Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стом студ практика 2013-14.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.49 Mб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ПАТФИЗ.СТОМ. МАШЫҚТЫҚ САБАҚ (студ).

1 Сабақ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

1 тақырып. ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ. ЖАЛПЫ НОЗОЛОГИЯ.

Сабақтың мақсаты:

  • Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру

  • Экспериментті жүргізудің негізгі әдістемелерін игеру, жануарлармен жұмыс істей білу, фукционалдық зерттеу жүргізу

  • Топта жұмыс жүргізуді қалыптастыру

  • Клиникаға дейінгі ғылыми зерттеулердің этикалық тәртібінің нормативтік құжаттарын меңгеру.

Оқыту міндеттері:

  • Жалпы нозологияның негізгі түсініктерін, патофизиологияны негізгі оқулық пән ретінде оның құрылымын және міндеттері туралы білімді тереңдету

  • Сабақты талқылағанда нозологияның негізгі атаусөздерін қолдану дағдысын жетілдіру

  • Топта жұмыс істеу дағдысын (өз көзқарасын жеткізе білу, көшбасшылық қасиетін көрсету) үйрену

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Патологиялық физиология пәні. Патофизиологияның жоғары медициналық білім беру саласында алатын орны және маңызы, оның басқа пәндермен байланысы. Патологиялық физиологияның негізгі міндеттері.

  1. Патологиялық физиологияның зерттеу әдістері. Меициналық-биологиялық эксперименттерді құрастырудың негізгі ұстанымдары. Адам ауруларын зерттеудегі жануарларда дерттік үрдістердің үлгісін алудың және эксперименттік емдеудің мүмкіндіктері мен маңызы. Медицинада эксперименттік және үлгілеудің басқа әдістерін шектеу және оны жетілдіру әдістері.

  2. Лабораториялық жануарлармен жұмыс жүргізгенде моралдық этикалық ұстанымдарын сақтау. ҚР ДСМ 697 «Клиникаға дейінгі зерттеуді медициналық – биологиялық эксперимент пен клиникалық тексеруді Қазақстан Республикасындағы жүргізудің тәртібін бекіту» бұйрығының қағидаларымен танысу. Қазақстан Республикасының индустрия мен сауда Министрілігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің № 575 2006 жылдың 29 желтоқсандағы бұйрығы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартына сай зертханалық тәжірибе туралы. Негізгі қағидаларының ережелерін оқып білу.

4. Жалпы нозология, негізгі түсініктері: денсаулық, ауру, ауру алды, біртектес дерттік үрдістер, дерттік серпіліс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай.

5. Аурудың нышандары. Ауруларды жіктеудің негізгі ұстанымдары.

6. Аурудың өту кезеңдері, олардың сипаттамасы.

7. Өлім - аурудың ақырғы сатысы. Өлімнің түрлері. Өлімнің сатылары, сипаттамасы. Реанимацияның негізгі ұстанымдары. "Тірілтілген организмнің ауруы" туралы түсінік, негізгі даму механизмдері.

Оқыту тәсілдері:

Студенттер арасында оқытушының қатысуымен және бақылауымен сабақтың негізгі сұрақтары бойынша пікірсайыс, «Клиникаға дейінгі зерттеулер этикасы» мультимедиялық көрсетілімін көрсету, аз топтарда жұмыс жасау – жедел ойын, есептер шешу.

Бақылау әдістері:

Ауызша сұрау, ситуациялық есептердің қорытындысын тексеру, тестілеу

Машықтық жұмыс

№ 1 тапсырма.

«Патофизиологиялық тәжірибенің негізгі сатыларын дұрыс бірізділікпен орналастыруға» арналған жедел ойын.

Әдісі: Әрбір студент патофизиологиялық тәжірибе сатыларының дұрыс бірізділігін өзі анықтайды және мұны «жеке бағалау» бағанасында цифрмен белгілейді. Осы тапсырманы орындағаннан соң студенттер үш адамнан топқа бірігеді және бірлесе отырып нәтижелерді талдайды, бірдей пікірге келеді және «топтасып бағалау» бағанасында тәжірибе сатыларының дұрыс бірізділігін белгілейді. Сонан соң оқытушы дұрыс жауапты айтады. Қателермен жұмыс істеу басталады, жеке және топтасып бағалауда кеткен қателер саналады.

