеттің асқынулары. Макро және микроангиопатиялар
Қантты диабет кезінде ауыз қуысының өзгерістері.
Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:
Студенттер мен оқытушының қатысуымен және бақылауымен пікірсайыс, тәжірибелер орындау, хаттамалар толтыру, нәтижелерін талқылау, ситуациялық есептер шығарып, оны қорытындылау
Бақылау тәсілдері:
Ауызша сұрау, тәжірибе нәтижелері мен ситуациялық есептер нәтижелерін тексеру, тест жүргізу.
Тәжірибелік жұмыс
№1 тапсырма. |
Гормондардың көмірсу алмасуына тигізетін ықпалының кестесінқұру. Сонда демейтін ықпалы (+) тежейтін ықпалды (-) ешқандай әсері болмаса (0)-мен белгілейді |
||||||
|
Гормондар |
Гликогенолиз |
Гликогенез |
Глюконеогенез |
Гликемия |
Қосымша ықпалдар |
|
|
Инсулин |
|
|
|
|
|
|
|
Глюкагон |
|
|
|
|
|
|
|
Адреналин |
|
|
|
|
|
|
|
Глюкокортикоидтар |
|
|
|
|
|
|
|
АКТГ |
|
|
|
|
|
|
|
СТГ |
|
|
|
|
|
|
|
Тироксин |
|
|
|
|
|
|
№2 тапсырма. Кейс - стади
№ 1 есеп. 1-сынып оқушысы дене шынықтыру сабағында 100 м жүгірген соң әлсіздік және құрысу ұстамасы дамып, сосын өздігінен басылды. Құрысулар кез келген физикалық жүктемеде «аяқ астынан» қайталанады. Дегенмен басқа да физикалық жүктемеде бұл ұсиамалар болмады. Қанда глюкоза мөлшері және инсулин мөлшері қалыпты, физикалық жүктемеден соң сүт қышқылының деңгейі артпады. Бұлшықет биоптатын бояп, электронды микроскопта қарағанда миофибрилдер арасында және сарколемма астында гликогеннің жинақталғаны көрінеді. Бұлшықеттерде фосфорилаза ферментінің белсенділігі қалыптының 10% -ын құрайды. Әлсіздік және құрысу ұстамасынан соң несепте миоглобин анықталды.
Ұстамалардың мүмкіндік себептері қандай?
Науқасқа қандай ұсыныс бересіз?
№ 2. Клиникаға түскен емшек жасындағы екі монозиготтық егіздердің бауырының ұлғайғандығы (гепатомегалия), ашқарында қан плазмасында глюкоза (ҚПГ) деңгейінің азайғандығы (гипогликемия), адреналин енгізгенде ҚПГ мөлшері аздап қана артады, бауыр жасушаларында фосфорилаза белсенділігі бірден төмендеген және гликоген мөлшері артқан.
Егіздерде қандай дерттік үрдіс дамыды? Жауабыңызды негіздеңіз
Осы дерттік үрдістің мүмкіндік себептері қандай?
Гепатоциттерде берілген дерттік жағдайдың даму тетіктері қандай? Гепатомегалияның, гипогликемияның және адреналиннің енгізілуіне әлсіз гипергликемиялық әсердің даму тетіктері қандай?
№3. Тексерілуші 10 күн бойы ашықты (сумен ашығу). Қанынан күнделікті глюкоза мөлшері анықталып отырылды, ашығу кезеңі бойына қалыптының төменгі шегінде болды.
Ашыққан организмде нормогликемияның сақталу тетіктерін түсіндіріңіз
№ 4. Науқастың қанынан гипогликемия, С-пептидтің артуы анықталды. Ішкі ағзаларын ультрадыбыстық зерттеуде ұйқы безінен жаңа түзіліс табылды.
Бұл өзгерістер қай ауруға тән. Жауабыңызды негіздеңіз
№ 5. Науқасты тексергенде ашқарында қандағы глюкоза 7,26 ммоль/л. С-пептид деңгейі артқан. Инсулин артқан. Глюкозданған гемоглобин артқан.
С-пептид және глюкозданған гемоглобин деген не?
Олардың диагностикалық құндылығы қандай?
Қандай ауру туралы ойлауға болады?
№ 6. Науқас С., 18 жаста, дәрігерге қатты әлсіздікке, аузының құрғауына, шөлдеуіне, жиі зәр шығаруына, балтыр бұлшықеттеріндегі ауыру сезіміне, арықтағанына және сыздауық шығуына шағымданып келді. Қарап тексергенде: дене қызымы - 37,2 °С, өкпеде тынысы везикулярлы, тамыр соғысы -80 рет минутына, АҚ - 120/80 мм с.б., іші жұмсақ, ауырмайды, бетінде және арқасында сыздауықтар.
