Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОТБАСЫ институты.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
56.24 Кб
Скачать
  1. Отбасындағы рөлі

Қыз баланың отбасындағы ролі, ықпалдылығы да зор. Отбасындағы ерен еңбегі, қажыр қайраты, қылықтары бәрі арттағы інісі мен алдағы ағасына өте үлкен әсер етеді. Ел арасынан қыз баласының қадірін, қасиетін қарындасыма қарап үйрендім, сезімдім дегенді естіп жатамыз. Міне, бұл нағыз қазақ қызының артынан ерген аңыз болса керек. Қыздың жиған жүгіндей деп реттілік пен тазалықты қыз еңбегімен өлшеген ғой, қазақ. Ал қазіргі көп қыздарымыз анегдоттар мен сайқымазақтардың кейіпкерлеріне айланып бара жатқан жоқ па? Қызды ауылдың иті үреген демекші сырт көз қылықты қызы бар отбасын қайдан жатырқасын, отбасының айнасы қыз екені бесенен белгілі. Ұл баландан гөрі қызды тәрбиеге бой алдыру қиын шаруа саналған, кеше де бүгін де. Бұл да түйеге тең болатын тақырыптардың бірі.

  1. Отан алдындағы әйел заты, перзенті ретіндегі борышы

Қыз баласының Отан алдындағы борышы ер адамнан қарағанда биіктеу болып көрінеді. Ең басты борыш та, парыз да Алып ана атанып, бала тәрбиелеу. Отбасына ие болу. Келер күнге үлгі болу. Бенсаулығын сақтап, ғылым мен білімге ұмтылу. Дүниеге дені сау, төрт құбыласы тең ұрпақ әкелу.

  1. Ұл бала тәрбиесі

Шаңыраққа ие болып қалатын ұлдың аты ұл ғой шіркін қашанда дегендей ұл ұрпақ жалғаушы, әулет жаңғыртушысы ретінде қатты назарға алынып, жіті қадағаланған. Сегіз қырлы бір сырлы етіп, білегі жуан ұл өсірген қазақ. Заман көшіне орай «білімді мыңды жығады», «жақсы қыз білімің мен басыңа қарайды» дейтін болдық қой. Ұл бала тәрбисі де дәл қазіргі қоғамда көткейін кетіп бара жатыр. Қызға күлер жеріміз жоқ. Қызға қой дейтін ұл болмаған соң, қызға сөзі өтетін еркек болмаған соң қыз қисаймай кім қисаяды. Қызға тиым айтып ағалық жасау былай тұрсын алдап-арбап орға ер басымызбен өзіміз жығатын болдық. Содықтан қыз үшін ердің қадірі өкшеге түспегенде қайда барады. Абыройын айрандай төгетін болдық. Ол өз абыройын, өз Елін, Отанына қиянат жасап қатқанын ұғынбай ма? Ең бер жағы сол қылымсыған қыздың өміріне. Ұлдың өзі құлыққа басқан соң қыз сұрқия болмаған да кім болады. Әркім өз қарындасына ие бола алмайтындай төмендеп кетті. Қайдан қарындасына айқыл айта алады, өзі біреудің қарындасын құртып жүрсе. Қызға өзін силата білмеген еркек кінәлі. Уәдені мықтап береміз. Жігіттің екі сөйлегені өлгені. Мың өліп, мың біріліп түгіміз қалмай жүрген сиқымыз мынау.

Енді бір жыртығымыз Интернет, газет беттерінен: «қыз мінезді жігіт», «жігіттің қылмыңдағаны қандай жаман», «қызша сырға тағып, боянған еркек», «қыз стильді сипотияга» т.т масқара жайттарды көргенде ұяттан өліп кете жаздайсың.

Осындай аңдапай алып ұратын улы әдеттерді жоюға тамшыдан тау дем «Ұл бала тәрбисі» атты институтымыздың бір тармағын бес бөлімге бөлдік.

  1. Сегіз қырлы, бір сырлы бітім

Жігіт деген аттың астарында жататын талай дүниелерімізді жоғалтып алғандаймыз. Жігітке тән салмақтылық, сабыр, байласдылық, төзім мен жігер, арман, еңбек, ерлік пен ептілік, рух, махаббат т.т көптеген қасиеттерімізге көлеңке түсіріп алған жопыз ба? Орынсыз жыртыңдап, жауқаулық пен бойкуйездікке салынып, жауапкершілікті ұмытып, ауырдың үстімен жеңілдің астымен жыпситын болдық қой. Табиғатынан айналасына сын көзбен қарайтын әйел затының алдында кімнің қадірі түседі. Еркекпін деп қаптап жүрсең де ең үздік білімді, ары мен жаны жарық қыздар серігін таппай қалып, кәрі қыз атанады. Еркекті қыз менсінбей жүре ме әлде көп жігіттеріміз солармен иық тіресе алмай жүр ме?..

  1. Киіну тәртібі

Ер азаттардың киіну тәртібі де елең еткізерлік жағдай. Қаздарымызды қымтай алмай жатқанда соңғы кездері ер балалардың тым тыртымсыз, қазақ затына сай келмейтін келтетте жүруді үйреншікті әдетке айналдырып бара жатқан жайын көріп, сескенбей қала алмайсың. Ертеңіңе алаңдайсың, қыздарымызды қымтайтын, ар-намысын сақтайтын жігіттеріміз кері кеткен соң енді не жоқ! Апаттың үлкені осы емес пе?! Балық басынан шіриді. Батыстан жиген беген бізде ниет жоқ. Өнерін, білімін, ғылымын үйрен. Жақсыны үйренбекке. Бірақ жаманын сіңір деген ешкім жоқ қой. Құлағыңа салбыратып сырға тақ, апа, далап жақ, қыз сияқты қылымсуды үйрен деген біреу бар ма? Сырт көзден қызды қойып ер адамның өзі қарауға жиіркенішті, төменге түсіп тапталу ғой. Қазақ жігіттеріне, әрине. Қыз алдында қайдан қадір қалсын, осыдан соң. Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді. Ондайлар жоқ емес бар, өкінішке орай. Біздің институт осы тармақ бойынша да игі істер жасар алар еді.

  1. Туған-туысқандармен ара-қатынас

Ер азамат қашанда сүйекшіл, туысшыл келген. Ер азаматтың туыстарының басын қосып, берекесін қашырмай айрандай ұйытып отыру тасты міндеттерінің бірі болаған. Жаңа түскен келінді туған-туыстарымен таныстырып, тамырлас еткен қазақ. Ата-ана осы ұл бала тәрбиесінде туыстарынмен жақсы қатынаста болуын қадағалап, тыстық қасиеттің қыр-сырын жасынан сіңіріп өсіру керек. Осы бағытта да иниститутымызда арнайы оқулықтар жасап, жаңа база қалыптастыруға әбден болады. Қазақтың туыстық қарым-қатынасы таусылмайтын әңгіме ғой, қашанда. «Жігіттің жақсы болуы нағашыдан» демекші сан турлы туыстық қатынасқа қатты қараған. «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, тортеу түгел болса төбедегі келеді», «абысын тату болса ас көп» дегендей туыстық қатты қасиетті ұғым болған. Сонау Есімханның «ескі жолының», Қасым ханның «қасқа жолының», әз-Тәукенің «жеті жарғысының» осы туыстық қатынасқа байланысты арнайы тармақтары, алып заңдары болған. Қазір ел саналы, білімді өзі білет десең қате екені белгілі болды. Осындай өзекті мәселелердің бәрін орталықтандырып иниститумызға осы тақырыпты да кіргізуді жөн көрдік.