
- •Отбасы институты
- •Отбасындағы басты құндылықтар.
- •4. Әке мен ұлы арасындағы қатынастар
- •5. Әке мен қызы арасындағы қатынастар.
- •6. Ана мен ұлы арасындағы қатынастар
- •7. Ана мен қызы арасындағы қатынастар.
- •8) Отан алдындағы, ұлты алдандағы отбасы ретіндегі асыл борышы
- •Қыз бала тәрбиесі
- •Отбасындағы рөлі
- •Отан алдындағы әйел заты, перзенті ретіндегі борышы
- •Ұл бала тәрбиесі
- •Сегіз қырлы, бір сырлы бітім
- •4) Ұл баланың Отбасындағы, әулетіндегі рөлі
- •5) Отан алдындағы ер азаматтық борыш
- •4. Отбасындағы балалар қарым-қатынасы
- •Аға мен Қарындас арасындағы
- •Аға мен әпке арасындағы
- •Аға мен Іні арасындағы
- •5. Отбасында болатын келеңсіздіктер
- •Отағасының ішкілікке салынуы
- •4) Әйелдің ішкілікке салынуы
- •5) Материялдық қиындықтар
- •Жалқаулықпен күрес
4) Әйелдің ішкілікке салынуы
Әйел адамның ішкілікке салынуы өте ел үшін қорқыныш тудырады. Ел болашаған қалыптап шығарар алтын жатырын арам арақпен арамдаған соң қандай қасиет қалсын. Ұрпағын іштен қағынбай туарына қалай кепілдік бересің. Уайымдайтын жағдай. Осының алдын алып, кері кеткен әйелдеріміздің есін жинату мақсатында айтулы шаралар жасау керектігі айтпаса да түсінікті. Әйел адамдардың ішкілікке салынып, саны артып бара жатқаны қынжылтады. Оны көрген ұл мен қыз қалай тәрбие алар екен. Қыз ғұмырын осы араққа жақын ұстаған болашақ аналарды көргенше көзің ағып кетсеші. Ана басу айтып отырса қыз осылай бола ма? Әйелінің араққа салынуына өз үлесін ер азаматтар санаты да аз емес. Тиым салып, тәрбие бергеннің орнына өзі қасына ертіп арақ ішетін, түн болса біргіп кафе, ресторондарды жағалайтынын қайтерсің. Тоқтық не істетпейді адамға. Ертең ұл да, қыз да тамаша ішкіштер қатарына қосылмайтынына кім кепіл? Олай болса осыны тұзақтау мақсатында Институмыздың қабырғасынан осы «Әйелдің ішкілікке салынуы» атты бөлімді ашып отырмыз.
5) Материялдық қиындықтар
Жаңа тұрмыс құрған жас семиялардың тез ажарасып кетіп жатқанының басты себептерінің бірі – осы материялдық жағдай. Отбасын құрған ер азаматымыз дайын болмай қалып жатады. Осы тұрғыдан пайда болған қиындықтарды жеңе алмай өрескел қадамдарға баратын болды. Материялдық жағдай орнына келгенше талай сабыр мен төзімнің керектігін ұғына алмай кетіп жатырмыз. Осы мәселені де Институт аясында қолға алып бағыт пен бағдар беріп отыру міндеті болса деген ниетпен жобаның бір бөлшегі етіп алдық.