Аурудың мүмкіндік себебі қандай?
Қандай қосымша зерттеулер жүргізу керек?
Аурудың клиникалық белгілерінің патогенезі қандай?
№ 7. Жедел жәрдем ауруханасына 27 жастағы науқас М., ессіз келіп түсті. Туысқандарының айтуынша, 6 жыл бойы қантты диабетпен ауырады. Ауруханаға түсетін күні ертеңгісін инсулин енгізгеннен кейін мазасыздану, ашуланшақтық, сосын есінен танды. Терісі ылғал, жабысқақ термен жабылған, беті бозарған. Бұлшықет тонусы жоғары, тоникалық және клоникалық құрысулар байқалады. Тамыр соғысы - 100 рет минутына. Қандағы глюкоза деңгейі - 2,1 ммоль/л. Көктамырға 1000 мл 5% глюкоза ерітіндісін енгізгеннен соң науқастың жағдайы жақсарды.
Науқастың жағдайын қалай сипаттауға болады?
Оның патогенезінің негізгі тізбегі не?
Науқаста қантты диабеттің қай клиникалық түрін болжауға болады?
№ 8 есеп. 60 жастағы науқас аурухананың қабылдау бөліміне ес-түссіз күйде жеткізілді. Қасына еріп келген туысқанынан сұрау барысында науқастың ұзақ уақыт бойы ҚД-мен зардап шегетіні, қант деңгейін төмендететін дәрілердің аз мөлшерін қабылдайтыны және тұрақты шөлдеуге, жиі, кіші дәретке көп мөлшерде шығатыны анықталды. Қарап тексергенде: тері жабындылары құрғақ, көз алмасының межеқуаты және тері тургоры төмендеген, тынысы жиі, беткей, пульсі — 96, АҚ — 70/50 мм сын. бағ., ауық-ауық бет және аяқ-қол бұлшықеттерінің тырыспалық жиырылулары байқалады. Қанның жедел талдауы айқын гипергликемияны көрсетті (17 ммоль/л, рН –7,32, СҚ — 3,2 ммоль/л)
1. Науқаста қандай жағдай дамыды? Жауабыңызды негіздеңіз.
2. Осы жағдайдың негізгі патогенездік тізбегі қандай? Науқастағы қандай әйгіленімдер сіздің ойыңызға сәйкес келеді?
3. Осы жағдайдың емдеу ұстанымдары қандай? Жауабыңызды негіздеңіз.
№ 9. Инсулинге тәуелді қантты диабетпен науқас ауруханаға кома жағдайында әкелінді. Инсулинмен және натрий гидрокабонатымен емдегенге дейінгі және кейінгі ҚСҮ көрсеткіштерін сипаттаңыз. Натрий гидрокабонатымен емді жалғастыруға бола ма, неліктен?
қалыптыда |
Емдегенге дейін |
Емдеген соң |
рН 7,35-745 рСО2 35-45 мм с.б. SB 20-27 ммоль/л АВ 19-25ммоль/л ВВ 40-60 ммоль/л ВЕ +2,5; - 2,5 ммоль/л |
рН 7,3 рСО2 25мм с.б. SB 14 ммоль/л АВ 17ммоль/л ВВ 30 ммоль/л ВЕ - 14 ммоль/л |
рН 7,44 рСО2 45 мм с.б. SB 30 ммоль/л АВ 27ммоль/л ВВ 52 ммоль/л ВЕ +4 ммоль/л |
№ 10. Кома жағдайындағы науқаста келесі зетрханалық көрсеткіштер анықталды: қанда глюкоза 55, 5 ммоль/л. Плазманың осмостық қысымы жоғарылаған, қанның рН - 7,4. Қандағы лактат - 1, 3 ммоль/л.
Қандай ауру туралы ойлауға болады?
Команың даму тетігі қандай?
№11. Науқас К., 25 жаста, стоматологқа тәтті/қышқыл, суық және ыстық тағам ішкенде дамитын ауыру сезіміне, тістерінің қозғалғыштығына, ауызының құрғауына шағымданды. Қарап тексергенде: тісінде тастар жинақталған, аузынан ацетон иісі шығады, тілі өңезденген, тістерінің мойыны ашылған, ауызы құрғаған. Қанында гипергликемия. Диагнозы: қантты диабет, пародонтит.
Диабеттік синдромның патогенезін көрсетіңіз. Қантты диабеттегі симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз
микро- және макроангиопатиялардың даму тетіктері қандай?
Науқаста пародонтиттің дамуы тетіктерін түсіндіріңіз.
