- •Отбасы институты
- •Отбасындағы басты құндылықтар.
- •4. Әке мен ұлы арасындағы қатынастар
- •5. Әке мен қызы арасындағы қатынастар.
- •6. Ана мен ұлы арасындағы қатынастар
- •7. Ана мен қызы арасындағы қатынастар.
- •8) Отан алдындағы, ұлты алдандағы отбасы ретіндегі асыл борышы
- •Қыз бала тәрбиесі
- •Отбасындағы рөлі
- •Отан алдындағы әйел заты, перзенті ретіндегі борышы
- •Ұл бала тәрбиесі
- •Сегіз қырлы, бір сырлы бітім
- •4) Ұл баланың Отбасындағы, әулетіндегі рөлі
- •5) Отан алдындағы ер азаматтық борыш
- •4. Отбасындағы балалар қарым-қатынасы
- •Аға мен Қарындас арасындағы
- •Аға мен әпке арасындағы
- •Аға мен Іні арасындағы
- •5. Отбасында болатын келеңсіздіктер
- •Отағасының ішкілікке салынуы
- •4) Әйелдің ішкілікке салынуы
- •5) Материялдық қиындықтар
- •Жалқаулықпен күрес
4. Әке мен ұлы арасындағы қатынастар
Әке балаға сыншы деген. Сыншы да, әділ мінші де осы әке. Бала әкеге қарап бой түзейді. Нағыз батырды да, нағыз ақылды да, данышпанды да, тіпті болашақтағы өзін ұл бала әкесінен көреді. Әкеге қарап ұл өседі. Әкесі ынжық болса, болашық баладан қандай үміт күтуге болады. Әке баласы, қалар ізінің алдындағы асыл міндеттерін, парыздарын жіті біліп, орындау керек; тәрбиелу, киіндіру, қарнын аш етпеу, оқыту, үйлендіру. Әрине өзі ары қарай алып кеткенше. Әкенің балаға әсері, тәртиесі де өте үлкен мектеп, фундамент. Бұл бір. Екінші ұл баланың әке алдындағы міндетін де атам қазақ ақтарып айтып кеткен. Бізге тек жинақтап, қазіргі таным, талғамға, заманға сай жинақтап қорытып шығу керек. Ойы озып, буыны қатпаған ұл балаға әкеге деген құрмет, әкенің орнын ерте сіңіруіміз керек болады. Қарттар үйінде неге аталарымыз бен апаларымыздың саны артып барады. Осыны ұғындыру, алдын алу осы институттың бір міндеті болмақ. Осы жерде әке мен ұл бала ара қатынасын болмысын көріп өскен қыз да еркек кіндіктіге деген таза көзғарас, таным қалыптасады. Адам тәрбиені айналасынан сіңіреді, орта әсер етеді. Ұлдың да қыздың да алғашқы ортасы – отбасы. Әке көріп оқ жонатын жапырымпаз еркек, тұлға тәрбиелеуге үлес қосу, біздің мақсат. Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол, - дейді Абай дана. Олай болса сүйінер ұл бесіктегі тәрбиеден басталады.
5. Әке мен қызы арасындағы қатынастар.
Жалпы дәлелдеуді қажет етпейтін аксиоманың бірі отбасында ұл бала анасын артық көреді, ал қыз бала әкесін. Осы орайда әкенің қыз тәрбиесіне әсері орасан, теңіз тағлым. Өте маңызды. Қыздың ертең нағыз ұлт анасы болуына осы әке тағлымы себепкер. Осы тақырыпта ақтарып еш нәрсе айта алмаспыз. Институт негізінде мамандар сабағы арқылы терең түсінер ек. Қызы мен әке арасы көріндейтін мәңгі үзілмес нәзік сәулемен жалғанып тұратыны, құдірет. Махаббат. Қыз өрісің, әке намысы, өзге ел, өзге отбасы алдындағы абыройы. Ертең сенің қызың жаман екен, бәлен екен, түген екен дегенді әке мойнына тәрбиелі қыз жүктемес болар. Қыз да әке аманатын, өсиетін терең түсініп жадында сақтау керек. Осы да өзекті проблема екені дау тудырмас. Міне, бұның бәрін институт қабырғасында терең бере аламыз, негізінен әке тарапынан, әрине.
6. Ана мен ұлы арасындағы қатынастар
Ана мен ұлы арасындағы аражік өте құдіретті. «Алтын басты әйелден, бақыр басты еркек артық» деп осы аналар айтқан болса керек. «Жұмақтың кілті ананың табанының астында» жатқанын ұғынбайтын ұрпақ бой көрсете бастағаны өтірік емес, ащы шындық. Тоғыз ай көтерген ана тауқыметін, түн ұйқысын төрт бөліп асырап-сақтағанын сезінуді былай қойсын, қартайған соң бас тартатын ұл елге де опа бермес. Ел діңіне түскен алып жара деген осы. Ерді ер ететін де, не ез ететін де осы әйел заты, ана атағы барлар болса керек. Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да қарызынан құтыла алмайсың деген-ау, кеше дана қазақ. Батыр да ақын да анадан туады. Қазіргі аналарымыз алып туғызар қасиеттен ада болып бара жатқан жоқ па?! Алып туғызу үшін бесіктен ана болуға тәрбиелеу керек сияқты. Жібін үзбеген тек болса алыптар неге бізді жатырқасын.
Және де ер бала анасын өте биік дәрежеде силау, құрметтеу парыз. Анасын ауыр сөзбен жүрегін жаралап, жылатып, көз жастарын тамызып жүрген ер бала жоқ деу өтірік, қазіргі таңда. Саны азаймаса көбейіп бара жатқаны да көз алдымызда.
Осы әке мен ұл бала арасындағы қағидаларды баса зеріттеп, терең насихаттайтын тақырып, таусылмас еңбек болмақ.