Жалқаулықпен күрес
Жалқаулықпен күрес біздің жобамыздың алтыншы ең соңғы тақырыбы. Еш бөлімге бөлмей жеке дара алдық. Жалқаулық бар адамға ортақ, жақын досына айналып кеткелі қанша заман. Біздің діттегеніміз Отбасындағы жалқаулық. Үлкен ауруға айналды. Қазақ қанында жалқаулыққа жақын жүретіні жасырын емес. Бір біздің баса айтатын нәрсеміз жалқаулыққа ең жақын ер азаматтар болып алдық. Қырық жанды қыз, әйеліміз тырбаңдап белестерді бағындырып жатады. Нағыз жатып ішер күйеулер пайда болды. Ұят жағдай. Алланың беріп тұрған мүмкіндігіп пайдаланбай, оқитын кездері оқымай, жұмыс істейтін кездері істемей әбден болары болғанда бармақ шайнағаннан не пайда. Жалпы ер азаматтар салғырттыққа салынып алдық. Жоғарғы оқу орындарында оқитындар кімдер: қыздар. Мектепте, жоғарғы оқу орындарында жұмыс істейтіндер кімдер: қыздар, әйел заты. Айта берсек дәлел көп. Осының бәріне ер азаматтың икемі келмейді емес, жалқаулықтан көштен қалып жатырмыз. Қашан ер атаулымыз ілім мен ғылымның, шаруашылықтың шыңына жетеміз, сол алдыңғы қатарлы ел боламыз. Отбасындағы жетіспеушілік, материялдық жағдай осының бәрін жалқаулықпен тұзақтап тастадық. Отбасында қл мен қыздыі әсіресе ер балаларды еңбекқорлыққа бауылып, тәрбиелеуіміз керек. Әйел заты қашанда пысық, бәрін бүлдіретін біз еркектер. Ішіп бір, бойкүйездікке салынып, жалқау атанып екі, ұры-соғып үш, қадіріне жетпей төрт осылай әйел қазының алдында төменге түсе берсек олардан құмет күтіп, қыз, әйел бұзылып бара жатыр дегеніміз масқаралық. Еңбектің қаншалықты маңызды екенін бала санасына сіңіріп, нағыз іскер қылып тәрбиелеуіміз керек. Осы мақсатта Институтымыздың бір бөлімі осы жалқаулық мәселесіне арналды.
Жобаның көтерген жүгі, тірек сөздер: Отаға, Отана, қылықты қыз, бір сырлы ер, еңбек, жалқаулық, тәлім мен тәрбие, ұрпақ, болашық, тарих, кемел ел.
Нәтижесі
Күллі елдің тыныс-тіршілігін бір орталықтан қадағалап отыруға болады. Алдағы отыз жылда ел болмысын өзгертіп, нағыз іргесі берік елге айналамыз. Қылықты қыз, қасиетті ұлымыздың саны күн өткен сайын арта түседі. Нәтижесінде Отбасында Отан қалыптастырып, кемел елге айналамыз.
Қорытынды
Отаға - Отбасының тірегі һәм жүрегі. Ер азамат, ардақты әке! Осы сеңгір атқа лайықты әкелер саны қаншалықты. Өсіп жатыр ма, өшіп жатыр ма? Жоғарыдағы көрсеткен жағдайлардың барылығының оң жаққа бағыт алуы Отбасындағы ер азаматқа байланысты. Қызымыз да, әйеліміз де өзіміз шын мықты болсақ ешқайда бармайды. Сөзді отағасынан бастадық. Отағасына да шешімін тастадық. Қорыта айтқанда жоғарыда көрсетілген жобамыздың негізін өткен күн тарих беттеріндегі тағлымнан алып, жаңа заманымызға көшіру арқылы өз ұлттық болмысымызды сақтап қалу. Болашаққа сенім. Тіпті қазақтың салт-санасы, әдет-заңдары аздық етсе күллі түркі халықтарының мәдениетінен алып, жобаға кіргізсек болады. Түбіміз түркі. Туысқан халықтар. Бұрынғы замандай әр ауылдың тәртіп пен отбасын қадағалап отыратын арнаулы ақсақалдар Институты болған. Одан қалса дауың мен осындай шаруаңды оңдайтын би, жыраулар, шешендерің болған. Оның бәрі келмеске кетті. Осының бәрін «Отбасы Иниститутын» құру арқылы қайтара аламыз.
Жоба қолдау тапқан жағдайда мемлекет тарапынан аталған университетке әрбір отбасын құрған жас семияның тіркелуі міндеттелу керек. Әр обылыс, аудан орталықтарында арнайы орталықтары ашылу керек.