Тәжірибе сатылары

Жеке (өз бетінше) бағалау

Жеке бағалауда кеткен қате

Дұрыс жауап

Топтасып,өзара келісіп бағалау

Топтасып бағалауда кеткен қате

Тәжірибе мақсаты мен міндеттерін анықтау

Тәжірибе жоспарын құру

Зерттеу әдістері мен сайма-сай үлгіні қалау

Алынған деректерді статистикалық өңдеуден өткізу

Зерттеудің нәтижелерін талдау және тұжырым жасау

Дерттік үрдісті зерттеу

Дерттік үрдістің үлгісін алу

Тәжірибелік емдеу

Тәжірибенің тың ойын анықтау

Зерттеушінің теориялық дайындықтан өтуі

2 – тапсырма. Кейс - стади

1 есеп

3 жастағы бала қауырт ауырып, селқостық, ұйқышылдық, қалтырау пайда болды. Дене қызымы 38,50С, бір рет құсқан, бала ішінің және басының ауырғандығына шағымданды. 12 сағаттан соң жұтынғанда ауыру сезімі пайда болды. Дәрігер науқасты қарағанда ұртынан, терінің қыртыстарынан, кеудесінің екі жанынан, ішінің төменгі бөліктерінен ұсақ нүктелі ашық қызыл түсті бөртпені анықтады, мұрын-ерін үшбұрышы бозарған, тілі жабынмен қапталған, жақасты лимфа түйіндері ұлғайған. Бір апта бұрын жәншаумен (скарлатина) ауырған науқаспен кездескен. Балаға жәншау аңғарымы қойылды. Пенициллин қатарындағы дәрі тағайындалды. Бір аптадан соң бөрпелер жойылды, саусақ ұштарында, алақаны мен табандарында терісінің қалың түрде түскендігі байқалды.

  1. Берілген жұқпалық аурудың даму сатыларын көрсетіңіз, әр сатыны сипаттаңыз, жауабыңызды негіздеңіз.

  2. Осы ауру дамуында қандай дерттік үрдістерді ажыратуға болады?

2 есеп.

Науқас А., 45 жаста, әлсіздікке, жүргенде оң балтырының бұлшықеттеріндегі ауырусынуға шағымданып, шипажайға емделуге келді. Бес жыл бұрын тамырларының ауырғандығынан сол табанында құрғақ жара дамып, кесіліп тасталған. Шипажайда науқасқа жылы күкіртті сутекті сумен бұлау тағайындалды. Бірақ емді қабылдаған соң оны тоқтатуға мәжбүр болды, себебі көктамырда қабыну үрдісі дамығандықтан (флебит), оң балтырының тері асты көктамырларының бойымен ауыратын қатаюлар пайда болды. Бұдан басқа науқаста бұлау қабылдау кезінде артериялық қан қысымы көтеріліп, бас ауыруы пайда болды.

Берілген есепте дерттік серпілісті, дерттік үрдісті, дерттік жағдайды табыңыз. Өз қорытындыңызды негіздеңіз.

3 есеп

Музыкант (пианист) қолының саусағын жеңіл жарақаттап алды, ол жерде қабыну құбылысы пайда болды. Ол адамда ауру бар ма? Жауапты негіздеңіз.

4 есеп

Пациенттің тісі жұлынды. Ол адамда ауру бар ма? Жауапты негіздеңіз.

5 есеп

Науқас С., 18 жаста, аурухананың қабылдау бөліміне ауыр халде жеткізілді. Шаңғымен серуендегенде орманда адасып, ағаш астында ұйықтап қалған. Бір тәуліктен соң табылған. Қарап тексергенде: есін жоғалтқан, тікішегінің қызымы 250С, терісі мен көрінетін шырышты қабаттары бозарған, көгістенген, көз қарашығы кеңейген, систолалық артериялық қысымы 40 мм.с.б.б. (диастолалық анықталмайды). Тамыр соғысы минутына 30 рет, тынысы сирек, беткей, рефлекстері төмен, ауыру сезімі жоқ.

Берілген симптомдар жиынтығы өлімнің қай сатысына сәйкес келеді? Жауапты негіздеңіз.